Мұғалімнің аты-жөні
|
Бижанова Гүлден Әлібиқызы
Бастауыш сынып мұғалімі
Ақкөл орта мектебі
Атырау облысы, Құрманғазы ауданы
|
1-апта
|
4-күн
|
1-сабақ
|
Ана тілі
|
Сабақ атауы
|
«Байлық пен ақыл »
|
Сілтеме
|
Ана тілі 2 сынып Алматы Атамұра 2009 ж “Атамұра”
Қарабатай Б.Т, Рахметова С.Р. П.Қ.Жаманқұлов
Слайдтар Сабақ жоспары
|
Жалпы мақсаты
|
Ертегінің мазмұнымен таныстыра отырып, негізгі ойды, идеяны ұғындыру. Тапсырмаларды беру арқылы өз ойларын тұжырымдап жеке, топта өз ойларын айта білуге, еркін айтуға дағдыландыру. Оқушыларды адамгершілік пен азаматтыққа тәрбиелеу
|
Күтілетін нәтиже
|
1.Топта өз ойларын айта білуге
2. Достыққа адал болуға
3.Жүйелі сөйлеп, ойын еркін айта білуге.
|
Негізгі идеялар
|
1.Ертегіні адам өмірімен байланыстыруға.
2. Жаңа тақырыпқа оқушылардың білетін білімі арқылы кіру.
3. өз бетімен білім алушылық қабілетін қалыптастыру
|
Сабақ бойынша мұғалім жазбалары
|
Уақыты
|
Мұғалім іс-әрекеті
|
Оқушы іс-әрекеті
|
1мин
|
Психологиялық дайындық
Қуанымын мен де,
Қуанасың сенде де.
Қуанайық достарым
Арайлап атқан күнге де.
|
Оқушылар хормен айтады
|
3 мин
|
Үй тапсырмасын тексеру
«Аңқау арыстан»
«Сенесіз бе, сенбейсіз бе?»
«Аңқау арыстан» ертегі екеніне сенбейсіз бе?
Ертегі үшке бөлінетіне сенесіз бе?
|
Түсінгендерін айтады
Тарау бойынша берілген сұрақтарға жауап берді
|
2 мин
|
Топтастыру
|
І топ «Байлық» ІІ топ «Ақыл» кластер құрып қорғайды
|
3 мин
|
Оқулықпен жұмыс
|
Рөлге бөліп оқиды
|
5 мин
|
Сахналау
|
Ертегіні сахналап қояды
|
5мин
|
Ой қозғау
1.Шалдың неше ұлы бар?.
2.Үлкен ұлы әкесіне несімен мақтанды?
3.Екінші ұлы ше?
4Үшінші ұлы ше?
5.Төртінші ұлы ше
6.Әкесіне қай ұлының жауабы ұнады?
|
Ертегіні талдайды
|
2мин
|
Суретпен жұмыс
|
Суреттердегі киімдердің кімдікі екенін айтады
|
2мин
|
Сергіту сәті
|
«Қара жорға »биі
|
4мин
|
Дәлелде
Саған кімнің жауабы ұнады?
Неліктен?
|
Сұраққа ауап беріп, айтылған жауаптарын дәлелдейді
|
6мин
|
Дебат
І топ
|
ІІ топ
|
Ақылды болсаң, бай боласың
|
Бай болсаң, ақылдың қажеті жоқ
|
|
Пікірталас болды
|
5мин
|
Ойлан – жауап бер
Адал еңбек етіп, көп ақша жинадың делік. Ол ақшаны қайда жұмсар едің?
|
Берілген сұраққа өз ойларын білдіреді.
|
5мин
|
Эссе
“Менің ата-анама
деген құрметім”
|
Шығарма жазады
|
5мин
|
Семантикалық карта
Тақырыбы
|
Байлық пен ақыл
|
Мәтін түрі
|
Ертегі
|
Авторы
|
Халық ауыз әдебиеті
|
Кейіпкерлері
|
Шал мен төрт ұлы
|
Негізгі ойы
|
Ата-анасын асырау
|
Қорытынды
|
Еңбек ету арқылы отбасын асырау
|
|
|
Сабақтың жабдықтары
|
Мультимедиялық проектор,Ақ қағаз,түсті маркерлер,қарындаш,сызғыш,
стикерлер,түрлі түсті жетондар
|
Келесі тапсырмалар/портфолио/
|
Байлық және ақыл сөздеріне сөзжұмбақ құрастыру
|
Келесі оқу
|
Мәтінді түсініп оқу
|
Сабақты талдау
|
Сұрақтарға нақты жауап беру
2.Мәтінмен жұмыс жасады, түйіндеме жасады.
|
Тәжірибелік сабақты бағалау
|
Геометриялық фигуралар арқылы өз –өздерін бағалау арқылы сабаққа қызыңушылығы оянды
|
Сабаққа өзгертулер енгізу
|
Жұптық жұмыстар
|