Байтемір Құттыбай Ауданбекұлы, №83 жалпы орта мектебінің тарих және құқық пәні мұғалімі



Дата15.09.2017
өлшемі256,93 Kb.
#32796
Байтемір Құттыбай Ауданбекұлы,

№83 жалпы орта мектебінің тарих және құқық пәні мұғалімі

ОҚО, Шымкент қаласы

Тақырыбы: «Жыл оқушысы -2015» зияткерлік сайысы


Сайысқа қатысушы оқушылар: 8-9-10-11 сынып оқушылары


Зияткерлік білім сайысының мақсаты: Оқушылардың білімге деген құштарлығын арттыру, білім мен біліктілікті дәріптеу.
Күтілетін нәтиже: Әр пәнге шығармашылық қабілеттері нығайып, ой қорытуға, сөз шеберлік қабілеттерін қалыптастыруға дағдыланады.
Негізгі идеялар: Өз елінің патриоты болуға, шапшаңдыққа, ізденімпаздыққа, ұлттық рухты бойына жинаған қайсар тұлға болуға ықпал ету.
Оқыту технологиясы: МАН-дағы негізгі жеті модуль.

Дерекөздер мен жабдықтар: Білім туралы жазылған қанатты сөздер, шарлар, интербелсенді тақта, әдістемелік құралдар,

Пән аралық байланыс: мектептегі негізгі пәндердің қамтылуы

ҚР гимн орындалады:

Мұғалімнің кіріспе сөзі:

Білімдеріңізді толықтырмаған әр бір күн – сіз үшін текке кеткен және енді қайтіп оралмайтын күн деп есептеңіз.

Армысыздар шәкірттерді білім нәрімен сусындатқан ұлағатты ұстаздар, жақсы ниетпен келген қадірлі қонақтар және қымбатты оқушылар.

8-9-10-11 сынып оқушылары арасында өткелі отырған «Жыл оқушысы -2015" зияткерлік сайысымызға қош келдіңіздер.

Ендеше білім додасына қатысушы оқушыларымызбен таныссақ.

(әр оқушы өздерін таныстырып, өмірлік ұстанымдарын айтады.)

Шын жүйріктер сыналады жарыста,

Жарыстың ба орта жолда қалыспа.

Әділ қазы бағалайды Сіздерді,

Жеңіс-мәре жақын ба әлде алыс па-демекші, сайыскерлеріміздің білімін таразыға салушы әділ қазылар алқасымен таныс болыңыздар (Әділқазылармен таныстыру)

Халқымыздың заңғар жазушысы Мұхтар Омарханұлы Әуезов

«Білім – бақтың жібермейтін қазығы,

Білімсіз – бақ әлдекімнің азығы» деген екен.

Сонымен білім сайысының кезеңдерімен таныстырып өтсем:

Сайыс жалпы 6 кезеңнен тұрады

1. «Бәйге» (оқушыларға ортақ 11 сұрақ тест түрінде беріледі)

2. «Жорға» (әр оқушыға 8 сұрақтан қойылады)

3. «Ғажайыптар әлемі» (ұяшық артындағы құпия сұрақтар)

4. «Тіл өнері» (үш тілде аударма жасау)

5. «Тапқырлық» (берілген тапсырмаға тәжірибе жасау)

6. «Шешендік өнер» (оқушылардың сөз саптауын байқау)
Мыңнан тұлпар, жүзден жүйрік анықталатын бүгінгі

" Жыл оқушысы -2015" интеллектуалдық сайысымызды ресми түрде ашып беру үшін мектебіміздің басшысы, әрбір балаға жылулығы мен мейірімділігін аямайтын тұлға ол әрине Михеев Берікбай Елтайұлы ендеше қошеметпен ортаға шақырамыз.


Құлақтан кіріп бойды алар

Әсем әнмен тәтті күй,

Көңілге түрлі ой салар,

Әнді сүйсең менше сүй-деп Ұлы ақын Абай атамыз айтқандай кезек әнге беріледі


(«Бәйге»)

Бүгінгі күн сайыста,

Сен ешікімнен қалыспа.

Біліміңді шыңдай біл

Бағыңды сынар жарыста.

Сұрақтары әртүрлі,

Тақырыпта қойылар

Бәйгеде озар жүйрік ой,

Шығуға кімнің ойы бар. ендеше 1-кезең «Бәйгені» бастаймыз

Сіздерге тест түрінде 11 пән бойынша сұрақтар беріледі, сіздер тест парақшаларын белгілеп бересіздер. (әрбір дұрыс жауапқа 1 балл)



Қазақ тілі

Көп құрамды төл сөзді табыңыз.

А) Ғ.Мұсрепов: «Қазақ тілі – бай тіл», - дейді.

В) – Қарағым, Қамқа, бүгін күн жұма ғой осы?

С) – Сендердей жастарды көргеніме бақыттымын, - деді ол балаларға, - өркендерің өссін!

Д) Ақыл көпке жеткізер, өнер көкке жеткізер.

Е) Абай бес нәрседен қашық, бес нәрсеге асық болу керектігін айтқан.

Орыс тілі

Укажите смысловые отношения между частями бессоюзного сложного предложения. Приехать не смогу: нет времени

А) условия

В) причины

С) сравнения

Д) противопоставления

Е) перечисления событий

Ағылшын тілі

Етістіктің дұрыс түрін табыңыз

Kazakhstan…a very big country.

А) Am.


В) Are.

С) Is.


Д) Been.

Е) Be.


Қазақстан тарихы

«Үш жүз» аңызы бойынша қазақ халқы ру-тайпаларының өз таңбаларын салған жері:

А) Таңбалы Еділ

В) Таңбалы Есіл

С) Қарқаралы қойнауы

Д) Таңбалы Нұра



Е) Тарбағатайда

Математика

Есептеңіз:
А)
В) 0,01.

С) 1.


Д) 0.

Е) 11.


Физика

10 Кл электр заряды орын ауыстырғанда сыртқы күш 120 Дж жұмыс жасаса, ток көзінің ЭҚК-і

А) 8,3 В.

В) 1200 В.

С) 0,83 В.

Д) 120 В.

Е) 12 В.

Химия

Атом құрылысында период нөмірі...

А) энергетикалық деңгей санын көрсетеді

В) электрондар санын көрсетеді

С) ядро зарядын көрсетеді

Д) электртерістікті көрсетеді

Е) валентілікті көрсетеді

Биология

Шеткі жүйке жүйесінің бөлімі:

А) жүйкелер, жүйке түйінділері

В) жұлын


С) мишық

Д) үлкен ми сыңары

Е) ми бағаны

География

Марқакөл қорығы орналасқан облыс:

А) Шығыс Қазақстан

В) Солтүстік Қазақстан

С) Оңтүстік Қазақстан

Д) Орталық Қазақстан

Е) Батыс Қазақстан

Дүние жүзі тарихы

Ост – Үнді компаниясы мына мемлекетке тиесілі

А) Испания

В) Италия

С) Англия

Д) Германия

Е) Франция

Қазақ әдебиеті

Тармақтың соңғы сөздерінің дыбыстық жағынан үндесуі қалай аталатындығын табыңыз.

А) Буын.

В) Ұйқас.

С) Шумақ.

Д) Банақ.

Е) Ырғақ.

Екінші кезең «Жорға» әр оқушыға негізгі пәндерден 8 сұрақтан қойылады.

(әрбір дұрыс жауапқа 5 балл)

(оқушылардың сауалнамаларын оқи отырып, оқушыларға сұрақ қою)

1-оқушыға


  1. Елордамыз қай жылы Ақмола қаласына көшірілді? (1997ж.)

  2. Жердің кішірейтілген үлгісі: (Глобус)

  3. ҚР-ның Білім және ғылым министрі кім? (Б.Жұмағұлов)

  4. Санды неге бөлуге болмайды? (0-ге)

  5. Судан екі есе жеңіл метал: (Литий)

  6. Как Л.Н.Толстой относился к религии? (Перед смертью он принял Ислам)

  7. Зымыранның реактивті қозғалысын түсіндіретін заң: (Импульстің сақталу заңы)

  8. Ішкі қаңқаның қызметін атқаратын мүше: (сүйек)

2-оқушыға

1. Ағасы інісінен 5 жас үлкен, неше жылдан кейін ағасы інісінен

7 жас үлкен болады? (Ешқашан)

2. Дүниедегі ең терең көл қалай аталады? (Байкал)

3. Желілердің қан айналым жүйесі: (Тұйық)

4. “Әлемдегі жеті кереметтің” бірі Зевс мүсіннің биіктігі: (14 метр)

5. Механикалық энергия нешеге бөлінеді ата? (Кинетикалық және Потенциалдық)

6.Назовите второе /настоящее/ название романа Ч.Айтматова “Станционный смотритель” (И дольше века длится день...)

7. Натрий минералын қалай атайды? (Гранит)

8. “Сындарлы он жыл” кітабының авторы: (Н.Ә.Назарбаев)

3-оқушыға

1. Қосарланып жегілген үш ат бір сағаттың ішінде 12 км жол жүрді. Осы уақыттың ішінде 1 ат қанша жол жүрген? (12 км)

2.Туларды зерттейтін ғылым саласы: Виксикология

3. І дүниежүзілік соғыс қай жылдары болды? (1914-1918ж.ж.)

4. Атомның құрам бөлігі: (Ядро)

5. Жылдамдықтың өлшем бірлігі: (м/с)

6. Дайте понятие слову “сарказм”: (злой, горкий, гневный, издевателький смех)

7. Желбезек саңылаулары орналасқан мүше: (Жұтқыншақтың екі бүйірінде)

8. Әлемдегі ең ұзын өзен Нілдің ұзындығы: (5589 км)

4-оқушыға



  1. Әл-Жебр сөзін араб тілінен аударғандағы мағынасы: (Алгебра)

  2. Б.з.б. І мың жылдықта Каспий теңізін қалай атаған? (Гиркан)

  3. Тіс неше бөлімнен тұрады, ата? (Үш, 1.тіс сауыты, 2.тіс мойыны, 3. тіс түбірі)

  4. Назовите автора сказки “Дикие лебеди” (Х.К.Андерсен)

  5. Ньютонның бірінші заңы қандай заңға негізделген? (Инерция заңына негізделген)

  6. Д.И.Менделеев неше жасында оқуға барды? (5ж гимназияға)

  7. ХХ ғасырда алфавит неше рет ауысты? (3 рет)

  8. Чайот дегеніміз не? (мексикалық қияр)

5-оқушыға

1.Егер екі кірпіш салмағы 12 кг болса, 5 кірпіш салмағы неше кг? (30кг)



2.Ашина сөзінің мағынасы: (қасқыр)

  1. Ең алғаш алфавитті кімдер ойлап тапты? (Финикиялықтар)

  2. Адам құлағы еститін дыбыстың ең төменгі жиілігі: (20 Гц)

  3. В каком произведении главную героиню звали Ассоль? (“Алые паруса” А.Грин)

  4. Балықтарды зерттейтін ғылым саласы: (Ихтиология)

  5. Ең жеңіл элементтің оксидінен тұратын табиғи физикалық дене: (Айсберг)

  6. Қай көлге 336 өзен құйып, 1 ғана өзен ағып шығады? (Байкал көліне, Ангара өзені ағып шығады)

6-оқушыға

  1. Тордағы барлық көжектердің аяқтарының саны 84,сонда тор ішінде қанша көжек? (21)

  2. Д.И.Менделеев өзінің магистрлік диссертациясын қашан және қанша жасында қорғады? (1856 ж. 22 жас)

  3. Дене температурасы тұрақты жануарлар тобының атауы? (жылықандылар)

  4. Кто написал “Ромео и Джульетта” (У. Шекспир)

  5. Толқын ұзындығы гректің қай әрпімен белгіленеді? ( лямбда)

  6. Атаулар тарихын зерттейтін ғылым: (Онамастика)

  7. “Тарихи жазбалар ”кімнің еңбегі? (Қытай тарихшысы Сыма Цянь)

  8. Қазақша жыл басы: (тышқан)

7-оқушыға

  1. Өсімдіктерді тез өсіретін белсенді зат: (Гибереллин)

  2. “12 түйе, 10 жылқы, 9 сиыр, 5 ешкі, 1,5 қоян, 3 түлкі, таба алмасаң бұл күлкі” шешімі: (жануарлардың буаз болу мерзімі)

  3. 5 ілгек 20 теңге тұрады.Осындай 7 ілгекке неше теңге төлейсің? (28)

  4. Электромагниттік индукция құбылысын ашқан кім? (Фарадей)

  5. Назовите автора комедии “Ревизор” (Н.В.Гоголь)

  6. Скандинавия аралының құрметіне аталған элемент: (Магний)

  7. Дүние жүзінде неше этнос бар? (3000)

  8. Елбасының “Қазақстан 2030”жолдауының жарыққа шыққан уақыты:

(1997ж. 10 қазан)

8-оқушыға



  1. Балбал дегеніміз не? (бабалар құрметіне қабір басына қойылатын мүсін тас)

  2. “Інжу” сөзін моңғол әдебиетінен аударғандағы мағынасы: (Ханның жері)

  3. Атом құрамындағы бейтарап бөлшек: (Нейтрон)

  4. Саңырауқұлақтарды зерттейтін ғылым: (Микология)

  5. Үнді құдайының аты: (Брахма)

  6. Бір адам қалаға бара жатыр еді жолда үш танысы қарсы шықты, қанша адам қалаға барды. (1 адам)

  7. Назовите любимую женщину И.С.Тургенева (Полина Виарда)

  8. Физика атасы кім? (Аристотель)

(осы кезеңнен кейін ұпайы аз 2 оқушы ойыннан шығады)
Үшінші кезең «Ғажайыптар әлемі» деп аталады ұяшықтарды таңдап артында жасырулы тұрған қызықты сұрақтарға жауап беру керек

(осы кезеңнен кейін ұпайы аз 3 оқушы ойыннан шығады)



Қазақ әдебиеті

20 Қарашаштың күйеуі (Жиренше)

30 М.Әуезовтың анасының есімі кім? (Нұржамал)

40 Тайбұрылдың иесі (Қобыланды)

50 “Қаһар” романының авторы (І.Есенберлин)
Дінтану әліппесі

20 “Шариғат” сөзінің мағынасы (тура, дұрыс жол)

“Хижра” сөзінің мағынасы (Қоныс аудару)

30 “Құран” сөзінің мағынасы (оқу, жатқа оқу)

Мұхаммед пайғамбармен сұхбат құрған, Ислам дінін насихаттауға жәрдемші, қамқорша болған серіктерін кімдер дейді?(Сахабалар)

40 “Құрбан” сөзінің мағынасы (жақын болу, жақындау)

Мұсылманның бес парызын ата (Иман келтіру, намаз оқу, ораза тұту, зекет беру, қажылыққа бару)

50 “Мұхаммед” сөзінің мағынасы (Мақтаулы)

“Хафиз” деп кімді айтамыз?

(Құранды толық жатқа білетін адам)


Ұлы тұлғалар

20 Ш.Уалихановтың азан шақырып қойған есімі (Мұқаммедханафия)

30 Қабанбай батырдың шын есімі (Ерасыл)

40 Әйтеке бидің шын аты (Айтақ)

50 Әл-Фарабидің толық аты

(Әбу Насыр Мұқаммед ибн Мұқаммед ибн Узлағ Тархани)


МИФ

20 Қабырғасы 13 см квадраттың периметрі неге тең? (52)

30 “Компьютердің атасы” деп кімді атаған?- (Чарлз Беббидж)

40 Темір жол үстінен көлденең тартылған екі пунктті қосатын телеграф сымдары қай кезде ұзарады, қыста ма әлде жазда ма ?

себебін түсіндір (себебі жазда, қызған кезде өткізгіш ұзарады)

50 Интернетпен байланыс жасайтын құрылғы (модем)


Жалпы тарих

20 Түркістан атауының мағынасы (Түріктер елі, мекені)

30 Ғұндарда ұсақ қылмыстар үшін қолданған жаза түрі (айыптының бетін тілген)

40 Ең биік пирамида кімге арналып салынған, биіктігі (Хеопс, биіктігі 150 метр)

50 “Мық” сөзі нені білдіреді (Ергежейлі бірақ күшті адам)
Кино және өнер

20 Театр /гр/ сөзінің мағынасы (ойын көрсететін орын)

30 Ең ұзаққа созылған мереке ежелгі Римде қанша күнге созылды? (123 күнге)

40 Колизей амфитеатры қанша адамға арналған (50 мың)

50 «Қыз Жібек» фильмінде Қыз Жібек рөлін ойнаған кім? (Меруерт Өтекешова)
Салт-дәстүр және Спорт

20 Жеті атаны ата ( 1. Бала. 2. Әке. 3. Ата. 4. Арғы ата. 5. Баба. 6. Түп ата. 7. Тек ата.)


30 Ерулік дегенді қалай түсінесіз?

( Ауыл ортасына жаңа үй көшіп келсе, қоныстанса сол ауылдың адамдары жаңа үйге «ерулік» деп ас пісіріп табақ тартады. Бұл жаңа адамдарды бөтенсіретпей өз ортасына тартудың, сыйласудың үлкен белгісі. )

40 М.Әуезов спорттың қандай түрімен шұғылданды? ( Футбол)

50 Тұңғыш Олимпия ойыны қай жылы өтті? (б.з.б. 776 жылы)


(осы кезеңнен кейін ұпайы аз 3 оқушы ойыннан шығады)

(«Тіл өнері»)

Тіл тіршіліктің тірегі. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан бүкіл әлемде 3 тілді пайдаланатын жоғарғы білімді ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар: Қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі-жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тіл» екендігін атап айтты. Келесі кезең «Тіл өнері». Берілген жұмбақтың жауабын қазақша, орысша және ағылшынша аудару керек. Дұрыс жауабына 10, орыс тіліне аударғаны үшін 20, ағылшын тіліне аударса 30 ұпай беріледі.

(осы кезеңнен кейін ұпайы аз 1 оқушы ойыннан шығады)


“Тіл өнері”

1. Бүгін киген ақ тоным,

Ертең болар қара тон.

Қара тоным аздан соң,

Болып кетер ала тон. (Жер, Земля, Earth -- өс)

2. Үй үстінде ұсақ тас,

Ұстайын десем ұстатпас. (Жұлдыз, Звезда, Star --стаа )

3. Қардай аппақ, Балдай тәтті-ақ. (Қант, Сахар, Sugar-- шугэ )

4. Құрғақ жерде сақтайсың,

Менсіз тамақ татпайсың. (Тұз, Соль,Salt-- солт)

5. Қабат-қабат қаттама,

Ақылың болса аттама. (Кітап, Книга,Book-- бук)

6. Әрі қызыл, әрі тәтті.

Татқан жанды таңырқатты. (Алма, Яблоко,Apple-- эпл)

7. Ұрсаң жерде зулайды,

Жерде қарғып тұрмайды,

Тиіп кетсе басыңа,

Ешбір зиян қылмайды. (Доп, Мяч. Ball-- бол )

8. Жылт-жылт еткен,

Жырадан өткен. (Су, Вода,Water-- отэ)

9. Бір аяқ, көп қол. (Ағаш, Дерево,Tree--три)

(осы кезеңнен кейін ұпайы аз 1 оқушы ойыннан шығады)


(«Тапқырлық»)

Білгенге білім - байлық, бағасы артық,

Салмағы сан жетпейтін қорғасындай

Үйренсең өнер – білім, өшпес мұра

Таусылмас тау кенінің қордасындай –дегендей келесі кезеңіміз

«Тапқырлық» қалған 2 ойыншымызға шырпы, бір картоп, банкі, түбінде тиыны бар су құйылған тәрелке беріледі. Сіздер осы қосымша заттарды қолдану арқылы тәрелке түбіндегі тиынды қолдарын суламай алулары қажет. Ойлануға 30 секунд уақыт беріледі. өз ойларын қағазға түсіруге де болады.


(«Шешендік өнер»)

Таза мінсіз, асыл тас,

Су түбінде жатады.

Таза мінсіз, асыл сөз,

Ой түбінде жатады.

Су түбінде жатқан тас,

Жел толқытса шығады,

Ой түбінде жатқан сөз,

Шер толқытса шығады,-деген Асан Қайғы бабамыздың баталы сөзімен келесі кезең «Шешендік өнерге» де жеттік. Оқушыларымызға әртүрлі тақырыптар беріледі, өз ой-пікір, ұсыныстарын айтады.

ӘН.-----------------------------------------------------------------------------



Сөз тізгіні: Әділ-қазылар алқасына беріледі.
Барлық сайысқа қатысушы оқушыларды марапаттауға ортаға шақырылады.
Қорытыныды: «Жасымда ғылым бар деп ескермедім, қолымды мезгілінен кеш сермедім», - деп ұлы ақын Абай Құнанбайұлы айтпақшы, ертең өкініп қалмас үшін осы бастан терең білім алуға ұмтылу керек.






Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет