Лабораториялық сабақ №6
Лабораториялық жұмыстың тақырыбы: Жабындық ұлпалардың құрылысы.
Сабаққа қажетті объектілер мен құрал-жабдықтар: 1) Картоп түйнегі, талдың, ырғайдың бір жылдық бұтақтары, қарағай, шырша, қарағаш бұтақтары. 2)Ырғай немесе жөке ағашы сабағының көлденең кесіндісінен жасалған дайын препараттар: бөтелкенің мүжілмеген тығыны. 3) Реактивтер: хлор-цинк-йод, судан III, глицерин. 4)Микроскоп және оған қажетті лабораториялық құрал-жабдықтар. 5) Кестелер.
Тапсырмалар:
1) Картоп түйнегінің кесіндісінен және тал, қайың, терек тағы басқа сүректі өсімдіктердің бір жылдық бұтағынан препарат дайындап,тоз қабатын зерттеу.
2. Ырғай және жөке ағашы сабағының көлденең кесіндісінен жасалған дайын препараттарды пайдаланып, тоз қабаты мен жасымықша клеткаларының құрылысын байқау.
3. Осы жасалған препараттармен қатар емен, қарағай ағаштары сабақтарының көлденең кесінділерінен қыртысты қарау.
4. Тоз қабаттары қыртыс пен жасымықшаның суреттерін салып, тиісті белгілермен белгілеу.
5. Қысқаша қорытынды.
1 – ж ұ м ы с. Картоп түйнегінің тоз қабаты. Алдын- ала жуылған картоп түйнегін студенттерге бір-бір кесімнен үлестіріліп беріледі. Картоптың кесілетін бетін суға батырып алып, ұстараның жүзіне жабысып қалмау үшін кесілген жұқа кесіндіні қысқышпен іліп алып, ол болмаса иненің ұшымен ептеп алып, зат әйнегіндегі бір тамшы суға салып, одан препарат жасайды. Микроскоппен қарау барысында картоп түйнегінің сырт жағында орналасқан қоңырқай-сарғыш түсті тоз қабаты көрінеді. Ол көрінген – феллема. Бұл бір-біріне радиус бойынша бойлап, қабаттаса жатқан паренхималық клеткалар. Осы препаратты хлор-цинк-йодпен бояса, тоз қабаты қою қоңыр түске паренхима клеткаларының қабықшалары күлгін көк түске, ал ондағы қорға жиналған крахмал дәндері қара көк түске болады.
Достарыңызбен бөлісу: |