Ағылшынпән бірлестігі жетекшісі,А.Садуова: Адамнан алатын тәрбие өз мақсатына жетті, адам соншалықты жетілгенде еркі мен күші арқылы өзінің білімін келешекте жетілдірудің жолы мен тәсілдерін, жеке өзі жүзеге асыра алады...» К.Ушинский «Мұғалім өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім. Оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімдігі де жойылады» деген.А.Дистервег
Мектепте оқу мен тәрбие сапасын жетілдіру- тікелей мұғалімнің даярлық деңгейіне байланысты. Бұл деңгей үнемі өсіп отыруы керек. Ол- білім жетілдіру курстары, семинар, конференция, өзіндік білімін жетілдіру жоспары. Өзіндік білімді көтеру , бұл кез-келген кәсіпте жұмыс істейтін адамның шығармашылық, жауапкершілігі, адамның қажеттілігі. Қоғам алдында моральдық жауапкершілігі жоғары мұғалімдерге әсіресе, ерекше қажет. Педагогикалық сөздікте- бағытталған танымдық қызмет, жеке тұлғаның меңгеруі, белгілі бір ғылым бойынша білімінің болуы, қызығушылық, өзіндік білімді меңгеруі делінген.педагогикалық қызметтегі қажетті шарттардың бірі. Қоғам әрқашан да мұғалімге жоғары талап қояды. Біреуді үйрету үшін, өзің де одан да көп білуің керек. Жаңа тұрпатта мұғалім тек өз пәнін білумен ғана шектелмейді, әдістемені, жақын ғылымдарды, қоғам өмірін, саясатты, экономиканы білуі керек. себебі оның алдындағы оқушылар өзгереді, уақыт өзгереді, оқушының қоғам, қоршаған орта туралы көзқарастары тереңдейді.
Шығып сөйлеушілер: Б.Жайшиликова, қазақ тілі мұғалімі:Өзіндік білім жетілдіру – бұл мұғалімнің көмегінсіз өз бетінше білім алу» С.И. Ожегов.Мұғалім үйретенді- әзірше өзі үйренеді.
Білім беру мекемелерінде негізгі тұлға педагог болып табылады. Мемлекеттің педагог мамандарға бағдарланған … Баланың негізгі құзыреттіліктерінің қалыптасу деңгейін бағалауға дайындық педагогтың негізгі құзыреттіліктерінің деңгейімен тікелей байланысты. Семинарлар мен конференцияларға , әр түрлі курстарға , әріптестерінің сабақтарынына қатысу кәсіби педагогикалық біліктілігін жетілдіруге үлкен септігін тигізеді. Өзіндік білім жетілдіру мұғалімнің дамуына жеке тұлға және өз ісінің кәсіби шебері ретінде кәсіби-жеке тұлғалық қасиеттерін , біліктілік деңгейін жетілдіруге, педагогикалық қабілеттері мен тәжірибелік біліктілігін арттыруға ықпал етеді.Өзіндік білім жетілдіру - кәсіби біліктілік дағдыларын шыңдау олардың тәжірибе жинақтауының ең басты негізі болып табылады.