Күн тәртібінде: 1. 2016-2017 оқу жылының басталуы туралы.
2. Оқушылар мен жасөспірімдер арасында топтасып төбелесудің алдын алу және болдырмау шаралары.
3. Отбасында балалармен талқыланатын діни тақырыптар мен діни экстремизмнің алдын алу шаралары.
4. Мектепте оқушылардың смартфондар,интернет желісіне қосылатын ұялы телефондарұстауына тыйымсалынуы туралы түсіндірме жұмыстары.
5. Мектеп формасына қойылатын талаптар туралы.
6. Ағымдағы мәселелер.
Тыңдалды: Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша сынып жетекшісі Қ.Жолдыбай сөз алды.: Қ.Жолдыбай: Құрметті ата- аналар жаңа оқу жылымен құттықтаймын. Балалармен, сіздермен аман есен қауышқаныма қуаныштымын. Биылғы оқу жылы біздің сынып үшін ерекше болмақ. Себебі 11 сыныпты бастап,аяқтаймыз.Алда оқушыларды үлкен сынақ күтуде. Сол сынақта бірге болуды шақырамын. Оқушылар мен жасөспірімдер арасында топтасып төбелесудің алдын алу және болдырмау үшін бірге бақылап, қадағалайықшы. Достары мен жолдастарын білейік. Отбасында балалармен талқыланатын діни тақырыптар мен діни экстремизмнің алдын алу мақсатында көзқарас пікірлерді абайлап, аңдаңқырап жүріңіздер дегім келеді. Бала бауыр етің, бірдеңе ұшырамауына сіз бен біз болып жауапкершілікпен қарайық.Мектепте оқушылардың смартфондар,интернет желісіне қосылатын ұялы телефондарұстауына тыйымсалынуы туралы түсіндірме жұмыстары.Қазіргі таңда әлеуметтік желілер адамдардың санасын жаппай жаулап алуда. Өздерің де бірнеше әлеуметтік желілер арқылы бір-бірлеріңмен қарым-қатынасқа түсетіндерің жасырын емес. Дамыған заманда әлеуметтік желілердің де атқаратын өзіндік қызметтері бар екендігін де мойындаймыз. Алайда, осы әлеуметтік желіліредің барлығы да пайдалы деп айта алмаймын. Мысалы, желіге бір кірсең, одан ұзақ уақытқа дейін шыға алмай қаласың, яңни сенің уақытыңның көбін ұрлайды. Сонымен бірге қажетсіз немесе зиянды мол ақпарат та айналып келгенде өзінің пайдасынан гөрі зияндылығын тигізбей қоймайтынын баса айтқым келеді. Компьютер немесе телефонға ұзақ үңіліп қарау да денсаулыққа зиян шектіретіндігін білесіңдер. Өйткені көз шаршаса, мидың да жұмыс істеу қабілеті бірден төмендейді. Ми шаршаған соғ. Сабаққа деген ынталарың қашып, қажетті ақпараттар мен сабақ материалдарын естеріңде ұстай алмауларың мүмкін. Желідегі барлық ақпараттарға сене де бермеу керек. Өйткені адамдар арасында әртүрлі іріткі салғысы келетін теріс пиғылдағы кейбір адамдар жастардың арасында жалған ақпараттар таратуы мүмкін. Сондықтан өз уақыттарыңды бостан бос жоғалтпай барынша әлеуметтік желілерде отырмауларың қажеттігін ескертемін.
Күн тәртібіндегі келесі мәселе бойынша сынып жетекшісі мектеп формасына қойылатын талаптар туралы жаңа ақпаратпен ата –аналарды таныстырды.
Оқушылардың беймезгіл уақытта көшеде жүрмеу, көше бұзақыларына қосылмау, сабақтан кешікпеу жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді.