3
ПӘННІҢ СИПАТТАМАСЫ
«
Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы» оқу пәні жоғарғы заңдық білім беру
пәндерінің жүйесінде негізгі орынды иеленеді. Ол қазақстандық
мемлекеттік және қоғамдық
құрылыстың негізін қалаушы құндылықтары туралы, Қазақстан құқығының барлық салаларының
қолдануын, дамуын, мазмұнын бағыттайтын құқықтық қағидалар
туралы незізгі көріністерді
қалыптастыруға ықпал етеді.
«Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы» пәнін оқытудың мақсаты:
біріншіден, студенттердің ұғымдарды, құқықтық категорияларды,
терминдерді ұғынуы; олардың
санасында конституциялық құқықтың елдің ұлттық құқық жүйесіндегі негізгі рөлі туралы;
демократиялық қоғам туралы; құқықтық
мемлекет, оның органдары мен институттары туралы; адам
және азаматтың құқықтық мәртебесі туралы ғылыми көзқарастарды қалыптастыру;
құқықтық
мемлекет туралы, Қазақстан Республикасындағы қоғам құрылысының негіздері туралы,
конституциялық заңдылық талаптары туралы, адамның және
азаматтың конституциялық
құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етудегі, конституциялық құрылысты сақтау мен
қорғаудағы мемлекеттік қызметкерлердің рөлі туралы ғылыми көзқарастарын қалыптастыру.
Екіншіден, студенттердің конституциялық құқық ғылымының
ұғымы мен дәрежесін меңгеруі;
оларды әрекеттегі мемлекеттік құқықтық заңдар мен саяси процестерді дұрыс түсінуге,
конституциялық құқық нормаларын түсіну және түсінік бере алуда дағдылар мен ептіліктерге,
егеменді, тәуелсіз Қазақстанның құрылу заңдылықтары мен себептерін, мәнін,
Қазақстан
Республикасының өтпелі кезеңдегі мемлекеттік-құқықтық даму ерекшеліктерін білуге үйрету.
Достарыңызбен бөлісу: