Баймухамбетова к м. «Педагогика және тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі»



бет5/6
Дата03.11.2023
өлшемі45,09 Kb.
#189124
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
БӨЖ және ОБӨЖ әдістемелік нұсқауы

2. Жазбаша жұмыс. Белгілі бір тақырып немесе бірнеше тақырып, сондай-ақ бүкіл курс бойынша әзірленген сұрақтарға жауап беруге дайындалу.
3. Логикалық тапсырмалар: студенттерге курсының әр тақырыптары бойынша логикалық тапсырмалар ұсынылады. Тапсырмалар ұсынылған әдебиеттердің негізінде жазбаша нысанда орындалады.
4. Баяндама. Баяндаманы әзірлеу жоспары:
– оқытушымен бірге тақырыпты таңдау;
– базалық оқулық пен оқу-әдістемелік құралы бойынша тақырыпты зерттеу; – баяндаманың негізгі идеяларын айқындау;
– ұсынылған әдебиетпен танысу;
– баяндаманың жоспарын құру;
– тақырып бойынша негізгі ұғымдарымен сөздіктер мен анықтамалықтардың көмегімен танысу;
– баяндаманың тезистерін әзірлеу;
– мысалдар мен иллюстрацияларды табу, көптеген тақырыптар бойынша Power Point бағдарламасында орындалған презентацияны көрсету баяндаманы жақсы әшекейлейді;
– баяндаманың мәтінің дайындау. Баяндаманың ұсынылатын ұзақтығы – 10 мин. Баяндаушының сөздерінен кейін аудиторияның сұрақтарына жауап беру және оқытушының тұжырмдамасы үшін уақыт қалдырылады.
Жариялы баяндаманың құрылымы. Классикалық риторикада ауызша баяндаманың үш бөлімнен тұратын құрылымы қалыптасқан: кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды. Кіріспе талқыланатын тақырыпқа тыңдаушылардың назарын аудару тәсілі. Әдеттей кіріспе баяндама уақытының сегізден бір бөлігін алады. Негізгі бөлімінде тақырып толығымен ашылып, тиісті мәліметтер және дәлелдер келтіріледі. Негізгі бөлімінде жиі жіберілетін қателіктерге жатады: – тақырыптың шегінен шығып кету; – нақты жоспардың жоқтығы; – бір сұрақтан басқа сұраққа секіріп кету. Қорытынды қысқаша және анық болуға тиіс. Сонымен бірге тыңдаушыларға көңіл аударғандары үшін рахмет айтуға болады.
5. Пән бойынша БӨЖ-бен ОБӨЖ-дің тақырыптар тізімі мен тапсырмалары


Педагогика және тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі пәнінен БӨЖ тақырыптары:

  1. Педагогиканың ғылым ретінде дамуының негізгі кезеңдері

  2. Педагогиканың аксиологиялық негіздері.

  3. Педагогика әдіснамасынң негіздері.

  4. Мұғалімнің зерттеушілік іс-әрекетінің әдістері.

  5. Диалектика дамудың ең жалпы заңдылықтарын жасап үйлестіруі.

  6. Оқыту әдістері, тәсілдері және құралдары туралы ұғым.

  7. Сабақта оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастырудың топтық, дербестік,фронтальді түрлері.

  8. Қәзіргі мектептегі электронды оқыту жүйесі,электронды журнал жүйесінің міндеттері.

  9. Оқушылардың танымдық іс-әрекетін мұғалімнің белсендіру шарттары мен құралдары.

  10. Білім беру саласындағы нормативті құжаттарды талдауға дайындық (таңдау бойынша).

  11. Мектептің тәрбиелік жүйесін басқару.

  12. Педагогикалық рефлексия – сынып жетекшісінің тәрбие жұмысының қажетті компоненті.

  13. Жобалау іс-әрекеті – сынып жетекшісінің тәрбие жұмыстарын басқарудың негізі.

  14. Оқушылардың өзін-өзі басқаруы (мақсат, міндеттер, қызметтер, ұйымдастыру формалары және т.б.).

  15. Педагогикалық қолдаудың әдістері мен тәсілдері.

  16. Тұлғаның әлеуметтік жетілуі.

  17. Тұлғаның дамуына іс-әрекеттің ықпалы.

  18. Бастауыш жас топтарындағы балалардың қажеттілігі мен санасының қалыптасуы.

  19. Қазақстан Республикасындағы білім беру туралы нормативтік құжаттар.

  20. Бала құқығы туралы халықаралық нормативтік құжаттар.

  21. Шет елдердегі білім беру жүйесінің даму тенденциясы.

  22. Бастауыш мектептегі педагогикалық процесс жүйе ретінде.

  23. Қазақстандағы бастауыш мектептің дамуы мен қалыптасуы.

  24. Оқушылардың сабақтағы өзіндік жұмыстары.

  25. Оқушылардың ұжымдық танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру.

  26. Оқушылардың үлгерлеушілігі.

  27. Мектепте білім беру сапасының мониторингі.

  28. Озат оқытудың әдістері.

  29. Оқушыларды ойын арқылы оқыту.

  30. Оқытудың белсенді әдістері.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет