Байсеитова н. М


-сурет. Атбұршақ тамырының радиальды (сәулелі) шоғы тетрархты



бет19/48
Дата15.09.2023
өлшемі4,32 Mb.
#181155
түріСабақ
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   48
Байланысты:
Лаб сабақтар әдістем елік нұсқауы
Лекция жинағы,Өсім анат-морф, EnglishPhoneticsEssays
7-сурет. Атбұршақ тамырының радиальды (сәулелі) шоғы тетрархты.
1 – флоэмалар; 2 – ксилема сәулелері

4 - ж ұ м ы с. Концентрлі шоқ. Концентрлі шоқты зерттеу үшін інжугүл мен қыранот өсімдіктерінің тамырсабақтарын пайдаланамыз. Інжугүл өсімдігінің жас тамырсабағын өткір ұстарамен жұқалап кесіп, олардан препарат жасау керек. Микроскоптың кіші объективімен қараған кезде препараттың сыртын қаптап жатқан бір қабат эпидерма, оның астындағы көп қабаттан құралған алғашқы паренхималық клеткалар, одан соң екі қабат эпидерма және дәл ортасына орналасқан- орталық цилиндр (стель) көзге көрінеді. Егер препаратты жұка кессе, оның ішкі құрылысы жақсы көрінсе, оны екі түрлі реактивпен бояйды. Сол кезде оның ішкі бөлімдері де айқындалады. Ол үшін кесіндіні алғашында карминмен бояп, 15-20 минуттан соң таза сумен жуып тастау керек. Жуылған препаратты метилен көгіне 1-2 минут ұстаған соң, оны тағы да жуып тастаймыз. Микроскоптың үлкен обьективімсн қарап, зерттеген кезде концентрлі шоқтың дәл орталығында орналасқан флоэманы және оны айнала қоршап жатқан ксилема бөліктерін көруге болады. Клетка қабықшасының керегелері қалыңдап кеткен ксилема бөлігі метилен көгінің әсерінен жасыл түске, ал таза клетчаткалық қасиетін сақтап қалған флоэма бөліктері карминнің әсерінен күлгін түске боялады.


Келесі өсімдік папоротник тәрізділердің бір түрі қыранот. Қыраноттың сабағы да, інжугүлдікі тәрізді метаморфозданып, тамырсабакқа айналған.
Оның сабағындағы концентрлі шоқты зерттеу үшін сабақты көлденеңінен кесіп, препарат жасау керек (препарат жасаудың және бояудың жолдары інжугүлдікімен бірдей).
Жасалған препарат флороглюцинмен және тұз қышқылымен боялған соң, оның ішіндегі түтік-талшық шоқтарының орналасуы және құрылымы жақсы көрінеді.
Бояу түрлеріне қарай ксилема бөлігінің калың керегелі клеткалары - шоқтың орталық бөлімінде, ал жұқа керегелері флоэма бөліктері оның сыртын айнала қоршап орналасатынын көруге болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет