Тапалова Аселхан Жасталапқызы математика пәнінің мұғалімі БҚо ақжайық ауданы «Дарындылар додасы»



Дата28.01.2018
өлшемі108,58 Kb.
#35420
Тапалова Аселхан Жасталапқызы

математика пәнінің мұғалімі

БҚО Ақжайық ауданы

«Дарындылар додасы» интелектуальды сайыс.


Мақсаты: түрлі ойындар ойнау арқылы математиканың көп қырлылығына және оның қызықты да, тартымдылығына көз жеткізу.
Уақытында математика сырын түсінбей, кейіннен уысымызға түсірмей қалмас үшін, бүгінгі таңда математикамен сырласып, сандарменен мұңдасып қалу үшін өткізгелі тұрған кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер.
Математика тілін үйренем деушілерге

Математика тілін білмек ойы барларға

Бүгін болатын кешімізді арнаймыз.

Ғылымдардың патшасы атанғансың

Евклид, Пифагордан бата алғансың

Төзбейтін өтірікке, жалғандыққа,

Жасықтан емессің сен, қаталдансың

«Ақыл ойды тәртіпке» келтіретін

Нағыз пән – математика атанғансың!
Сайыстың жоспары:


  1. Жедел жауап

  2. Білдік, ойымызға сақтадық.

  3. Мықты болсаң, тауып көр.

  4. «Сәйкесін тап!»

  5. Жолайрық айналымы.

  6. Есепке кім жүйрік.


І тур. Жедел жауап. Бұл турда 20 сұрақ қойылады. Әр сұраққа 10 ұпайдан беріледі.

  1. Египеттегі әлемнің жеті кереметінің бірі перғауындар жерленген, ал математика ғылымында геометриялық фигура. Ол қандай фигура? ( тікбұрышты үшбұрыш)

  2. Түлкі әрбір 6 секундта 4 рет секіреді. Ол 10 рет секіру үшін қанша секунд кетеді? (15 секунд)

  3. Гректің «параллель» сөзі қазақша қалай аударылады? (қатар жүруші)

  4. Катет қайдай үшбұрышта болады? (тікбұрышты үшбұрыш)

  5. Ежелгі грек ойшылы, ғұлама математик кім? (Пифагор)

  6. Екі әке, екі бала үш алманы қалай бөліп жейді? (атасы, баласы, немересі. Үш адам)

  7. Қазақстанда бір қала бар 9 әріптен тұрады, алдыңғы 3 әріпі математикалық сан, одан кейінгі 3 әріп адамның дене мүшесі, одан кейінгі 3 әріпі химиялық зат. Бұл қай қала? (Екібастұз)



  1. Ежелгі Грецияда үстелді трапедзион деп атаған, ал трапедзион сөзінің математикаға қатынасы қандай? (трапеция деген сөз шыққан)

  2. Ең алғашқы сегіз разрядты сандардың қосындысын табатын машинаны жасаған кім? (1641 ж. Бияз Паскаль ойлап жасады. Ол онда 19 жаста еді)

  3. Ресейде алғаш компьютердің тышқан тәрізді құралын орыстың ертегісін кейіпкерінің атымен атады. Ол қай кейіпкер? (Колобок)

  4. Кері итеру күш қалай аталады? (архимед күші)

  5. Орнынан қозғалмай жүретін не? (сағат)

  6. Сурет салу программасы (PAINT)

  7. 4 қабырғасы тең тіктөртбұрыш (квадрат)

  8. Кесіндіні өлшейтін аспап (сызғыш)

  9. Қай планетада атмосфера жоқ? (меркурий)

  10. Қиылыспайтын түзулер (параллель түзулер)

  11. Басқа кисен бөрік, сәнді сұлу көрік (конус)

  12. Екі жағы шектелген түзу (кесінді)

  13. Жарты түзудің басқаша аты (сәуле)



ІІ тур. Білдік, ойымызға сақтадық!

Бұл турда математикалық термендерге байланысты жұмбақтар қойылады. Әр дұрыс жауапқа 10 ұпайдан қойылады.



  1. Биологияда бұл паразит

Көзге зорға көрінер.

Информатикада өлшем бірлік

Ақпараттарды өлшер. (бит)


  1. Айналдырса оны егер

Шар болады кемеңгер.

Ерекше нүктесі бар

Ол қай нүкте демеңдер. (шеңбер)


  1. Біз санбыз

Сызықпенен бөлінген

Математиканы ұқпас адамға

Құбыжық болып көрінген

Дұрыс, бұрыс, аралас

Ондық болып керілген. (бөлшек)


  1. Айқасқан екі таяқ

Тұрады жоқты сұрап. (ихс)

  1. Санау үшін малды, талды

Ертеден мұра болып қалды

Қосып,көбейтіп, азайтып, бөлеміз

Күнделікті ол санды. (натурал сан)


  1. Бойы екі – ақ қарыс

Сиып тұр 25 арыс (сызғыш)


  1. Тұрады ол жолдармен бағандардан,

Және тұрар ұяшықтар ағымынан.

Кәне ойланыпкөрейік ол не екен,

Баған менен жолдарды қиылыстырған. (кесте)


  1. Тіктөртбұрышқа ұқсайды,

Елемей жүруге болмайды.

Баған менен жолдардың қиылысы,

Кестеде қай элементті құрайды (ұяшық)


ІІІ тур. Мықты болсаң, тауып көр.
Бұл турда тригонометрия сөзі беріледі. Сол сөзге математикаға байланысты сөздер жазамыз. Әр сөзге 10 ұпайдан. Сөздер қайдаланбау керек.

Т-рапеция

Р-омб

И-хс

Г-еометрия

О-ң сандар

Н- натурал сан

О-рдината

М-етр

Е-сеп

Т-өртбұрыш

Р-адиус

И-ррационал сандар

Я-

IY тур. «Сәйкесін тап!»

Бұл турда сөздің жалғасын табу керек. Дұрыс жауапқа 10 ұпайдан.

Сөздер информатика, математика, бағытына арналған.


1

Бас

Тау

2

Ме

Вить

3

Сақ

Актор

4

Вста

Манда

5

Ред

Ню

6

Фа

Тау

7

Ко

Езать

8

выр

йл


Бастау

Меню

Сақтау

Вставить

Редактор

Файл

Команда

Вырезать

1

Про

Цессор

2

Перне

Ковод

3

Ақ

Тін

4

Дис

Штаб

5

Коп

Тақта

6

Мә

Парат

7

Ба

Ировать

8

мас

йт


Процессор

Пернетақта

Ақпарат

Дисковод

Копировать

Мәтін

Байт

Масштаб
Y тур. Жолайрық айналымы.

Процентті ондық бөлшек түрінде жазу. Жауапқа сәйкес қойылған әріптерді орналастырып кестені толдыру.




3%

210%

52%

15%

3%

210%

52%

340%

25%

210%
































Т

И

А

М

Е

К

0,52

3,4

2,1

0,03

0,15

0,25


Жауабы:

3%

210%

52%

15%

3%

210%

52%

340%

25%

210%

0,03

2,1

0,52

0,15

0,03

2,1

0,52

3,4

0,25

2,1

М

А

Т

Е

М

А

Т

И

К

А


6 Тур. Есепке кім жүйрік.

6 есеп беріледі және жасқа байланысты 1 есеп беріледі. Есептерді шығаруға 1 минут уақыт беріледі. Дұрыс есепге 10 ұпай қойылады.

І топқа:

1)

2) 10у-6-4у+6у (12у-6)

3) (1)

4) (0;3)

5) (1,1)

6) 0,83+8,875 (9,705)

Жасқа байланысты есеп:

Медет ағасынан қанша жасқа келдіңіз деп сұрады, сонда ағасы мен сендей кезімде сен 10 жаста едің, сен мендей болғанда, мен 46 жасқа шығамын деді. Сонда Медет пен ағасы биыл қанша жаста?

Шешуі: Медет биыл х жаста, ағасы биыл у жаста десек, онда Медет пен ағасының жас айырмашылығы өзгермейтін шартына негізделгенде, мынау шығады.

Медет 22 жаста, ағасы 34 жаста

ІІ топ:


1)

2) 8с-13+4с+2у (14с-13)

3) (30)

4) (0;-8)

5) (0,6)

6) 0,492+1,8174 (2,3094)


Жасқа байланысты есеп:

Айбын, Талантқа: мен сендей кезімде, сенің жасың менің қазіргі жасымның жартысындай еді, сенің жасың қазіргі менің жасымдай болғанда,


екеуіміздің жастарымыздың қосындысы 54 болады деді. Айбын мен Талант биыл қанша жаста.



Шешуі: айбын биыл х жаста, Талант биыл у десек, онда мәселенің мағынасы бойынша мынау шығады. Айбын биыл 24 жаста, Талант биыл 18 жаста болады.
Қорытынды

Алдын – ала сайланған әділ қазылардың белгіленген балл мөлшерін есептеп, жеңген топты анықтау, сайысты қорытындылау.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет