Байтасов Тоқберген Кескірұлы. Құлшылықтар құпиясы немесе намаздар мен амалдар 4-ші кітап Алматы-2011



бет10/14
Дата11.01.2017
өлшемі2,62 Mb.
#6677
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Имансыздық намазда-Қызылбастың салған жол. Көп шуылдақ не табар, Билемесе бір кемел?» Сонда елді және дінді билейтін кемел адамның шарты мен сипаты қандай болу керек? Әрине жаратқаннан арнаулы кітап алған сұлтандығы барлар дін және ел басында отыру керек. Аяңдап отырып алда оған да жетерміз. Енді дін ғалымдарымыз «Дін мен Діл және Ислам Ғалымхалы» кітаптарын философиялық негізі және халыққа ұсынған бағытымен пайғамбарымыздың мына өсиетіне ашықтай қарсылығын білдірген екен: «Пайғамбарымыздың өмір сүрген уақытында мешітен шықпай ешқандай намазды жібермейтін бір жігітті байқаған Алланың елшісі Сенің басқа ағайын, туысың бар ма?-деп сұрайды. Сонда әлгі жас жігіт; -Иә, менен үлкен ағайым бар-деп жауап береді. –Ол немен айналасады, неге мешітке келмейді?-деп сұрағанда. –Оның жұмыстан қолы босамайды, біздерді асырап күні-түні еңбек етеді деп жауап беріпті әлгі жігіт. Сонда пайғамбарымыз; -Онда сол ағңның намазы дұрыс екен-деп жауап беріпті.» Және бес парыздың негізі масһабшылырымыздың қажылықпен ауыстырып алған, мұсылмандық міндетті өтелуге тиісті қарыздың ғылым, білім ізденуде екенін ескерткен: «Білім алу әрбір мұсылман үшін парыз.» Жастардың 40-қа жетіп ақылы толғанша намз оқудың емес сабақ оқудың соңына түсіп, өнер үйренгені негізгі мұсылмандық парызы болып есептеледі. Оған себеп жастықтың, мастықтың яғни жындылықтың ислам елдерінде қамысқа тиген өртей қаулаған жалынын тек таза білімді жастарымызды қалыптастыру арқылы құтқаруға болады Пайғамбарымыз бұндай қасіретті алдын ала ескертіп; «Жастық-есуастықтың(жындылықтың) бір бөлігі. Әйелдер сайтанның тұзағы.» (512-өсиет) Бұл өсиетен қазақтың салт-дәстүрі, жастардың, қыздарымыздың тәрбиесі исламның таза шариғаты екенін білуге болады. Онда Абай-Шәкәрім аталарымыздың көрсеткен, насихаттаған дін шариғатынан, мұсылымандық қарызынан артық әлемде еңбек жоқ десек қате емес. Сондықтан: «Бір сағат білім іздену, үйрену түні бойы намаз оқып шыққаннан да артық. Бір күн білім үйрену үш ай ораза тұтқанан артық.» (535-өсиет) Ал, муфтият ғалымдарының жоғарыдағы пәтуалары бойынша білім жолына түсіп, елге қызмет қылып, жастардың алдарына биік мақсат қойып, ғылым жолында белгілі бір дәрежелерге жету негізінен намаз оқуға қарағанда түк емес деп сендіреді. Ал пайғамбарымыздың өсиеті бойынша бұндай пәтуаға керісінше; «Расында Алла пенделерден білімді тартып алмайды, бірақ білімді ғұламаларды алу арқылы жояды. Ол бірде-бір ғұламаны қалдырмаған кезде адамдар білімсіз надандарды өздеріне басшы етіп алады. Сөйтіп оларға сұрақтар қойылса, білімі болмаса да пәтуа шығарып, нәтижесінде өздері де адасады, өзгелерді де адастырады» (85-өсиет,ашық аят) Сондықтан; «Кімде кім менің атымнан мен айтпаған айтса өзіне тозақтан орнын дайындай берсін» (90-109 өсиет) Енді халықтың сенім артып соңынан ерген ғалымдарымыздың ең басты білімсіздігі жан, рух, тәннің ара қатынасы мен ақиреттік тіршілік қағидалары түгіл адам балсының өмір сүру барысындағы пайда, зиян әрекетерін білмей, зертеліп дәлелденген көптеген философ, психолог ғалымдардың еңбектерін талдап талқылап, құран ғылымы, пайғамбар өсиеттерімен салыстыра отыра пікір таласқа түспей, біржақты білімнің жетілмеген заманындағы тәпсірші ғалымдардың біржақты пайымдаулардың соңына түсіп, халықты да солай уағыздап миллондаған жастардың азғырылуына, тура жолға теріс бағытқа түсуіне себеп болуымен еркшеленеді. Дәлел; «Сахабалардың арасында Пайғамбарларымыздың (с.а.у-жынды емес!) миғражға рухымен бе, жоқ әлде, рухымен қоса тәнімен шықандығы, ол жерде Алла Тағаланы көріп көрмеуіне байланысты әртүрлі көз қарастар болатын...» (38-бет) Бұл сөйлемді құрастырған ғалым бір жерден көшіре салды немесе ғалымдығы жасанды екенін қарапайым сауатсыз қазақ аталарымыз білген жан, тән рух туралы білімінен жұрдай екенін көрсетеді. Мысалы; «Негізінде дәрет алып жатқан кезде һәм дәреттен кейін сүннет ретінде қалған суды ішу, дұға оқу секілді сүннеттерді орындаған кезде адамның жан-дүниесі мен рухы әрқашан ақырет әлеміне кіреді.» (И.ғылмхалі 98-бет) Ал бұл үгіттен адамның жан-дүниесі адам тәненен бөлек тұрып дәрет алған кезде ақырет әлеміне яғни өлгендер мекеніне кетеді екен де бірақ тозаққа ма жаннатқа, әлде ұжмаққа болмаса басқа қандай жерге баратынын көрсетпеген. Егер адам жаны тек ұйқы кезінде ғана бөлінетінін ескерсек, бұл теолог ғалымдардың түсінігі бойынша дәрет алып отырған әжетханада ұйықтап кету керек немесе дәрет суын ішкен бойда естен танып, ауыздан суың ағып, рахаттанып құлап қалу керек болды. Бұндай сезімдік жағдай жанның бөлінуімен естің де қабілетінің тежелумен ғана болады. Ал жан-дүниең ақылмен қоса ақыретке кетіп қалатын болса дәретке шықпас бұрын туған туысқандарыңмен бақұлдасып кетпесең қайтпай қалуың да ғажап емес. Ендігі ғалымдарымыздың басты қателігі ақыл жанмен біге жүреді деп көрсетеді. Шәкәрім атамыз: «Молдалар: «Жан денеден шықанда қатты қайғырады» дейді. Өтірік айтады, неге десеңіз: жан ақылмен бірге шығатын болса, дене тұтқынынан құтылғанына қуанса керек. Егер ақыл жоғалатын болас, қайғыруды білмесе керек.» Жан ұйқы кезінде шыбын болып кеңістікте несібе іздесе, ақыл тәнде қалып басқарып тұрады. Жоғарыдағы ғалымдарымыз жазғандай жанмен бірге кетсе, онда тіршілік те тоқтайды. Осындай жалпы исламдық дінші ғалымдардың жан және рух хикметті сырларынан мүлде сауаты жоқтықтан, пайғамбарымыздың көке көтерілу ақиқатының сырын еретегіге айналдырып, ақылы сау білімді жұртың ислам дініне сенбеушілігін ғана туындатады. Ал адам тәнінің «физологиялық» қабілеті көке көтерілуге миғраж түгіл, бос кеңістікте арнаулы киімсіз ыдырап, жанып кететіні қазіргі космос ғылымынан хабары бар мектеп оқушысы да біледі. Ал құранда ол құбылысты «ІСРА» деп атап 17-санымен адам сыртқы от қабын, денесін яғни адам баласының кемелденген «аруағын», адам ақыл ой, қимыл қуаттарының көлеңкелі жартысын мәңгілік көшірме денесін белгілеген. Және: «Жындар мен адам баласы өтер болсаңдар көктің шегінен өтіп көріңдер, өте алмайсыңдар, бірақ бір қуатпен өтесіңдер.» деп ескерткен аят түсіп, оны шеше білген қазіргі таңда ғылым жоқ тек Ясауи бабамыздың сәни дәптер-құранында ғана бар. Інжілде осы дененің қалай пайда болып, адам ақыл, есінің барлық ақпаратын сақтайтынын толық дәлелдеп көрсеткен. Аталарымыз бұл құбылысты жан ғылымын «Екі жарты бір бүтінге айналу» деп түсіндірген. Сондықтан жалпы ислам «фиқһ» (шариғат білімі) ғұламаларына, хазірет-шейхтарға, дінші құранды төтелеп аударып оқушы «білдімандарға» жаратушымыздың үкімімен; «Інжіл, Тәуратты білмесеңдер түк емесіңдер!» деген аят үкімінен ғибрат алуды ұсынамызда болашақта миғраж ғылымын дәлелдеп көрсетуге ғана уәде береміз. Ал «Ханафи мәзһабы біздің кез-келген мәселерімізді шешетін бай, барша қажеттілігімізді өтейтіндей қолайлы. Себі, бұл мәзһаб бүгін шыққан тегі жоқ жаңа ағым емес. Тарихы бар, сүйенген негізі бар. Бұл мазһабпен кезінде бірнеше ислами мемлекеттер, оның ішінде, әсіресе, жеті ғасырға жуық уақыт Осман халифаты басқарылған.» (41-бет) Қазақ елі дінің жемісін көріп, алтын ғасырда да өмір сүргендігін, жүздеген әулиелердің хикметті істерінің жалғасы қазіргі күнде қайта көктеп өнім беріп жатқанын жоққа шығарып және сүйегі балқып тұрған, ақылы толмаған жастарды «кинизмдік» діни фанатизмге шақырған үндеулерімен шариғат заңдылығын бүкіл ғылыми жетістіктерден жоғары қойған пікірлерді тек надандық деп қарастырып, ал одан да беріде осыдан мың жылдай бұрын Ясауи бабамыз; мазһабты-шариғаттың базары керегіңді аласыңда тариғатқа біліміңді, өзіңді нәпсіңді тәрбиелеуге әрі қарай жетілдіруге өтесің деп ескертіп, мазһабтан кейін де дінде 3-сатының бар екенін дәледеп, мағрипат ғылымын хикметті істермен көрсетіп құранмен біріктіріп жазып, ақиқатың есігін көрсетіп, қалай баратынын біздерге аманаттап кеткенін және кешеге дейін хикметті істерімен белгілі болған әулие-әмби шәкіртерінің армызда өмір сүргенін неге, кімнен қорқып жасырамыз? Ал шариғат істерін, ережесін яғни мазһабты әдет-ғұрып, салттық ата заңымыздың ішіне толық заң түрінде енгізген Әз- Тәуке ханның жеті жарғысын, Қасым ханның қасқа жолы, күлтөбеде күнде кеңестің өзі қазіргі заман тіршілік салттарын толық қамти алмайды да, қайта толықтырып, ғылыми сараптап жетілдіріп негіздеуді қажет ететінін жоғарыдағы Ясауи бабамыздың төртеуді түгелдеу діни жолының 13-сатылығын, Абай-Шәкәрім философиялық, психологиялық дін танымдарын да толық қамтитын жеті жарғыны шығару заман талабы екенін білу дін ғалымдығына лайық болар еді. Сондықтан да пайғамбарымызға иман келтіру үшін, өсиеттерін ашық аяттармен салыстыра отырып, халқымыздың дінің тұтқасын сеніп тапсырған, қолдарына жүгенімізді де шылбырымызды да ұстатып қойған саясатшы, дінші, ғалым кемелдеріміздің еңбектерін оқып зертеп ақылмен білімін өлшеп, аталар батасымен дінінің нақтылығын, ақиқатын салыстырып көрейікте ашық пікір таласқа шақырып халқымызға ел басқарушыларға енді өзіміз таныстырып көрсетейік. Қой бағушы шопандарымыздың анық ғалымдығына көзімізді өзіміздің алған қазақша білімізбен, мәлім болған ғылым жетістіктерімен қазақтың, аталар даналық, ойшылдығымен салыстырып өлшеп көру бұл басылымның басты мақсаты

Тәпсірмен серік қосып, аяттарды арзан ақшаға бағалау көрністері.

«Тәпсірші деген атақ бар, Тура айтсаң молда қақақтар, Ой-жотамен адасқан тәпсірде талай шатақ бар.» «Білмеймі» деген иман ба? Ол ақылға сыйған ба? Айтудан ақыл тыйған ба? Жасырады иманын. Философ сөзін оқыдым, Талайын ойға тоқыдым. Кітабын да көргенмін, Әулиеменен сопының. Бәрінде сынға салғанмын Керектісін алғанмын. Ашып, алып тастадым Тал басының қотырын. Саяз ақыл бас ұрған, Мақтауын көктен асырған Жаба тоқып жасырған Талайдың жардым шиқанын. Ақылдан адас қалмаймын, Дәлелсіз сөзді алмаймын. Бос жетекке бармаймын Көтермеймін қиқаңын!» (Шәкәрім ғалым-сопы) Енді кезінде ғұлама аталарымыз сөздің іріңдеген шиқандарын жарып, сөз қотырын тазартып кейінгі ұрпақтары біздерге табаққа салып тарту қылып осымен жүрсеңдер адаспайсыңдар деп аманаттап кетіпті. Бірақ есек жем түскендей қайта сөздеріміз қотыр, шиқанға айналып, ана тілімізден, асыл сөздерімізден жиреніп, жанымызға жат сөздерді қалай төрімізге шығарып, төбемізді тазға айналдырып қиқаңдағандар кімдер? Алдыңғы басылымдарда философ, психолог ағайындарымыздың шатпақтарынан аталар аманатымен салыстырып аз ғана хабар бергенмін. Енді дін философиясына бір көз жүгіртіп көрейік; жоғарғы мәртебелі арап танушы хазірет-шейхтан діни сауаттымын құранды арапшадан төте оқудан артық білемін деушілер саны қазақта аз болар деген оймен атын атамай-ақ, кім екенін өздеріңіз іштеріңіздегі Алланы еске алудан жібіген «сілелеріңіз» ғана білсін, сол кісінің құранда бір ғана аятты аударған жерінен бір ғана мысал келтіре кетейін. Мысалға; «Сендер біртұтас Алланың жібіне жабысыңдар» деген аятты «Алланың арқанына жабысыңдар» деп аударғанын оқыдым. Алланың жібі дегеніміз біздер өлшеп көре алмайтын ақылы толық әрбір пендесіне ұйқы кезінде жұлдызымен және жер есіктерімен жалғанатын ақыл сәулесін айтады. Яғни әрбір пенде көктегі өз кітабына жалғану керек. Және бұл жіптің ұшын тауып, оны Мұхаммед пайғамбарымыздан уахи-батамен алу керек. Өйткені Раббымыз; «Сен тура жолды бастайсың» деп ескерткен пайғамбарымызға. Ал «арқан»-деп ол қанға, жынға байланысты бұлтпен арадағы жер жүзіндегі ұлтық, рулық шектерді белгілейді де және бұл ұғым ана тіліне, анамыздың арқасына нағашымызға байланысты. Сондықтан ондай туысқандық арқанды; «Үйдің жақсы болуы ағшынан (арқанынан) , ұлдың жақсы болуы нағашысынан (ар және қанынан)» Ар мен қанда 9 «тін» болу керек. Мән бермей оқыған кісіге арқаны не жібі не бәрі бір. Ал аят санымен мүлде ғылыми негізі өзгеріске түседі. Осындай әр сөздің үндік ерекшелігімен аят ішінде өз орнын таба білген ғылыми аударма ретінде Халифа Алтай аудармасы алдағы бір 50 жылдықта құны жоқ аударма Құран болып табылады. Ақиқат бастауы атты кітабымның бірінші бөлімінде үш түрлі қазақшаға аударылған құранды салыстыра отырып аят мағыналарының құран сөздерінің өз орнын сөзбе-сөз аудамағандықтан мағынасының мүлде өзгеріске түсіп бұрмаланытынын көрсеткенмін. Болашақта мүфтият хазірет, ғалымдарының діни пәтуаларымен құран аяттарын мүлде теріске бұрмалағандарын, намаз оқу қағидаларының да құранмен көптеген қателіктерімен, мешіттерде Алламен қосып тәңір шақырып, сонымен дінді тарылтып, елдің де пейілінің тарылуын қалыптастырғанын, дінді аздырушы зұлымдыққа түскенін дәлелдейтін де кез келер. Енді оған тоқталмай –ақ атақты дін танушы арап танушы ғалым ретіндегі Қайрат Жолдыбай ұлының аудармашылық қабілетін яғни діни сауаттылығын салстырып көрейік. «Ол (Алла) саған Құранды түсірді. Онда мағынасы айқын мұқам(??) аяттар бар. Олар Құранның негізі һәм тірегі. Ал басқа аяттар болса, мағынасы ұғынықты емес мүтәшабиб(??) аяттар. Жүректерінде қыңырлық бар жандар(??) «қалай бүлік шығарып (адамдарды адастырамыз Һәм қалай нәпсі қалауымызға қарай) олардың жорамалын жасаймыз» деп мүшабиһ(??) аяттардың соңына түседі. Шын мәнінде, оның нақты жорамалын(??) тек Алла біледі және ғылымда тереңдегендер(??) де, «Біз бұл кітапқа (мұхкамі мен мүтәшабиһына???) толықтай иман келтірдік. Барлығы Алланың құзырынан(??)» дейді» (Әли Ғымыран сүресі-7 аят) Бұндай аударманың тіл сауаттылығына Пайғамбарымыздан; «Дүниеде екі тілді болған, екі түрде сөйлеген адам кісіге қиямет күнінде Алла тағала оттан екі тіл береді» деген» (9-өсиет) «Жалған сөйлемеңіздер, жалған сөз иманға жат (305-өсиет.) Тіл ғылымының заңдылығына бағынбай арап сөзін сол қалпында тықпалау, арап тілін де, қазақ тілінде сол тілде жазатын, сөйлейтін ғалымдармен де санспаудан: «Көпшіліктің назарын аударатын абыройға еге болу-жақсылық емес. Дегенмен ол адамды Алла тәккәпарлықтан сақтаса зияны жоқ.» (326-өсиет) Ал тілге тәкәпарлық жасаудан; «Жамандыққа ұшырамаймын десең, тіліңді тый, бәле тілден.» (336-өсиет) Енді бұл өзін-өзі арап тілін меңгерген, дін танытушы ғалым етіп көтерген және мүфтиятың ғана емес соңынан ерген көпшіліктің де алдында осы қабілеті арқылы абыройға ие болған дін қандасымыздың білімін Халифа Алтай атамыздың аударуымен өлшеп ақылға тартып көрейік; «Ол Алла, саған Құран түсірді. Оның ашық мағыналы аяттары бар. Солар Кітаптың негізгі ірге тасы. Екінші ұқсас ұғымда аяттар бар. Ал жүректерінде қыңырлық болғандар, бұзақылық іздеп, ұқсас мағыналы аяттардың ұғымын іздестіріп соңына түседі. Оның ұғымын Алла ғана біледі». Сондай-ақ ғылымда озат болғандар: «Бұған сендік. Барлығы Раббымыздың қасынан» дейді. Бұны ақыл иелері ғана түсінеді.» (Әли Ғымыран-7) Бір ғана аятты бөліп алып серік қосушы деп жазғыра салу негізінен қазақ иманына жат қылық болғандықтан тағы бір аятты салыстыра кетейік; «Алланың қолы байлаулы дейді яһудилер. Өздерінің қолы байлансын! Осы сөздері үшін Алланың рақымынан қағылып, лағнеттелсін! Жоқ, тіптен олай емес. Керісінше, Алланың екі қолы(??) да ашық. Қалағанына қалағанынша (ризығын) береді» (Мәида сүресі, 64-аят) (Дін мен діл 145-бет) Халифа Алтай атамыз; «Және Яһудилер: «Алланың қолы байланған (сараң) деді. Бұл сөздері себепті олардың қолдары байланып, лағнеттелді. Керісінше, Алланың құдірет қолдары ашық, қалағанынша береді. Әрине Раббың тарапынан саған түсірілген (Құран-хадис) олардың көбінің азғындығын, қарсылығын артырады. Сондай-ақ олардың арасына қиямеке дейін дұшпандық, өштік салдық. Сондықтан әрқашан олар соғыс үшін от тамызса, Алла оны өшіреді. Олар жер жүзінде бұзықтыққа тырысады. Алла бұзақыларды жақсы көрмейді.» (Мәида-5) Қазақ тіліне жаны ашитын, сөз мағынасынан, астарынан хабары бар пенденің аяттың сандық мәндерімен және құран ішіндегі басқалай жасырын аяттардың ұғымымен салыстырып көрмей-ақ, жоғарғы аударманың мүлде сауатсыз екеніне күмән келтірмеуі сөзсіз. Осындай қазақ еліндегі мәлім болған үш құран аудармасының аяттарын салыстырып, талқылып қатесін жазып қазақтың әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін дәріптеген «Ақиқат бастауы» атты кітапты Қызылорда обылысында кезінде; дінге қайшы деп мемлекеттік жоғарғы құқық қорғау қызметшілері муфтият имамамдарымен, тілші жазушылармен бірігіп тексеріп тиым салған. Сонан бері діни сауаттылықтың тіл, сөз сауаттылығына қатысы жоқ, «мазһаб» ғылымына ғана бағынатын ереже ме деген пікірге келдім. Менің арап тілінен сауатым болмағандықтан тек есеп ғылымынан хабарым бар екенін және қазақ сөзінің салмағын түсінуім бойынша Мүфтият ғалымдарының Алланың құдірет қолдарын қысқартып тастап, екі-ақ қолы бар екенін қайдан көргеніне, қалай есептеп шығарғанына таң қалып және тәнті болумен қатар, осы аяттарға күдіксіз серік қосып, ортақ қосушы зұлымдыққа ұшырап қалған жоқ па деп қазақ бауырыма жан ашығандық сезімімді де жасырмаймын. Мысалға мынандай пікірлермен өздерін сөз сатқан, аяттарды арзанға бағалап, ертегіге айналдырған тәпсірші екенін дін ғылымынан сауатсыздықтарын өздері дәлелдейді; «Алла еш нәрсеге мұқтаж емес дене ұғымынан(??) пәк. Ол еш нәрсеге ұқсамайды» (Д.Д.159-бет) Інжілдегі Ғиса пайғамбарымыздың рухани дененің қалыптасуы ғылымын жоққа шығарғанымен қоймай жоғарыдағы «Алланың екі қолыда ашық» деген өзінің аудармасын және «Алла Тағаланың көркем есімдерін себепкер етіп, мысалы, «Рахман есімінің құрметіне деп тәуәссил(??) жасау. Бұл жайды Құранда: «Ең көркем есімдер Алла Тағалаға тән. Ендеше, Оның есімдерімен дұға етіңдер» (әл-Ағраф сүресі, 64-аят) делінеді.» (190-бет) Тән, дене дегендер тек тәуәссил (себеп) түрінде пайдаланылған сөз деген ой-жорумен, жаратушының ұлық сипатарының құрандағы «тән» яғни үннен пайда болған жарық яғни біртұтас рухани дененің белгілі бір денелік бейнесі бар мүшесі деген ұғымды береді. Демек муфтият ғалымдары көркем есімдердің белгілі бір сандық мәні бар ортақ денеден тұратын Аллаға тән болып есептелетін рухани денелік сипаттарын жалғанға шығарады. Және інжілдік жан ғылымына ашықтай жала жауып, және оқып зертемегенін білдіреді. Ал, Құранда; «Негізінен Алла сендерді баураған» яғни сыртқы өріс (аура) бақшаларың, «денелерің», «ұрық қабы!» деп ескертудің астарында адам баласын қоршап тұратын көрінбейтін өрістік сипаттағы дененің қабтық (бақ!) құдірет сипатының болатынын ескертеді. «Дін мен Діл», «Ислам ғалымхалы», «Отбасы ғалымхалы», «Имани гүл» кітаптарының басылым иелері негізінен Қайрат Жолдыбайұлы мен Мұхидин Исаұлы, Ата әс-Сынбати т,б және қалған бүкіл муфтият және Нұр Мүбәрәк универисетінің ғалымдар ұжымы пікір жазып, қолдау беріп бір жерден пәтуа алғанымен біріне-біре қарсы пікірлер, тұжырымдар және басылым бойында бірін-бірі және өз сөзін де өздері қайта терістеп отырумен, сөз астарын зертеу түгіл тілмен ойлары бөлек-бөлек, ал негізгі мақсатары халықты тек намаз оқу арқылы «тура жолға шақырып» Ханафи масхабын ислам әлемінде теңдесі жоқ әрі жол, әрі бағыт, әрі көз қарас, әрі күнәдан ақталу жобасы етіп дәріптеп, өздерін тақуа, ғалым тура жолдағы данышпандар етіп, абыройларын мағанасы ұғымсыз атауларды пайдалану арқылы көтеріп, өздерінің өте-мөте діни сауатты екендігіне дәлелдер келтіреді. Ал құран философиясы бойынша тура жолға түсу намаз оқудан басталмайды ақылды жетілдірумен, ізгі қайырлы істермен және сұхбатты көркем сөйлеуді меңгергенен кейін ғана намаз оқып жалбарынуға болады. Намаз оқу әрбір ғибаттаты амалдардың және шүкірлік істерінің байланыстырушысы үнемі ортасында болу керек және ақылдың тазалығымен ғана атқарылатын құлшылық болып табылады. Сондықтан дұрыс сөйлей білмей, есті меңгермей, есалаңдықпен намазға мүлде жақындамаңдар, «болмаса массыңдар!». Әуелі жастық-мастықтарыңнан айғып, ақылға келіп, жындылықтарыңды ауыздықтаңдар да сосын жаратқаннан сұраңдар деп ескертеді. Сондықтан пайғамбарымыз: «Жастық-есуастықтың бір бөлігі. Әйелдер сайтанның тұзағы.» (512-өсиет) жастармен, әйелдердің сезімге беріліп жын мен шайтанның қақпанына тез түсіп кететінін қатаң ескерткен. Осындай мазһабшыл ғалымдардың жазған еңбектерінен, бір ғана кітапты құран және жан ғылымының аталарымызға белгілі болған хикметті істерімен, мақал-мәтелдермен, әулиелер еңбектерімен салыстырып талқылап шығу үшін бірнеше кітап жазу керек екен. Әрине барлық пікірлері дұрыс емес деп күнәлі бола алмаймыз, бірақ дұрыс сөздерін қайта өздері түрлі пәтуалармен оқырманның жүрегін жібітіп, ұлтшыл, дәстүрді сақтаушы, жан ашушы қамқор болып көңілін аулай отыра, байқатпай аю тұзақ құрып, оқушының иманын, ақылын ұрлап өздері де екі жүздіге айналғанын білмейді. Сан ғылымынан, жан сырынан бұл ғалымдарымыз мүлде сауаты жоқ және жаратылыс сипаттарын да, себептік байланысын да мүлде білмейді деп толық кепілдік беруге болады. Бұл мәселеге бұл басылымнан кейін де қайта-қайта оралып тек қана әулие бабаларымыз білген ақпаратты, жан сырынан аз ғана мағлұмат беру үшін ата-жолының дін мақсұтын түсіндіру үшін ғана әлі алда таратуға ыңғайлы, оқуға жеңілдеу қылып 3-кітап шығару керек. Әзірге жан ғылымынан бір ғана мысалға тоқтала кетейік; «Алаһ кімді тура жолға салғысы келсе, оның көкірегін Исламға ашады. Ал кімді адастырғысы келсе, оның көкірегін бейне көкке көтеріліп бара жатқандай қысады.» (6-125) «Пайғамбарымыздың ұшақ жасап, биікте көтеріліп ұшпағанын және өмір сүрген Мекке, Мәдинаның төңірегіне төбесіне шықан адамның кеудесі қысылғандай биік таудың жоқтығын ескерсек, бұл ақиқатты жеткізген Мұхаммедтің (с.а.у) (яғни жынды емес) шынайы пайғамбарлығы мен Құранның хақтығының қалайша бас имеске?!» (И.Ғ. 213-бет) Енді бұл аятты Халифа Алтай аудармасынмен салыстырсақ: «Сонда Алла, кімді тура жолға салуын қаласа, Ислам үшін оның көңілін кеңітеді. Және біреуді адастырғысы келсе, оның көңілін көкке шығып бара жатқандай өте тарайтады. Өстіп Алла, иман келтірмегендерді қорлайды.» (6-125) Бұл бірдей аяттардың аудармасынан атақты ғалымдарымыз көкірек деп, кеуденің ауа жетпей тұншығуы туралы, тәндік пенделік ой жорумен сауатсыз аударудан және тура жолды мәзһабтық философиялық тәндік сипатта түсіндірмек болып, сондықтан не жазғанын нені меңзегенін өздері де білмейді. Ал екінші аудармадан көңіл деп адам баласының жанының тазарып, кеңуінен, дін пейілі ниеті дұрысталып, арам ойлаудан, дүниеқоңыздықтан арылып және садақа, зекет беруші Алла жолында мал жұмсап, артық хайыр жасауға ынталы, мейрімділіктің, игілікке деген құштарлықтың иман қуатының артуын ескертеді. Ал, «тура жолға салғысы келсе» деген сөздің өзі «келеме, кемей ме?» деген жаратушы ғылымына күдіктенген бос күмәнді және күнәні туындататын Аллаға серік қосып, ортақ қосу болып табылады. Оған себеп Адам атамыздан бастап жаратушымыз тура жолға қалай келуді үкім және адамзаттың парызы етіп алдын-ала білімін белгілеген сондықтан; «Салғысы келе ме, келмей ме?» деп жаратушыға күмән келтіруге мүлде болмайды, демек дін имамдардың муфтиятық тілімен «ширк» яғни сасық сөз. Ал тура жолға салуды кімді қалай қалайтынын пайғамбарлар арқылы нұсқаулармен үнемі ескертіп отырып, ал адамзаттың ғылым-білімінің жетілгеніне қарай рух заңдылығының білімін түсіндіру үшін арнаулы інжіл кітабын түсіріп Ғиса пайғамбарымызды соған басшылыққа тағайындаған. Абай атамыз бұл аятқа, «Көңіл» ұғымына; «Көңілдің күйі тағы да Өмірсіз жанның алды ішін. Аударды өлең жағына, Нәпсінің сынған қайғысын. Жат жерде елге қосылмай, Сенімді доссыз жалтақтап, Көк қанат бейіш құсындай, Қу ағашқа қонақтап. Ол бұтақтан қозғалмас, Өкіріп дауыл соқса жел. Өзгеге бола жырламас, Ыстық күнді жоқтар ол. Жанымның жарық жұлдызы, Жамандық күнде жарымсың. Сөз болсын ескі ер сөзі, Кейініге қалынсын.» Атамыз тура жолға белгіні келтіретін хикметті «көңіл құсы» яғни ақыл жеткізуші жанның жұлдызын ескіден қалған пайғамбар, әулиелер сөзі «жарық» деп және оның белгісін аталардан қалаған аманат асыл сөздермен, өлеңдерден шабыт арқылы тура жолын іздеуді және өмір мәнін жырлаудан іздеуді ескертеді. Ал ғалымдарымыздың көрсеткен «көкірегі қысылушылардың» шариғатын;

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет