Байланыс қызметін көрсету туралы жария шарт Құрметті абоненттер!



Pdf көрінісі
бет9/9
Дата18.01.2022
өлшемі242,29 Kb.
#129433
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
1591262769 kaz.-publichnyy-dogovor-tele2.pdf
treatise169244, analiz uchebnikov, ЖАРЫҚБАЕВ Қ. Жалпы психология
8. Қорытынды қағидалар 

8.1. Шартты жасау, өзгерту және бұзу үшін, тәптіштеме алу үшін, нөмірді қалпына келтіру үшін 

және  жеке  өзі  емес,  үшінші/басқа  тұлғалардың  атынан  немесе  мүдделеріне  сай  жасалатын  басқа 

әрекеттерді жасау үшін осындай әрекеттерді жасауға арналған тиісті құқықтардың болуын растайтын 

құжаттарды (сенімхат, қамқоршылық немесе қамқорлыққа алу туралы құжаттар және басқ.) ұсыну 

қажет.  Абоненттік  нөмірлер  мен  құрылғылардың  иелері  мен  пайдаланушыларының  құқықтарын 

қорғау мақсатында  сенімхаттарда (жеке және заңды тұлғалардан) сенім білдірілген тұлғаға өкілеттік 

берілген  әрекеттер  мен  абоненттік  нөмір  анық  және  тікелей  көрсетілуі  тиіс.  Сенімхаттар  ҚР 

заңнамасының талаптарына сәйкес келуі тиіс. 

8.2.


 

Оператор келесі жағдайларда Шартты біржақты тәртіпте бұза алады: 

1)

 

егер  абонент  180  күнтізбелік  күн  бойы  тарифтелетін  әрекет  жасамаса.  Тарифтелетін 



әрекет  деп  Оператордың ақы төлеп алынатын қызметін пайдалану кезіндегі абоненттің кез-келген 

әрекеті. 

2)

 

абонент  осы  Шартта  және  Қазақстан    Республикасының  заңнамасында  көзделген 



шарттарды  бұзған  жағдайда,  соның  ішінде  абоненттің  өзі  туралы  дәйексіз  мәліметтер  ұсыну 

жағдайларын қоса алғанда; 

3)

 

Оператордың  құзыретіне  бағынбайтын,  алайда  қолданылуы  Қазақстан  Республикасы 



заңнамасының  шарттарымен  немесе  еңсерілмейтін  күш  жағдайларымен  анықталатын  өзге 

себептермен.  

8.3.

 

Осы  Шарт  бұзылған/тоқтатылған  жағдайда  Абоненттің  Дербес  шотынан  ақшалай 



қаражаттың қалдығын Абонентке қайтару  – Абоненттің осындай қайтару туралы өтініші тіркелген 

сәттен  бастап  30  (отыз)  күнтізбелік  күннің  ішінде  жүргізіледі.  Бұл  ретте  алаяқтық  әрекеттерден 

сақтану үшін ақшалай қаражатты қолма-қол ақшамен беру – 10000 (он мың) теңгеден аспайтын сома 

шегінде жүзеге асырылады, ал аталған сомадан асқан жағдайда қайтару – қолма-қол ақшасыз нысанда 

жүзеге  асырылады.  Бұл  ретте,  егер  абоненттік  нөмірді  қайта  тіркеу  дерегі  болса,  онда  қаражат 

қайтарылуы тиіс тұлғаның атына абоненттік нөмір тіркелген сәттен бастап  дербес шотты толтыру 

жолымен түзілген сома қайтаруға жатады.   

8.4.


 

Тараптардың  арасында  туындауы  мүмкін  барлық  даулар  мен  келіспеушіліктер 

келіссөздер арқылы шешіледі. Оларды бейбіт жолмен реттеу мүмкін болмаған жағдайда, даулар мен 

келіспеушіліктер  Қазақстан  Республикасының  заңнамасына  сәйкес  сот  тәртібімен  реттеледі,  бұл 

ретте  осы  Шарттан  туындайтын  даулар  Оператордың  орналасқан  жері  бойынша  сотта  қарауға 

жатады.  

8.5.

 

Осы Шарт бірдей заңды күшті иемденетін мемлекеттік және орыс тілдерінде жасалды. 



Шарттың мемлекеттік және орыс тілдеріндегі мәтіндерінің арасында қайшылықтар болған жағдайда, 

Шарттың орыс тіліндегі мәтіні басым күшті иемденеді.  

8.6.

 

 Шартпен  тікелей  анықталмаған  барлық  өзге  жағдайларда  оның  тараптары  Заңды, 



Ережелерді және Қазақстан Республикасының заңнамасын басшылыққа алуы тиіс. 

 

9.



 

Оператордың деректемелері.  

050012, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Төле би көшесі, 101, IBAN № KZ426017131000024545, 

БСН  041140004799,  КБЕ  17,  Алушы  –  банк:  Алматы  қ.,  «Қазақстан  Халық  Банкі»  АҚ  Алматы 

филиалы, БСН 960941000145, БСК HSBKKZKX 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет