Бакалавриат



Pdf көрінісі
бет5/56
Дата06.02.2022
өлшемі464,64 Kb.
#80239
түріСеминар
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   56
Байланысты:
Силлабус ҚР Конст құқығы Интернеттен

Пререквизиттар
«Мемлекет және құқық теориясы», «ҚР мемлекет және құқық тарихы». 
Постреквизиттар:
«Шетелдердің конституциялық құқығы», «Мемлекеттік қызмет және 
басқару», «Қазақстан Республикасының Еңбек құқығы», «Қазақстан Республикасының Азаматтық 
іс жүргізу құқығы». 
Оқытудың нәтижелері: 
A) Пәнді оқу барысында студент, конституциялық құқықтың ұғымын, тақырыбын, әдістерін, 
принциптерін; Қазақстан Республикасы конституциялық құқығының тарихи даму кезеңдерін; 
конституциялық құқықтың қайнар көздерін жан-жақты зерделеуі; Қазақстан Республикасы ұлттық 
құқық жүйесінің негізі ретіндегі конституциялық құқықтың өзге құқық салалары арасындағы 
орнын; қоғамдық қатынастарды реттеудегі конституциялық құқықтың негізгі рөлін анықтауы; адам 
және азаматтың негізгі құқықтары мен бостандықтарының басымдылығы мен мызғымастығын; 
Қазақстан Республикасы мемлекеттік биліктің тармақтарға бөліну принципінің жүзеге асырылуын; 
мемлекеттік биліктің қайнар көзі ретіндегі Қазақстан халқының рөлін мейлінше терең ұғынуы
ұлттық және халықтық егемендіктің ара қатынасын ажырата білуі; мемлекеттік билік 
органдарының жүйесін; олардың өзара қарым-қатынастарын; жергілікті мемлекеттік органдар мен 
жергілікті 
өзін-өзі 
басқару 
органдарының 
құрылуы 
мен 
құзыреттерін; 
Қазақстан 
Республикасындағы сайлау жүйесін кең көлемде зерделеуі; Қазақстан Республикасы 
Конституциясының негізгі ережелерін, оның мәтініне енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды 
жете меңгеруі қажет. 
B) Пәнді оқу барысында игерген білімді тәжірибеде шығармашылық түрде қолдану. 
Қазақстан Республикасының конституциялық құқығын оқу тәлімгерлердің кәсіби біліктілігін 
көтеруге, олардың конституциялық-құқықтық дәрежелермен ойлануға, мемлекеттік органдар, 
лауазымды тұлғалар, қоғамдық бірлестіктер қызметінде және азаматтардың жүріс–тұрысында 
конституциялық заңдылық тәртібін орнатқызуға жәрдемдеседі. 
C) Конституция және өзге нормативтік актілерге қатысты ақпараттық-іздену қызметін жүзеге 
асыру. «Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы» оқу курсының негізіне, 
Конституция және Қазақстан Республикасының конституциялық құрылыс негіздерінің 



ұйымдастырылуы және қызмет етуіне, адам және азаматтың құқықтық мәртебесіне, мемлекеттік 
органдар және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының құқықтық жағдайына қатысты 
нормативтік актілер жатады. Осыған байланысты студенттерге Қазақстан Республикасы 
Парламентінің Жаршысында; Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілер 
жинағында; Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Жаршысында, «Егемен 
Қазақстан», «Заң газеті», т.б. газеттерде жарияланатын жаңа нормативтік құқықтық актілердің 
басылып шығуын бақылап отыру ұсынылады. Сонымен қатар студенттер қазақстандық 
ғалымдардың монографиялық зерттеулерімен және конституциялық-құқықтық мәселенамасы 
бойынша мерзімді баспасөзде, заң журналдарында үнемі басылып шығарылатын мақалалармен 
танысуға міндетті.
D) Қазақстан Республикасының конституциялық құқығын оқудың тек теориялық ғана емес, 
сонымен қатар тәжірибелік маңызы бар. Осыған байланысты оқытудың маңызды нысаны 
интерактивті оқу әдістеріне негізделген тәжірибелік білім Қазақстан Республикасының 
конституциялық құрылыс тәжірибесін жалпылайтын рефераттар, баяндамалар, эссе дайындау 
болып табылады.
E) Тұрақты түрде кәсіби өсуге қажеттілік. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет