Олар, Алладан өзге өздеріне пайда, зиян келтіре алмайтын нәрселерге шоқынады. Сондай-ақ кәпірлер Раббына қарсы шыққанға жәрдем етеді.» (25-55) Алладан өзге деп аспанымыздағы қазынамыз отанымызға жалғанбайтын басқа елдердің әдет-ғұрыптарын, салтына, түрлі «жұлдыздар» жасап, соларға табыну әрекеттері және шыршаға табынғаны сияқты сол елдердің махабат күні т.б түрлі мерекелерін дәріптеп, шоқыну, ата заңымыз деп ойдан шығарған заңдарға табындырып, осымен әділетті қоғам құрамыз деп, заңмен жазалау шараларын ұйымдастырып, өздеріне табындыру, діншілердің ғылымнан негізсіз хижра, жұлдыз заман есебін күнтізбеге айналдырып, өздері ойлап тапқан күндерін мерекеге айналдырып «Ашура күні, миғраж түні, пайғамбардың туған күні» дегендей өздерінің жалған ойдан шығарған күндеріне табындырып, пайғамбарымызды «ғалейкісалам-аллауақбар» яғни тәңір деп, елді шоқындыру сияқты бұл күнделікті көзге көрініп тұрған, құлақ үйренген әрекеттерге жатады. Ал ең қауіпті халықтың жапай сынақтарға, азаптарға әкеле жатқан шайтандардың әрекеті Раббына яғни Алланың нұрына, қозғалысқа, оның атқарушы қолы аруаққа астыртында, ашықта қарсылық әрекет саясатын жүргізіп, өздері қаралай кәпірге яғни енді жын-шайтан-Тажалға айналу әректерін жатқызамыз. Аятта; «Әй мүміндер! Аланың ашуына ұшыраған елді дос тұтпаңдар. Олар кәпірлердің қабырдағылардан күдер үзгендей олар, ақиретен үміт үзген.» (60-13) Ыбырайым жолынан, Раббымыздан жолынан бас тартқан арап елдерінен келген қызылбастық намазды жалау қылған діншілермен, ел басшыларының әрекетері елдегі болып жатқан және алдағы тұрған міндетті түрде болатын, хабар келген халқымыздың жапай сынағына тіреген тажалдардың адамдардан болған жын-шайтандар әрекеті деп біліңіз. Бұндай жағдайды аятта; «Оларға шайтан үстем келіп, өздеріне Алланы еске алуды ұмытырды. Олар шайтанның жамағаты солар; зиян тартушылар.» (58-19) Рабымыздың жолы дегенімізді пайғамбарымыз; «Алла тағалаға иман келтірдім» деп айтың ба, сенім, иманды кісілердің жолын ұстан.» (600-хадис,аят) Иманды кісілер өзіміздің өмірден әулие болып өткен ата-бабаларымыз. Сондықтан; «Расында сендер өздеріңнен алдыңғылардың әдет-ғұрпына сүйем бе сүйем, (қолдың жалғануы) кез бе кез(шежіре, тарихқа жалғану) ілесіңдер, тіптен олар кесірткенің ініне барып кірсе де оған кіресіңдер,» деді. Біз: «Уа Алланың елшісі! Яһудилер мен християндарды айтып тұрсың ба?»-деп сұраған едік, Ол; «Басқа кім болушы еді?»-деп айтты.» Араптардың, сахабалардың өзіне аталарының діні; інжіл, тәураттың ғұрыптық амалдарын орындауын қатаң тапсырса, ал ең тазасын біріктірген кереметтер, мұғжиза, кітаптар алып, Алланың сүйген құлы досына айналған әулиелерді аралап жынданып жатыр деп ашықтан-ашық баспасөз беттерімен, көгілдір терезе арқылы түрлі қитұрқы істерді бұрмалап көрсетуден өткен тажалды, кәпірлік амал жоқ. Соны ұйымдастырып қолдау беріп отырған басшылары пайғамбарымыздың аяттарымен, Рабымызды мазақтап, елді қырылуға, тозаққа бастап әкеле жатқан бұрынғы перғауындық залымдардың жалғасы ібілістің адамға айналған бейнелері. Ата жолының Алла жолында соғыс екенін Пайғамбарымыздан; «Алла тағала былай деді: «Мен үшін сәлемдескендеге, отырыс ұйымдастырғандарға (құдайы тамақ, құрбан шалу), дүние жұмсағандарға, зиярат қылушыларға мейрім түседі. Ал енді қарсы болғандар кәпір». (596-хадис,аят) Ғиса пайғамбарымыздың көрсеткен мұғжизалары; жыннан тазарту, адам баласын ортақ дастарханан ас ішкізіп бауырластыққы қалыптастыру, шырақтар шағып, от және су арқыл тазару, емшілік істері қазақ жерінде енді құран арқылы халықтық сипатта бой көтергені сол-ақ еді, шайтанның жамағаттары соңымызға түсіп, исламда бұндай ілімде, білімде жоқ деген пәтуаларына ел басқарушы, заңшы құлақтары созылып, жүректері мөрленген философ ғалым қауымды да көндіріп, ақыры жеңісін тойлап, енді мүлде тұншықтыруға, елден аластамақ болып жатқан жайлары бар. Ал шындығында солай ма екен? «нжілден; «Адамдар «ақымақтық» дейтін Құдайдың құтқару жолы (аруақ заңдылығы) адам даналығынан әлде қайда жоғары және Құдайдың «әлсіздігі» (аруақты қорлатып, шайтан адамдардың үстемдігін қалыптастыруы)адамның күш-қуатынан әлдеқайда күшті... Бауырластар Құдай сендерді шақырғанда өздеріңнің кім болғандарыңа назар аударыңдаршы: табиғы тұрғыдан қарағанда араларыңда даналар, билік иелері, асыл туғандар көп емес еді. Бірақ осы дүние кімді «ақымақ» деп санаса, «Құдай «данышпан-ақылгөй»делінгендерді ұялту үшін соларды (ақымақ аталғандарды) таңдап алды. Және осы дүниеде «күшсіз» деп тапқандарды Құдай «күштілерді» ұялту үшін Өзіне таңдады. Осы дүние маңызды деп есептейтіндерді жою үшін соның менсінбей, қорлап, түкке тұрғыссыз деп санағандарын Құдай таңдап алды...Дегенмен, біз рухани жетілдіргендерге даналық хабарды уағыздай береміз. Ал даналық осы күәкар дүниелік емес, сондай-ақ осы дүниелік билеушілердікі де емес, олар болашақта, құрып кететіндер. Керісінше жариялап жүргеніміз-Құдайдың құпия даналығы, бұл адамзаттың көзінен таса болып келді...Алайда алдын ала жазылғандай, «көз көріп, құлақ естімеген, адам ойына ешқашан келмеген игіліктерді Құдай Өзін сүйгендерге дайындап қойған болатын». Бұны Құдай Өзінің Киелі Рухы (аруақтары) арқылы анық білдірді. Киелі Рух бәрінен де, Құдайдың терең ой-мақсаттарынан да хабардар. Себебі адамның ішкі құпия-сырларын оның өз рухынан басқа бірде-бір адам біле ме? Ал біз осы дүниелік рухты (жын-пері) емес, Құдайдан келген Киелі Рухты (пайғамбарлар аруағын) қабылдадық. Соның көмегімен Құдайдың бізге сыйлаған игіліктерін біле аламыз. Солар туралы біз адамзаттың даналығынан емес, Киелі Рухтан үйренген сөздермен(әулиелер батасынан) уағыздап, Оған мойынсұнғандарға рухани шындықты түсіндіреміз. Өз еркімен жүрген адам (тек намаз оқып,кітаптағы жазылған білімге ғана сүйенгендер) Құдай Рухынан келгенді (аян, түс, уахи) қабылдамайды, оны түсіне алмай (жоруын білмей) ақымақтық (жын-шайтанан) деп санайды. Себебі оны Киелі Рух тұрғысынан (аруақ заңдылығымен) бағалау керек. Ал, Құдай Рухына мойынсұнушы Одан келгенің бәрін де бағалай алады. «Жаратқан Иенің ойындағысын біліп, Оған ақыл бере алатын кім бар?» Ал бізде Масихтың ой-ниеті бар.» Ал қазақ құдайшыл қауымында бұған қоса пайғамбарымыздың өсиеттерімен, аталар салған жолы-Арыстан баба, Ясауи баба, Укаша сахаба және жүздеген әулие-әмбилер кереметімен қоса Әл-Фараби, Абай-Шәкәрімдей даналарымыздан қалған құранның насихат ғылымы да бар! Енді құдайдың құдіретін мазақтаған бауыр, дін қандастарымыз өздерінің мазақ болып тарихта таңбаланып, тұқымы да болашақта жойылып кететіне ескерту берілгенін түсінерде емес. Әрбір істердің нәтижеленетін мерзімі бар деп ескерткен. Құлағымыз естіп, көзіміз көріп жатақан әулиер бастарында болып жатқан мұғжиза,кереметерді есепке алмағанның өзінде жақында болған әлі алдағы одан да зор болатын уақиғалар осы істердің нәтижеленетін кезінің келгенін білдіреді. Осыдан 3-жыл бұрын ата жолының керуендерін заң тарпынан қудалап ту таққан көліктерді жол сақшылыры қудалап ұстап, айып пұл салған бұл жағдай әсіресе Тараз қаласында кең өріс алған еді. Мен де сол шенді сақшылармен кездесіп, айыптарын бетіне басып түсіндірмек болып әдейі ту шешпей керуенмен қанша Тараз қаласымен өтсем де жолығу сәті түспеді. Енді сол сақшылырдың басына келген сынақ өлім осы жағдайға Құдайдың берген жауабы және әскери адамдардың көп қаза болып жарылып, атылып жатқаны үкімет басшыларына әзірше жай ғана ескертудің басы деп түсінгеніңіз абзал. Ал Жаңаөзен қаласындағы жастардың жалпы жындану жағдайы да, алдыңғы жәй ескетуді мазаққа алғанан және біздердің ордаларымызды прокуратура, заң қызметкерлері тарапынан көлемді айып пұл салып қудалау осы төңіректе жақсы жүрген болатын. Енді «қызғаның қызыл итке жем болар» деген уақиғамен жауап түсті. Бұл ескертуге Бауыржан ата басында 1-жарым ай бұрын Маңғыстау обылысының әкіміне сынақ болады деп ескерткен болатын. Мұндай жалпы халыққа сынақ болады деген ойымызға кірмеді де. Тағы да дін істерінің өкілетігіне сынақ түседі деген хабар да келді. Құдайдың кімге қандай азап дайындап қойғанын білу адам ақылынан тыс. Осындай әрбір Құдайға қарсы зұлымдықтың жауабы 3-жыл ішінде үкім болып өзіңе қайтып келетін заңдылығы бар. Енді аруағын сыйлаған елді «ақымақ» санаған қауым, данагөйлер осы істі ұйымдастырға пенделердің 3-жыл ішінде қандай жағдайға түскенін, бақытылығын немесе өмірде бар, жоғын неге тексермеске, халыққа жарияламасқа? Ал бұны ұйымдастырған мүфтият ғалымдары,және ел басқарушы әкім қаралардың тарихққа, шежіре дәптер-құранымызға терең бойлама-ақ Абай-Шәкәрімдей болашақта әлем халқы мойындайтын даналарын мазаққа алғанымен қоймай, Құранды теріске алып, дінді бөлшектеп кәпірге айналғандарында әлемге таныстырып жариялаған кезде жазған кітаптарынан, айтқан сөздерінен, түсірген бейне баяндамаларынан ұрапақтар алдында кім ақтайды? Бүлікшіліктің, жын-шайтанға айналудың негізігі қағидасы масһаб білімі мен діншілеріміз жазған; Ислам Ғалымхалы, Дін мен Діл, Имани гүл т.б теолог ғалымдардың 1001- аяттарды мазаққа алғанын, жан ғылымын, ақирет заңдылығын жоғалтып, халықты жалған тәңірлерге шоқындырушы азғындыққа түскенін философ, психолг, жазушы, ғалымдарға өтірік біздер үшін құран ұстап, аруақтар атымен ант беретін дәлелденетіне аспандағы екі күнің белгісі көрініп, енді екі айдың да көрінетінідей айқын. Құрандағы бұндай жүздеген ғылымда адамзатқа белгісіз ақпаратарды көрсетіп 2006 жылы кітап қылып шығарған, ғалымдарға ұсынап «ақымақ, жынды» аталып енді сол, «Ақиқат бастауы» атты басылымдағы көрсетілген деректер әлемде көріне бастады. Бұл басылымда осы кездегі болып жатқан жағдайларды қазқа еліне келетін қайғы бұлтын алдын –ала ескертіп Ғ. Есім мырзаға өз қолымен ұсынған да едім. Ал әлі көрсетілген адамзатты күтіп тұрған халыққа жариялау түгіл досыңа да айтуға болмайтын аруақтардан ұлықсатын күтіп тұрған мыңдаған әлемді таң қалдыратын шежіре, тарих, ғылыми деректердің өз кезегін күтіп тұрғанын есептесеңіз қазіргі данышпан ел ағаларының жас ұрпақтарының алдында кім болып аталатынын өздері шешер. Шайтан адамдардың құдайға қарсылығын үдетуін соңғы жан-тәсілімін Тараз қаласында өзін-өзі елдің тыныштығын сақтау үшін құрбан еткен бауырларымыздың өлтірілген жеріне гүл қойып, бас киімдерін шешіп, иіс-шеріктерге шоқынып, мұсылман емеспіз, жалған тәңірге шоқынушымыз деп өлгендерді еске алу сәттерін бүкіл елге көрсеткен және әулиені аралап, жынданғандар деп «КТК» арнасының ұйымдастырғын қазаққа рухани қастандығына; «Бораттықтардың» сыбайластары болған мәдениет басшыларының әрекетерінен, халықтың ызасы мен «біртұтас адамдардың» (аруақтардың) лағнетін ғана туындатады. Алас! Алас! Өздеріңмен кетсін үлгілерің дегіміз ғана келеді! Жалпы адам баласында екі түрлі мақсұт болмақ. Бірі тән мақсұты, екіншісі жан мақсұты. Қара басының қамын ойлап, өзімшілдік, мақтан көксейтін – тән мақсұты. Адамшылдық ар мен адал еңбек іздейтін – жан мақсұты. Бастапқыны көксеген адам, зұлымдық қиянатпен болса да, мал, мансап, мақтан табуға құмар болады. Соңғыны көксеген адамның адал еңбек, ақ ниеттен басқаны іздейтіні жоқ, ол адам баласын ала көруді, қиянат қылуды тіптен ұнатпайды. Осыны біле тұра адамның қиянатшыл, мақтанқұмар болатынының себебі; адам жас күнінде тәжірибесіз балалық пен сәкәкүл сәнді киімге, кеңесшіл кердеңдікке қызығып, соған біржолата құмар болады. Бір адам сайтанға махаббат көзімен қарап әдеттенсе, аздан соң сайтанды біржолата періште деп біліп, жанына өлшеген асық жар қылып алады да, Жүсіптей нұрлы сұлудан қара қоңыз бен жыланнан жиренгендей жиренетін болып, өз қылығын өзі сынай алмай қалады. Бір адам асық болып сағына күткен асық жары кіріп келсе, жанып тұрған шамды өшіріп тастапты. Сонда асық жары; «Мен келгенде шамды неге өшірдіңіз»,- десе; «Сенің нұрыңды көргенде, күн шығып қалған екен деп өшірдім. Күн барда шамның керегі не?»- депті. Нәпсінің үстемдігі қашанда биік тұрады. Көзбен, сөз ләзатынан айрылсаң қараңғылықта ғана тоят алуға құмарлықты қоздырып әдеткеде айналдырар. Зұлымдық – қиянат қылып әдеттенгендердің қоя алмайтыны да, адамшылық арды бұзбауға құмарланғандардың адал еңбек, ақ ниеттің жолында құрбан болатындары да әдет алып, шын құмар болып кеткендіктен болады. Адамның бәрі әуелі бала болып, ақылы жәй толатын болғандықтан, сәнқойлық, көрсеқызар, мақтан құмарлықты бірінен – бірі көріп тәлім алады. Өзін - өзі тексеріп, ол әдетті қалдырып, таза ақылға билету әлденеше мыңнан тек біреудің ғана қолынан келеді. (Хазіреті Шәкәрім сопы) Көгілдір тереземен, баспасөз және дін істерінде шашын жайып, к..тін ашып, немесе оранып алып дін деген намаз оқу деп басынан жамандық келсе өзгеден көріп құдайға ашықтай қарсы шықан қыз, қатындарымызға; «Атадан қалған мақал бар, Жынан жаман долы бар, Неше тарау жолы бар. Жылауық мылжың кейбірі, Кездескеннің соры бар. Сөйлемесе, құрты қозады, Үндемесе, тозады, Саңқылдақ, кәззап ұры бар. «Қой» деп айтса, құтырып, Үйден үйге қыдырып, Мазасыз көкбет пері бар. Бейшара көніп, бетпақ жеңіп, Лажсыз тұрған бірі бар. Маза бермес ауылға Жаумен бірдей қылады. Бірге туған бауырға Қиқу кетпес көршіңмен, Сауысқанша шоқиды. Маза бермес сауырға, Өгейді көрсе өрлейді, Пәле жауып сермейді. Ар-ұятпен араз болып, Алты ұлына мас болып, Көрінгенмен қас болып, Әкеме ерік бермейді.» (арғын, Жидебай батыр.)
Сеніміздің серігі- иманың жартысы-Діл!
Пайғамбарымыздан: «Алла Тағала әлдекімге дұрыс әйел нәсіп етсе, расында оған діннің жартысындай көмек еткен болады. Қалған жартысында Алладан қорықсын, өзін қорғасын. (9-өсиет) «Дүние бір пайдаланатын нәрсе, оның ең жақсысы әйел» (7-ші өсиет) «Дүние барлықпен болады, одан ең қайырлы барлығы, еріне ақиретке байланысты көмек еткен қатын. Әйелі болмаған ер міскіннің міскіні, сондай-ақ ері болмаған әйел де сорлының сорлысы.» (4-өсиет) «4-қасиет бар, бұлар кімге берілген болса, оған дүние, ақиреттің жақсылығы берілген болады: Шүкірлік еткен жүрек, зікір еткен тіл, пәлеге сабыр еткен тұлға және еріне, малына (әурет, тәніне) қиянат етпеген қатын». (11-өсиет) «Қатын көрінуге болмайтын ұятты нәрсе, сондықтан тысқа шықанда шайтан оның соңына түседі». (3-өсиет) «Ұятпен иман бір жерде. Біреуі кетсе екіншісі де кетеді. Еш күмәнсіз, ұлы Алла Тағала қандай да бір пендесін жоюды қаласа, одан ұятты тартып алады. Ұяты алынған соң, ол пенде тек қана ашуға ұшыраған адам болады. Ал ашуға ұшыраған соң, одан сенімділік сипаты-аманат алынады. Аманат алынған соң, ол тек қана қиянатшыл болады. Қиянатшы болған соң, одан рахым-мейрімділік алынады. Мейрімділік алынған соң, оған тек қана лағнет, қарғыс айтылатын болады, яғни малғұндық халге түседі. Лағнетке ұшырап, малғұн болған соң, оның исламен болған байланысы толығымен үзілетін болады.» ((ибн Мәжәдан) Абай атамыз: «Үш төрт жылғы әдетін, өмір бойғы жендетің» - деп сенімнің қалыптасуын бала кезден қадағалауды ескертсе керек. Сенімнің негізгі жауы, жыныстық қуатың жоғалуына соқтыратын қалыптасқан әдетіміз, қызымызға жасынан шалбар кигізіп, сенде еркексің, ұлмен теңсің деп, жамбас сүйегі дамымай, ордаң-ордаң жүрісімен, ер балаға бүкіл болмысымен ұқсайды да, түбінде «Нені іздесең соның күйігіне ұшырайсың» деген аталарымыз. Яғни ол күйеуге шыққан соң я өздігімен бала туа алмай, туса да дауна, бастың қысымы, жетілмеу қалу сияқты жиендерді өмірге келтіре бастайды да, ал дені сау болса ана нәрінен ашыған сүттен бас тартып, «жетім қозы маңырарда отығар» кейіпке түсер. Ана сүтінен нәр алып иімеген ұрпақта қатігездік пен бейтараптық дәні өссе, сонан кейін «Не жаздым?» деген сұрақтар туа бастайды. Не болмаса қызыңыздың дене мүшелеріне еркектік бездер шыға бастайды. Қазіргі таңда жылына 4000-нан аса қазақ әйелдері аналық құқығы төсінен айрылып алдырып тастап жатыр. Сондықтан менің жан ұямды Құдай сақтасын!- деп тілеңіз. Шіркін қыз баланы ата-бабамыздың салт дәстүрімен қызылды-жасылды күйіндіріп көз, тіл сұқтан сақта деп жылтырақтарды тағып «Қызға қырық үйден тыйым» - деп Ібілістің арбауынан сақтап өсіргенге не жетсін! Қыз - өріс. Өрісіміз тарылмасын деп тілейік ағайын. «Осы күнде менің көрген кісілерім ұялмақ түгіл қызармайды да. «Ол істен мен ұятты болдым дедім ғой, енді нең бар?» - дейді. Я болмаса «Жә, жә оған мен-ақ ұятты болайын, сен өзің де сүйтпеп пе едің» - дейді. Немесе пәленше де, түгенше де тірі жүр ғой, пәлен қылған, түген қылған, менікі оның қасында несі сөз, пәлендей, түгендей мәнісі бар емес пе еді? – деп ұялтамын десең, жап-жай отырып дауын сабап отырады. Осыны ұялған кісі дейміз бе, ұялмаған кісі дейміз бе? Ұялған десек, хадис анау, жақсылардан қалған сөз анау. Осындай адамның иманы бар дейміз бе, жоқ дейміз бе?!» (36-шы сөз.) «Егер өзіңді қадір тұтқан еркек бірте-бірте саған деген ықыласын суытса, кінәнің ең үлкені өзіңде екенің ұмытпа»- деп «Шомылған аққу көлде аққудай боп, Сөзі бар алуан шекер балдан тәтті. Көзімнің жанарындай сәулем едің, Жалғанда ғашығымсың жаным сүйген, Айқабақ, алтын кірпік қызыл ерін. Қиылған қара қасты сүмбіл шашты.» Сүмбіл шашты екі көзі ботаның көзіндей мөлдіреген қыз бейнесі, қай жігіттің болсын көз алдында өшпес суреттей елес беріп жүрек түпкірінде ұзақ сақталатыны сөзсіз. Анаға сүйген жарға деген құрмет, қарындасқа деген қастерлеу сезім, қыз балаға деген ілтипат, сүйіспеншілік осындай адал сезімдерден нәр алады. Имандылық жүрегіне ұялайды. Айналанды адал көзбен зерделей бастайсың. Басқан ізі білінбейтін балдан тәтті, сөзі бар инабатты періште көз алдыңа елестейді. Ондай тәрбие көрген қазақ қызы, ешуақытта да одыраңдап, салдыр салақ, соғып кететіндей жүруі мүмкін емес. «Ойлы әлемнің әйелдерсіз күні бар ма көктеген, әйтсе де мен әйелге ұқсас еркектерді жек көремін! Еркектерге еліктеген әйелдің аз табары, әр жыныс өз мінезін сақтаумен бағалы.» «Нағыз бақыт тұяғымен тұлпардың. Қиялымен сұңқардың, Өлшенетін мына ұшқар заманда Бірте-бірте құнсызданар бағанда. Мен білемін, шын еркектің алдында, Күн туады қызаратын саған да.» (М. Шаханов.) Әрине рухани сұлулық жинаған әйелді нағыз еркек елеусіз қалдырмайтыны сөзсіз. «Жаңа жер, жаңа елге әнмен келдім, Иіліп тізе бүгіп сәлем бердім»- деген сөздерді көңіліне тоқып өскен ұл-қыздарымыздың барған жеріне тек қана қуаныш, бақыт, тіл жеткізе алмайтын нұр шуақ сыйлайтыны сөзсіз. Бұл біздің ұлттық қадір қасиетімізді қайта қалпына келтіретін, оны байыта түсетін, киелі ұлттық тәрбиеміз. Ұл-қыздарымыз, көргенді сырт көз жүзіне қарағанда көз сүйінетіндей, өздерін іштей «Байыптымын ба?» - деп ойласа, назар салып тыңдағанда, «Дұрыс естідім бе?» - деп бағамды болса, «Өңім мейірбан ба, қимылым ізетті ме, сөзім риясыз ба, ісім орынды ма» - деп топшылайтын болса біз де бақыттымыз. Ұлтымыз да бақытты. Төл тума даралығын сақтай білген халық бақытты халық, ізгілікті болайық. «Жасанды кішіпейілділік жақсы қасиет емес». Сондықтан да Мұхаммед пайғамбарымыз: «Әр нәрсе адамның сөзіне, ісіне байланысты емес ниетіне байланысты» - дейді. «Ей, адамдар тегінде ата баласына сүйеу бола алмайтын, баласы да атасына көмектесе алмайтын күн болатынынан сақтаныңыздар» - деген. Сондықтан бала тәрбиесін бесіктен бастау керек. Құрсаққа біткен қылық қара жерге бірге кіреді, сүтпен біткен ізгі қасиет өлгенше өзгермейді. «Не ексең соны орасың» - деген. «Әкеге ұл, шешеге қарай қыз өсер»,- деген. Ұл-қыздан да жаман мінез шығады. Қырсыз мінез тек әкеден жұғады. «Кімнің ұлы қызы болса тым аяр, соның өзі зар жылар да мұңаяр» - деген тегін емес. Ата-анадан өсіп ұрпақ жаралған жақсы жаман болса бала солардан. Шындығында солқылдап өскен жас шыбықтай әлі сана-сезімі қалыптаспаған айналасына, көз тоқтатып қарай бастағаннан-ақ ата-анасының тәрбиесін көріп өседі емес пе? Сондықтан қатаң ұста, бос жүрмесін сандалып,болса тәртіп сонда өсер сомдалып. Ал бала ұяда не көрсе өле-өлгенше соны қиядан танитын болады дейді. Сонау ерте ғасырдың өзінде бала тәрбиесіне ой толғаған Жүсіп Баласағұн атамыз «Жас кезінде білім берсең қалайда, өсе келе қолы жетер талайға, балаларға білім өнер берілсін, сұлу мінез әр өнермен өрілсін»- деген жыр жолдарын қалдырған. Атам қазақ: «Еккенің тікен болса, орғаның балауса болмас, көргенің білгенін айтпаса аға кінәлі, баланың балалығын тыйдым дегенше, ер жеткендегі даналығын тыйдым деңіз. Тіліңнен жақсылықтан басқаны айтпа, қолыңды жақсылықтан басқаға жұмсама, адамды сыйлауына қарай оның имандылығы көрінеді»- дейді тағы да. Ал Құранда; «Бізді біреу туралы жаман ойлаудан, өзгенің бойынан кемшілік іздеуден сақтандырады.» «Қыз ақылды ескермес, ана үлгісін көрмесе, ұл жарылқай ас бермес әке үлгісін көрмесе». Өткен дәуірде өмір сүрген орыстың ойшыл ғалымы Циолковский айналаға қарай терең күрсініп; «Адамдар табиғатқа шабуыл жасап болды, ендігі шабуылды адам баласы табиғаттан күтеді »- деген екен. Төңірегіңізге ойлы көзбен қараңызшы сол сөз расқа айналып келе жатқан сияқты. «Қайда барсаң да Қорқыттың көрі» – деген сияқты күні кеше ғана қуат алып шуағынан, суынан туған жердің теңізінде жуынған боз даланың боздақтары бүгіндері екі иіннен су кетіп тірлік істеуде. Қысты күні аппақ қырау құрсанып, жазды күні жаңбырдан соң бусанып жататын, маң даланың бетегейі, белдерінде жайқалған ақ селеулі жусанның жұпар иісі де қалмай барады. Сонау Әлімсақтан қазақ, болғалы Ер тарғындар мен Ер төстікке жүкті болып анамыз, туған жерде айтылса да көп аңыз, түмен-түмен тұяқтардан кейін де, қызғалдаққа толмай ма еді даламыз. Сол байтақ даланың, толған айдай көркі мен шырайы жыл сайын орталанып бара жатырса, осының бәріне кінәлі адам баласының, мына сіз бен біздің рухани азып, тозып бара жатқандығымыз бен табиғатпен санаспайтын құлқын құмарлықпен имандылықтан айрылуымыз болып отырған жоқ па? Бәріміздің татып отырған азын-аулақ дәмімізбен, пешенемізге жазылған мына жарық әлемнің, бір күндік қызығы туған жердің тоқымдай ғана бір пұшпағынан бұйырсын дейік. Мөлт-мөлт еткен бұлағын көзінде мөлдіреген тұнық сыр жатқан, туған топырағымыздың тылсым үніне, құлақ түре білейік. Сай саладан сылдырай ағып сылқылдай күліп, сыңғырлай тұнып жататын бұлақтар мен жылғалардан, арнасы кеңіп, арқырай ағатын өзендерде, ұрпақтан-ұрпаққа өркен жаяр өмір тәрізді емес пе? «Жақсылықтын алдында бас иетін, Бабалардың не істейміз өсиетін. Жер жоғалтса не болмақ перзенттерін Ер жоғалтса не болмақ қасиетін? Кінәліміз, жасымыз, кәріміз де Зауал болар табиғат зары бізге. Әжеміз де кетеді «әйел» десек, Адам – десе кетеміз бәріміз де Қырдан безбе, бауырым нұрдан безбе, Жылататын жайттар бар жырдан өзге. Жаһан жайын жабылып қорғау керек! Жердің өзі жоғалмай тұрған кезде.» Бір кереметі дана адамдардың көпшілігінің аналары тамаша адамдар болған. Алып та батырда анадан туатынын, шаңырақты еркектер көтеріп бергенмен, үйді әйелдер тігетінін естен шығармайық. Жасында шапалақты көп жегеннің өскенде өкініші аз болар. Әкеге; «Бұл менің ұлым»-деп мақтануға оңай болғанымен, баласына; «Бұл менің әкем» -деп алжыған адасқан әкені айту қиынның қиыны екенін әрбір әке ескерген жөн.Бұл шағын ғана мысалдардан нені ұғындыңыз? Әр халықтың дінінің ірге тасы иманның жартысы дегеніміз осы-Діл қағидысы! Әдет-ғұрпымыз!
Дін мен Діл өлшемі. Дін ғалымдары дін туралы сөз қозғағанда діл ұғымын жиі пайдаланып бірақ оның қандай шамамен өлшенетінін өздері де білмейді. Сондықтан діл-ұғымын халық намаз оқу, сәзде жасау деп түсіну қалыптасып үлгірді. Дін негізінен еркектерден ғана елшілер тағайындалып үкімдерін қорғап сақтауды бұйырылған болса әйелдерге түсірілген міндетеген парыздар мен үкімдер және соған байланысты әр халықтың ішкі әдет-ғұрыптары болып қалыптасқан дүние тіршілігінен байланысты ұстанымдар діл болып есептеледі. Енді дінінң өлшемін білімі де ал ділді қалай өлшейміз? Энштейін ғұлама студент кезінде оқытушы професорға сұрақ қойып; «Професор осы суық дегеніміз бар нәрсе ма?» деп сұрайды. Професор болса «Бұл не қылған сұрақ? Әрине бар. Сен өмірі тоңып көрмеген адамсың ба?» деп отырғандарды ду күлдіреді. Энштейн: «Негізі сэр, суық дегеніміз жоқ нәрсе. Физика заңдылығына сүйенсек, біздің суық дегеніміз жылудың жоқтығын білдіреді.» Сөзін әрі қарай сабақтаған ол: «Професор қараңғылық бар нәрсе ма?» деп сұрайды Професор: «Әрине бар» деп жауап береді. «Сіздікі дұрыс емес» дейді тағы да. «Қараңғылық дегеніміз жарықтың жоқтығы. Біз қараңғылықты емес, жарықты зертейміз. Ньютонның призмасын пайдалану арқылы ақ жарықты әртүрлі түске бөліп, әрбір түстің толқынының ұзындығын анықтаймыз. Ал қараңғылықты сіз өлшей алмайсыз. Сіз кез келген кеңістіктің қаншалықты қараңғы екенін қалай білісіз? Солай емес пе? Қараңғылық деген түсінікті адам жарықтың жоқтығын білдіру үшін қолданады.» Тағы да жас студент: «Сэр, зұлымдық бар ма?» Професор: «Бағана айтым ғой. Біз оны күнде көреміз. Адамдардың қатігездігі, қылмыстың көптігі мен әлемдегі зорлық-зомбылықтың барлығы осы зұлымдықтың көрнісі болып табылады» дейді. Ал Энштейн болса: «Сэр, зұлымдық жоқ. Зұлымдық дегеніміз Құдайсыздықтан туатын құбылыс. Ол, да қараңғылықтан туатын құбылыс. Ол, да қараңғылық пен суық сияқты Құдайдың жоқтығын көрсету үшін адамдардың ойлап тапқан сөзі» деп жауап қайтарады. Енді біздердің ақылымызға сай өлшем бойынша жаратылыс негізінен сөзден басталса онда баста дін болған жоқ. Сол сияқты Адам тамызды да топырақтан бастап жатаратса баста Адам ұғымы да болған жоқ. Олай болса Адам атамызды жоқтан бар қылғанан кейін біз адамдық шаманы немен өлшейміз? Ал Адам атамыз бар болғанан кейін одан Хау анамызды жаратты. Олай болса Хау анамыз баста бар болатын да ол адамның бір мүшесі яғни адамдық қасиеті еді. Енді дінді пайдалану арқылы оның нәтижесі діл пайда болды. Демек адам баласының ақылына сай бармен ғана салыстырып жоқтың немесе шексіздіктен алған үлесімізді өлшейміз. Онда дін еркектердің дін ұстанымы намаз оқуы, құлшылық амалдары арқылы өлшеніп нәтижеленбейді. Әйелдердің парасатымен, тазалығымен ар-ұятымен яғни бармен өлшенеді. Сол сияқты мемлекетіміздің діні, мәдениеті де шаруашылығының дамуымен немесе ел басшыларының айтатын «светский» (жарық) зұлымдықсыз елміз немесе «зайрылы» (қасиетті) мемлектпіз дегендері серік қосу болып табылады яғни Құдайсыздықты жасыру үшін ойдан шығарылған ұғым. Құранның негізгі ұғымдарын, философиялық үгіті мен сөз насихатын бұрмалаушыларды пайғамбарымыз: «...Сендерден ең сүймегендерім, қиямет күнімде мәжілісімнен аулақта болғандарың (сөзді, құранды, хадисті меңгермегендер). Тәкапарлық, менменсіген түрде ауыздарымен бұрмалап, мақтан үшін сөздерді бөлген