Орындаған: Ермек Нұрсұлтан. Тексерген: Байжанова М. М экономикалық география



бет1/2
Дата26.10.2023
өлшемі19,15 Kb.
#188375
  1   2
Байланысты:
referat.geography.nursultan
osh sor fizika emn 10-klass kaz (2), план работы с род 2022, top


Орындаған:Ермек Нұрсұлтан. Тексерген:Байжанова М.М


ЭКОНОМИКАЛЫҚ ГЕОГРАФИЯ.
Осы заманғы география өзінің зерттеу аясына адамзат қоғамын, табиғат пен табиғи құбылыстарын, адамзаттың өмір сүру ортасын, адамдардың жер бетінде қоныстануы мен олардың шаруашылықтық іс-әрекеттерін кешенді қамтитын жалғыз жаратылыстану ғылымдарына жатады.
Ғылым ретінде геокеңістікте табиғи қорлар мен жағдайлардың орналасуы мен таралуы, тұрғындар мен шаруашылықтың қалыптасуы және табиғаттың қоғамның өміріне әсері мен адамзаттың шаруашылықтық іс -әрекетінің қоршаған ортаға әсерін зерттейді. Әдістемелік негізі локалитет немесе белгілі бір жер ұғымы.
Өндіріс күштерінің орналасуын, шаруашылық кешенінің экономикалық құрылымы мен шаруашылықтың аймақтық дамуын және әлеуметтік, саяси жағдайларын оқытады.


Тақырыптың қысқаша мазмұны
Планетамызды шаруашылықтық тұрғыдан тереңдей игеріп, табиғи қорларды пайдалану қалалар мен жолдар салу, өндірістік орталықтардың қалыптасуы, индустриалды аудандардың пайда болып ауыл шаруашылықтық жерлердің көптеп қолданылуына сәйкес бірнеше даму кезеңінен өтті. Әлеуметтік, экономикалық географияның кейбір элементтері антикалық- ежелгі эпоха кезіндегі құл иеленуші мемлекеттерде байқалған. Сол кездегі қоғамдағы еңбек бөлінісу , елдер арасындағы еңбек бөлісудің пайда болуы, шаруашылықтардың аумақтық өзгешеліктерін, тұрғындардың тіршілігін танып-білуге итермелеп, сол заманда алғашқы кейбір экономика- географиялық идеялардың қалыптасуына себепші болды. Әрбір кезеңдерде экономикалық географияның даму сатыларын көруге болады.
Тақырыптың қысқаша мазмұны
ЭӘГ- соңғы уақыт ішінде жаңа бір аумақтарды ашып жатқан жоқ, ол негізінен қалыптасқан белгілі объектілерді талдаумен айналысуда. Сол себепті, зерттеудің міндетті бірінші кезеңі-бұл зерттеу объектілерін жинақтау, тіркеу, сипаттау және осылардың негізінде нысаналарға баға беру. Нәтижесінде өндірістік-аумақтық қоғамдық ұйымдардың дамуы мен қалыптасуының заңдылықтарын анықтау.Жалпы осы заңдардың негізінде, кез келген аймақтың экономикалық географиялық жағдайы зерттеліп анықталады.Зерттеудің осы кезеңі- бұл тиімді аумақтық -өндірістік қоғамдық ұйымдасуды конструкциялау немесе аумақтық экономикалық даму жобасын экономика-географиялық тұрғыдан негіздеу. Жалпы географтар аумақтарға мониторинг немесе бақылау жүргізеді.
Экономикалық , әлеуметтік және саяси географияның методологиялық және әдістемелік негіздері бірнеше тәсілдерден тұрады. Олар:
1. салыстырмалы-суреттемелік
2. статистикалық
3. картографиялық
4. математикалық моделдеу
5. дистанциялық
6. геоақпараттық


Тақырыптың қысқаша мазмұны
“Аймақ” категориясы- бұл әлеуметтік, экономикалық географияда, жалпы географиялық ғылымдарда қолданылатын негізгі ұғым.
Аймақтық бірлік” -бұл әлеуметтік, экономикалық географияда кең қолданылатын табиғи, және антропогендік қасиеттері бар, ұзындығымен (ауданы), географиялық жағдайының ерекшелігімен, табиғи қорларының потенциалымен сипатталатын құрлықтың бір бөлігі.
Аймақтардың геометрия тұрғысынан алғанда екі өлшемдік - ені, ұзындығы, ал кеңістіктік тұрғыдан алғанда үш өлшемдік сипаты бар.Екі өлшемдік қасиетіне сәйкес аймақ шағын бөліктерге бөлінуі мүмкін, ал үш өлшемдік қасиетіне сәйкес аймақтың өзіндік материалдық-құндылық қасиеттері бар. Соған сәйкес кез келген аймақты табиғи және қоғамдық қажеттіліктердің қатынасы деп қарастыру керек.
Географиялық ғылымдар жүйесінде “географиялық жағдай” негізгі орын алады. Аймақтың экономикалық-географиялық жағдайы- бұл олардың эко-номикалық және әлеуметтік кеңістікте, мемлекеттік, әкімшіліктік шека-раларына байланысты орналасуы.
Н.Н.Баранскийдің түсіндіруі бойынша «экономикалық географиялық жағдай»- бұл аса маңызды методологиялық мәні бар ұғым. Кез келген ареалдың алатын орны- ол ел, аудан, қала т.с.- географиялық еңбек бөлісуде экономикалық-географиялық жағдаймен анықталады”. Соған байланысты экономикалық- географиялық жағдай орталықтық, тереңдік, перифериялық, шеткі және шекаралық болып бөлінеді.
Экономикалық - географиялық жағдайдың маңызды бөліктері:
-Транспорттық-географиялық жағдайы.
-Өнеркәсіптік-географиялық жағдайы.
-Агрогеографиялық жағдайы.
-Нарықтық географиялық жағдайы.
-Демографиялық жағдайы.
-Рекреациялық-географиялық жағдайы.
Кез келген аймақтың шаруашылығының дамуына табиғи жағдай мен табиғи қорлардың маңызы зор. Табиғи қорлар дегеніміз – бұл өндіргіш күштердің қазіргі даму деңгейінде өндірістің құралдары (еңбектің нысандары мен құралдары) ретінде пайдаланылып, тұтынылатын табиғаттың элементтері.Қорлар табиғаттың элементтері еңбек құралдары (мысалы, жер, су жолдары, су), энергия көздері (жанғыш қазба байлықтары, су мен жел энергиясы), шикізаттар мен материалдар (минералды заттар, орман қорлары, технологиялық су қорлар) және тұтыну қорлары (жабайы жеміс-жидектер, өндірістік фауна, адам ішетін су) ретінде қолданылады.
Табиғат жағдайы мен табиғи ресурстардың сәйкестігін бағалау. Экономикалық тұрғыдан табиғат жағдайы мен табиғи ресурстардың сәйкестігін бағалау- бұл кен орындарының пайдалану тиімділігін, оған жұмсалған геологиялық барлау, шикізатты өндіру, байыту, тасымалдау тұтынушыға жеткізу шығындарына байланысты анықтау.
-Аудан-экономикалық, әлеуметтік, экологиялық, әкімшілік белгілі көрсеткіштері негізінде бөлінетін аумақ.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет