Орындаған: Ермек Нұрсұлтан. Тексерген: Байжанова М. М экономикалық география


- Мемлекеттік шекара көрші ел мен арадағы құқықтық- заңдық, экономикалық, әлеуметтік функцияларды шектейтін сызық . -



бет2/2
Дата26.10.2023
өлшемі19,15 Kb.
#188375
1   2
Байланысты:
referat.geography.nursultan

- Мемлекеттік шекара көрші ел мен арадағы құқықтық- заңдық, экономикалық, әлеуметтік функцияларды шектейтін сызық .
-Табиғи қорларды экономикалық тұрғыдан бағалау дегеніміз- бұл ел шаруашылығында нақты бір табиғи қорларды, жағдайларды пайдаланғаннан болатын қаржыдай түрде алынатын тиімділік.
-Еңбек қорлары – бұл еңбек етуге қабілетті адамдардың мөлшері
-Жұмыс күші- бұл жұмыс істеп жүрген және жұмыссыз бірақ еңбекке қабілетті адамдардың жалпы саны.
-Геосаяси жағдай дегеніміз елдің географиялық ағзаларын саяси тұрғыдан зерттеп, әлем елдерінің деңгейлерімен салыстыру.
-сыртқы сауда айналымы- елдің бергілі бір кезеңдегі экспорты мен импорты құнының сомасы.
- Экспорт және импорттың құндық өлшем бірліктеріндегі айырмашылығы сауда балансы деп аталады.



Ғаламшардың беткі жер қабығы ұзақ уақыт ішінде қалыптасқан магмалық, шөгінді және метаморфты жыныстардан тұратын, күрделі жер бедері бар құрылым. Адамзат пайдаланатын барлық минералды қорлар жер қабығының қойнауында орналасқан. Жер қабығының қалыңдығы өте терең, бірақ барлаудың геофизикалық әдістерін қолданып зерттелетін бөлігінің қалыңдығы шамамен 16 км. Жер қабығының негізгі элементтері: оттегі 47,2 %, кремний 27,6%, алюминий 8,8%, темір 5,1%,кальций 3,6%,натрий-2,64 %, калий 2,06% және магний 2,1 %.Осы заманғы өнеркәсіпте қолданылатын аса маңызды 25 қазбалы шикізаттың түрлері: мұнай, табиғи газ, көмір, уран, торий, темір, марганец, хром, вольфрам, никель, молибден, ванадий, кобальт, мыс, қорғасын, мырыш, қалайы, сурьме, кадмий, сынап, бокситтер, магний, титан, күкірт, алмастар. Адамның өміріне және шаруашылығына жер бедері елеулі әсер етеді. Жер бедерін жердің беткі қабатын құрайтын тау жыныстарының құрамы (саз балшықты, әктасты, гра-нитті, базальтты т.б.), жер қабығының тектоникалық процестерінің әсері және табиғаттың сыртқы күштері (климаттық құбылыстар, теңіздермен өзендердің әсері) қалыптастырады.


Климаттық жағдайлардың кеңістік бойынша өзгеруі өндірістердің географиясы мен адамдардың тіршілігіне тікелей әсер етеді.
Мұхиттар материктердің табиғи жағдайына және адамдардың тіршілігіне аса зор әсер етеді. Себебі, әлемдік мұхит құрлықтарға жауын-шашын болып түсетін ылғалды буландырады, құрлықтың жылу режимін анықтайды. Жер шарының шамамен 71%-н мұхит алып жатқан себепті, ол минералды қорларға аса бай. Табиғи байлықтар мұхит суларының өзінде және мұхиттың астындағы жер қыртысында-литосферада кездеседі.
Құрлықтағы сулардың жалпы көлемі планетаның гидросферасының 6% құрайды, ал көлдер мен өзен суларының үлесі 0,016%.
Құрлықтағы өзендер табиғи жол, азықтық және өнеркәсіпте пайдаланатын сулардың, гидроэнергияның көздері.
Жер астында қатпарлы тау жыныстарының арасында жер асты көлдері мен баяу ағатын жер асты өзендерінде судың орасан зор қоры бар.Кейбір мәліметтер бойынша 60 000 мың шаршы км су шоғырланса, оның адамзат пайдалана алатындай мөлшері 40 00 мың шаршы км.
Адамдар қоғамдық өндіргіш күштердің саналы еңбек етуге қабілетті, өндірістік тәжірибесі, білімі, мәдениеті бар қозғаушы күші.
Жалпы халықтың 80 %-ы биіктігі 500 м-ге дейін болатын ойпаттар мен жоталарда тұрады. Халықтың орналасу көрсеткіштері бойынша әлем халқын қалалық және ауылдық деп те бөледі.
1.Ауылдық қоныстанудың екі түрі бар:
-топтаса немесе ауылдана қоныстану, ол негізінен Орталық және Оңтүстік Еуропаға, Ресейге, Жапонияға және дамушы елдердің көбіне тән.
-шашырай немесе ферма түрінде қоныстану, АҚШ, Канада, Австралия, Солтүстік Еуропа елдеріне тән.
Қалалық қостанудың түрлері өте күрделі. Қала халқының сандарына байланысты, орташа, шағын,үлкен және т.с.с.
Агломерация -бұл қалалық және ауылдық елді мекендердің аумақта ықшам топтаса орналасып, әр түрлі де, күрделі қарқынды байланыстармен бірігуі.
Қазіргі уақытта әлемде халықтың қоныстануында қалалардың саны көбейіп, олардың іріленуі байқалуда немесе урбанизациялану үрдісі қарқындай түсуде. Мысалы, 20 ғасырда қала халқының үлесі 14%-дан 45 %-ға артты, ал ауыл тұрғындары 86%-дан 55 %-ға төмендеді.
Урбанизация ( латын т. урвз- қала)- бұл қалалардың тарихи тұрғыдан маңызы артып, қалалық өмір сүру салтының, қалалық мәдениеттің, қоғамның өмірдегі маңызының артуы, жалпы олардың әлеуметтік- экономикалық даму орталықтарында шоғырлану үрдісі.
Қазіргі кезеңдегі аймақтық қалалық жүйелердің кеңістікте таралуы.
Қалалар мен агломерациялар қоршаған ауыл аумағына әсер етіп, ауылдық жерлердің ауданын азайтып ірі қалалардың қала маңы субурбанизацияланады.
Мегалаполис- жақын орналасқан ірі қалалық агломерациялардың даму барысында бірігіп, жоғары урбанизацияланған, жолақ пішінді кеңістіктік құрылым.
Әлем шаруашылығы-бұл халықаралық географиялық еңбек бөлісуінің нәтижесінде бір - бірімен экономикалық қатынастар арқылы байланысқан және тарихи қалыптасқан барлық елдердің ұлттық шаруашылықтарының жүйесі.
Әлем шаруашылығының өнеркәсіптік дамуында үш революциялық кезең болып өтті, олар:
- Өнеркәсіптік революция 18 ғасырдың 70 жылдарыныан 19 ғасырдың 70 жылдарына дейін қамтыды, осы кезеңде қол еңбегін машиналық өндіріс алмастырды.Негізінен тігін, тоқыма өнеркәсібі дамыды.
- Машинно-техникалық революция, ол 19 ғасырдың 70 жылдарыныан 20 ғасырдың ортасына дейінгі аралықты қамтыды.Осы кезеңде жекелеген механизмдер мен машиналарды тоқыма, тігін салаларында ғана емес, өнеркәсіптің барлық салаларында енгізді.
- Өндірістік революция 20 ғасырдың 50 жылдарында басталып, осы кезге дейін жалғасуда.Осы кезеңді ҒТР деп атауда. Себебі, ол қоғамның өндіргіш күштерінің толықтай сапалық тұрғыдан өзгеруіне әкелді.
Ғаламдық мәселелер дегеніміз - бұл бүкіл адамзатқа қатысты жағдайлар.
20 ғасырдың 60-70 жылдарында дүние жүзі халықтарын толғандыратын күрделі проблемалар туындады.Бүкіл адамзатқа қатысы бар мұндай ортақ мәселелер ғаламдық проблемалар деген атқа ие болды.Бүкіл адамзаттың қазіргі даму кезеңі мен болашағына қауіп төндіретін және оларды шешуге барлық мемлекеттер мен халықтардың бірігіп күш жұмсауын, талап ететін проблемаларды ғаламдық проблемалар деп атайды.
Адамзаттың ғаламдық проблемалары

Барлық ғаламдық мәселелер өзара байланысты және бірінің өзгерісі екіншісіне әсер етеді. Адамзаттың ғаламдық мәселелері, оларды экономикалық, әлеуметтік және саяси географиялық тұрғыдан зерттеулердің мақсаттары. Олар дүние жүзілік қоғамдастық елдерінің арасындағы қарым-қатынастарды, қоғам мен табиғат арасындағы қатынастарды, ресурстармен қамтамасыз етуді бірлесіп шешу мәселелерін қамтиды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет