Байтасов Тоқберген Кескірұлы. Құлшылықтар құпиясы немесе намаздар мен амалдар 4-ші кітап Алматы-2011



бет2/14
Дата11.01.2017
өлшемі2,62 Mb.
#6677
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Құлшылық негізі-үш талап.

Бірінші басылымда Аллаға құлшылық жасамайтын жаратылыс жан иесі болмайтынын, сондықтан құлшылықтан барып ғибадаттың, ал ғибадаттан намаздың пайда болатынын ескерттік. Сондықтан құлшылықты, ғибадатты, намазды; жалпылай Аллаға құлшылық деп атасақ жаңылыспаймыз. Адам баласының өмірге келгенен кейінгі өскен ортасы, ата-анасынан алған тәрбиесімен, алған білімі, тіршілік ортасының ұжымдық өмір тәрбиесінен байланысты белгілі бір нанымы қалыптасып сол нанымынан жаратылыс себептерін, өлім мен өмірдің арасындағы мақсатты істеріне байланысты, ұрпақ өсіру, шаруашылық істермен, түрлі кәсіптерді меңгеріп, жер бетінің базарын, тіршілігін жүргізуге ат салысып, өмір сүруге байланысты басқа жаратылыс егелерінен айырмашылық естілік әрекеттерін құлшылық емес деп атамау надандық болып табылады. Олай болса наным бар жерде, өлімге қарсы тұратын, қорғанатын, сақтанатын түрлі амал естілік әрекетері де пайда болып, Аллаға құлшылық пайда болады. Енді өмір сүрген ортаға, жаратылыс, қозғалыс себептерінен және адамзаттың тәжірибе біліміненен туған түрлі әдет-ғұрыптары мен салттары сол халықтың нанымының жетістіктерін естілігін, мәдениетін көрсетеді. Халықтың қаншалықты заманына сай мәдениеттілігіне қарай наным-білімінің шамасы қалыптасады. Олай болса наным ақылдылықтың бір сипаты. Онда иман дегеніміз нанымнан, сенімнен және естен тұрады. Адам баласының нанымы қоршаған ортаға жаратылыс сырларының жасырын зайырларын, хикметтерін жеткілікті білуіне байланысты алған білімінің жетістігіне тәуелді болса, ал сенім, наным негізінде жартқан құдайдың өлімді жіберіп, жаныңды алып, ақиретке апарып сұрап тергейтінін, жақсылығыңа сый беріп, жасаған жаманшылығыңа жазғырып, азаптап қинауы бар екеніне сеніп, сондықтан сол сұрақтардың алдын алу үшін ата-бабаларының қалған аманттармен, көрген, ақылмен өлшеген, түрлі қиындықтармен, сынақтардан өту барысындағы туындаған әдеттерден пайда болған, жол- жоралғыларын ұмытпай және мезгілдік, уақыттық тұрмыстық жас ерекшелеріне, жыныстық, кәсіптік, шаруашылық істерінен қарай міндетті болып табылатын құлшылықтарды атқарып, орындап жүруді сенім-ғибадат деп атаймыз немесе белгілі бір қағидаларға бағынатын ғибадатты құлшылық деп атаймыз. Сенім ғибадатпен егіз ұғым. Наным-ата-бабалардан жалғасты келе жатқан әдет-ғұрыптармен, тарихи естелік шежіремен байланысты заманына сай алған ғылым-білім, шаруашылық әдістерімен, тірішілік жетістіктерімен толықтырылған замандық білімінің көрнісі болса, ал сенім сол заманның жетістігінен қарай жаратқаннан түсірілген хикметтерге, дәлел, белгілерге және ата-бабаларымыздың ұстанған дін рәсімдеріне, түсірілген кітаптармен, пайғамбарларға, періштелерге нанып иман келтіріп, өз ұлтына жеріне сай діни рәсімдерді, ұстанымдарды қалыптастыруды нанымына қарай жетілдірілген сенім болып табылады. Наным адамзаттың несібе ризығы білімінен қарай жетіліп, толықтырылып, кеңітіп отыратын түсіну қабілетін білімділігін белгілейтін ұғым болса, ал сенімді, нанымның дәрежесіне қарай ілімді меңгеру арқылы жетілдіріп отыру шарт және үнемі таразының екі басына қойып ортасын іс, әрекетерін намаздарын орындау шартарын жетілдіріп, айқындап отыру ақылға сын. Сондықтан «Іліммен, білім ортасын ұстамасаң бүлін.» деген аталарымыз. Ортасын белгілеуші естілікке, таза ақылдың қалыптасып парасаттылықпен пайымдауға яғни әрбір жаратылыс себептердің зайырын анықтап түсінуге тәуелді. Естілік жасынан, жынысынан және алған тәрбие, білім, ілімінен қарай жақсы-жаман, ақ-қарасын ажыратып көрсетіп тұратын жүректің айнасы-Ынсап деп аталды. Наным адам баласының ойлау қабілеті яғни білімділігімен бас, ми жұмыстарына тәуелді болса, таза ілімді тек тазарған жүрек қана қабылдап ажыратады. Ал жүректің тазалығы қан тазалығына, ол тәннің және күнделікті дұрыс іс әрекетермен, таза тамақ, таза сөйлеуге тығыз байланысты. Бірін меңгеріп екінші, үшіншісіне мән бермеуден бәрібір қан азып жүректе өлшеу, түсіну, сезу қабілетінен айрылады. Сондықтан адам баласының ілімділігі жатап алған аяттарының, хадистерінің санына емес, білім арқылы салыстырып, іске айналдырып қанға сіңірген соған байланысты жүректің қабілетінен көңіл айнасына байланысты нәтижеленеді. Жүрек мақұлдап, сеніммен жасалған ғибадатты адам баласының парасаттылығын, адамгершілік ізгілікті, мейрімді, махаббатты, зайырлығын қалыптастыратын құлшылық амалдарын айтады. Ал осы ғибадаттың ішінде адам баласының түрлі қарсы күштерден сақтану мақсатында және сенімін рухани жетілдіріп; жетілген, кемел, толық адамдық сипаттарды қалыптастыру үшін жаратқанның ерекше сыйына бөлену мақсатындағы үнемі қайталап, өз ретімен берілген кітаптардың пайғамбарлар көрсеткен істермен, елшілердің нұсқауларымен сәйкестендіріп атқаратын құлшылық амалдарын- намаз деп атаймыз. Сондықтан намаздың бәрі Аллаға құлшылық амалдары болып есептеледі де ал кейбір өмір сүру барысында кездесетін адамгершілік, мұсылмандық қарыздарды, түрлі қайырлы істердің бір-ақ рет орындалуымен және наным-білімін, естілігін жетілдіру барысында оқу, білім, ғылым үйренулерде намаз орындаулар болып табылады бірақ ол адам баласының жеке намаздары яғни Аллаға құлшылық істері болып табылады. Ал уақытың мезгілінен қатыссыз кейдейсоқ орындап отыруға тура келетін хайырлы істер, қызметтер және тәубе ақталу амалдары да құлшылық істер ғибадат болып парасаттылыққа жатқанмен кей жағдайда тұрақты қайталанбауына себепті намаз болып есептелмейді де бірақ намаздарды толық орындау дегенге кіретін сауапты амалдар болып есептеледі. Сондықтан ақыл парасатты қалыптастыратын, адамгершілік, сүйіспеншілік, бауырластық, мейрімділік, қайрымдылық, ізгілік сияқты құлшылық істерін намаздарды толық орындау амалдарына жатқызуға болады. Енді Аллаға құлшылық қылудың мәні жер бетіндегі адамзаттың ұлтық, рулық, мемлекеттік шекарасы болмай барлық жаратушы тарапынан тиым болмаған, жан, рух, тән тазалығына зиян келтірмейтін, белгілі жағдайда адам баласының парасаттылығына пайда келтіретін тіршілік қамына, шаруашылыққа, білімді жетілдіруге байланысты бүкіл ортақ істер мен амалдарды қамтиды. Осындай адам ақылына лайықты рухани жетілуіне, ұлтық, рулық қоғамдық, ұжымдық салтарына зиян тигізбес үшін әрбір үммет өз ерекшеліктеріне қарай ғибадатты құлшылықтарын сол үмметтердің әдет-ғұрып, салт-дәстүрі деп атаймыз. Ғибадатты құлшылық әрбір халықтың ортақ істері болып, осы ғибадаттан енді жынысына, жасына қоғамдағы, қауымдағы алатын орнына заман өзгерісіне қарай қайталап атқарып отыратын құлшылықтарын-намаз деп атаймыз. Ал сол намазды қалай орындау керек, қандай білмей істеген күнәларының бар екендігін және ақталу жолын сұрап біліп отыру және сенімін нығайту, жетілдіру мақсатында намаз оқу әрбір мұсылманға парыз болып табылады. Намаз оқып қана нанымды білімді жетілдіруі мүмкін емес. Білімді, нанымды торлықтыруға, жетілдіруге араналған намазды- сабақ оқу, ғылым-білім үйренуді айтамыз. Пайғамбарымыздың; «Мың күн намаз оқығанан бір күн ғылым үйренген артық» деп ескерткен даналығының астарында үлкен сыр бар. Сондықтан жас ерекшелігіне, жынысынан және ақылының жетілуіне байланысты сенімін қалыптастыруға арналған намаз оқудың ішкі шарттары да бар. Оны әрбір елдің өз ішінен келген ғұламалары, әулие-әмбилері яғни елшілері көрсетіп, жазып кеткен үлгілерінен сай атқарылуы керек. Намаз оқу, тәубеге келу және жаратқанға жалбарынып, сиыну амалдарының ортасы болып, үнемі барлық намаздардың орындалу барысында басында немесе аяғында емес, тек ортасында болуын ескеру керек. Әрбір жаратылыс нәрсесінің міндетті түрде жұбы болуы шарт болып, намаз оқудың негізі сабақ оқудан яғни нанымын, сосын сенімін жетілдіріп отыруға арналады. Бұрынғы жапай сауатсыздық дәуірлерінде сабақ оқу мешіттерде, шіркеулерде атқарылып, наным- білімін қалыптастыру үшін жаратылыс іргелі ғылымдардан дәріс беріліп, сонымен бірге сенімінде жетілдіру үшін намаз оқуды қоса үйренетін білім ордасы болса, ендігі ғылым білім дамыған заманда сабақ оқу мешіттері яғни нанымын жетілдіріп, жаратылыс сырларынан білім беретін жеке-жеке білім ордалары болып, жастардың білім алуы яғни заманына сай ақыл, білім, наным- намазын үйрену парыз. Бұрынғы надандық дәуірлерде намаз оқу білімділік болып есептелсе, ендігі бұл заманымызда керісінше білімсіз, нанымсыз құр сену үшін намаз оқу надандықты туындатады. Оған себеп намаз оқып үйрену үшін бұрын әуелі тілін сындырып, сауатандырып, жазу, сызу, есеп ғылымдарын үйретіп барып, құран аяттарын жататып, намаз оқуға мәжбүрлейтін. Адам баласының нанымын ақыл, білімін заманына қарай мектептерде арнаулы оқу орындарында жетілдіру арқылы толықтырып отырмаса, құр құранды арапша оқытып, сенім қуатының тазалығын қалыптастыру мүмкін емес. Ал ислам дініндегі қазіргі таңдағы сендіру арқылы яғни намаз оқу, парыздарды ақыл тоқтатпай, естілігін жетілдірмей, сенімін-ілімін жетілдіруге мәжбүрлеп, өлімнің сырын тіршілік мәнін, себептерін түсіндіру білімін жетілдірмей, құр өлімге, өлімнен кейінгі бақытты өмірге сендірумен және өлімнен кейінгі өмірдің заңдылығына, наным-біліміне хикметтерсіз, нақты ақылмен өлшейтін дәлелдерсіз, ортасын есін қалыптастырмай, сендіру керісінше біржақты мейрімсіздікті, дін бауырластық, сүйіспеншілікке қарсы бүлікшіл, имансыздықты ғана қалыптастырады. Сондықтан иман келтіру біріншіден; нанымға яғни білімділік, біліктілік, ақылға, екіншіден; сенімге, ілімге, намаз орындауларына байланысты болып, осы екеуінің ортасын белгілеп тұратын, ұлтық есіміз әдет-ғұрып, салт-дәстүріміздің құндылықтарымен сөзбен яғни философиялық, психологиялық қазынамызбен өлшеніп қана иман жүрегімізге зейнетеліп отырады. Осы негізгі үш талаптан құлшылықтың негізі; әділет, шапағат, махаббат туындайды. Бұл үш негізден ата заңымыз яғни еліміздің иманының негізгі ірге тасы қаланады.

Ата-заң және жол-жоба діни салт-дәстүр, бәйшешек бақшасы.

«Махаббатпен жаратқан адамзатты, Сен де сүй ол алланы жаннан тәтті. Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп, Және хақ жолы осы деп әділетті. Осы үш сүю болады имани гүл...» деп Абай атамыз жаннатқа апарар хақтың жолына түсу үшін әуелі иман гүлін-нанымын өсіруді ескертіпті де «Мақсұт» атты қисамен адам баласының түп мақсатын астарлап көрсетіпті. Мақсұт-талап; үш гүлдің үш түрлі сипаты болып, және оның өсетін жерін және қайдан алуын білгіңіз келсе; «...Барса, тамда(зират) бір гүл тұр солқылдаған, Басында үш жеміс бар былқылдаған; Бірі –ақ, бірі –қызыл, бірі –сары, -Таңдап ал, мен берейін бірін саған. Ағын жесең, ақылың жаннан асар, Сарыны алсаң, дәулетің судай тасар, Егерде қызыл жеміс алып жесең, Ұрғашыда жан болмас сенен қашар.» Үш жемісті бір мезетте алу мүмкін емес, бірақ бақытты ғұмыр сүруге адам баласынан үш жемісте керек. Аталарымыздан қалған аманатта; «Бірінші байлық- денсаулық, екінші байлық- ақ жаулық, үшінші байлық- он саулық» деп ескерткен. Ден саулығың, ақыл саулығымен-еспен, ержетумен, бой жетумен, ақ жаулығыңда тән саулығымен еңбек ету қабілетіңмен, жыныстық кәсіп ерекшелігімен және адал некемен байланысты болса, ал он саулығың өнер, кәсіптік еңбегің мен жаратқанға жасаған шүкірлік, ғибадатыңа, алған сауаптарыңа тәуелді екен. Ал бұл үш байлықтың алдыңғы екеуін аталарымыз «Мал» байлығына санап; «Мал жаның аман ба?» деп жан-дінің ақылыңныңның да он саулығының дұрыстығын, түгелдігін сүрауды әдетке айналдырған екен. Он саулықты өнер ғылымды меңгерумен ғана жинауды Шәкәрім атамыз; «...Бойың жалдап қор болма, ойың жалда, Түк өнбес алты ай жүріп алған қойдан. Онан да өнер үйрен тек жүрсең де, Ақы алмай, тамақ қана жеп жүрсең де. Өнер білсең-он күнде жүзді аласың, Басында пайда алмай-ақ көп жүрсең де.» Он саулығың қолыңдағы он саусақтың нұрланып күндей жарық беріп иман гүліне айналуын ескертеді. Ақыл, дәулет, ақ жаулықты асыраушы өнер болса, ал өнер ғылымсыз пайда болмайды. Қанша халық білімді аталғанмен, ұзақ уақыт пайдаланған білім тозып, бала-шағаның, қатын қалаштың ғана ермегіне айналып, ғылымын жетілдімеген, ілімін жоғалтқан ел, жер бетінен жоғалатынын Абай атамыз «Мақсұт» атты поэмамен анық көрсеткен; «Сол заманда-ақ надандар шырыш бұзған, Жалғанның дәмін бұзып, хауіп қылған. Ақыл мен мал екеуін асырай алмай, Арашаны іздепті қатын қыздан. Ендігі не сұрау бұл заманда? Ақыл-ой, ар-намыс жоқ еш адамда. Өлген мола, туған жер жібермейді, әйтпесе тұрмас едім осы маңда...» Қазіргі заманымыздағы гендірлік саясат деп, жалаңаш қатын, қыздарымызды көшеге шығарып жіберіп, талатайтып төрге шығарып, ақылын тыңдап отыратын еркектерімізде яғни ел басшыларымыздан бастап, еркек кіндікті «бөрікті» қазақпын деген бәрімізде де ар-намыс, ақыл-ойларымыз жоғалған. Сондықтан дін атын жамылып, өлген моласын, иман гүлін «Қадырын» тепкен, Арыстан баба, Ясауи, Абай-Шәкәрімдей ғұламаларының жолын, аталарын соттаған, арашаны өз арамыздағы қатын, қызымызды былай қойып, шетен келген азғын надандардан іздеген, кейін ұрпақтарымыздың алдында осындай ақылды бірақ есі кеткен аталарымыз болған тарихта деген атақ алатын «білдіман» қауымбыз. Ал білімді ақылды мен есті яғни қазіргі «Зайырлы мемелекетпіз» деген ақымақтық бос мақтан үшін айтылатын жындылар сөзі екенін түсіне білген ел басқарушы зайырылы адам, иманның ақ жемісінен нәр алса; «-Мен болсам, егер ағын жемек те едім, Ақылды болдым елден бөлек дедім. Мен ақылды билемен, не қылсам да, Мені ақыл билесе керек дедім...Ақылды жан табылмас маған сырлас, Көріне тентек көп надан мойын бұрмас. Әділетсіз, ақылсыз, арсыздарды Көре тұра, көңілде тыныштық тұрмас. Адам дерті болмай ма құса тартып, Тұщы ұйқы ұйықтай алмай түнде жатып. Ептеп бағып, есерге ем таба алмай, Тәтті тамақ жей алман дәмін татып.» Осындай Абай атамыздың қайғысындай қайғы шегіп, әділетті басшы, әділ заң шығарушы, халқына қамқор әкімдер арамызда көп болар еді. Және ондай әділетті ел басқарушысы аса байлыққа құмар болмай; «Сарыны жеп, мен болсам байдың өзі, Аузында тамам жанның болдым сөзі. Пәленшеден бір нәрсе алсақ-ау деп, Тігілер жан біткеннің маған көзі. Жұрт күндер жұртан артық байлық үшін, Бұлдайды біреу күшін, біреу түсін. Не құылса да, надандар алмақты ойлар, Мал антұрған күйдіріп елдің ішін. Еңбексіз мал дәметпек-қайыршылық, Ақылды ерге ар болар ондай қылық. Оны ойларлық бұл күнде адам бар ма, Пайда ойламай қылады кім татулық?» Қазақтың иманның сары жемісін жеген ақылдылары партия құрып; мені сайласаң, елдің байлығын тегін таратып, талтайып еміземін –деп аз қазақты бір-біріне айдап салып, баспасөз орындарын да бөліп алып, жақсы адамның сыртынан иттерін айдап салып, байқамай сүрініп кетсеңіз, атағыңыз, дәрежеңіз, елге сіңген еңбегіңіз де алған марапаттарыңыз темір-терсекке айналып, тек жаманшылығыңызбен ғана өлшеніп түрмеге тоғытып, қалған өміріңіздің қалай боларын сол заң шығарушы өзін құдайдан былай санамайтын партиялықтарға тәуелді болмақ. Бұл біздің шет жұртан алған еркіндік саясатымыз. Құдайсыз атаған қызыл кеңестің өзінде байқамай жазықты болған пенденің жұмыс істейтін ортасының, тіркелген партиясының, косомолдық ұйымының жиналып берген мінездемесімен санасатын еді, енді ол еркіндік өлген, ақша, байлық деген құдайыңызға шоқынуға ата заңымыз мәжбүрлейді. Сондықтан абайлаңыз, иманның сары жемісін жеудің алдында әуелі партияға кіріп және оның ішінде кімге беретіңізді алдын ала қамдастырып алмасаңыз онда; «Берсең, қалар оларда несі ардың? Бермесең, сен дағы ит бірге болдың. Не өзің ит, немесе бар елің ит, Даусыз бір пәлеге міне қалдың.» Көрдіңіз бе пара берсеңізде ит болдың алсаң да ит болдың. Сондай ит болғысы келмеген ақ-жолдық бауырларымызды арты не болып әлі кезге дейін «бухгалтериясын 15-жыл бұрын тексеру керек еді?» деген өкініштері басылмай жатыр муфтиятымыздың. Баста құдайдың жолын партияға айналдырып үкіметке тіркегенмен, садақадан сарқыт беруді ұмытып кетіпті, мүмкін зияны тиіп итке айналып жүректеріне дақ түспесін деген шығар. Ал елдегі бұл жағдайдан хабарыңыз болмай, өтірік десеңіз иманның ақ жемісін ғана жеп көріңіз сонда көреміз, ұйқыңыздың қалай болғанын. Негізінен қазақ елі және ата-бабаларымыз ертеден иманың жемісін жеген халықпыз. «Қызылды жесем, мені әйел сүйер, Арамдықта жүрмесем, не жан күйер? Ұрғашы да көп жан ғой, досым болса, Деп едім бір пайдасы маған тиер...» Егемендігіміздің қуанышы болар өзіміз рухани бодандықтан әзер деп көтерем болып шығысымен осы қызыл жемісті тойғаныша жеген еректеріміз, шөлді басу үшін түрлі ойынханалар салып, күлкінің, құмарлықтың, ғашықтықпен, асықтықтың ноқтасын шешіп, қатын қыздарымызды көшеге, мекемелерге де жалаңаш жіберіп еркіндіктің, гендірліктің жынды суын қанғанымызша ішіп, ендігі жағдайымыз; «Болған соң уәделі күн жауын жауды, Судан ішкен жынды боп, ақылы ауды. Күні-түрі шуласып, таласады, Ұмытты тамақ жеу мен және ұйқтауды...Бәрі де есі шығып, жынды болған, Бос шулап жүр кіші іні, үлкен аға...» Бұндай зұлымдыққа түскен аз ғана қазаққа жаратқанның үкімімен нәрлі су ақтың бастауы аруақтың батасы болып, талай жастарымыздың, адасқан қазағымыздың басын жазып,есін дұрыстай бастағаны сол еді өзге елдің жынды суын ішіп келген діншілеріміздің көмегімен, мастығынан айыға алмай жатқан көптің жетегіне түскен ел ағалары, енді өсіп жетіле алмай жатқан көк құрақты ойдан шығарған заңымен отап тынды. «Көптің бәрі осындай, мысал етсең, Көп айтты деп алданып, уағда күтсең. Ғапіл боп көп нәрседен бос қаласың, Аңдамай көп сөзімен жүріп кетсең.» Енді осы жоғарыдағы құлшылықтың үш талабының жемісін жеп біріміз ғалым, біріміз әкім, біріміз бай-мырза, ақылды аталып, халықты менің соңымнан ерсең қор болмайсың дегендей күнді көгілдір терезе мен баспасөздерден түспей жүрген, әнші, дінші, намазхан, жұлдыздарымыздан да кенде емеспіз. Сонда бұл ағайындарымызбен солардың сойылын соғып сөзін сөйлеуші діни сауатсыз, қара халық аталған біздерді қай топқа жатқызамыз?

Аллаға құлшылықтың намаз орындауы туралы ғибрат.

Сонымен еретеде бір әділетті патша болып өмірінің соңына қарай өзінің қандай білмей істеген күнәлары және жасаған құлшылық, ізгіліктері құдай алдында ақталуға лайықпын ба деп намазын оқып, Аллаға жалбарынып сұрапты. Көп ұзамай түсінде жаратушыдан хабар келіп; «Таңертең белгісіз түрде еліңді аралап шық, хикметіме жолығасың»-деп ескертіпті. Сонан қасына жақын уәзірін алаып, қара халықтың киімін киіп қаланы аралап келе жатса бір адамның қораның жиегнде өліп жатқанын көріп, көптеген адмдар қасында жиналып дауласып тұр екен. Сонан патша сұрайды; -Бұл адам кім, неге үйіне хабар беріп жерлеуіне көмектеспейсіңдер, мұсылман емесіңдер ме?-дейді. Арасынан «намазхан» біреуі;- Ол, намаз оқымайтын еді, оның мен өмір бойы мешіттен жұмадан көрген емеспін-дейді. Екінші біреуі;- Бұл адам менің көршім еді. Базарда жұмыс істейтін, етік жамап күн көретін еді. Үйінде қарт кемпірінен басқа балары да туысқандары да жоқ бейшара. Және өзі маскүнем және зинақор еді. Күнде тапқан ақшасына тамақ алмай шарап алып және бір жеңіл жүрісті әйелді күнде біреуін үйіне ертіп келетін де таңертең жуындырып шығарып салатынын көретінмін. Бұндай жанға осы өлім лайық. Кемпірі де құтылғанына қуанатын болды-дейді. Сонда патша ойланып тұрады да; «Не болса да осыны мен жерлейін, жаратушымның бір белгісі болар»-деп, өзі арқалап алып, өзі намаз оқымайтын қаланың басқа алыс жеріндегі өзін танымайтын бір мешітке апарып, уәзірі екеуі жуып, кебіндеп, киіндіріп болғаннан соң уәзіріне; -Мейлі кәпір болса да адам баласы, кемпіріне айтпай жерлегеніміз дұрыс болмас, мен үйіне барып қайтайын, сен осында күзете тұр,- деп, өліктің үйіне келеді. Сонан болған жағдайды кемпіріне естіртіп, жерлеуге ұлықсатын сұрайды. Сонда кемпірі; -Арманына жеткен екен жақсы адам еді-дейді. Бұл сөзге таң қалған патша; - Тіршілігінде не арманы бар еді?-деп сұрайды. Сонда кемпір; -Күйеуім өмір бойы етік тігіп, адал ақшасына тапқан табысына бір маскүнемнің үйіне ішуге алып бара жатқан шарабын қымбатына сатып алып, орнына бала-шағасына тамақ алып беріп, ал шарабын күнде әжетханаға әкеліп төгетін еді. Және жеңіл жүріспен ақша тапқан әйелді көрсе үйге әкеліп жуындырып, киіндіріп, түнімен оған уағыз айтып қателігін мойындатып, иманға келтіріп таңертең шығарып салушы еді. Менің;- Сен енді қартайдың, артыңда жерлейтін ұрпағың да жоқ, менің жағдайым мынандай, ақшаңды жаназаңа жина дегенімде; -Мені мен, сені патша жерлемегенде, кім жерлеуші еді, дейтін –депті. Енді оқырман бұл ғибартты әңгімеден құлшылықтың маңызы туралы, өзіңнің құдайға құлшылық қылуыңа жаратушымыз неге мұқтаж екенін, қандай мұсылмандық өтелмеген қарызыңыздың барын өзіңіз ойланып хикметін іздеп, тауып шешіп көріңіз.



Естілік пен есерліктер туралы түсініктер. Адам баласына ортақ үнемі 4-ші болып немесе алтыншы болып түгелденіп тұратын, артығын жонып, кемісін толтырып тұратын іштен өсіп өніп азығын, тамағын сырттан салатын «ЕС» деген ұғым бар. Төрт өлшемнің яғни мизамның, таразының кірі салмағы. Төртпен өлшеп бесті алмасаң, бесінші қашанда қауіпті пайдасымен, зияны қатар болады. Абай атамыз; «Өлшеуін білмеген нәрсенің боғы шығады» деп бекер ескертпеген. Сондықтан төртеуді түгелдеп отыру үшін үнемі бесінші ортасын тауып отыру шарт. Оған Мысырдағы төрт мұнара жаратқаннан белгі. Бесіншіні адам бейнелі 27-метрлік арыстан арқылы яғни ақыл, жан, мал қуатын жұмсап іздейміз. Енді аталарымыздың аманатындағы «Денсаулық»-5 жұп қуаттан (10) ақтың ақыл-ой, білімнің жемісі, «Ақжаулық»-5 жұп қуаттан (10) тәрбие, әдеп салт-дәстүріміздің қызыл жемісі, «Он саулық»-іс қимыл, өнеріміздің, алған ілімнің нәтижесі жан саулығымыз іштегі бес сезіммен, сыртағы 5-түйсік қуаттардың сары жемісі, байлықтың негізі балып шығады. Болашақта жан сырынан құран, інжіл, хадистерден нақты дәлелдер бере жатармыз, әзірше қысқа мағлұматтармен тоқталамыз. Енді осы адам баласының құлшылығының негізгі іс-әрекеттерінің жалпы саны 20-болып қол, аяқ саусақтарына буындармен сауаптардың да санын белгілеп қойған екен жаратқаннан. Осы 20 бұтақ арқылы 30-байлықты, 30-параны меңгеріп; 30+20=50 намаз орындау құлшылық негізі шығады. Пайғамбарымыздың миғражға көтеріліп 5-парыз намаздың үкімімен және екі аятты алып келуінің сыры да және «негізінен намаздар 50» деп ескертуінің өзі осы жоғарыдағы сандарың үш бақшаны 20-мен суаруды ескертеді. Осыдан құлшылықтың намаздары деген ұғым пайда болып, әр елге пайғамбарлар жіберіп, үйреткен үкімделген парыз істерді үнемі жаңылыспай, шегінен шықпай орындап жүруді міндеттеген. Оның да өлшемі мұсылмандық бес парызбен, 4-түрлі амалдардан тұрып 20-мен белгілейміз. Ақ жаулық 10-қуатты меңгеру әрбір ұлттық, рулық салттық ерекшеліктермен адам баласының өсіп-өну тіршілік ету қағидасы болып жеке адамдық борыштар болып, әдет-ғұрыптық тұрақты істерге кіреді де құлшылық болып есептелгенмен намаз қылып орындауға яғни қайта-қайта үйленіп т.б ұлтын, руын алмастыру, жерін отанын өзгерту т,б әректердің ғұмырына бір реттен ғана орындалуына байланысты негізгі парыз Аллаға құлшылық ісі болып табылады. Енді қалаған Аллаға құлшылық дегеніміздің өзі алдағы адамзатық борышқа негізгі байлықты жетілдіруге, қалыптастыруға, өсіріп-өнімін көретін, бәйшешек бақшасын өсіретін 40-түрлі негізгі міндеттерден тұрып, ислам ғалымдарының 5-парыздың іші 40-парызы бар деп бірақ ат қойудан жаңылысып, дәреттің ішінен кіргізгенмен, тән мүшелеріне қатысты ғылымын көрсеткен.Осы 40-амалды меңгеру үшін 5-парызбен 1-ді яғни есті алуымыз керек. 40-түрлі амалдың өз киесі, иесі болып оны аталарымыз су яғни нұр беруші «Қырық шілтен» деп басқарушы естің егесін, көк киесін «Ғайып ерен» деп атаған. Ғайып ерен қырық шілтен, барлық құлшылық істерінің киесі атқарушы, жаратқанға жеткізуші болып есептеліп, оның сандық мәнін әзірше түсінікті болу үшін 100+45-деп белгілегеніміз абзал. Екілік дәрежеде 10-санын беріп құрандағы игілік істерінің нәтижесін, жақсылықтың дәрежеленуін, жамандықтардан тазаратын қолдың қимыл негізін көрсетеді. 4-пен 5-тің қатынасын Әл-Фараби атамыз музыканы, үнді зертеудегі «гармония» заңдылығы деп «Ми» деп атаса, 40-амал шілтеннің, 5-парызбен қосылысын Абай атамыз 45-қара сөзді естіліктің өлшемі ретінде алыпты. Бұлда мыйдың толық жұмыс істеп ойдың бейнелену нәтижесі деп біліңіз. 40-саны адам баласына берілген ортақ кітап болып, оны толық алған, меңгереген адам хандық дәрежеге жеткен. Ал бесеуін (Б+ЕС) бірлеп 40-на қосқан адам баласы есті, зайырлы парасаты болып жоғарыдағы құлшылықтың үш жемісінің де дәмін татып үлес алғандар қатарына жатады. Бұл санды енді махаббаттың нәтижесі сенімнің жемісі толық адамшылықтың көрнісі деп атауға да болады. Абай атамызда 45-ші сөзінде;

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет