Жанқожа батыр атындағы №70 мектептің 11 «А» сыныбының жалпы жиналысы болып өтті



бет4/11
Дата08.12.2022
өлшемі57,81 Kb.
#161881
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
хаттама9 г
ТЕСТ №1 психиатрия, Жақыпбек Зәрипа Срм5, 1602237100, Тест сұрақтары Электроника және схематехника
Шығып сөйлеушілер:
Т.Меңдібаев, математика пән мұғалімі: Биылғы мектеп бітірушілер үшін күрделі әрі жауапты кезең болғалы тұр. Математика пәнінен 11А сыныбы қосымша сабақты бастап кетті. Бірдің абыройы мыңның абыройы. Ұқыпты дайындықтың арқасында нәтижеге жетеміз деп ойлаймын.
Ж.Сисенбай, қазақ тілі пәнінің мұғалімі: Жылда оқушыларды қазақ тілінен тестілеуге дайындалатын. Бұл бұрынғы шығарма ізі болып тұр ғой. Жоспар құрып түрлі, кең ауқымды тақырыптар бойынша эсселер жаздырып, оқушы сөздік қорын, сауаттылығын арттыру қажет деп ойлаймын.
А.Құрақбаева, ағылшын пәні мұғалімі: Біздің пәнге өте қиын болып тұр.Әрі тілді түсіндірумен қатар аударма деген қиын балаға. Сөздіктермен үзбей жұмыс жасау керектігін айтамын.11А сыныбында бір оқушы таңдап отыр.
А.Шермаханова, орыс тілі пәні мұғалімі: Оқушыларды тестілеуге дайындайтын едік. Біздің пәндегі ерекшелік мәтінмен жұмыс, грамматикалық дайындықты тиянақты дайындаса жемісін көрерміз деп ойлаймын.
Бұдан соң бірнеше мұғалімдердің пікірі тыңдалды.Жиналысқа қатысушылар қаулы қабылдады.


Қаулы:

  1. 2016-2017 оқу жылында 11- сыныпты бітірушілердің емтиханындағы жаңаша өзгерістермен таныса отырып, үздіксіз дайындық жұмыстарының жүргізілуі пән мұғалімдеріне жүктелсін.

  2. 11- сынып оқушыларының белгіленген кесте бойынша қосымша сабақтарға түгел қатыстыру сынып жетекшілеріне міндеттелінсін.

  3. Мектеп бітіру емтиханының жаңа формасы туралы ата- аналарға таныстырып, жоспарлы жұмыс жүргізу жауапкершілігі сынып жеткешілерінен сұралсын.

Жиналыс төрайымы: Қ.Сермахан
Хатшы: Қ.Жолдыбай

ХАТТАМА
31 қазан , 2016 жыл
Жанқожа батыр атындағы №70 мектептің ұстаздары мен 11«А,Б» сынып оқушылыры арасында жалпы жиналысы болып өтті.
Қатысуға тиісті – 70
Қатысқаны – 70


Күн тәртібінде:
1.2016-2017 оқу жылында 11- сыныпты бітірушілердің емтиханындағы жаңа өзгерістер туралы түсіндірме жұмыстары
Тыңдалды:
Жиналысты 11 А сынып жетекшісі Қ.Жолдыбай ашып, мектеп директорының бейінді оқыту жөніндегі орынбары Н.Балғараевқа сөз берді.
Н.Балғараев: Мектеп оқушылары, қазіргі таңда мектеп бітіру емтиханы құрылымы өзгерді. Мектепте қазақ тілі пәнінен эссе жазады. Матемтика пәнінен бақылау жұмысын геометриясыз орындайды. Орыс тілі пәнінен оқу сауаттылығынан болады.
Ібөлім: Лексика - грамматикалық сауаттылық. (20сұрақ, 1 дұрыс жауап, 2 бөлім: Аудирование ( 10 сұрақ , 200-250 сөзден тұратын 2 мәтін бойынша, бірнеше дұрыс жауап) 3бөлім: Оқу ( 10сұрақ , 200-250сөзден тұратын 2 мәтін бойынша, бір дұрыс жауап ) Жалпы 40 тест сұрағы.
Қазақстан тарихынан 10 сұрақ, 1дұрыс жауап. 10 сұрақ бірнеше дұрыс жауап. Жалпы 20 тест сұрағы.
Таңдау пәні 20сұрақ, 1 дұрыс жауап, 20сұрақ бірнеше дұрыс жауап, Жалпы 40сұрағы. Ағылшыннан І бөлім: Лексика- грамматикалық сауаттылық. (20сұрақ, 1 дұрыс жауап) 2бөлім: Аудирование ( 10 сұрақ ,200-250 сөзден тұратын 2 мәтін бойынша,бірнеше дұрыс жауап) 3бөлім: Оқу ( 10сұрақ , 200-250сөзден тұратын 2 мәтін бойынша, бір дұрыс жауап ) Жалпы 40 тест сұрағы.
Информатикадан 20 тест сұрағы, бір дұрыс жауап, 10 практикалық тапсырмалар беріледі. Әрбір оқушы негізгі пәндер бойынша дайындыққа үзбей қатысып, тиянақты дайындалу қажет деген сөз. Қосымша сабақ кестесі дайындалып, бекітілді. Пән мұғалімдерімен тығыз байланыста болып, дайындық жүргізілу керек. Оқушылардан үздіксіз дайындақта, ізденіс болуды күтеміз. Тек еңбектену – түбі жеміс болғай дейміз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет