Әдебиеттік оқу 2 сынып
Тест №1
Оқушының аты- жөні: _________________
1.Қазақ даласына алғаш білім жарығын алып келген адам кім?
А) Ахмет Байтұрсынұлы
Ә) Ыбырай Алтынсарин
Б) Абай Құнанбаев
2.Балаларды оқуға шақыратын Ы.Алтынсаринның өлеңі қалай басталады?
А) Кел, балалар, оқылық
Ә) Бір Аллағы сиынып
Б) Оқысаңыз, балалар
3.«Ата-ана алдындағы борышың» деген тіркестегі «борышың» сөзін басқаша тағы қалай атауға болады?
А) қарызың
Ә) тәртібің
Б) білімің
4.Өлең жазатын адамды қалай атайды?
А) жыршы
Ә) суретші
Б) ақын
5.Тұңғыш «Әліппе» оқулығын жазған кім?
А) Ахмет Байтұрсынұлы
Ә) Ыбырай Алтынсарин
Б) Абай Құнанбаев
6.«Аласың білім кітаптан» деген ақыл сөз кімнің шығармасынан келтірілген?
А) Ахмет Байтұрсынұлы
Ә) Ілияс Жансүгіров
Б) Абай Құнанбаев
7.Қартқожа қай жазушының кейіпкері?
А) Ахмет Байтұрсынұлы
Ә) Ілияс Жансүгіров
Б) Жүсіпбек Аймауытов
8.Қазақ халқының ұлы ғалымы Шоқан Уәлиханов туралы жазған жазушы кім?
А) Сапарғали Бегалин
Ә) Ілияс Жансүгіров
Б) Жүсіпбек Аймауытов
9. Абайдың нақыл сөзін аяқта.
«Адам баласының ең жаманы-...»
А) білімсіз
Ә) талапсыз
Б) ақылсыз
10.Абай Құнанбаев «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінде аталған бес жаман істі ата.
А) өсек, өтірік,талап,еңбек,білім
Ә) өсек, өтірік,қанағат,ұрлық,бірлік
Б) өсек,өтірік, мақтаншақ,еріншек,бекер мал шашпақ
Бағалау формасы
«5»-10-9 дұрыс жауап
«4»-8-7 дұрыс жауап
«3»-6-5 дұрыс жауап
«2»-4-3 дұрыс жауап
Әдебиеттік оқу 2 сынып
Тест№2
Оқушының аты- жөні: _________________
1.Жан-жануарлар туралы ертегіні көрсет?
А) Байлық пен ақыл
Ә) Аңқау арыстан
Б) Ұр,тоқпақ
2.Аңқау арыстан ертегісінде түлкі ненің миын жеп қойды?
А)аюдың
Ә)қойдың
Б) есектің
3.»Байлық пен ақыл» ертегісінде шалдың неше ұлы болған?
А) 5
Ә) 3
Б) 4
4.Шалдың үшінші ұлы күміспен және асыл тастармен әшекейленген қандай затты буынды?
А) сақинаны
Ә) белдікті
Б) жүзікті
5. «Өсек айту жақсылыққа жеткізбейді» деген асыл сөз қай ертегіден алынған?
А) Байлық пен ақыл
Ә) Қасқыр мен түлкі
Б) Ұр,тоқпақ
6. «Ұр, тоқпақ» ертегісіндегі басты кейіпкерлерды ата.
А) түлкі, қасқыр
Ә) шал,Қазбай, балалар
Б) жолбарыс,түлкі, есек
7. «Сақина» ертегісінде кедей сақинаны қайдан алды?
А) зергерден сұрап алды
Ә) балалардан тартып алды
Б) тауықтың жұмыртқасынан
8. Сақина ертегісінде зергер қандай адам екен?
А) арам пиғылды
Ә) ақкөңіл
Б) сараң бай
9. Шибұт,Қылмойын,Қарынбас үшеуі не жасады?
А) жақсылық жасады
Ә) ұрлық жасады
Б) кедейге көмектесті
10. «Ұрлық түбі- қорлық» - қандай ертегіге байланысты айтылған?
А) Байлық пен ақыл
Ә) Аңқау арыстан
Б) Шибұт,Қылмойын,Қарынбас
Бағалау формасы
«5»-10-9 дұрыс жауап
«4»-8-7 дұрыс жауап
«3»-6-5 дұрыс жауап
«2»-4-3 дұрыс жауап
Әдебиеттік оқу 2 сынып
Тест№ 3
Оқушының аты- жөні: _________________
1.«Мүйізі айдай иілген
Мұрнын көкке шүйірген» не?
А) жылқы
Ә) сиыр
Б) түйе
2. «Маң-маң басқан, маң басқан,
Шудаларын шаң басқан» не?
А) жылқы
Ә) сиыр
Б) түйе
3.Өмірде болған адамның басынан өткен әңгіме қалай аталады?
А) жұмбақ
Ә) аңыз
Б) мысал
4. «Еңбек байлыққа жеткізер» деген негізгі ойға құралған ертегіні тап.
А) Байлық пен ақыл
Ә) Аңқау арыстан
Б) Ұр,тоқпақ
5.Жан-жануарлар, аңдар жөнінде әңгімеленген ертегіні ата.
А) Байлық пен ақыл
Ә) Аңқау арыстан
Б) Ұр, тоқпақ
6. Қиял- ғажайып ертегілері тобына жататын мәтінді ата.
А) Түлкі мен қасқыр
Ә) Аңқау арыстан
Б) Ұр, тоқпақ
7. «Бай болсаң, халқыңа пайдаң тисін.
Батыр болсаң, жауға найзаң тисін» деген кім?
А) Әйтеке би
Ә) Қазбек би
Б) Төле би
8. «Жаңбыр жаумаса- жер жетім» деп басталатын шешендік сөзді айтқан кім?
А) Әйтеке би
Ә) Қазбек би
Б) Төле би
9. «Алтын ұяң – Отан қымбат» деп басталатын шешендік сөзді айтқан кім?
А) Әйтеке би
Ә) Қазбек би
Б) Төле би
10. «Дүниеде болады екен қоян мықты,
Жабылып он бес жігіт зорға жықты» қандай өлең шумағынан алынған?
А) мысал өлеңнен
Ә) өтірік өлеңнен
Б) жұмбақ өлеңнен
Бағалау формасы
«5»-10-9 дұрыс жауап
«4»-8-7 дұрыс жауап
«3»-6-5 дұрыс жауап
«2»-4-3 дұрыс жауап
Тест № 4 Әдебиеттік оқу
Оқушының аты- жөні: _________________
1. «Кімнің мекені жақсы?» атты әңгіменің авторы кім?
А) Сәкен Жүнісов
Ә) Мұқағали Мақатаев
Б) Жүсіпбек Аймауытов
2. Жақсы мекен, жайлы қоныс іздеп шыққандар....
А) аю,түлкі, қоян
Ә) құрбақа, құмырысқа, аю
Б) құрбақа, тышқан, құмырсқа
3. Шалшықтың шет жағында қаздиып не тұрды?
А) тырна
Ә) аққу
Б) көкқұтан
4. «Дүние жүзінде менің мекенімнен жақсы, менің қонысымнан жайлы еш жер жоқ, менің мекенімнен, менің қонысымнан!»- деп әнге салып , бикітей ұшқан қандай құс еді?
А) көгершні
Ә) бозторғай
Б) жарғанат
5. « – Шіркін, жауынды жерге не жетсін! Жер бетінің үнемі ылғал тартып тұрғаны қандай рақат!»- деп мәз- мейрам болып жатқан нелер?
А) құмырсқалар
Ә) жауынқұрттар
Б) тышқандар
6. «–О, шіркін! Дүниеде менің інімнен артық жақсы мекен, жайлы қоныс бар ма екен? Өзі тар, өзі қараңғы, өзі қауіпсіз» - деген жолдар қай кейіпкерге тиісті екендігін тап.
А) құрбақа
Ә) тышқан
Б) құмырсқа
7. «–О, шіркін! Дүниеде менің інімнен артық жақсы мекен, жайлы қоныс бар ма екен? Өзі салқын, өзі қыл, өзі көлеңке» - деген жолдар қай кейіпкерге тиісті екендігін тап.
А) құрбақа
Ә) тышқан
Б) құмырсқа
8. «Сонымен дүниедегі ең бір жақсы мекен, жайлы қоныс – әркімнің өз мекені, өз жері екен» – деген жолдар әңгіменің қай бөлігінде айтылады??
А) басында
Ә) соңында
Б) ортасында
9. Құрбақа секіріп, тышқан жорғалап, құмырсқа ... ұзақ жүрді.
А) жүгіріп
Ә) аяңдап
Б) қыбырлап
10. «Әркімнің өз жері- ... шаһары»
А) Алматы
Ә) Тараз
Б) Мысыр
Бағалау формасы
«5»-10-9 дұрыс жауап
«4»-8-7 дұрыс жауап
«3»-6-5 дұрыс жауап
«2»-4-3 дұрыс жауап
Тест № 5 Әдебиеттік оқу
Оқушының аты- жөні: _________________
1. «Ыстық қой, шіркін, туған жер!» деген сөздер кімнің шығармасында келтірілген?
А) Сәкен Жүнісов
Ә) Мұқағали Мақатаев
Б) Жүсіпбек Аймауытов
2. «Қоңырсыған сүт, қайнатқан қаймақ иісі ... түтіннің иісі» деген долдар кездесетін мәтінді ата.
А) М.Мақатаев. Отан туралы
Ә) Ж.Смақов. Отан
Б) Ж.Аймауытов. Туған жер
3. Ж.Смақовтың өлеңі қалай аяқталады: Өйткені ол Отан - ...
А) Ұлы Отан
Ә) Жас Отан
Б) Бұл Отан
4. «Дүние жүзінде менің мекенімнен жақсы, менің қонысымнан жайлы еш жер жоқ, менің мекенімнен, менің қонысымнан!»- деп әнге салып , бикітей ұшқан қандай құс еді?
А) көгершіні
Ә) бозторғай
Б) жарғанат
5. М.Мақатаевтың өлеңі қалай аяқталады:
Отан,Отан
Бәрінен биік екен.
Мен оны мәңгілікке ...
А) ұнатамын
Ә) жырлап өтем
Б) сүйіп өтем
6. «Астана» өлеңінің авторы кім?
А) Сәкен Жүнісов
Ә) Күлаш Ахметова
Б) М.Мақатаев
7. «–О, шіркін! Дүниеде менің інімнен артық жақсы мекен, жайлы қоныс бар ма екен? Өзі салқын, өзі қыл, өзі көлеңке» - деген жолдар қай кейіпкерге тиісті екендігін тап.
А) құрбақа
Ә) тышқан
Б) құмырсқа
8. Ағынды өзен, асқар тау, қасиетті тіл кімнің өлеңінен алынған көркем сөздер?
А) Сәкен Жүнісов
Ә) Күлаш Ахметова
Б) М.Мақатаев
9. Ө.Тұрманжановтың өлеңі қалай аяқталады
Неткен сұлу, неткен көркем
А) Көгінде күн нұрын төккен
Ә) Жерінде гүл жұпар сепкен
Б) Осы менің туған өлкем
10. «Туған тілім» өлеңінің авторы кім?
А) Дихан Әбілев
Ә) Күлаш Ахметова
Б) М.Мақатаев
Бағалау формасы
«5»-10-9 дұрыс жауап
«4»-8-7 дұрыс жауап
«3»-6-5 дұрыс жауап
«2»-4-3 дұрыс жауап
Тест № 6 Әдебиеттік оқу
Оқушының аты- жөні: _________________
1.Жұмбақтың шешуін дұрыс тап:
Есіктен кіреді еңкейіп,
Төрге шығады қампайып.
А) аяз
Ә) жел
Б) үскірік
2. «Күн әбден қысқарған. Күннің көзі көрінсе де, жылынбайды» деген жолдар да жылдың қай мезгілі сипатталады?
А) желтоқсан
Ә) қаңтар
Б) ақпан
3. «Күле шулап кірсе үйге,
Самауыр тұр бу шыққан» кімнің өлеңі?
А) З.Шүкіров
Ә) М.Дулатов
Б) Қ.Аманжолов
4. Солтүстік Қазақстан облысында туған ақын, жазушы әрі педагог кім?
А) М.Дулатов
Ә) Қ.Аманжолов
Б) М.Жұмабаев
5. Тәуелсіздік сөзін басқаша тағы қалай айтуға болады?
А) бақыт
Ә) бостандық
Б) еңбек
6. Қазақша жыл санауда жыл басы неден басталады?
А) түйеден
Ә) тышқаннан
Б) жылқыдан
7. «Шырша жырын» есіңе түсір.Өлең жолдарын дұрыс аяқта:
Қар жауып тұр -
А) далада
Ә) қоймастан
Б) тынбастан
8. Жаңылтпашты дұрыс аяқта:
Киген тоны-
Онды тон, .. .
А)Әдемі тон
Ә)Өңді тон
Б) Қысқа тон
9. Бөлімдегі Бүркіт Ысқақовтың өлеңі қалай аталады?
А) Қыста қызық мейрам бар
Ә) Қыста қызық жұмыс бар
Б) Қыста қызық думан бар
10. Биялай деген сөзді кімнің өлеңінен кездестірдің?
А) Қ.Мырза Әли .Жұмыстың қызуы
Ә) Б.Ысқақов. Қыста қызық жұмыс бар
Б) Б.Соқпақбаев Шынықсын денеміз
Бағалау формасы
«5»-10-9 дұрыс жауап
«4»-8-7 дұрыс жауап
«3»-6-5 дұрыс жауап
«2»-4-3 дұрыс жауап
Достарыңызбен бөлісу: |