ХАТТАМА
15 қаңтар, 2017 жыл
Жанқожа батыр атындағы №70 мектептің 11 «А» сыныбының жалпы жиналысы болып өтті.
Қатысуға тиісті – 20
Қатысқаны – 19
Күн тәртібінде:
1.Оқушылардың әлеуметтік желілерде теріс пікірлер жарияламау және смартфон ұстамауы жөніндегі түсіндірме жұмыстары
2.Ағымдағы жұмыстар
Тыңдалды:
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша сынып жетекшісі Қ.Жолдыбай сөз алды. Қ.Жолдыбай: Балалар, қазіргі таңда әлеуметтік желілер адамдардың санасын жаппай жаулап алуда. Өздерің де бірнеше әлеуметтік желілер арқылы бір-бірлеріңмен қарым-қатынасқа түсетіндерің жасырын емес. Дамыған заманда әлеуметтік желілердің де атқаратын өзіндік қызметтері бар екендігін де мойындаймыз. Алайда, осы әлеуметтік желіліредің барлығы да пайдалы деп айта алмаймын. Мысалы, желіге бір кірсең, одан ұзақ уақытқа дейін шыға алмай қаласың, яңни сенің уақытыңның көбін ұрлайды. Сонымен бірге қажетсіз немесе зиянды мол ақпарат та айналып келгенде өзінің пайдасынан гөрі зияндылығын тигізбей қоймайтынын баса айтқым келеді. Компьютер немесе телефонға ұзақ үңіліп қарау да денсаулыққа зиян шектіретіндігін білесіңдер. Өйткені көз шаршаса, мидың да жұмыс істеу қабілеті бірден төмендейді. Ми шаршаған соғ. Сабаққа деген ынталарың қашып, қажетті ақпараттар мен сабақ материалдарын естеріңде ұстай алмауларың мүмкін. Желідегі барлық ақпараттарға сене де бермеу керек. Өйткені адамдар арасында әртүрлі іріткі салғысы келетін теріс пиғылдағы кейбір адамдар жастардың арасында жалған ақпараттар таратуы мүмкін. Сондықтан өз уақыттарыңды бостан бос жоғалтпай барынша әлеуметтік желілерде отырмауларың қажеттігін ескертемін. Өздерің білетіндей Қазалы жастарының да «Признавашки Казалинск» атты группасы туралы естігендерің немесе осы группаға тіркелгендерің бар шығар. Аталған группада отырып, әртүрлі теріс пікір айтып, комментарий қалдырмауларыңды қатаң түрде ескертемін. Себебі бұл желі заң өкілдері тарапынан бақыланып отыр. Осыны естеріңде ұстап, аталған әлеуметтік желіде «кім біледі?» деп ойлап, есімімді өзгерттім ғой деген оймен, комментарийлер жазып жүрмеңдер. Өздерің білесіңдер, қазір жаһандану заманы, яғни, барлық ақпараттарды спутниктер арқылы білуге болады. Сен аты-жөніңді өзгерткендеріңмен, сендердің желіге, интернетке қосылып отырған мекен-жайларыңды тауып алу бірнеше секундтардың үлесінде дегім келеді. Сондықтан абай болып, ата-аналарыңа, ұстаздарыңа ұят жағдай келтіріп жүрмеңдер. Әлеуметтік желілерге уақыттарыңды бос кетірмей, одан да алдағы мемлекеттік емтихандарға тыңғылықты дайындық жұмыстарын жүргізіңдер.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша сынып жетекшісі оқушыларға беймезгіл уақытта көшеде жүрмеу, көше бұзақыларына қосылмау, сабақтан кешікпеу жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сонымен бірге оқу жылын аяқтау, алдағы емтихандарға дайындық жұмыстары туралы талқылады.
Шығып сөйлеушілер:
Р.Әбілдос сынып оқушысы: Бүгінгі сынып жиналысында көтеріліп отырған мәселелердің барлығы орынды. Әлеуметтік желілерге қосылатынымыз рас. «Признавашки Казалинск» группасы туралы да естігеніміз бар. Шынында да біз өз уақытымызды өзіміз ұрламай, одан да өзімізге пайдалы істермен айналысайық. Әлеуметтік желілердің қазіргі таңда бізге аса көп өажеттілігі бар деп ойламаймын. Өйткені жаңа апай айтқандай алдымызда сынақ бар. Соған дқрыфс дайындалуымыз керек.
А.Темірбекқызы, сынып оқушысы: Мен айтылған пікірлерді қолдаймын. Апайдың, Рамазанның айтып отырғандары дұрыс. Кейде әлеуметтік желіде бір кіріп алып, уақыттың қалай өтіп кеткенін байқамай қалатын, сонымен бірге ұйқымыз қанбай, ертеңіне сабаққа тұра алмай қалған кездеріміз болған. Сондықтан да жиналыста айтылған ескертулердің барлығын ескеріп, өз пайдамызға жаратайық дегім келеді.Жиналысқа қатысушылар қаулы қабылдады.
Қаулы:
Сынып оқушыларының әлеуметтік желілеріне қосылуын қадағалап отыру және ата-аналарына ескерту мақсатында сынып оқушыларынан төмендегідей құрамда комиссия құрылсын:
Аружан Темірбекқызы – комиссия төрайымы
Әбілдос Рамазан – мүшесі
Шәкіман Ғалия - мүшесі
Әртүрлі әлеуметтік желілерінде теріс пікірлер мен комментариийлер қалдырмау, сынып оқушыларына міндеттелсін және ондай жайлар орын алған жағдайда шара қолданатылатыны оқушыларға ескертілсін.
Сынып жетекшісі: Қ.Жолдыбай
Хатшы: А.Темірбекқызы
ХАТТАМА 10 қыркүйек, 2016 жыл
Жанқожа батыр атындағы №70 мектептің 11 «А» сыныбының ата-аналар жиналысы болып өтті.
Қатысуға тиісті – 20
Қатысқаны – 15