«Құдай тағаланың барлығының үлкен дәлелі-неше мың жылдан бері әркім әр түрлі қылып сөйлесе де, бәрі де бір үлкен құдай бар деп келгендігі, уа һәм неше мың түрлі діннің бәрі де әділет пен махаббат құдайға лайықты деп келгендігі. Біз жаратушы емес, жаратқан көлеңкесіне (ғайып ерен қырық шілтен) қарай білетұғын пендеміз. Сол махаббат пен әділетке (көлеңкесіне) қарап ұқсауға тырысып, сол алланың хикметін (ғайып ерен қырық шілтенін) біреуден біреу анығырақ сезбекпен ерекшеленеміз. Иландым, сендім (иман келтірдім) дегеніміз-иландырымын, сендіремін деген емес. Адамшылықтың алды-махаббат, әділеттілік, сезім. Бұлардың керек емес жері жоқ, кіріспейтін жері де жоқ. Ол жаратқан тәңірінің ісі. Айғыр биеге ие болмақта да махаббат пен сезім бар. Бұл әділет, махаббат пен сезім кімде көбірек болса, ол кісі-ғалым, сол-дана. Біз жанымыздан ғылым шығара алмаймыз, жаралып, жасалып қойған нәрселерді сезбекпіз, көзбен көріп, ақылмен біліп (өлшеп аламыз).» Қазіргі таңдағы қазақ халқының егеменді ел аталып шаруашылығымызды дамытып, ән салғанымызды «жұлдыз», дүние тапқыштарымызды әкім, білімді көп алғанды ғалым, намазды көп оқығанымызды «намазхан», сөзді көп білетіндерімізді философ, хазірет атап төрге шығаратымыз осы махаббатымызбен, сезіміздің жетіліп жатқанынан деп біліңіз. Бірақ бұндай жағдай айғырлықтың ғана шамасындай екен. Оған себеп елдегі рухани мешеуліктен бір бірімізге қол жұмсап, қудалап, соттасып қырқымызды қоса алмай қырық пышақ болып жатқанымыз әділет атты- кісілігімізді ата заңымызды, салт-дәстүрімізді таба алмай жатқан халықпыз. Олай болса жоғарыдағы мысалдан көрінген жынды суды ішкен ұйқысы шала, түс көріп, жаратқанның көлеңкесін сезіп біліп, ұқсай алмай, мастығымыздан айыға алмай жатқан жағдайымыз бар. Бұндай жағдайда шарап беріп, басын жазатын ілімімізді көрсететін дініміз бар емес пе деген сауал қойуыңыз даусыз. Дінімізде муфтиятық дінші алымдарымызда, ел басшыларында, философ ойшыл саясаткерлерімізде шығарып жатқан заңдарында әділеттілік бар ма? Қателіктеріміз жоқ па? Құдайдың берген нығметі; үш жемісін жеке-жеке болмаса толық жеген ағайындарымыз жеткілікті арамызда. Бірақ оның шамасын, артық кемін анықтап тұратын ынсабымыз, ұжданымыздың нәтижесі есіміз-кісілігіміз толық па? Келіңіз оқырман осы сұрақтардың жауабын бірге іздеп қаншалықты білімді сауатымызды құдай үкімдерімен, ата-бабаларымыздың аманаты, ақыл сөздерімен салыстырып өлшеп көрейік.
Жастық-мастық-жындылықтың жалпы ұғымдары.
Қазіргі таңда жын-шайтан ұғымы ешкімге таңсық емес. Бұл ұғымдарды көбіне дін адамдары бірі-бірінен үстемдігін ақылды, естілігін дәлелдеу үшін пайдаланыды. Ал шындығында жын және шайтан туралы ғылымын меңгеріп және бүкіл жан ғылымыз да, бабалар аманаты да осы адамзатқа теріс ықпалға түсіретін әсерлермен, қуаттармен күресіге, тәрбилеуге бағыталып және бұл салада әлемде тең келетін елдің жоқ екенін біле де білмейміз. Адам баласына жын да шайтанда жаратылыстан бірге жаратылып, онсыз тіршіліктің болуы мүмкін емес екенін және ол туралы медтина, және психология ғылымдары біздердің жоғары дәрежелі дінші хазірет, поптарымыздан әлде қайда дамып кетіп, тек сол алған білімге қойылған аттармен, атаулардан шатысып, оны түсіндірітін философ ағайындарымыздың білімі құр жорамалдардың яғни өздері зертеген жын, шайтандардың қақапанына түсіп, елді солай қара түнекке құлдыққа түсуге ықпалын, жәрдемін ғана тигізетін білімділігіміз қалыптасқан. Жындар мен шайтандар туралы сыртқы жаратылыс егелері туралы аз ғана ақпараттар діншілердің қолында, ал ішкі адам ағзасы мен жаратылыс себептерінде, хайуанаттар мен табиғат әлемінде болатын қуаттық бейнелері ғалымдардың қолында. Ал екі аралықта тағы арнаулы жаратушыдан таза ақылмен басқарылатын күштердің де бар екенін және адам тағдыры осы айтылған үш түрлі себептердің бастарын қосу арқылы ғана 4-ші жаратушы әсерін Алланың құдірет қолының себебін анықтай алатынымызға сенбек түгіл, барымыздың өзін қудалап, сотап соған қарсы шет жұртықтардың сойыл соғумен өзімізде бүкіл халқымызбен жынданып, мастыққа түскен тек арамыздлағы екі жағына да қосылмай, шаруасын жүргізіп, білімін жетілдіріп, қаламын ұштап, естілігін сақтаған ел қамын ойлаған табанды аз ғана туысқан ағайндарымыз арқасында ғана Алланың шапағатының әсерін көріп жетіліп, жетісіп жатырмыз деп мақтана аламыз. Ал қалғандарымыз қалай жындандық, себебі неде? Жын-деп адам баласының 100-бұлшық етерін қозғалтып, жүргізіп, тұрғызып, білгізіп, күлдіріп, жылатып, ғашықтық сезімдерге бөліп сүйгізіп, керісінше жек көргізіп, бір-біріміәзбен жауластырып, араздастырып, мақтанға, тәкәпарлыққа да салатын түрлі әрекетерді онсыз істей де алмайтын қуатымыз, күшіміз, мінез қылығымыз. Ақылға билеткен адам, біліміне сүйенген таза жынды, ал ақылға бес сезімге, түрлі әсерлерге, қызықтардың соңына түскен пенде баласы жынданған немесе мас деп ескертеді. Бұл ұғым естілік деген шамамен жасына, ұлтына, жынысына қарай салыстырмалы өлшемі болады. Мысалы жастық шақ үлкен есті кісінің ақылымен салыстырғанда жындылық, мастық болғанмен жастардың өз ара қоғам дамуымен, заман талабыменн салыстырғанда қалыпты жағдай. Егер жасы 40-қа келіп 25-жастағы жігітің қылықтарын істеген пенде жынданған, немес мас деп атауға болады. Негізінен адам баласының жындылығын, немесе ақылдылығын тек сөзі мен іс қимылдары арқылы ғана естіліктің шамасымен салыстыра отыра бағаланады. Үлкен дәрежелі ғалым, хазірет, философ, ел басқарушысы да сөзі ақиқат өлшемімін сәйкес келмесе жынды яғни толық есті емес деп айтуға болады. Ал жынданған десек, онда күпірлік сөз болып күнә жасаймыз. Жынданған пенде ақыл-есінен ажырап, хайуан сияқты тек ішіп-жем, дүние қызықтың соңына түскен өз ұлтына, жынысына тән құндылық, адамгершілік, ізгіліктерінен аз, көп жоғалтқандарды атауға болады. Ал ең төменгі сатыларына мүлде ақыл есін жоғалтқандарды, науқасқа ұшырағандарды атайды. Оны ғылымда «шизофрения» деп атайды. Бұл ұғымдар психология ғылымында жеткілікті мағлұмат бар, тек рухани жағымен қалай өлшеуді, кіммен қалай салыстыруды және қандай себеп әсерлердің бар екенін яғни діни көмес бар мағлұматтар тыс қалған. Сондықтан олар дінді тек рәсім деп мойындаса, ал діншілеріміз психологияны дінге жатқызбай, жалпы жан білімнен жұрдай болып және өз баласынан қашқан көкектерге ұқсайды. Ал енді діннің тұтастығын білім, ғылымын, жан сырын торлық қамтыған мағлұматтарды қайдан оқып, қайдан іздейміз деген есі дұрыс пенденің көңілін мазалауы сөзсіз. Оған алысқа бармай-ақ Абай-Шәкәрім және Ясауи бабамызға дейінгі тарихи кезеңдегі аталарымыздың еңбектерін, аманаттарын зерделесек жеткілікті. Жындану, мастық ұғымы адам қылықтарының хайуандық әрекеттермен, надандық, зұлымдық істердің көрнісімен жын-шайтан, шайтан адам бейнелерін айтамыз. Ал жынды толық естілікпен арлықтың ортасын қамтитын, білімді, ақылды өнер, күш қуаттарын меңгеру, жетілдіру жолындағы адам баласына тән әрекетерді айтамыз. Ал құпия ғылымды меңгеріп, 40-тан асып ақылы толып, кемелдікке жетіп, ақ пен қараны толық ажыратқан адам баласын ғана жынын естілікке, сабырлық қуаттармен жетілдіріп, жүрекпен толық басқарылуға яғни нәпсі, ерік қуаттарын меңгерген Аланың тура жолға түсірген жан, рух кітабын оқи білетін ғылым берілгендер қатарына саналады. Сондықтан ғалымдықтың, өнердің, ақындықтың, шығармашылықтың есті, есерлігі болып екіге бөлінеді. Білімді ақылды, өнерлі, ел басқаратын адамдардың бәрі дерлік есті бола алмайды. Тек таза ақылдан хабар алған түс көріп, аян-кітабы болып, сол арқылы әрекет еткендер ғана есті, парасатты, зайырлы аталмақ. «Ғылымсыз адам-айуан, Не қылсаң да ғылым біл, Ғылымға да керек жан, Ақылсыз болса, ғылым тұл. Ақылға еркі ой керек, Матаудан ойды азат қыл. Өртесін кеңіт жылма жыл.» Шәкәрім атамыз ғылым рухпен беріліп, ақыл-білім жанның үлесіне тиіп, бірақ сол екі меннің мекені тәніңді, денеңді яғни жеріңдегі нәпсі шайтаныңды өртеп, жеріңді кеңітіп отыруға діннің рәсімін де толық орында деп ескертеді. Адамзаттың әйел, еркек жындылығы екі түрлі кәсіптік, қылықтық, қуаттық бағыты болып ерекшеленеді. Әйел жыны еркекке қарағанда ұзын толқынды денесін толық қамтитын дұрыс ұлтық, салттық тәрбие ақыл нәтижесінде бой болып, баспен аяқты толық жауып тұру шарт. Ал еректің басымен мойын арасы 40-қа дейін арасында бөгет және балтырмен аяқ арасында тағы бөлініп тұрады. Еркек табанында балтырға дейінгі аралықта бүкіл күнәсі жаман иісі болып, оның толық тазарудан өткенінше арасындағы бөгеттің алынбайтын да себебі бар. Бұл жағдайды пайғамбарымыздың; менің үмметтерімнің балтырмен шектелген жолақ шалбары бар деген астарлы сөзін тура мағынасында қабылдаған арап дін ғұламалары шалбарын балтырдан төмен жалаңаштап қойып, оған қазақ ағайындарымыздық надандарының да соны қайталап намаз оқығанда аяқтарын балтырға дейін жалаңаштап жүрген, дәлесіз надандықтарына не деуге болады? Аталарымыз еркек бойын бойдақ, шалбарлы жын қуаты толық өсіп жетілмеген деп, керісінше қыз баланы «бойжеткен» атауының өзі жан сырынан көптеген мағлұмат береді. Шәкәрім атамыз ондай бір езу надандарға; «Дұрыс емес құр ойлан, Ақылға сынат, сабыр қыл. Жығылмайтын дәлел тап, Бір езу болма өзімшіл. Мініңді тапса кім сынап, Аяғына бар жығыл. Қап бәлем деп кекті ұнап, Сақтай көрме ойға зіл.» Бұл қарапайым ғана естіліктің алғы шартары. Ал енді бұл шартарды ұстамай бәрін мен білем деп «білдіманға»айналып менің соңымнан ерсең тура жолға түсіремін, немесе барлық дүниені алдыңа үйіп қойып жатып жейсіңдеген қазіргі таңдағы қазақтың «зайырлығын»;
Жын-шайтанға айналу немесе шайтанның жамағаттары.
«Шайтандар кімге түседі, сендерге хабар берейін бе? (221)Олар әрбір өтірікші күнәкарға түседі. (222) Олар шайтандарға құлақ салады. Олардың көбі өтірікші (223) Ақындарға азғындар ереді. (26-224) «Оларға сыбайластар қостық. Сонда оларға алды-артындағы нәрселерді (жыныс мүшелерін, жыныстық ләзаттарды) әдемі көрсетті. Сондықтан бұлардан бұрын өткен, жын адам баласының болған өзге елдерге берілген азап әмірі бұлардың басынан да келді. Өйткені олар зиянға ұшыраушылар еді.» (41-25) Егемедік пен қоса өзге елдердің әйел, ерек теңдігі деген ауруларын әдетерін шайтандық істерін қоса алған әуелі өнер, ел басқарға тілші, жазушы , ақындарымыздың, саясатшы, партияшыларымыздың сөз түсіну қабілеті жоғалып, жынданудан енді әйелдерімізді, ұл-қыздарымыздың тәрбиесін және бүкіл халықтық рухымызды, отанымызды өзге елдің жалған тәңірлеріне табыну қылықтарына дереу айырбастап алдық та, қызыл жеміске деген сағынышымыз басылмай, әлемнің бар қызылды жинап алып еркін оттап, семіргенше жеп, енді кімнің сау, кімнің жынды екенін айыратын аталар аманатын, сөз астарын түсінетін қабілетіміз мүлде жоғалып, жын-шайтандар еліне толық айналып алдық. Бұл қызыл жемістің әйелмен арадағы нәпсіге, шексіз жыныс құмарлықты да, тудыратынын және әйел затының «жауын» суының өзгеруімен бүкіл халық жындана бастайтынын Абай атамыз дәл сипатап кетіпті; «Қызылды жесем, мені әйел сүйер, Арамдықта жүрмесем, не жан күйер? Ұрғашы да көп жан ғой, досым болса, Деп едім бір пайдасы маған тиер Болған соң уәделі күн жауын жауды, Судан ішкен жынды боп, ақылы ауды. Күні-түрі шуласып, таласады, Ұмытты тамақ жеу мен және ұйқтауды...Бәрі де есі шығып, жынды болған, Бос шулап жүр кіші іні, үлкен аға..» Бұндай жағдайда ақыл беретін ел ағаларының да жағдайын; «..Көшеде шулап және жылаған көп: -Хан мен уәзір ақылдан айрылыпты, Өлтірейік екеуін, жынды екен,-деп. Өлтіргелі ордаға қайта жүрді, Бұлардың сөзін естіп, хан да көрді: -Бұрынғыдан мұнысы қиын болды, Ойбай, уәзір, ақыл тап, қайттік?-деді. –Құтылар хал болмады мына дудан, Біз де ішпесек болмайды жынды судан. Өлтірер өңкей жынды бізді келіп, Жынды деп есі дұрыс бізді қуған. Екеуі жынды судан ішіп салды, Құтырып көп алдына жетіп барды. Өңкей жынды, байқамай айтыппыз деп, Құлдық ұрып, бұларға көп жалбарынды..» Бұл жағдайдың еркіндіктің улы суын көптеген жылдар ішкен арап елдері жынды болуға көнбеген хандарын өлтіріп, енді әрі қарай не істерін білмей жатыр. Құдайға шүкір біздің ел басымыздың көп жындылырымыздан қулығы асып, бақсылық қасиеті болғандықтан; бірін дүние байлықпен алдап, бірін әдейі қорқытып, әйтеуір әзірге алға қарай табандап болса да жылжып келеміз. Бірақ бір адам елімізге келген осындай мастықтың салдарын емдей де түзете алмайтыны сөзсіз. Заңмен түзеймін деген керісінше жындылардың ыза-өкпесімен, өшпенділікті және шайтандардың қарсылығын ғана арттырады. Және аятта; «Ол күні, әр емізушінің (бала туған әйелдердің) емізгенін ұмытқанын және әрбір буаз жәндіктің (жүктілердің) іш тастағанын (аборт, баланы өлі, кеміс туу) көресің. Адамдарды мас түрде (сөз ұқпайтын, миғұла) көресің. Негізінде олар мас емес (арақ ішпеген). Бірақ Алланың азабы (сынағы) қатты.» (2) Бұндай жағдайға басты себеп; «Адамдардың кейі, Алла жайында білмей таласады да қасарысқан шайтанға ілеседі. (3) Негізінде кім шайтанды дос көрсе; ол, оны адастырып, тозақ отына бастайды деп жазылған.» (22-4) Міне бұл қазақ елінің сыртан келген шайтан адамдарға ілескен ел басқарушы әкімдердің, сөз танушы ғалымдармен, ақын, тілші, өнершілеріміздің халықты аздырған жетістігі деп біліңіз. Бұндай жағдай көптің емес елбасына, таққа, шенге таласқан тобырдан пайда болатынын Шәкәрім атамыз; «Мисыз мына көп жынды Осы биін билесе. Залым жеңіп момынды Басылған нанадай илесе. Партия болып таласып, Бірін-бірі шүйлесе, Боқ жеген аузын жаласып, Ұлықан иттей күйлесе.» Боқ жеген аузымыз –жаратқанның түсірген көркем сөзін өз орнына пайдаланбай, елдің есін теріске бұратын ақылды сөздерімізді ескертеді. Ондай сөздерді алысқа бармай-ақ философия, психология оқулықтары мен күнделікті басылымдарда, көгілдір терезеден білгіштеріміздің айтып жатқан сөздері дәлел бола алады. Дінен толық хабары түгіл, шариғатын ғана білген адам баласына ауылды бөлек, рухты бөлек, табиғатты бөлек, мүгедектерді немесе басқалай езілген, әлсіз топтарды қорғау үшін солардың мүдесін ойлайтын партия құру дегенің өзі жынданғандық болып саналады. Есті адамда отан деген ұғым болып осы ұғымға ең майда жәндіктер құмырсқадан бастап бүкіл жер шарындағы жаратылыс ақылды, ақылдсыз мақұлықтармен, барлық адамзаттың хақысын жемей, ешбір нәрсеге артық зиянын тигізбеу деген және солардың арасында әділдікпен тіршілік ете білу мақсаты болады. Ал бір ғана топтың жағдайын жасап, қалғанын өзіне дұшпан санап, жамандап, өзінің тобының үстемдігін қалыптастыру «ұлыққан итердің» таласына ұқсайды. Дін рәсімін орындаудан бәсекеге түскен, жан ғылымын, сана- сезімді жетілдіруші әуелі ғылым тауып тура жолға түсіп, тақуа болудың орнына керісінше тек намаз оқумен тақуа болып тура жолды, ғылымды іздеп, бір-бірімен итше ырылдасып, таласатындықтан алдын-ала өздерінің құрған топтарын соңын «ИТ» деп аяқтайды, біржағынан шынға солайда дұрыс. Шариғаттан бағдар алып, жаратақанан заман талабына, ғылым-білім жетістігі мен жанның кеңіп өсуіне шақтап, құпия аяттар сырын, аянға айналдыру арқылы уақи болып оқылатын аяттарды, біздің ақылымыз қамти алмайтын шексіздіктен берілген нұсқауларды жалғанға шығарып, шектеулі істерді мазһабты жол қылғандар, қорасынан ұзап кете алмайтын, жетекке еріп қорасына да үре алмайтын, ақыл ойы матаулы алдына қойған жуындыдан басқа таза астың да бар екенін білмейтін иттерден айырмасы жоқ десек қателесе қоймаймыз. Ондайлар ақылы толмаған жастарды аулап, сол өздері күзеткен қораға, ақыл-ойларын қамап, сонымен азықтануға машықтанып алған да өздері сонымен ашық мақтанады да. «Оқу, дінің дағдың көп, Не бір білгіш айтқан деп, Кетпесін сол жетелеп, Жармас өйтіп ой көму.Мақтанды алма ойыңа Кек сақтама бойыңа. Барма дүние тойына, Ойнаса да уда-шу. Егер мұны қылмасаң Айтқаныма тұрмасаң, Өз нәпсіңді бұлдасаң, Саған арам сөз ұғу. Мақтанып оттай саулама, Жақынды жаттай жаулама, Өлсеңде адам аулама, Аң жейтұғын болма аю.» Бір қазақты бір-біріне айдап салып, заңмен қудалатып, екі ағайынның араларына өлгенше көрместей арздықты тудырып, оған үкіметтің заң билерін, әкім қараларын айдап салып, дін түгіл елдің біртұрас салтының да бөлшектеніп, жастардың ақыл-ойларын қораға қамап, арап тіліне байлап, отанын саудаға салып қойған кімдер екенін өзіңіз шешіп көріңіз. Абай атамыз бұл жағдайды «Мақсұт» атты әңгімесімен сипаттап және елдің жалпы жындылық, мастығын; «Бай сейілді, Бір пейілді Елде жақсы қалмадды. Елдегі еркек, Босқа селтек Қағып, елін қармады. Жөнді, жөнсіз, Сөз теңеусіз, Бас пен аяқ бір қисап. Ұрысса орыс, Елге болыс, Үйден ұрған итке ұқсап. Өзі ұлыққа Қадірі жоққа Қармай, өз халқына, Сөз қайырмай, Жөнді айырмай, Жұрқа шабар талпына... Кетті бірлік, Сөнді ерлік, Енді кімге беттемек? Елің ала, Оты шала, Тайса аяғың, кім көмбек?... Ел керексіп, Сөзге емексіп, Не болады мақтаның? Пейілі шикі, Ақылы күйкі, Осы жұрт па тапқаның?!» Өлсең отаныңнан, ақиретіңнен айыратын сөзіне ерген орыстың да ақылы жетімсіз деп, қазақтың қазіргі таңдағы хал-ахуалін дәл суреттеп отыр атамыз. «Қара орысты көргенде сары орысты әкем дерсің» деген аталарымыз қара орыс деп қара нәсілді арғы беттің арап нәсілділерін ескерткен. Орыс сияқты олар да қазаққа жиен болып, арсат пен парсаттардан тарайды. Және Ар-сақтан, Ап-қыздан туған, жиен ұрпақтарды ескертеді. Орыстар керісінше еркектерін Па-Па деп атағаннан осы туысқандықты және әлемге үстемдігін қандай қулықпен де болса жүргізуге тырысатын, білген білімінен өздерінен артық ел, халық жоқ деп тықпалайтын әдеттері де аумай қалаған. Тек дін ұстанымдары бөлек болып, біріне-бірін ниеттес қылып қоспай қойған. Сол қара орыстармыздың өз арамыздан тағайындаған жан-ашыр отансыз өкілдерінің өзі қазаққа оңай тиіп жатқан жоқ. Ал сөздің астарына үңілмей қытай мен орысты бір тапқа жатқызу мүлде дұрыс пікір емес. «Орыс ойына келгенін істейді» яғни ой жоруға құмар халық. Ал қытай керісінше қолымен істеп көрмей сенбейді. Екінші ойына келгенін істейтін Бәдеуиліктер арап нәсілділер оған әлем көзі жетіп жатыр. Сондықтан «Бүлінген елден бүлдіргісін (әдет-қылығын) де алма», «Әдебі жаман ауылға әйеліңді апарма» деген аталарымыз. Әйел көргенінен қалайда орындайтын жындылығы бар, ал еркек естігенін іске асыруға қабілетті. Көргеніміз сары орыстың жындылығын әйелдеріміз айнытпай, тіптен асыра орындап, ал естігеніміз араптар болып еркектеріміз, имамадарымыз намаздың 40-кісілігі түгіл, «бойынан» жұрдай, ақылы кем «хандарын» дайындаудан озуға да айналдық. Сондай ұранан нәр алғандардың алды таза қара орысқа айналып, өзі түгіл елді қырғынға ұшыратуға кірісіп те кетті. Қара орыстардың бұндай рухани азғындыққа түсіруге талпынған шапқыншылығы осымен мен білетін тарихтағы төртіншісі. Мүмкін бұдан да көп болар. Осы жолы қазақтың төрелері бұрынғы төрелердей емес оңбай жеңіліп, өз аруағынан өздері бас тартып, отанын ойдан шығарған заңымен соттап, оның зардабы енді ашық біліне бастады. Алда қаншама сынақтың күтіп тұрғаны Бір Құдайға мәлім. Қаншама қырғын болса да қазақ аталарымыз аруағын қорлатпай, жалау етіп ұстап, ақырында дінің қолдауының, жаратқанның жәрдемі арқылы жеңіске жетіп отырған. Бұл жолы керісінше ел басшыларымыз өздері жәрдем беріп ойдан шығарған заңдарымен құдайының құдірет қолдарын, әулие-әмбилерін соттап, бірақ зардабын әуелі қарапайым халық тартып, енді азап кезегі өздеріне келгенін, қораларына азап үкімі түскенін, жан бақшаларының қурап жатқанын сезіп білір де емес. Демек мастықтың буына түскен. «Қиянат қылса иманын, Арамнан тапса жиғанын. Айламен төрге сиғанын Ұлық деп бәрі қаласа. Кешегі уағда бүгін жоқ, Кейде жалын, кейде шоқ. Балшық қора бұл да соқ, Батпақта жүрген балаша. Шындықты біреу жақтаса, Жазасызды ақтаса. Адалдықты мақтаса, Арсылдап оны қамаса... Сайтанға иген мойынын, Қулыққа толған қойынын. Көп жындының ойынын, Қылсам-ау сөйтіп тамаша!» деп Шәкәрім атамыз өзі өлгенен кейін халықтың мүлде жынданып, осындай күйге түсетінін және өзі аруақ болып қарап тұрып, сұрағанға ақыл беретінін ескертіпті. Бірақ сондай өмірден өткен ғұлама аталарымыздан ақыл сұрарлық ғылымымыз, амалымыз діни сауатымыз қандай? Діни сауаттылық әрбір пенденің таза ақылды меңгеруімен және әулиелік, даналық, тақуалық дәрежелерімен бағаланады. Таза ақылды меңгерген адам баласында енді жын-ашуы болмайды да таза рухани дарындылық қасиеттердің ерекшеленумен, білінуімен есептеледі.
Жынды пенде мен жындылық.
Жын дегенді діншілердің пайымдауынша адам баласы тек өмір сүру барысында жұқтырытын, табатын кесел, науқас, дерт сияқты түсіндіреді. Ал негізінде жын адам баласының мінезі болып, тағдырдың жазылған жаратылыс кітабы болып, есту көру ойлау қабілеттерімен өлшенеді. Енді шайтан адам баласының тілімен яғни ішкі үнімен жын арқылы дауысқа, дыбысқа айналады. Бұдан басқа адам баласының тағдырына жазылған таза ақылмен байланысқа түсетін кісілігі яғни «еркі»-жігері болады. Осы үш негізгі қуаттардан адам баласының тіршілік етіп ақыл-ойды меңгеріп түрлі өнерлерді тауып, өмір базарының саудасын жандандырады. Енді жын негізінен оттың жалыны түтін, ыстан пайда болып есту қабілеті мен ойға тәуелді өсіп жетіледі. Негізгі тұрағы жыныс мүшелері болып, тәннің белден төмен бөліктері жынның негізгі сипаты бейнесін береді. Аяқ, сан, жамбас, құйрық жаратылысына қарап мінез ерекшелігімен 5-қуаттың шамасының тазалығын т,б сипаттарын көруге болады. Ал адам баласының жан негізі судан басталып рухқа, тілге яғни ақылға тәуелді өсіп, жетіліп адамның бар керегін қамтамасыз етіп тұратын жан ашыр күтуші, бағушы, тәрбиеші анасы сияқты қызмет атқарады. Енді шайтан ұғымы тілмен байланысты адам баласына барлық дене мүшелері және сыртан келетін әсерлерден де хабар жеткізуші тілмаш қызметін атқарады. Адамдық сипатың негізі жер анамен байланысты, адам баласының денесіндегі жерден алған несібенің, көк несібесі және екі аралықтағы жаратылыс нәрселерінен үлесін, несібесін қаншалықты алып жарыққа айналып жанға қосылуымен өлшенеді. Осындай адам баласының ішкі жасырын құпия тағдырын, құдайлық сырларын «зайыр» деп атайды. Ал жалпы түркі тілімен парасат, парасаттылық деп те атаймыз. Жының да жыныстық сипаттарға, ұлтық, ұлыстық өмір сүру ерекшеліктеріне байланысты біздердің ақылымыз қамти алмайтын мыңдаған сан алуан түрлері бар. Бірақ негізінен адам баласына байланысты 8-түрлі малдық негізден қалыптасады. Қазақта «с-егіз» деп аталып 16-санымен осы қуатардың саны ішкі 4-негізе яғни аяқ, қолға тәуелді. Бұл белгі қажы баба басынан табылған шырағданмен бейнеленген. Әйел затының жындылығы сезімге байланысты жатыр, жүрек, бауыр жұмыстарына тәуелді болып, ал еркек түйсікке яғни білімге байланысты бас, бүйрек, асқазан, өңеш мүшелеріне тәуелді. Еркектің түйсікке байланысты үй саны 30-болса, әйелдің іштегі сезімге және қандағы ділге байланысты үй саны 40-болып, негізінен жатырдан төмен табанға дейінгі мүшелерінің құрлысына, тазалығына мінезі, жыны тәуелді. «Әйелдің шашы ұзын, ақылы қысқа»деген астарлы сөзде, әйел затының ақылы еркеке қарағанда көп, бірақ жыны-кекшілдігі, сөзі де ұзын естілігі қысқа болып келеді. Әйел затының шашы ұзын болған сайын жыныс қуатының да тазалығы жоғары және өмір жасы да, денсаулығы да жоғары болады. Бірақ ол жастайынан алған көргенділігі, тәрбиесіне де тәуелді. Еркек жыны «пері» деп аталса, әйелдікі «іште» бұғып жататын құпия болып, неке арқылы жындардың жыныстық қатынасқа түсуімен «пері» мен «іштегі» қосылып өмірге періштелер келеді. Сондықтан еркек етікті, бөрікті болса пері қуаты таза болып, ал әйел заты жаулықты, етекті болса бойы тұтас болып өмірге қасиетті жетілген періштелер келеді. Жын негізінен жыныстық қатынас арқылы көбейіп, рухты меңгеріп оны құранда адам баласы деп атайды. Жын адамзаттың өмір сүру барысында тәрбиемен алған және істеген қылықтары мен білім, өнер түрлі әрекетерін жазатын сақтайтын ақыл сауытының кітабы болып, оның мөлшері ет пен тері арасындағы балшықтың (гельдің) қалыптасуымен бойға, денеге, рухани киімге, «імүнге» айналуымен бірге жанмен толық бейнеленуін, адам баласына яғни қуаттық, жарықтық көлеңкеге айналып яғни серігін, кісілігін қалыптастарады. Ана құрсағында балшықтан май қабаттарына айналып, құйрық аяқ құрлысына сызықтық бейнесіне қарап, адамның жынын яғни мінез ерекшелігін қалыптастырады. Жын негізі жермен байланысты әкенің ұрығы, шешенің қаны және үшінші арлық нұрдың яғни жаратқанның кітабы кісінің әрекетімен пайда болған адам баласының негізгі несібесі жан негізін құрайды. Бірақ ол өзін-өзі басқаруға жетілуге шамасыз. Сондықтан оны сөйлетіп, тіршілікке үйретуші екінші «Мен» рухтан үрлеген тағдыр кітабы; 4-сөз болып табылады. Болашақта әулие бабаларымыздың аманаттарымен, мақалдармен, қазақ еліне берілген нұрландырушы тура жолымыздың кітабы және құран, інжіл аяттарымен психология, философия білімізбен салыстыра дәлелдермен арнаулы кітап жазыла жатар, әзірше қысқаша мағлұматармен шектелеміз. Енді жының мекені жамбастан төмен бөлікпен, ішек сыртқы шырыштарымен жалғанып үш түрлі қышқылдарға (сафра, лимфа,сафда) айналып, адам баласының барлық бездері, ішкі көздері, құлақтарымен байланыста тұрып және қан арқылы рухтан жүректен, мидан хабар алып тұрады. Мидан негізгі ақпарат ішек арқылы жанның үнімен нәпсінің сыбдыры мен құйрыққа жалғанып, онан жыныс бездері, бүйрек, бауыр және, кіндік арқылы жүйке ақпараттар айналымын қалыптастырады. Әйелзатының ішегі еркектен бір жарым есе ұзын болғандықтан жыны да яғни үні, ішкі жермен байланысты ақпарат қоры ұзын болу керек. Ал тері арасының балшықтың және сыртқы қабтың көлемінің және тән құрлысының бөлектігімен еркектің сыртқы ақпараттық сөздік, дауыстық сарайы және қуаттық өрістік шамасы да бөлек мол болғандықтан, еркек өрісі оң бағытқа айналып, сыртқы көлеңкесі, өрістік бақшасы да ұзын әрі көлемді болып келеді. Сондықтан еректің ақыл, ес сауыты ұзақ жылдар бойы өсіп, қалыптасып 40-дейін 5-рет дауысының өзгеруі, және 8-рет ішкі жын-жүйке, баласының өсуімен ақыл толу кезеңі болып есептеледі. Еркектің аяғының балтырдан төмен бөлігінде барлық жаман сөздерінің ыдысы болып, жыны толық жетіліп тазарғанша аяғының шуашы шығып жүруі сөзсіз. Әйел затының өтірік сөзі, теріс ақпараттар етек кірі арқылы оңай тазарып, ал жандағы жаман ақпараттар басы арқылы ғана тазарады. Сондықтан әйел жынының иісі бастан бөлініп, жалаң бас жүрген әйелдер өзімен қоса жан ұясындағы семья мүшелеріне тамаққа қосып береді. Бұл негізінен ерекеке ішектеріне байланып, кейде жындары ұқсас болып ал көп жағдайда еректі, және ұл балардың нәпіс құмарлығы мен түрлі ащы, у, арақ, наша құмарлықтарын қалыптастырады. Жалаңбас, етегі қысқа немес ерек киімін киген әйел, қыздың бойы да еректікі сяқты болып, жынының яғни жыныстық қуатының азып, кейде хайуандық нәпсіге, зорлануға құштарлығы болса, кейбіреулері сыртқы әсермен сұқталып, мүлде әйелге тән сезімдері жоғалып, болмаса өз жынысына деген хайуандық қылыққа тап болады. Ал әйелдік тәрбиесімен, сипатын сақтаған етекті, жаулықты әйелзатының бой киімі ерекекке қарағанда бас, аяқты толық жауып тұрғандықтан 40-дейінгі ақылы әйелдің қашанда жоғары болып, 40-тан кейін еркектің мойынмен бас және балтырмен аяқ, табан шырыштарының қалыптасуымен сүйек, майлары арқылы жалғануымен естілігі өсіп, әйел затынан ақылы, ойлау қабілеті жоғарылай бастайды. Сондықтан әйелзаты жастайынан алған, тәрбиесін, ақылын қылықтарын сол қалпында сақтап қалып немесе қыз күніннен қалыптасқан кейбір теріс қылықтары еркеке ерсі көріне бастайды да; «Қатын қырықтан кейін қылық шығарады» деп мақалмен астарлап, 40-тан кейін әйел мінезін, қылығын қайта түзеуді, үлкендікке, кемпірлікке тәрбиелеуді ескерткен. Бұл жағдайды «Отыздағы орда бұзар» есерлікті тастап, «Қырыққа келіп нәпсінің, жынның қорғанын бұзып», «Елу ердің жасы» деп еліне, өз қауым ортасына ақылшы болған кісілікті атайды. Пайғамбарымыздың; «Бес парыздың намазы негізінен 50» деп ескертуі, осы елуге келгенше кісіліктің қалыптасатынын ескертеді. Бірақ жалаңбас, жалаң аяқ жүргендердің кісілігі 90-ға келсе де жындылығы кетпейтіні сияқты әйелзатының жаулықсыз және еркек киімі немесе жұрт алдында тәнін жалаңаштауы бұл жын-шайтанға, артық майға айналып, жамбастары жалпайып, құйрықтары қайқайып, өзі тұрмақ бүкіл жеті жұртына зияны тиіп, қауымын жаратқанның лағынетіне ұшыратуы сөзсіз құранда солай үкім берілген. Бұндай жағдай қатындардың жын-шайтанға айналуы орыс еліне ертерек келіп, енді қазақ әйелдерінің де орыстың маржалары құсап, ыс сасып жүрген қатындарымыз түгіл, жасы келсе де кемпірліке жетпеген әйел заттары көшемізді толтырып жатқан жайы бар. Бұрын жоңғар, қытай шапқыншылығына ұшырап, бұндай азудан жаратқанның жәрдемімін құтылсақ енді өзіміздің ел басқарушы, сөз басқарушыларымыздың тілін, сөзін яғни аманатын, уәдесін отанын сатқандардың әрекетімен; қыздарымыз күйеуге тимей-ақ қатынға, қатындарымыз жын-шайтанға отынға айналып; «Қатын шайпау, ұл тентек, қызымыз-қар, келін асау» төртеуіміз түгелденбейтін бұндай қаралы жерде қатын семіретін заман келді қазақтың басына. Бұл әзірге қысқаша мысалмен берілген жан сыры білімнің ішкі терең сырларын аталарымыз ислам діні араптарға түспестен бұрын зәбур даналығы арқылы, Дәуіт, Сүлеймен пайғамбарымызға берілген кітаптар арқылы толық меңгеріп, құранда ондай жындарды меңгерген, қалай тәрбиелеуді білетін елдерді бақсылар-жындар елі деп атаған. Сондықтан ондай елдерде жындарды меңгерген емші- бақсылар көп шыққан. Бақсылықтың білімі Тәурат кітабы арқылы жүйеленіп, бұрынғы теріс дұғалармен сиқыр істерімен айналысқан көптеген жынды пенделер, Мұса пайғамбарға берілген мұғжизаларға иман келтіріп, адам баласына пайда беретін бақсылық істерін дамытқан. Сондықтан да бақсылықтың қара және ақ түрлері болып бөлінеді. Бақсылықтың сатыларын және әулие-әмбилікке дейінгі көтерілетін дәрежелері Өтейбойдақ атамыз 25-санмен белгіліпті. Інжілдің түсуімен бақсылықтың рухпен байланысты дәрежесі де өсіп ем-шипа, түрлі жын-шайтандарды тәрбиелейтін жалпы халықтық құлшылық арқылы мегеруге болатын дарындылықтары пайда болды. Ал Құранның түсуімен енді барлық бақсылық істері құран аяттары арқылы жасалып рухтың тазаруына, адам баласының жанының сүнетелуіне және ем-шипаның рахметке айналуына себеп болды. Ал бұрынғы бақсылық жаңылтпаш сөздер және теріс дұғалар арқылы жындармен-шайтандарды тәрбиелейтін әдістер адамзаттың білімінің артып, күнәнің де өсіп, көбеюімен ондай дұғалардың керісінше пайдасынан зияны көбейіп, ақылдың дамуын есін тежейтін болды. Адам баласының ілімнен алған несібесінің, білімге айналуымен яғни құран аяттарының құпияларының оқылып, көрініп сөзге іске айналуымен ғылымда дамып, өркендеп оған қарсы әрбір ашылған құпияға, аяттарға, білімге қарсы күнәларда өсіп, олай болса адамдар рухына қосылған сыртқы әсерлердің яғни жындармен, шайтандардыңда жетілуімен 100-жыл сайын ілімнің жаңа бір даму сатыларын яғни Құран аяттарының жаңа белестерін, хикметерін меңгеріп отыру шарт болды. Оған дәлел Ясауи бабамыздың көрсеткен хикметерінің жалғасы түрде бүкіл әлемге келген пайғамбарлар көрсеткен мұғжизалардың қазақ әулие-әмбилерінің қайталауы дәлел бола алады. Және оның да белгілі сандық мәні 49-болып табылатынын әлемде тек қазақ даналары ескертіп өткен. Бірақ Құран арап тілінде түсіріліп және арап тілінің өте күрделі тіл ғылымы болғандықтан ислам ғалымдарының бәрінің ынтасы тек арап тілін меңгеруге ауып, дін ғалымдығы солай өлшеніп, мың жыл түгіл 100 жыл бұрынғы дін дамуының, сауаттылықтың кейінен түскен және сол аяттардың кереметтерін меңгерген, әули-әмбилердің өзін жын-шайтанға балап яғни ата-баба рухына табынушыларды шерік, серік қосушы жын-шайтандар деген ұғымды қалыптастырып үлгірген дін ғалым, теолгтарымыз өздерінің ібілістің тұрақты сарбаздары, халықты тозаққа бастаушы әскері болып шыққанын білмей де қалды. Үкіметің, діншілердің жындылықтары арқасында өзінің «екі менін» аруағын соттаған және сол аруақшы, зиратшылырға еріп садақа беріп, Алла жолына, ағайындарыңа артық хайыр жасасаң кедей болып қаласың деп азғырғанына, жаңадан көктей бастаған рухани қасиетерді меңгеруге талпынған жас емшілерді туғанан неге бәрін біліп тумаған, құдай қасиет беріп жаңылысқан, үкімет қағазы ұлықстынсыз ем жасауға болмайды, ал «шизофрения» емделмейді, көтерілген есі шала науқастарды тек жындыханаға жатқызып емдеу керек деген «жынды» заңдарға қарамастан, бірінен жасырып, біріне көрсетпей 10-жыл жындылық пен жындану және осындай рухани аурулардың құран арқылы құдайдың құдіретімен «шизофрения» ауруы да жазылатына көзіміз жетіп, шәкірттер дайындап, бірталай тәжірибе жинап, енді таразыға түсетін уақыт келген сияқты. Сондықтан әрбір сөздің түсірілген аят, аяндардың, көрсетілген және әулиелер батасымен берілген шындықтардың хақиқаты яғни керемет істері болса ғана оны жындылық емес таза дін деп атауға болады. Бұндай кереметтерді қазақтың өзге елдің арбауына түсіп зұлымдыққа ұшыраған ғалым, дінші, теолог, философ, дәрігерлерге көрсететін әлем халқында қазақ әулиелерінің алдына тізе бүктіретін нақты көрсететін дәлелдердің және аталарымыздың ұстанған дінің ислам әлемі бойынша ең биік сатыға көтерілгене шүбаланбасаңыз да болады. Болашақта бұндай тәжірибеден өткен жан сырының жаратқанның құран арқылы түсірген ем-шипа, рахметінің ғылымын құран киелі кітаптардың аятары арқылы негіздеп, кітабын да таныстыра жатармыз; әзірше сол аз ғана жинаған білімізден үзік-үзік мысалдар беріп отырсақ оның іс жүзінде де Ата-жолында дәлелдері бар екеніне күмәндана көрмеңіз. Бұндай ата-бабамыздың тарихында болған аятардың бейнеленген хикметерін теріске, жындылыққа есептеген дінші, ғалым, теолог, жазушы, философ тілшілердің бәрі жындарын кісілік түгіл, баласына айналдырып, жұмсай білмейтін жынды болса, ал кейбіреулері тіптен жын-шайтан деуге құқымыз бар. Нақты дәлеліміздің негізі кешегі өткен Абай-Шәкәрім шығармаларын түсініп оқымаған да және дінді ақылдан, ғылымнан ажыратып, рәсімдік сипатпен арзан ақшаға айрбастап жібергендіктерінен философиялық, психологиялық даналықтарын құранмен, інжіл, тәурат, хадистермен салыстырып түсінетін таза ақылдары яғни естілігі, кісілігі жоқ. Ел басының өзі сеніп үмітін артқан атақты хазіретіміздің өзі 3-4 жыл бұрынғы берген көгілдір терезеге сұхбатында «Өліктерге, шіріген сүйектерге барып не аласыңдар» деген сөзі бүкіл мүфтият діншілірінің жындылығы емес құранға, пайғамбарымызға ашықтай жала жапқанын оған қоса ясауи тобын қудалағанда «зікір гипноз» деп аяттарды мазақтағанымен тұрмай, жұманың да зікірге жататынын білмей, намаздан кейінгі өлілерге құран бағыштау көптеген мешітерде осы уақытқа дейін дұрыс атқарылмайды. «Астанда еврейлер белгісі неге тұр» деген дін ғалымдарының баспасөздегі исламның жер бетіндегі мөрі және ғаршы қуатын, қажылықтың нәтиже білімін, қағбаның ғылымын жалғанға шығарған ашық хатымен, «рухқа табыну шайтани іс» деген дінді мазаққа алған имамның пікірімен, тіптен қажылық бес парыздың бірі деп құран аятарын теріске алған пәтуалары және алда аздаған жазылған кітаптарынан жындылық пікірлерінен мысалдар келтіріп кетеміз. Ақыл-ойдың қағбасының сызықтық бейнесін, сондай надандарға сабақ түрінде Астана қаласында салдырған ел басшыға ризашылығымыздан басқа айтарымыз жоқ. Дін ғалымдарының құранды арап тілінде ғана оқып түсініуге болады деген пікірден өткен жындылықтанда өткен шайтандық және надандықты кездестіру қиын шығар. Діни сауатты имамдарымыздың; «Алла адам баласымен тілдеспейді» деген пікірлерінен құран қуылған шайтанның сөзі деген ұғым пайда болады. Сонда олар жынды болмаса құранды оқығанда кіммен тілдесіп, кімнің ақылын тыңдайды? Енді жынды сөз емес, онан да өткен жүйесіз ішіп алып жазған мас адамдардың пікірін оқығыңыз келсе, қазақтың жоғарғы оқу ордаларына арналған философия, психология оқулықтарын оқып көріңіз. Тағы бір жындылардың әлде азғырушы шайтан адамдарға жатқызуға болатын теолог, дінші ғалымдардың әулиелерге зираттауға болады, бірақ аруаққа табынуға болмайды деген жынды-мастардың пікірін халықтың да, ақылды аталған үкімет, ел басқарушыларының да солай қабылдауынан сонда таза ақылы бар сау адам бар ма арамызда деген күдік туады кейде. Мүмкін оқушым бұл пікірлерге сізде маған күдіктенуіңіз әбден мүмкін. Менде сол көп жындылар қатарындамын. Оған себеп жындыларға тек бақсылар тәсілімен жынды сөздерді пайдаланып, таза сөздің ұғымын аз-аздап тықпалап, қулық жасамаса, сау сөздерден жынды адамның жүрегінде қарсылық, кежірлік пайда болып, шайтаны түртіп, сосын ашу ызаға айналып, бұл мақаларым мүлде оқылмай әжетханадан шығары даусыз, болмаса қарсы әрекетерге барып, Құдайдың қаһары аруақтың оғы тиіп, оған себепші болған маған да күнә жазылуы әбден мүмкін. Бұндайды аталарымыз; «Сақтансаң сақтайды» деп ескерткен. Ел басымыздың және көп жындының арасында естілігін көрсете алмай жатқан ел басқарған азаматардың да жоғарыдағы «Мақсұт» оқиғасындағы ханмен, уәзірдің жынды судан татып алып, елді қорқытқаны сияқты аздаған жындылықтары бары даусыз. Оны алыстағы ауылдан барып қарап, ақсақалдар арасында отырып тыңдап, сыртай бақыласаңыз көрініп тұрады. Жастарымыздың бәрін «жұлдыз» қылып күні –түні ойын сауықтан босамай, одан қалса жабылып той жасаудан, қарызданып қонақ шақырудан жалықпайтын, жаңа жылды бір ай бұрын жынды елдерден де асырып тойлайтын жаңа салтымыз әйтеуір жынды халқымыздың толық жынданып, арап елдеріндей бүлік шығаруға қолдарын босатпауға жәрдем беріп тұр. Жалпы жындылықтың бәрі бірдей зиян емес, орнымен жұмсап, бірін қорқытып, бірін алдап, бірін мақтап, бірін артығырақ арқасынан қағып, марапатап жұмасай білген басшыларға пайда әкеліп, өнерді дамытып, шаруашылықты жүргізуге де қолайлы. Жындылықтың негізгі шарты «бай десін, әдемі десін, мықты десін, жұлдыз десін, қажы десін, ғалым десін, әкім десін т.б» десіндерден тұратынын Абай-Шәкәрім аталарымыз нақты көрсетіп кетіпті. Мен де амал жоқ қазақтан басқаға құран келіп тура жолда болмағандай және ақыл беретін ел ағаларының естілігі және ғылымда жындылықтың пайда болып, білім тозып, ер азаматтардың ойлау, пайымдау қабілеті қалыптаспай діліміз жоғалғасын, Алланың үкімін, түсірген нұрын «Қараушысы жоқ елдің қатынмен, баласы құтырды» дегендей дінді қатындармен, жас баларға ысырып тастағандықтан, жартысынан көбі жын-шайтанға көмекке тұрған ата-жолдың жалған аққу, сұңқарларында амал жоқ асыра мақтап «десінді» көбірек жазып, жындылық сөздерді яғни іске айналмаған, әлі істелмеген, бірақ істелуге тиісті әрекетерді жазып отырған жайымыз бар. Негізінен әлемге берілмеген алғашқы сыйды алған ата-жолдық ақу, сұңқарлар болып жындылықтарын меңгер алмай, бақты басқа теуіп, елге жексұрын көрсетіп, білімді, ақылы сау азаматтардың ішкі мәніне сырына үңілмей, сырттан бағалап жиренуіне себеп қана болдық. Бабалар аманатын халықтың санасына жеткізе алмай, амантқа қиянат жасалғандықтан, осындай сынақтың болғаны бір жағынан дұрыс. Онда сол ата жолдың амантын уақытында түсініп, жеткізе білмеген менде жындылық барына күмәнденбасаңыздарда болады. «У ішсең руыңмен» деген. Ештен кеш жақсы дегендей құранның жаратқанның құпия есепті сөздері түгіл, қазақша майы тамған аталарымыздың астарлы сөздерін, әрбір қазақ түсініп оқып білуі мүмкін емес болғандықтан ұяттау жынды сөздер басылым ішінде кездесіп жатса сөге көрмеңіз. Жындылығымыздан, мастығымыздан сөзімізді түзеп арылуымыз үшін тылсым үніне құлақ түріп, аталар батасын жадыңызға тоқи білсеңіз оп-оңай сауығуыңыз сөзсіз. Бірақ бұдан өткен дертіміз бар.ОЛ;
Жындылық пен жын шайтандық. Жындылықтан құлшылығымызды түзеу арқылы, Алланың хикметіне бөленіп, қазақи естілігімізді қалыптастыра аламыз және құдайға шүкір орта буын елге жан ашыр ақылы сау қазақтарымыз да барлық салада адал қызмет атқарып, қазағымыздың жыртылғанын, жамап кемісін толтыруға аянбай қызмет жасап жатқандар жеткілікті. Және туғаннан естілік қабілетімен таза кітабымен өмірге келген жастарымызда көбейіп, небір сау сөздерді үлкендерге үйретіп жатақандарымыз да бар. Бірақ ендігі үлкен қасіретіміз ұлттық тамырымыздан ажыраған замандас, дін қандастарымыздың жын-шайтанға айналғанын біріміз білісек, көбіміз аңғармаймыз. Енді шайтан адамда мінезі тұрақсыз, әсершіл анау айтаса анаған, мынау айтса мынаған айнымалы, құбылмалы нәпсіге, дүниеге, жылтыраққа оңай сатылып, алдана салатын әйелге тән мінезді болып келеді. Әйелзатында өз орнын тапса, бұл мінез қылықтықтармен байқалмай, келе келе еркектен жын қуатын неке арқылы сіңіру арқылы түбінде ерекек мінезді кең ойлап, алдын болжайтын сабырлыққа ие болып «Кем-пір» яғни даналыққа жетеді. Бұл жағдай шайтан адам тәніндегі; натрий, йод, сутегінің бір қалыпты құрамы сақталса нәпсінің толық өз дәрежесінде және тіл қуатын үнді қалыптастырады. Бұл элементер негізінде әйел затында молынан болып, ерекке де өңдеп беріп отыратын адамзаттың ортақ азығы. Інжілде әйел затын 3-тегеш қамырға ашытқы салып илеуші деп ескерткен. Ал ашытқымыз еркек ұрығы арқылы келіп негізінен жын сутегінің босаған иондарымен от өнімдерінің иістер түріндегі иондарымен байланысынан пайда болады. Әйел затының натрий өнімімен қалыптастын майларын, етегіне жиналған теріс ақпаратарын жағатын хлор өнімдері еректің құйрық майларымен қалыптасады да неке арқылы алмасып отырады. Ал әйел құйрық майлары натрий өнімдерін қалыптастырушы болып, оның адам тәніне қаншалықты пайдасын білімділер түсіндіре жатар. Адам ағзасындағы осы элементердің өлшемдік сапасының бұзылып артумен және әйел тәніндегі судың толық жанбай, терінің дем алу тесіктерінің, әурет ағзаларының ашық, тесік жүріп ластануынан тәнге қажетті отегінің азайып, сутегі иондарының мөлшерінің шамадан тыс артуынан енді жынмен шайтанның ортақ сутегі иондары болып нәпсінің енді ақыл-ойдан, жын шайтаның басқарылыуына өтіп, нәпсіні қанағатындыру барысында ұят өліп, жүрек көздері жабылып, қан азып, мінездің құбылуымен рухани науқасқа айналып, нәпсінің қажеттілігін, сұранысын күнен-күнге артырып, адам баласының қылығы да сөзі де өзгереді. Сондықтан жетекке ергіш түйеге ақылдың қажеті жоқ болса, жетекке үйреген пенде қораға үрмейтін иттен бетер намыс-ар дегенді бетіне кім күле қарап, дүние ұсынса соған ата-баба амантында, тілін де, отанында, дінін де айырбастауға әзір тұрады. Бұндай шайтан адамның жалпы сипатын Шәкәрім атамыз; «Жайдары күлкішіл, қалқам, Ұятсыз, әдепсіз, салқам. Күлгенім бір сенің арқаң, Ыржақта, қылжақта, әйда! Мазақ қыл көрінген жанды, Өнер қыл қылжақтағанды. Сөзіңе құмарым қанды, Жыртақта, бұлғақта, әйда! Жолыққан кісіге соқтық, Қылжыңға қосып айт боқтық. Осы ғой сәулесі жоқтық, Сен күлдің, мен білдім, әйда! Ішің у, сыртыңды майла, Есердің бәрін де жәйла. Күлкімен көздерін байла, Сенделдің, жөнделдің, әйда! Сөзіңе күлгенді ұна, Күлмесе жалынып сұра. Сөйлесең аузыңды бұра. Жедің боқ, әбден соқ, әйда! Бай өліп, баласы қалса, Қасына сені ертіп алса. Қылжақ пен күлкіге салса, Тамақ тоқ, қайғы жоқ, әйда! Жағасың күлкімен жүріп, Шығасың ішіне, кіріп. Аласың аузынан жырып, Бұлтылда, жылпылды, әйда! Маймыл боп есерге сондай, Арсылда адамға болмай. Ит болып өтесің оңбай, Жырқылда тырқылда, әйда!» «Өмір бойы қуанбақ- жындының ісі ғой.» дегендей сөз түсіну қабілеті жетесі жоғалған жындылықтан енді жын-шайтанның сипаты күнделікті көгілдір терезеден де, көшеден де ақылы сау адамды жалықтырса да, мәдениет саласындағы шайтандардың күнделікті үреншікті көз үйренген істері екені белгілі жағдай. Бұндай рухани кеселдің енді жасырын да, кейде анада санда білінетін де мыңдаған түрлері бар. Бұны байқау үшін; «Тағдырдың жарлығын білесіздер-өзгерілмейді. Пендеде бір іс бар жалығу деген. Ол-тағдырда адаммен бірге жаратылған нәрсе, оны адам өзі тапқан емес. Оған егер бір еліксе, адам баласы құтылмағы қиын. Қайратанып, сілкіп тастап кетсең де, ақырында тағы келіп жеңеді. Ақылы түгел, ойлы адамның баласы байқаса, осы адам баласының жалықпайтын нәрсесі бар ма екен? Тамақтан да, ойыннан да, топтан да, қатыннан да көңіл, аз ба, көп пе, жалығады. Оның үшін бәрінің ғайыбын (қателігін) көреді, баянсызын біледі, көңілі бұрынғыдан да суи бастайды. Дүние бір қалыпты тұрмайды. Әрбір мақұлыққа құдай тағала бір қалыпты тұрмақты берген жоқ. Енді көңіл қайдан бір қалыпты тұра алады?» Қазіргі таңдағы қазақ жерінде ғана емес әлемде болып жатақан елдердің жындану себептерін Абай атамыз осы қысқа сөзбен көрсетіп кетіпті. Біреулеріміз жастарды тозған білммен, рухани ұлтық тәрбиесінен ажыратып, әртүрлі тез тозатын қызықтармен жалықтырып, өздері рухани ләзатты басқа жақтан іздеп, ал діншілер жасына жетпей намаздың түрлі жасанды қылықтардың соңына салып қойып, жалықтырып, дүниеден бездіріп, өздеріне-өзі қол жұмсауға дейін барып жатақаны, жастардың бүлікшіл болып жындануына себеп осы дүниенің мәнін, маңызын түсіндірітін философиялық білімнің, жан сырының ақирет заңдылығының білімінің жетімсіздігінен болып жатыр. Сондықтан жасына, ұлтына және жынысына қарай өз руғани азығын ала алмаған әрбір адам жалығудың ауруына ұшырап, бірі шайтанға айналып, өлмейтін өмірді іздеп, енді бірлері ойына не келсе соны істейтін қылықтармен жындана бастауы сөзсіз. Жалығу екі түрлі; бірі ойсыздықтан, жауапсыздықтан және тән қуатын қалыпты ұстап өз орнына пайдаланып жұмсай білмеген жындылықтан пайда болып; отанынан ажырап, жерінен рухани нәр алмаудан опасыздыққа түсуден болады да ал екінші түрі; «Бірақ осы жалығу деген әрнені көрем деген, көп көрген, дәмін, бағасын, бәрінің де баянсызын біліп жеткен, ойлы адамнан шығады. Соншалықты ғұмырының баянсызын, дүниенің әрбір қызығының ақырының шолақтығын көрген-білгендер тіршіліктен де жалықса болады. Бұлай болғанда ақымақтық, қайғысыздық та бір ғанибет екен деп ойлаймын.» Бұл адам баласының ақылы толып кісілікке жетіп енді Құдайға деген құлшылығын қалыптастыруға бағыталған өмірдің екінші жартысы 50-ден асып ердің жасына келгендерге тән құбылыс. Сондықтан шайтан адам тәрбиемен, ұлттық салт-дәстүрмен салыстырып анықталатын болса, ал жындылық-бұл адам баласының міндетті түрде жүктелетін, оны меңгеріп, игеріп тәрбиеленетін салыстырмалы ұғым. Қазақ тілін меңгере алмай өзге тілді мақтан тұтып немесе аралас сөйлейтін әрбір қазақтың ұрпағы шайтан адамға жатады. Оған себеп ана тілін, елдік рухын құрметемегені былай тұрсын құдайды мазақтаушы болып есептеледі. Ондай шайтан адамдардың басшылары ел басқару, мәденеиет, баспасөз құзырылы орындарында қызмет жасайды. Мүфтият имамдары ғалымдары арсында да жеткілікті, бұрын білмесеңіз жұма намазына барсаңыз небір қазақ тілін де, арап тілінде теріске алып, тілін бұрап, осы Аланың қасынан келген деп, Құдайдың аяттарын мазақтаған сөздерге құлағыңыздың құрышын қандырарына бәс тігуге болады. Енді осы шайтан адамдардың дінсіздігі мысалға; «...Табыс көбіне адамның өзін рынокта қаншалықты жақсы сата алуына, оның «қорабының» (сырқы бейнесінің, жалаңаш тән сипатының) қаншалықты тартымдылығына, қандай клубқа (сектаға, ұйымға, хиттарға) жататынына, керек адамдармен ( басшылармен, заңгерлермен, продюсер, жұлдыздармен) таныстылығына байланысты. Адам өзінің өмірі мен бақыты туралы ойланбайды, қалай өтімді тауарға айналуын ойлайды. Ұтымды тауар сияқты адам да тұлға (жетілген адам) рыногында сәнді болуы тиіс! Ал сәнді болуы үшін тұлғаның (пайғамбарлық қасиеттің)қандай түрінің сұранысқа ие екендігі білуі тиіс. Мұндай үлгілер картинасын жарнама, газеттер, журналдар, кино, теледидар, радио береді. Қазіргі адам өзінің базардағы сатушы ретінде де, тауар (құлдықта, жезөкшелікте, рухани еріксіз)ретінде де қабылдағандықтан, оның өзін-өзі бағалауы өзінен тыс жағдайларға тәуелді. (Сырттан келген қалталы келімсектерді меңзеген) Егер ол үлгеріп қалса-құны бар, ал ондай болмаса-құнынан айрылады. Ол өзінің күш-жігерімен бірегей емес, өйткені оның қадеге асу кезіндегі өзін-өзі көрсетуі емес, сатылу кезіндегі табысы маңыздырақ. Ойлаудың мұндай типі қазіргі білім беру жүйесінде де өзінің терең ықпалын тигізеді. Оқытудың мақсаты ең алдымен нарық үшін пайдалы ақпартты барынша көп жинауға (сапасы да, мазмұны, бағыты маңызды емес көрінеді) келіп тіреледі. Студенттерге өте көп нәрсені білу керек, тіпті олардың ойлануға да күші мен уақыты жетпей қалады...» ( философия пәні;157-ші, 301-ші беттер) «Мұндай жағдайда діни сұрақтарға жауаптар сенімге негізделуі мүмкін, өйткені Құдайдың өмір сүретінін біз дәлелдей де, теріске шығара да алмаймыз. Бірақ біздің сенуімізде мүмкін немесе сенбеуімізде мүмкін.» ( философия 48-бет) Бұндай пікір жазған адам баласы егер қарапайым халықтың бірі болса, надан яғни шайтан адам деп аталады да, ал арнаулы құдайдың нығметімен тақта отырып алып айтуы жын-шайтандық болып есептеледі. Бірақ басқа да адамдық істерінің болуына байланысты пайғамбарымыз; «Болашақта қиямет мезгілінде адамдар түске дейін мұсылман болып, кешке қарай кәпір болып үйіне оралады» деген әулиелігі осындай жағдайды білдірген. Мағжан атамыз; «Ес білдім, алас ұрдым сағым қуып, Жете алмай бетті талай жаспен жуып. Артымда-ор, алдымда-көр, өтеді өмір... Дариға, бесігімнен көрім жуық. Көп заман жетеледі жынды жүрек, Ойладым: «Жүрек жетер, ой не керек?!» Тәтті у еді, сол удан неге айныдым? Дариға үміт өлмек, жүрек сөнбек...» Жындылықтың қанмен, жүрекпен байланыстылығы мен себебін дәл көрсете біліпті атамыз. Пайғамбарымыздың шайтан қанда болады деген ескертуін назарға алсақ, жынмен шайтанның бірлігінен жүректің көздері жабылып, қан тасып, көрінген сағым, мақтанның, дүние қызығының соңынан қуып жүруді «жындылық» деп ескерткен аталарымыз. Енді қазіргі таңда қазақта не көп жынды ақын, тілші, әнші, биші, мәдениет қызметкерлері мен соған қосылған артында-ор, алдында көрі жақын тұрса да жастармен бірге жынданып, жындары шайтанға айналып жатқан үлкендеріміз, зиялы атаған құдайсыз қауымыз да, ғалымдарымызда жеткілікті. Аталарымыз; «Наданның кешірсе де мың қатесін, ғалымның халық кешірмейді бір қатесін»деп ескерткен екен. Шаруашылығымыздың оңға басып, халықтың әл-ауқаты жақсарғанына мәз болған ел, қоғам басшылары іштегі шайтанның өсіп, жалпы халықтың қаны азып, сыртқы қара күштердің әсеріне тез берілгіш болатынын, осыдан барып жартқанның лағынетімен, ескертуі түскенін аңғаруға дәрменсіз. Себебі олардың өзінің сөз қадірін түсіну қабілеті жоғалып, жындылықтан құтқаратын философия білімі де, психология білімі де тозып, ғалымдарымыздың өзі таза жындыға айналған. «Әр кезде қоғам тіршілігі өнімсіздікке ұшырап, іштей жұтай бастағанда, заман әуеніне қарай не дінге, не саясатқа қамшы басады. Осы екуінің қайсысы болса да, қамшы басқан елде ішкі жегі құрт (шайтан) бар дей беріңіз. Көбінесе сол жұтаудың себепкері-басқарушылар, басшылар болып шығады.» «Қамшы дағы етте, тіл дағы жүректе!» (Ғабит Мүсірепов) «Заман азса,-Тіл сөйлемес, Пұл сөйлер, Адам азса- Діл сөйлемес, Жын сөйлер.» (Мұзафар Әлімбаев) «Ілгері кеткен жұртың қатесін енді ілгерілейін деп тұрған жұрттар істесе, көре-тұра отқа түскендік болып шығады.» (Сұлтанмахмұт Торайғыров) Енді алда кімнің надан, шайтан, ал кімнің жын-шайтаннан екенін анықтауды оқырманның өзіне қалдырып, халқымыздың басына келген осындай қасіреттердің себебін бірге іздеп көрейік. Мүмкін арыла алмай жүрген жын-шайтандығымыздан құтылуға себеп болар. Ондай жағдайда аруақтар қолдау беріп (дауласып), Алла нұрын (кісілігін) берсін біздерге деп тілеңіз!
Шеріктер және серік қосу туралы.
Әрбір сөздің, ұғымның бейнесі, өлшемі және есептік мәні болуы даусыз. Сол сияқты әрбір сөзді бейнелейтін таңбаның да қуатық өлшемі сол өзі тасымалдап бейнелеп тұратын үнің ыдысы болып, сондықтан таңбалардың да белгілі есептік мәні, бейнесі және көрінбейтін, ғайыптық кеңістіктерде тәңірлік сипаты болуы да даусыз. Және бұл қуаттарды жұп, тақ мәндерімен өз ара пар болып түзілуінен белгілі мақсаттағы қозғалыс егелері яғни періштелер пайда болады. Сондықтан сыртқы әсерлер арқылы ғана басқарылатын періштелер мен ішкі «мені»-өзегі арқылы басқарылатын періштелер және белгілі бір шектердің, ақылдың шамасымен өзін-өзі басқарып іс атқаруға өсіп-өнуге,көбеюге ерікті періштелер де бар. Сондықтан періштелер негізінен ерікті, еріксіз және аралық болып жіктеуге болады. Енді шеріктер дегеніміз жанды жаратылыс егелерінен бөлінген, бірақ ішкі басқарылу еркінен айрылған жетілмеген төменгі сатыдағы періштелерді атаймыз. Құран ғылымы бойынша періштелерді белгілі дәрежесіне қарай жаратушының алдын-ала жартқан ғылымымен бірін-біріне басқаруға үкім беріп қойған. Сондықтан адам періште барлық жаратылыс періштелерінің басқарушысы жер бетінің халифасы және көкте жаратқанның орынбасары болып табылады. Көктік періштелер, нәрселер жұп негізін қалап, жерлік тақ ал арлық осы екі негізге де қосылып, көбейуге ерікті, еріксіз түрде қозғалыста болатын нәрселерді шеріктер деп ал көктік нәрселерді нәсіл, ру, т.б түрлі дәрежедегі «еріктер» яғни Алланың әскерлері болып табылады. Бұл әскерлермен, шеріктерді жаннат періштелері «серіктер» арқылы басқарылып, енді осы ұғымдарға байланысты; шерік қосу, шерік қату, серік қосу, серік қату және жаратушы үкімдеріне, аятарға теріс пікірлер, ойдан пайда болған ұғымдарды теліп сөйлеу, жазу әрекетері Аллаға ортақ қосу зор зұлымдық болып шығады. Енді шерік қосу туралы киелі кітаптарда, дін істерінде мағлұматар жеткілікті. Соның қарапайым түрі; ар-ұят заңдылығына, салт-дәстүрге қайшы әрекетер. Адам баласы өзірге ұрпақ әкелумен бірге періште, шерік, шайтан, жын өнімдерін де көбейте алатынын және бір-біріне қосып зұлымдықтық істер істейтін жындарды да, ізгілікпен зұлымдыққа қарсы тұратын жынан түрленіп ақыл, біліммен өсіріп, кісіге айналған жоғарғы дәрежелі серік періштелерін де қалыптастыратынын көбіміз білмейміз де сенеде бермейміз. Оған пайғамбарлардың қалдырған өсиетері мен ата-бабаларымыздың тарихта нақты істермен қалдырған аманатары түгіл құранда, інжілде, тәурат, забурде түсірген деп айтқанымызбен дәлелдеуге ғылымыз жетпейді. Сондықтан бұл басылымның мақсаты да бабаларымыз меңгерген жан ғылымының сырларының есігін ашып көрсету ғана. Ал әрбір адам баласы өз ақыл-ойын еркіндіке шығарып, киелі кітаптарды, пайғамбарлар өсиетерімен салыстырып, түсінуді меңгергенде ғана ақыл –ойдың және дініңде, ділдің де бірлігіне жетіп отрақ ұлтық санамыз қалыптасары сөзсіз. Қандай жаратылыс егелері болсын 3-түрлі негізінен сипатта қарастыруды ұмытпай, ал арлық және жерлік ішкі сипаттары бес түрлі қуатардың қосындысынан, көктік Алла қасындағы сипаттар, жұптық белгімен болатынын, есте мұқият ұстанған жөн. Көктік-құдайлық негіз 3-тен басталып, әрбір адам баласының іштегісі осы құдайлық 3-сипаттың яғни нұрдың бейнесі болады да аралық бес қуатпен қосылып 8-ге түрленіп және 8-жаннаттық қуатпен қосылып 16 періштелік сипатпен және жаратылыс қозғалыс басы 4-періштелік сипатпен барлығы 20-санымен адам баласының қуаттар өнімін періштелерін көрсетеді. Бұл жаратылыс сипатарының негізі жан, тән тазалығының жетістігенен пайда болып, қан арқылы бейнеленеді. Сондықтан адам баласы жер бетінде қан төгуші деп аталуының өзі осыдан шығады. Ғиса пайғамбарымыз; менің қаным тостағандағы шарап деп астарлаған. Сол тостағанымыздың белгісі; Қажы баба басынан табылған қазанның белгісі жиегінде 16-барыстың және ішінде екі бүркітпен екі жыртқыш хайуанның бір несібені бөліп жеп тұрған бейнесінен осы жан ғылымының нәтижесін елшіліктің, тазалықтың, рухани жетілгендіктің жоғары белгісін көруге болады. Ал тән жан тазалығын сақтамай шектен шыққанда не болады? Адам баласынан төменгі сатыдағы қуаттық өнімдері, «нәрселер» пайда болып сонымен рухы, жаны әрекетке түсіп шерік қосылады. Аятта; «Әркімнің алады-артынан Алланың әмірі бойынша өкшелеп, қорғаушы (періштелер) бар. Расында бір қауым, өзін өзгертпейінше Алла, оны өзгертпейді. Сондай-ақ егер Алла, бір қауымға бейнет тілесе, Сонда оны ешбір қайтарушы жоқ. Әрі олар үшін Алладан өзге бір жәрдемші жоқ.» (13-11) Бұл аят бойынша әрбір пендесіне қорғаушы Алланың әмірі яғни шариғат үкімдері, парыздар жене мұсылмандық қарыздарды орындау барысында бейнеленетін періштелер яғни жаның жарғынан пайда болатын көлеңкесі, қыбылнама өрісі болады. Осы өрістің сипатына қарай адам баласының тағдырына ескерту, немесе несібе беріліп дәрежеленіп отырады. Ал егер адам баласының Алла үкіміне қарсы, зұлымдықтармен, түрлі теріс қылықтармен жасаған әрекеті, сөйлеген сөздері дәл сол сипатта бейнеленіп өмірге, тіршілікке деген көз қарасы да сол бейнелер арқыл көрініп, азғындыққа ұшырауы даусыз. Сондықтан әрбір адам баласы өзінің ішкі сырының көрінбейтін сыртағы бейнесіне қарай қауым болып, өз ішкі сырын тәрбиелемей сыртын түзеп әдемілегенмен Алла оны түзетпейді, Алланың жаратып қойған бейнеттерінен қорған да, және жәрдем де берілмейтіні хақ. Қарапайым бірмысал келтіре кетсек; Бірда батысқа қарай поезға мініп сапарға шығып,жолда серіктес болып бір жасы келген үлкен екі әйел заты да мен отырған жерге қатар орналасып алды да қалта тұтқаларымен үйіне, немерелеріне хабарласып жартылай қазақша, жартылай орысша жиркенішіті былапыт сөздерін былай қойғанда, құйрықтары қайқайып, еркекше киінген, үсті әлем жәлем және өздері кәсіпкер мал тапқыш әйелдерге ұқсайды. Әрлі бері тоңқайып, өзі тар жерде құйрықтарын тұмсығыңның алдына былай да былай сүйкеп өтсе не шара қыласың? Бұндай жиркенішті құбылыстан қалай құтылсам деп теріс қарап отырғанда, әйтеуір «мың болғыр» жол серік оларды басқа орынға жайғастырды.Бірақ түн ішінде олардың орнына басқа жолаушылар келіп, олар өздерінің жоғары орнына қайта келуімен жаңағы құбылыс қайта басталды. Сонан теріс қарап, терезеге көз тасап отырсам, бір үлкен маймыл маған қарап тұр. Біреулер жапсырған сурет пе, әлде терезеге салды ма екен десем оған ұқсамайды. Бір әйелдің қол дорбасының бетінде тұрған сияқты. Сонан артыма бұрылсам стол үстінде жаңағы әйелдің бірінің теріден жасалған қол сөмкесі тұр бірақ ешқандай сурет көрінбейді, ал терезеге қарасам маймылдың суреті пайда болады. «Астапыралла»деп жағамды ұстап, жаратқанның маған берген белгісі екенін, бұл әйелдердің жүрек айнасы маймылға айналғанын ескерткенін түсіндім де, бағанағы жиркеніш сезімнің орнына енді аяушылық, өкініш сезімі пайда болды. Кейде кешкі сәуленің сынуымен немесе жаратқаның белгісімен шалбар киген қыздардың да, қатындардың да артынан кесірткенің құйрығы сияқты көлеңкенің тұман болып еріп жүргенін байқауға болады. Ал жас қыздарымыздың бастап сары қарын қатындардың үстінен кір сабының иісінен бастап, иіс суға аралас түрлі иістердің шығып тұруы осы алды артындығы хайуандардың, доңыздардың, түрлі жәндіктердің толық бейнесін тозақтық болашақта жаман ауруға, азапқа түсетінін көрсетеді. Жалаң аяқ, кейде шайтан дамабалмен жүретін ер азаматардың да артарынан осындай құйрықтары шұбатылғын алдарында иттері жүгіріп жүреді. Жалаң бастарда да осындай қара бұлттың пайда болып, бірте- бірте төмендеп пендені қара өрістің, қара киімнің пайда болуын қалыптастырады. Алла сендерді тозақпен баурайды, өзіңнің мазақ қылғандарыңды жүректеріңе енгізеді деген үкімнің нәтижесі осындай өзіміздің қылықтарымыздан пайда болады. «Шын мәнінде сендер үшін малдар да, ғибрат бар. Малдың қарнындағы қанымен жынның арасынан шыққан ішушілерге сүйкімді нағыз сүтті сендерге ішкіземіз.» (16-66) Адам баласының малы- деп жыныс мүшесі мен аяқтан төменгі бөлікті атайтын болса, 8-түрлі мал болып, соның енді нағыз сүт деп жұбайлық өмір арқылы берілетін, алмасатын жыныс қуатының шарабын ескертеді. Осы сүттің әсеріне қарай ерлі-зайыптылардың бір-бірінен мінез кейде түрлерінің де ұқсай бастауы қалыптасады. Сол сияқты жаман қылықтары мен жын-шайтандық қуатары да бір-біріне қоныстануымен орыс халқының «Муж и жена одна сатана» дейтін мақалы да осындай теріс қылықтардың әсерін ескертсе аталарымыз; «Қаралысында қатын семіреді.» «Жаман еркектің басын жақсы әйел хан қылыды. Жақсы еркектің басын жаман әйел даң қылыды.» деп әйел жыныс сүтінің ерекке беретін әсерін ескертсе; «Қатының жаман болса сата алмассың, Еліңе жақсы жігіт аталмассың», «Сынықтан басқаның бәрі жұғады» деп ескертіп «Сұлулығына су құйып ішесің бе?» деген астарлы сауалмен әйелдің тән, жан тазалығының адамзаттың несібесі ыдысы, тостағаны екенін білген. Абай атамыз; «Қатыным қалай деме ақсақал бай, Сонымен дос боп жүрсің, япырым-ай! Қу қатының майыса, мәз болсың, Шайтанның шәкіртінің қылығын-ай! Қартаң бай, қатты сақ бол, тілге көнсең, Мүйіз шығар қатынның тіліне ерсең. Тіпті оңбассың, өзіңе өзің мәз боп, Дастархан мен қатынды мақтан көрсең.» Әйелдердің сауықшыл жеңіл мінезіне көнгіш және сырт сылулығына мәз болған еректің де түбінде өзі де шайтанға айналып және ондай қатынның дастарханға қойылған көпшіліктің асы екенін ескертеді. Сондықтан; «Әйел адам гүлмен тең, дымды сүймек, Көзінен жасы шықса, бойына ем. Көңіліңе дайын тұр ғой жайым менің, Дұшпандығың қатайған шығар сенің. Егер менің ішімді жарып көрсең, Жылауыңды ұмытып шошыр едің.» деп қатал еркек мінезді, ашушаң әйелдің көңілі де сондай болып, жын-шайтаны төсек арқылы еркеке берілетінін ескертіпті. Аталарымыз жұптасуды; «Көңіл қосу» деп ал көңілдің қылықтар нәтижесі екенін құранда да ескертеді. Аятта; «Әй мүміндер! Сөзсіз әйелдеріңнен баларыңнан (жындарыңнан, нәпсіліріңнен) өздеріңе дұшпан болатындар да бар. Олардан сақсынсаңдар.(Сақтаныңдар) Егер оларды кешірім етсеңдер, шығысыңдар, жарылқасаңдар, шәксіз Алла, өте жарылқаушы, ерекше мейрімді.» (64-14) Бұл аятың шешімін де қалай шығысудың (жұбайлық өмірдің) құпия сырларын меңгерген данагөй аталарымыз; «Көшем деп отыныңды, жаман деп қатыныңды тастама» деп, қатында-отының екенін, кешірім жолын, салтыңды ұмытпа деп ескертіпті. Гендір саясатын қазақтан артық меңгерен әлемде елді табу қиын шығар. «Қаралы жерде қатын семіреді» деген астарлы сөздің өзінде әйелдің басын бос қоймай үнемі некеде ұстау және етеккірі тоқтағанан кейінде семіріп шайтаны өсіп, өмірі қысқармау үшін, қаралығын жынын көбейтпей, тең ұстап тазартып отыру үшін, еректің де ден саулығын, он саулық жынын ауыздықтап, тәрбиелеу үшін, әйелзатының жасы келгенен кейін еркек жыныстық жынымен, тәнінің арамданып, жаман ауруларға ұшырамай бәйбіше атанып, еркектің ақылшысы, қауымның үлгісі қылып, ақ жаулық тоқал (қалдықты жағушы, тазартушы) заңдылығын да өз ретімен қалыптасыра білген. Бұл негізінен аталарымыздың ақирет заңдылығына қауымның болашағына, ұрпақтардың мәңгүтенбеуіне біздерің осындай бақытты заманда туылуымызға алдын ала жасалған шариғи тағаттарымыз, салт-дәстүріміз, жартушы үкімдеріне халықтың дұрыс қылығын, адамдардың ішкі зайырлығын қалыптастыруға арналған жан ғылымы еді. Арап елі қатындарын қараға орап қою себебі осы шайтанды өсірмеуге, үнемі күнен қызу алып тірілей тозаққа салып қойған. Християн жұртында байы өлгенде қара жамылуда осындай себептен, шайтанның түртпегінен сақтану үшін жасалған және оны да дұрыс ұстанбай, әйел басын жалаңаштап керісінше жан ғылымын жоғалтып, әйелзатының қылығын, жынын бақа, шаян жәндіктерге айырбастап алған. Ал қазақ салтында оңай жолмен және әйел құқығына да жан-тәніне ауыр салмақ түсірмей шеше білген. Қай елдің салтында таза жан ғылымының негізі болса, сол ел тура жолда болып, оны өзіміз өзгерпесек Алланың өзгерпейтіне берілген құранда уәде де бар. Сондай берілген үгітерді ұмытқандарға, Алла егер қылықтары бойынша адамзатты қолға алса, жер бетінде жәндіктер қаламас еді деп есертудің астарында да көп сыр бар. Оны аталарымыз түсінде көріп, болашақта ұрпағымыз бақа-шаянға айналатын болды деп уайымдап өткен. Сондықтан да жәндіктер адам баласының теріс қылықтарының, көңілдердің шеріктермен қосылған өнімі болып табылды. Және қай елдің, адам баласының қылығы қандай болса, сондай нәрседен пайда болған азыққа құмар болып келеді. Қытай, шығыс азия, үнді елдерінің жәндікпен жәндікпен қоректенетіні осындайдан пайда болған. Шерік қосылу дегеніміздің негізі осыдан көңілден яғни ниеттің әрекетінен пайда болып, ал енді сыртқы кеңістіктердегі шеріктермен қосылу сөздің көлеңкесінің тазалығына, ауызды арамдап жаман сөздерді айтпауға байланысты. Егер зираттағанан шерік қосылады деген ұғымға келсек онда зират басына барып, құран оқып Алланы еске алмай, дүниенің әңгімесімен, бірін-бірін өсектеген жаман сөздермен, Алла бұйырмаған істерді, қылықтарды жасауды шерік қатуды айтады. Арнаулы ниетеніп дәрет, киімін сақтап, құран оқылып, садақасын беріп, мал жұмсалып жаратқанға жалбарынып дұға жасалғаннан кейінгі қайбір де әрекеттер шерік қатуға да қосуға да жатпайды да оны айтқан адам баласы құранды мазақтап, шүкірлік құлшылығына теңдес жасап, күдіксіз серік қосып, Аллаға ортақ қосқан болып есептеледі.
Серік қосу мен серік қатып, ортақ қосу туралы.
Бір күні Пайғамбарымыз үш рет: «Сендерге ең үлкен күнәлар туралы хабар берейін бе?»- деп айтты. Сахабалар: «Әлбетте, уа Алланың елшісі!» -деді. Пайғамбарымыз: «Олар Алаға серік қосу және ата-анаға қарсы келу»,- деп жамбастап жатқан жерінен тіктеліп отырды да, сосын: «Ең үлкен күнәлардың бірі –жалған сөз ғой»,-және ол бұл сөзді қайталай берді, қайталай берді, тіпті біз: «Айтуын қойса еді.» дедік. Әбу Бәкірден өсиет; 1119(2654) Енді аятта: «Сол уақытта Лұқман өз ұлына үгіт бере отырып; «Әй ұлым! Аллаға серік қоспа! Күдіксіз ортақ қосу зор зұлымдық.»-деді. (31-13). Бұл мысалдардан айта-айта жауыр болған «Серік қосудың» үш түрі бар екен. Біріншісі; қандайда бір дерекке сүйенбей ойдан немесе жорамалдап болсын, жалған сөйлеу, жалған куәлік беру. Екінші түрі; ата-анаңа әдет-ғұрпыңа, салт-дәстүріңе қарсылық білдіру серік қосу амалы болып тек киелі кітап аяттарына жаратушы үкімдеріне қарсы мәжбүрлеген жағдайда тыңдамауға болатынын ескерткен. Үшіншісі; Аллаға серік қосу түсірілген аяттар мен пайғамбарлар көрсеткен нұсқауларды және әр елге өздеріне болған хикметті істермен көрсеткен ашық дәлелдерді жалғанға шығарып, ертегіге айналдырып қарсылық білдіру. Ал ортақ қосу амалы; киелі кітаптар үкімін өзгерту немесе басқаша жорамалдап түсіндіру, ескерту уахи, түс, аянды зертеп, талдамай шайтаннан деген пікірлермен хақиқатты жалғанға айналдыру әрекеттері, зор зұлымдықты туындатып, діншілер тілімен «Дәжал» және «Тажал» деп аталады. Дәжәл деп сөзбен азғырушы шайтан адамдарды ескерсе, тажал-сөзімен теріс қылығы ісі де бар жын-шайтанға айналған адам баласын ескертеді. Енді дін істеріндегі тәпсірші, имамдардың, ғалымдардың құран аяттарын, пайғамбарлар өсиетерін толық түсініп немесе ғылымын білмей жалған ұғымдармен аяттарға теңдес жасап пәтуа берулерін, өздері онысына күдіктенбей, «Күдіксіз серік қосып, ортақ қосу зор зұлымдық!» деп ескертеді. Алла үкімдеріне, киелі кітаптар арқылы адамзатпен ортақ тілдесіп үгіт, насихаттарын халықтың білімсіздігін пайдаланып, өздерін пір санап яғни «Құдайға» айналып, тек менің ақылымен ғана жүріп соңымнан ер деген аң аулаған аюдай, ақылдың еркіне тұзақ құрып адам аулайтын әрекетерін кешірілмейтін күнә, Аллаға серік қосу деп атайды. Қазақ заңгерлерінің ата заңымызға сүйеніп дін сектасы деп зиратшыларды Ата-жолын сотап қудалау әрекетері біздің дін ғалымдарымыздың, философия өмір мектебіміздің, әкім қаралар мен, саясатшылардың осы құран аятары мен жан сырынан, ата салт-дәстүрінен қаншалықты білімділігін көрсететін қазақ тарихында ұмтылмайтын заман оқиғасы болып саналады. Сондықтан адам баласының еркіндігі ол не істеп не қойсам еркімде деген емес, керісінше ақыл-ойдың азаттығынан туатын сыртқы қандайда жан сырына, рух азатығына нұқсан келетін әсерлерге бағынышты болмауды айтады. Бұндай еркіндікті аталарымыз; «Бас кеспек болса да тіл кеспек жоқ.» деп тұжырымдаған. Енді ақыл-ой, сөз еркіндігімізді таразыға салып аз ғана мысалдарға тоқтала кетейік.
Аллаға құлшылық пен табыну және сиыну.
Достарыңызбен бөлісу: |