Геоақпараттық жүйеде
мәліметті ұйымдастыру
Орындаған:
Билисбеков Нурбол
Қабылдаған
:
Қалибеков А
Жоспары:
I Кіріспе
1 Геоақпараттық жүйеде мәліметі ұйымдастыру.
2 Графикалық мәліметтерді енгізу тәсілін таңдау.
3 Дигитайзер көмегі арқылы сандау технологиясы.
4 Классикалық сандау.
5 Картографикалық материалды сандауға әзірлеу.
II Қортынды
III Пайдаланған әдебиеттер
ГАЖ-да мәліметті ұйымдастыру
Мәліметтерді
ұйымдастыру
Клавиатура
Сканер
Дигитайзер
Электрондық
геодезиялық
құралдар
Ғарыштық және
аэрофототүсірімдер
Көптеген ГАЖ бағдарламалары
үшін деректердің векторлық модельмен
берілуі талап етіледі. Бірақ оларды
бірқатар жүйелерде растрды «жалған»
немесе атрибут ретінде (әшекейлеу)
қолдануға болады. Мысалы, осылай есте
қаларлық ғимараттың бейнесі немесе
суреті қолданылуы мүмкін. Көптеген
ГАЖ үздіксіз өріс (жер бедері,
температура, қысым, т.б.) жөніндегі
ақпаратты көрсету үшін растрлы
модельді пайдаланады. Кейбір
жүйелердегі (ERDAS, ERMAPPER,
IDRISI, т.б.) растрлы модель негізгі
болып табылады. Ал іс жүзінде онда
кеңістіктік талдаманың барлық
функциялары іске асырылған.
Графикалық мәліметті
енгізу тәсілін таңдау
Енгізу жүйесі Көзбен шолу
жүйесі
Өңдеу және
талдау жүйесі
Шығару
жүйесі
Енгізу жүйесі
– бұл деректердің алынуына жауап беруші
бағдарламалы блок; оның керек көздері бейнелерді растрлы
суреттер түрінде шығаратын сканер, карталардың сандандырылуы
жүзеге асырылатын дигитайзер (сандандырғыш), электрондық
теодолит пен басқа геодезиялық құралдар сияқты әртүрлі
электрондық құралдар болуы мүмкін. Ақпаратты клавиатурадан
қолмен немесе басқа компьютерлік жүйеден енгізуге болады. Оның
көздері арнайы жұмыс бекеттерінде өңделіп шығарылатын
аэрофото- және ғарыштық түсірімдер болуы мүмкін.
Дигитайзер көмегі арқылы сандау технологиясы
Дигитайзер
(digitizer, digitizer, tablet, table digitizer,
digitizer tablet, digital tablet, graphic tablet) – сигналдарды,
деректер көздерін және деректерді аналогтық-цифрлық түрге
ауыстыруға арналған қондырғы. Геақпараттануда,
компьютерлік сызбада және картографияда – картографиялық
және сызбалық құжаттауды нүктелердің көптігі немесе
кезектілігі түрінде қолмен цифрлау (сандық түрге енгізу) үшін
қондырғы. Дигитайзер жазық үстелден және ақпарат
жинағышынан тұрады. Үлкен форматты үстелдер
қойғыштарға бекітіледі. Дигитайзерлер екі типтегі ақпарат
жинағыштармен жабдықталады: курсормен немесе
координаттардың жоғары дәлдікті және төменгі дәлдікті
жинағышы үшін перомен. Дигитайзерлер форматпен
ерекшеленеді: жұмыс өрісінің өлшемдерімен және А4 – АО
форматтарына сәйкес жалпы габариттермен.
Достарыңызбен бөлісу: |