Бакалавриаттың барлық білім беру бағдарламалары үшін (1 курс)



Дата16.12.2022
өлшемі68,52 Kb.
#162982
Байланысты:
Студентке Мәдениеттану емтихан тест базасы 2022-2023


Бакалавриаттың барлық білім беру бағдарламалары үшін (1 курс)
2022-2023 оқу жылының 1 семестріне арналған
«Мәдениеттану» пәні бойынша емтихан тестілер жинағы
(қазақ тілінде)




Этимологиялық тұрғыдан «культура» термині нені білдіреді:



  1. Балаларды тәрбиелеу;

  2. Қоғамның заңдылықтарын зерттеумен байланысты ғылымды бөлу;

  3. Жерді, топырақты өңдеу;

  4. Ағарту ісі;

  5. Адам өмірінің ережелерін белгілеу.


Мәдениеттану пәні:



  1. Табиғат заңдары;

  2. Ойлау заңдары;

  3. Мәдениеттің даму заңдылықтары;

  4. Адамдардың қоғамдағы қатынастарын реттейтін ресми және бейресми нормалар мен санкциялар;

  5. Тауар-ақша қатынастары.


Мәдениеттанулық білімнің құрылымы:



  1. Отандық және еуропалық мәдениет тарихы;

  2. Онтология, гносеология, мәдениет философиясы;

  3. Қоғамтану, әлеуметтік антропология;

  4. Мәдениет социологиясы, мәдениет антропологиясы, қолданбалы мәдениеттану;

  5. Әлеуметтану, саясаттану, этика, эстетика.


В. В. Радлов, С. Черников, З. С. Самашев зерттеген Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданының аумағындағы сақ қорымы:



  1. Шілікті;

  2. Ақбауыр;

  3. Аблайкет;

  4. Елеке-Сазы;

  5. Берел.


Мәдениетті жалпы белгілері бойынша жіктеу (классификациялау) қалай аталады?



    1. Мәдениет философиясы

    2. Мәдениет типологиясы

    3. Мәдениет тарихы

    4. Мәдениет антропологиясы

    5. Мәдениет теориясы


Мәдениет морфологиясының пәні:



        1. Нормативтік қатынастар жүйесі;

        2. Белгілер мен белгілер жүйесі;

        3. Мәдениеттің құрылымдық элементтері;

        4. Әлем туралы сезімдік деректер;

        5. Дүниені түсінудің рационалды схемалары.


«Ресей және Еуропа» еңбегінің авторы, онда тарихи-мәдени типтер тұжырымдамасын баяндаған:



        1. Л.Н. Гумилев;

        2. Н.Я. Данилевский;

        3. О. Шпенглер;

        4. А. Тойнби;

        5. Н. Масанов.


«Еуропаның ақыры» («Закат Европы») шығармасының авторы:



    1. К. Юнг;

    2. О. Шпенглер;

    3. Э. Фромм;

    4. Т. Адорно;

    5. А. Тойнби.


Өркениетті мәдениеттің соңы (тоқырауы) ретінде қарастырған автор:



    1. Э. Фромм

    2. Тойнби

    3. Ф. Ницше

    4. Н. Данилевский

    5. О. Шпенглер


Өркениеттік дамудың толқындық тұжырымдамасын жасаушы авторлар:



    1. К. Маркс және Ф. Энгельс;

    2. О. Шпенглер, А. Тойнби, П. Сорокин;

    3. Д. Вико, И. Гердер;

    4. А. Тойнби, И, Хейзинга, К. Ясперс;

    5. Д. Бэлл, Э. Тоффлер.


Мәдениеттердің өзара әсер ету процесі:



        1. Аккультурация;

        2. Инкультура;

        3. Инкультура;

        4. Эмансипация;

        5. Эманация.


Адамзат тарихындағы мәдениеттің алғашқы формасы:



  1. миф

  2. дін

  3. тотемизм

  4. философия

  5. ғылым


Қазақстан тарихындағы алғашқы әйел-елші, ҚР-ның БҰҰ-дағы алғашқы тұрақты өкілі, Қазақ КСР Сыртқы істер министрі (1989-1991):

        1. Х. Нұралыханова;

        2. Г. Асфендияров.

        3. Н. Құлжанова;

        4. Х. Доспанова;

        5. А. Арыстанбекова.


Әскери дәрігер, мемлекет қайраткері (денсаулық сақтау халық комиссары, Түркістан АССР егіншілік бойынша халық комиссары, Қазақ АССР Денсаулық сақтау халық комиссары), ғалым; профессор, Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры, Әбілқайыр ханның ұрпағы:



        1. А. Байтұрсынов;

        2. М. Әуезов;

        3. М. Жұмабаев;

        4. Қ. Сәтбаев;

        5. С. Асфендияров.


Қазақ мәдениеті өркениеттің қандай түріне жатады:



  1. Көшпелі;

  2. Батыс;

  3. Шығыс;

  4. Орта Азия;

  5. Таяу Шығыс.


Семиотика - ... туралы ғылым.

  1. Белгі (таңбалы) жүйелері;

  2. мағыналық жүйелер;

  3. табиғи жүйелер;

  4. формальды жүйелер;

  5. ғылыми жүйелер.


19 ғасырдың басындағы қазақ ғалымы, саяхатшы және этнограф:



  1. Ш. Уәлиханов;

  2. Әл-Фараби;

  3. Ы. Алтынсарин;

  4. А. Құнанбаев;

  5. Мырза Хайдар.


«Үш ақиқат» философиялық еңбегінің авторы:


  1. Ш. Құдайбердиев;

  2. М. Дулатов;

  3. Ы. Алтынсарин;

  4. Абай;

  5. Ш. Уәлиханов.


Мәдениеттің аксиологиялық функциясы:



  1. қызмет пен мінез-құлықты реттеуде;

  2. қоршаған әлемді тануда;

  3. құндылықтар жүйесін құру және дамыту;

  4. табиғатқа қарсы туру;

  5. акселерация.


Мәдениет бірнеше өмірлік функцияларды атқарады. Олардың ең бастысы қандай:



  1. тәрбиелік функциясы;

  2. реттеуші функциясы;

  3. әлеуметтендіру (қоғамға бейімдеу) функциясы;

  4. жорамалдау функциясы;

  5. танымдық функциясы.


Мәдениеттің тарихи формалары:



        1. Миф, дін, ғылым, философия;

        2. Жабайылық, варварлық, өркениет;

        3. Таптар, этностар, демографиялық топтар;

        4. Белгілер, жүйелер, кодтар;

        5. Материалдық мәдениет, рухани мәдениет.


Мәдениетті жанның тәрбиесі деп түсінген кім?



    1. К. Юнг

    2. Цицерон

    3. Э. Фромм

    4. Т. Адорно

    5. Ж. Делез


Мәдени код:



        1. Топ ішінде ақпаратты негіздейтін символдар жиынтығы;

        2. Каллиграфиялық жазу дағдылары;

        3. Шығармашылық элитаның құпия тілі;

        4. Арнайы шифрлар жүйесі;

        5. Құқықтық нормалар жиынтығы.


Мәдениетті құндылықтар тұрғысынан зерттеуге бағытталған тәсіл:



        1. Формациялық;

        2. Аксиологиялық;

        3. Эпистемологиялық;

        4. Онтологиялық;

        5. Құрылымдық-функционалдық.


Мәдениетті белгілер жүйесі ретінде қарастыратын тәсіл:



        1. Семиотикалық;

        2. Аксиологиялық;

        3. Символдық;

        4. Антропологиялық;

        5. Технологиялық.


Мәдениеттерді жазбаға дейін, жазба және ақпараттық деп бөлген ғалым:



    1. Д.С. Лихачев;

    2. Ф. Энгельс;

    3. Ю.М. Лотман;

    4. Н.А. Бердяев;

    5. О. Шпенглер.


Мәдениеттің символдық түсіндірмесінің авторы:



        1. М. Вебер;

        2. О. Шпенглер;

        3. К. Ясперс;

        4. А. Тойнби;

        5. Э. Кассирер.


Мәдениеттің ойын түсіндірмесінің авторы:



  1. М. Вебер;

  2. О. Шпенглер;

  3. Й. Хейзинга;

  4. А. Тойнби;

  5. Э. Кассирер.


Мәдениетті түсінудің құрылымдық-функционалдық тәсілінің өкілі:



  1. М. Вебер;

  2. Б.К. Малиновский;

  3. К. Ясперс;

  4. Й. Хейзинга;

  5. Э. Кассирер.


ХХ және ХХІ ғасырлар тоғысындағы американдық ойшылдар адамзаттың болашағының мәдениеттану үлгілерін – «тарихтың соңы» тұжырымдамасын және «өркениеттер қақтығысы» тұжырымдамасын ұсынды:



    1. К. Маркс және Ф. Энгельс;

    2. Ф. Фукуяма және С. Хантингтон;

    3. Д. Вико және И. Гердер;

    4. И. Хейзинга және К. Ясперс;

    5. О. Шпенглер және А. Тойнби.


Жергілікті (локальды) мәдениеттер тұжырымдамасының танымал теоретиктері:



        1. К. Маркс және Ф. Энгельс;

        2. О. Шпенглер, А. Тойнби, П. Сорокин;

        3. Д. Вико, И. Гердер;

        4. А. Тойнби, И. Хейзинга, К. Ясперс;

        5. Ф.Ницше, А. Шопенгауэр.


Мәдениет туралы ғылымды белгілеу үшін «культурология» терминін алғаш рет қолдануды ұсынған ғалым:



    1. Л. Уайт;

    2. К. Маркс;

    3. О. Конт;

    4. А. Тойнби;

    5. Й. Хёйзинга.


Табиғатты жанды организм ретінде қабылдауды білдіретін термин:



        1. Анимизм;

        2. Пантеизм;

        3. Деизм;

        4. Гилозоизм;

        5. Фетишизм.


Мәдениеттің диалогтық түсіндірмесінің авторы:



    1. М. Бахтин

    2. И. Кант

    3. Ж. Деррида

    4. К. Поппер

    5. М. Мид


Исламға дейін Иранда мемлекеттік мәртебеге ие болған пайғамбарлық дін:



        1. Манихейлік;

        2. Христиандық;

        3. Иудаизм;

        4. Зороастризм;

        5. Буддизм.


Араб-мұсылман мәдениетінде өнердін қандай түрлері болған жоқ:



        1. Сәулет өнері;

        2. Би өнері;

        3. Әдебиет;

        4. Музыка және поэзия;

        5. Кескіндеме және мүсін өнері.


Қазақтардың ата-бабаларының рухтары қалай аталады?



        1. Тәңір;

        2. Домалақ Ана;

        3. Аруақ;

        4. Аждарха;

        5. Умай.


Қ.А. Яссауи қандай мұсылман орденінің (бағыты) өкілі?



        1. Сунниттер;

        2. Шииттер;

        3. Сопылар;

        4. Ханафиттер;

        5. Қалам.


Үшінші Алтын адам табылған Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы аумағындағы сақ қорымы:



        1. Шілікті;

        2. Есік;

        3. Ырғызбай-ата кесенесі;

        4. Пазырық қорғандары;

        5. Ақбауыр.


Темірланның билігі кезінде қазіргі Түркістан аумағында тұрғызылған көрнекті ғимарат:



        1. Баба-Ата;

        2. Ақтөбе;

        3. Айша Бибі кесенесі;

        4. Яссауи кесенесі;

        5. Қорқыт Ата кесенесі.


Көне түркілердің тотемдік жануары:



        1. Аю;

        2. Бұғы;

        3. Қасқыр;

        4. Арқар;

        5. Жолбарыс.


Әр түрлі жағдайларға байланысты екі мәдениеттің ортасында қалған адамдар тобының шекаралық жағдайын қандай термин білдіреді?



        1. Аккультурация;

        2. Маргиналдық;

        3. Ассимиляция;

        4. Диффузор;

        5. Геноцид.


Көне түркілердегі көк аспанның бейнесі болып табылатын Құдай:



        1. Тәңір;

        2. Ұмай;

        3. Жер-Су;

        4. Аллаһ;

        5. Зороастр.


Этногенез және пассионарлық тұжырымдамасының авторы:



        1. В. И. Вернадский;

        2. Л. Н. Гумилев;

        3. В. С. Соловьев;

        4. И. А. Бродский;

        5. Н. А. Бердяев.


Қорқыт – бұл:



        1. Жердің Жоғарғы Құдайы (Жер-Су);

        2. Мифтік алғашқы бақсы, музыкант және әнші, қобыз музыкалық аспабын жасаушы;

        3. Жоғарғы Рух - қазақтардың алғашқы ата-бабасы;

        4. Жер асты патшалығының патшасы;

        5. XIX ғасырдың ағартушы ақыны.


Түркітілдес халықтар тарихының ескерткіші - М. Қашқари кітабы:



  1. Диуани лұгат-ат-түрік

  2. Диуани - Хикмет

  3. Құтты білік

  4. Бақытқа жету туралы

  5. Қайырымды қала тұрғындары туралы трактат


Шығыс Қазақстан облысының киелі объектілеріне не жатпайды:



        1. Ф. М. Достоевскийдің үй-мұражайы;

        2. Берел Қорымы;

        3. Шілікті Қорымы;

        4. Белуха Тауы;

        5. Есік қорғандары.


Парсы және түркі халықтарының көктемгі күн мен түннің теңелу мерекесі:



        1. Наурыз;

        2. Карачун;

        3. Нардуган;

        4. Сабантой;

        5. Когурт Кун.


Ақындық сөздің шебері, әнші, импровизатор:



        1. Жырау;

        2. Ақын;

        3. Сал;

        4. Бард;

        5. Ашуг.


Эпикалық поэмаларды жасаушы және орындаушы:



        1. Өлеңші;

        2. Ақын;

        3. Жырау;

        4. Бард;

        5. Ашуг.


«Халыққа сәлем», «Мен дүние жүзін араладым», «Туған жерім», «Менің Отаным», «Ленинградтылықтар, балаларым менің» т. б. белгілі поэтикалық шығармалардың авторы:



        1. Ж. Жабаев;

        2. Сүйімбай;

        3. А. Байтұрсынов;

        4. Құрманғазы;

        5. М. Жұмабаев.


Түркістан республикасы үкіметінің төрағасы қызметін атқарған көрнекті мемлекет қайраткері, публицист, шетелге қоныс аударған, 1941 жылы желтоқсанда Берлинде қайтыс болған:



        1. Мұстафа Шоқай;

        2. М. Жұмабаев;

        3. Ш. Құдайбердиев;

        4. А. Байтұрсынов;

        5. Ж. Аймауытов;


Журналист, публицист, ақын, ағартушы-педагог, аудармашы, «Оян, қазақ» өлеңдер жинағы:



        1. Шоқай М.;

        2. Ж. Аймауытов;

        3. М. Дулатов;

        4. А. Байтұрсынов;

        5. М. Жұмабаев.


Тіршілік негізі көшпелі мал шаруашылығы болып табылатын әлеуметтік тарихи қауымдастықтар:



        1. Түріктер;

        2. Қазақтар;

        3. Номадтар;

        4. Арабтар;

        5. Наймандар.


Абай құрастырушылар қатарына енген, баспаханалық тәсілмен шығарылған, қазақ тарихындағы алғашқы заңдар жинағы:



        1. Жеті жарғы;

        2. Есім ханның ескі жолы;

        3. Қасым ханның қасқа жолы;

        4. Қарамола ережесі;

        5. ҚР Конституциясы.


Көшпелі өмір салтынан отырықшы өмір салтына өту процесі:



        1. Седентаризация;

        2. Маргинализация;

        3. Жаңғырту;

        4. Интеграция;

        5. Инкультурация.


Бірінші маусымда 100-ден астам рет сахналанған қазақ операсы:



    1. «Қозы Көрпеш - Баян сұлу»;

    2. «Абай»;

    3. «Қыз Жібек»;

    4. «Айман-Шолпан»;

    5. «Ер Тарғын».


«Алтын көмбелерімен» әйгілі Шығыс Қазақстанның сақ қорғандарының кешендерін атаңыз:



        1. Шілікті, Берел;

        2. Пазырық қорғандар;

        3. Баянауыл, Қамысты;

        4. Қобыланды, Зеренді;

        5. Есік, Тамғалы.


Ежелгі түркілердің шығу тегі туралы аңыз бейнеленген ескерткіш:



        1. Бүғыты ескерткіші;

        2. Өлен тасы;

        3. Иштар Құдайының қақпасы;

        4. Тамғалы жотасы;

        5. Сақ патшасының кесенесі.


Жетісудағы буддалық сәулет ескерткіші:



        1. Красная Речка қалашығы;

        2. Бұғыты ескерткіші;

        3. Жанайдар;

        4. Атасу;

        5. Шілікті.


Көне түрік мәдениетінде жиі кездесетін тастан қашап жасалған адам бейнесіндегі (антропоморфтық) мүсін:



        1. Балбал;

        2. Долмен;

        3. Стелла;

        4. Өлен тасы;

        5. Менгір.


Қазіргі Солтүстік Қазақстан облысының аумағында жылқыны қолға үйретудің алғашқы дәлелдерімен танымал энеолиттік қоныс (б. з. д. 4-3 мың) :



        1. Ботай;

        2. Есік;

        3. Аблакет;

        4. Бозок;

        5. Жетісу қонысы.


Әйгілі орыс шығыстанушысы, этнограф, археолог, Петербург Ғылым Академиясының академигі, «Түркі тілдері сөздігін жасау тәжірибесі», «Түркі тайпалары халық әдебиетінің үлгілері» атты еңбектерінің авторы:



        1. А. К. Арендс;

        2. А. Л. Кун;

        3. В. В. Бартольд;

        4. В. В. Радлов;

        5. А.Е. Шмидт.


Қазақстанның ұлттық рәміздерінің бірі, Есік қорғанындағы қазба жұмыстарының нәтижесі:



        1. Қанатты барыс;

        2. Алтын адам;

        3. Алтын ат;

        4. Алтын домбыра;

        5. Есік жазба ескерткіші.


Шығыс Қазақстанның буддистік сәулет ескерткіші:



        1. Қызыл Өзен Қалашығы;

        2. Аблакет;

        3. Жанайдар;

        4. Атасу;

        5. Шілікті.


Мәдениетті адамзат жетістіктерінің жиынтығы ретінде түсіндіру:



        1. Жүйелік (Жиынтық);

        2. Аксиологиялық;

        3. Нормативтік;

        4. Символдық;

        5. Ойын.


Сақ тайпаларының өнер стилі:



    1. аң стилі; 

    2. полихромды стиль;

    3. дала стилі;

    4. патша стилі;

    5. геометриялық ою.


Абай облысының аумағындағы “Махаббат мұнарасы” деп аталатын ескерткіш, билердің әділетсіз сотының құрбаны болған лирикалық – эпикалық поэма кейіпкерлерінің есімдерімен байланысты:



        1. Еңлік және Кебек;

        2. Кобланды және Қортқа;

        3. Қозы Көрпеш және Баян Сұлу;

        4. Алпамыс және Баршын;

        5. Жібек және Төлеген.


Қараханидтер дәуірінің түркітілдес ойшылдары:



        1. Қ.А. Яссауи, М. Қашқари;

        2. Әл Фараби, Ж. Баласағұн;

        3. Әл Ғазали, Ибн Сина;

        4. Ж. Баласағұн, М. Қашқари;

        5. Ибн Рушд, Ибн Сина.


Ежелгі түріктердің діні:



        1. Зороастризм;

        2. Ислам;

        3. Манихейизм;

        4. Буддизм;

        5. Тәңіршілдік.


«Сақ триадасы»:



        1. Қола /мыс қазандықтар, темір қылыштар, алтын/алтын жалатылған диадемалар;

        2. Бөренелер, қола кетпен, керамика;

        3. Балбалдар, құрбандық жылқылары немесе қойлар, темір қару;

        4. Бұғы тастары, керексуралар, плиткалы қабірлер;

        5. Аң стилі, ат құрал-саймандары, қару-жарақ (ақынақ).


Х. Сәбитұлы, «қайғылы» деген атқа ие болған жырлар мен қара сөздердің авторы:



        1. Кодан Тайши;

        2. Ақан сері;

        3. Бұқар-жырау;

        4. Құрманғазы;

        5. Асан Қайғы.


Қазақстандық философ, мәдениеттанушы, «Қала және дала» еңбегінің авторы:



        1. Б. Нұржанов;

        2. Бартольд;

        3. Ш. Уәлиханов;

        4. О. Сүлейменов;

        5. Н. Масанов.


Алғаш рет көшпенділер тарихын әлемдік тарихтың бір бөлігі ретінде қарастыра бастады:



        1. Й. Гердер және Ш. Л. Монтескье;

        2. Л. Н. Гумилев және Г.Вернадский;

        3. Дж. Боден және Н. Макиавелли;

        4. О. Сүлейменов және Н. Масанов;

        5. Рашид ад Дин, ибн Халдун.


Идеялық ағым, оның өкілі Л. Н. Гумилев болды:



    1. еуразияшылдық;

    2. батысшылдық;

    3. славянофильдер;

    4. панславизм;

    5. пантюркизм.


Қазақтар үшін ұран мен бірліктің символына айналған Үш жүзді біріктіруші аты аңызға айналған хан:



        1. Алаша;

        2. Жәнібек;

        3. Керей;

        4. Абылай;

        5. Шыңғыс хан.


Ұлытау аумағында орналасқан ең танымал кесенелер:



        1. Жошы хан мен Алаша хан кесенесі;

        2. Абай және Шәкәрім кесенесі;

        3. Қозы Көрпеш және Баян Сұлу кесенесі;

        4. Дәуітбек пен Қарахан кесенесі;

        5. Қожа Ахмет Яссауи және Есім хан кесенесі.


Кескіндемеші, график, қазақ бейнелеу өнерінің негізін қалаушылардың бірі, ҚР Мемлекеттік өнер мұражайы оның есімімен аталған:



  1. Әбілхан Қастеев;

  2. Гүльфайрус Исмаилова;

  3. Қанафия Тельжанов;

  4. Аубәкір Исмаилов

  5. Айша Ғалымбаева.


Көне түркі жазуының атауы:



        1. Скифтік;

        2. Соғдылық;

        3. Руналық;

        4. Санскрит;

        5. Иероглиф.


VI-VIII ғасырлардағы Исфиджаб қаласының қирандылары маңындағы табылған археологиялық олжа:



        1. Моншалар;

        2. Акведуктар;

        3. Кәріз жүйелері;

        4. Жерасты будда монастырі;

        5. Будда зираты.


Өз шығармашылығында қазақтардың дәстүрі мен тұрмысын бейнелеген көрнекті орыс суретшісі?



  1. Б. Смирнов;

  2. О. Федченко;

  3. В. Кошаров;

  4. В. Верещагин;

  5. Н. Хлудов.


Домбыра музыкасындағы лирикалық бағыттың негізін қалаушы:



        1. Құрманғазы;

        2. Тәттімбет;

        3. Дәулеткерей;

        4. Ықылас;

        5. Біржан.


Өскемен қаласынан 38 км жерде орналасқан, Шығыс Қазақстан облысының аумағында қолөнершілер мен металлургтердің ертегі сақ қонысы:



        1. Шілікті;

        2. Ақбауыр;

        3. Аблайкет;

        4. Елеке-Сазы;

        5. Берел.


«Ұлы Жібек жолы» терминін қолдануды ұсынған неміс ғалымы:



        1. Ф. фон Рихтофен;

        2. В. Томсен;

        3. Ж. - Ф. Шампольон;

        4. О. Шпенглер;

        5. Г. Шлиман.


М. Қашқаридің шығармасы:



        1. «Мейірімді қала тұрғындарының көзқарастары туралы трактат»;

        2. «Толтыру мен қарсыласудың қысқаша кітабы»;

        3. «Диуани лұгат-ат-түрік»;

        4. «Дәрігерлік ғылым каноны»;

        5. «Бақыт эликсирі».


Ұлы Жібек жолының арқасында Орталық Азияда таралған ежелгі ирандықтардың діні:



        1. Зороастризм;

        2. Буддизм;

        3. Манихейизм;

        4. Христиандық;

        5. Шаманизм.


Суфизм:



        1. Исламның мистикалық-аскетикалық ағымы;

        2. Халифаттың ұйымдастырылуы мен жұмыс істеу принциптері;

        3. Қоғам мен халифатқа үміткер арасындағы арнайы келісім;

        4. Діни және зайырлы нормаларды біріктіретін құқықтық жүйе;

        5. Араб поэзиясының композициялық формасы.


Мәдениеттану ғылым ретінде қалыптасып, дами бастады:



        1. XIX ғасырдың екінші жартысында;

        2. XV ғ. басында;

        3. XVII ғасырдың аяғында;

        4. XVI ғасырдың бірінші жартысында;

        5. XVIII ғасырдың ортасында.


Қазақтардың киелі жері, үш жүздің бірлігі идеясымен байланысты Қазақстанның аумақтық орталығы, құрылтайлардың өтетін орны:



        1. Жідебай;

        2. Түркістан;

        3. Алматы;

        4. Хан Тәңірі;

        5. Ұлытау.


Мемлекеттер, ұлттық-мәдени топтар мен тарихи-мәдени аймақтар арасындағы мәдени өзара іс-қимыл мен өзара әсерді тереңдету процесі қалай аталады?



  1. этникалық интеграция;

  2. мәдени интеграция;

  3. әлеуметтік интеграция;

  4. инкассация;

  5. аккредитация.


Ұрпақтан ұрпаққа берілетін және ұзақ уақыт сақталатын әлеуметтік және мәдени мұра элементтерін қамтитын ұғым:



  1. Культ;

  2. Салт;

  3. Жаңалық;

  4. Дәстүр;

  5. Жаңашылдық.


Мемлекеттің мәдени өмірін жоспарлаумен, жобалаумен, іске асырумен және қамтамасыз етумен байланысты мемлекет саясатының бағыты:



  1. қала құрылысы саясаты;

  2. әскери саясат;

  3. мәдени саясат;

  4. әлеуметтік-экономикалық саясат;

  5. өнеркәсіп саясаты.


Мәдениетті тұтас жүйе ретінде мынандай түрлерге (формаларға) бөлуге болады?



  1. Материальдық және рухани;

  2. Дін, өнер, білім;

  3. Биологиялық және рухани;

  4. Биологиялық және физикалық;

  5. Физикалық және материалдық.


Қазақ эпосына жатпайды:



  1. «Манас»;

  2. «Қобланды»;

  3. «Алпамыс;

  4. «Қыз Жібек»;

  5. «Айман-Шолпан».


Ақындар жарысы қалай аталады?



  1. Айтыс;

  2. Сарын;

  3. Күй;

  4. Ән;

  5. Мақам.


Қазақтың аса көрнекті композиторы-күйшісі, Батыс Қазақстаннан шыққан, атақты «Адай», «Сарыарқа» күйлерінің авторы:



        1. Құрманғазы;

        2. Дәулеткерей;

        3. Тәттімбет;

        4. Сейтек;

        5. Ақан Сері.


Ю. Баласағұнидің «Құтадғу білігінің» негізгі идеяларына мыналарды жатқызуға болады:



        1. Хандар мен бектердің деспотизмін айыптау, мемлекетті басқарудың адамгершілік заңдарын әзірлеу;

        2. Адамның ақыл-ойының күшіне сену, білімді сөзсіз құндылық ретінде бекіту;

        3. Қарапайым адам еңбегіне құрметпен қарау, мұқтаж адамдарға жомарт міңез таныту;

        4. Жас ұрпақты адамгершілік тәрбиелеу мәселелеріне, адам өмірінің мәні мен өлместігіне назар аудару;

        5. Жоғарыда айтылғандардың бәрі.


Әлемді көркемдік түсінуге және игеруге бағытталған адамдардың рухани-практикалық қызметіне негізделген мәдениет формасы:



        1. Миф;

        2. Ғылым;

        3. Философия;

        4. Өнер;

        5. Дін.


« Аз и Я» кітабының авторы - бұл:



  1. О. Сүлейменов;

  2. М. Шаханов;

  3. Ш. Айтматов;

  4. Ғ. Мустафин;

  5. Е. Брусиловский.


Атақты адамдардың жерленген жеріне орнатылған көне түркі тас мүсіні:



  1. «балбал»;

  2. «көкпар»;

  3. «наурыз»;

  4. «кетмен»;

  5. «киіз үй».


Белгілі ғалым, лингвист, ағартушы, «Қазақ» газетінің редакторы:



  1. А. Байтұрсынов;

  2. М. Жұмабаев;

  3. Ж. Аймауытов;

  4. М. Дулатов;

  5. С. Асфендияров.


Түркі тайпаларындағы Ұмай құдайы ненің қамқоршысы болып саналды:



        1. Аң аулау және соғыс қимылдары;

        2. Егіншілік;

        3. Ошақ және балалар;

        4. Қолөнер;

        5. Музыка мен ән-күй.


Аристотельден кейін «Екінші ұстаз» атанған философ және ғалым:



  1. Әбу Насыр әль-Фараби;

  2. Әль-Кинди;

  3. Әль-Бируни;

  4. Әль-Газали;

  5. Авиценна.


«Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасының мақсаты (2006 - 2011):



        1. Өлкетану жұмысы; белсенді және табысқа қол жеткізген азаматтардын (бизнесмендер, шенеуніктер, жастар және т. б.) көмегімен аумақтарды инфрақұрылымдық қолдау; демеушілік көмек көрсетудің оңтайлы формалары мен тетіктерін қарастыру;

        2. Қазақстанның киелі жерлерінің мәдени-географиялық белдеуін құру; осы жобаны жүйелі ұлттық ақпараттық сүйемелдеу; ішкі және сыртқы мәдени туризмді дамыту;

        3. Елдің тарихи-мәдени мұрасын зерделеу, қалпына келтіру және сақтау, тарихи-мәдени дәстүрлерді жаңғырту, Қазақстанның мәдени мұрасын шетелде насихаттау;

        4. Цифрлық экожүйені құру және Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттілігін нығайту бойынша сапалы жобаларды іске асыру;

        5. Жоғарыда айтылғандардың бәрі.


«Жаһандық әлемдегі заманауи қазақстандық мәдениет» бағдарламасының негізгі бағыттары:



        1. Өлкетану жұмысы; белсенді және табысқа қол жеткізген азаматтардын (бизнесмендер, шенеуніктер, жастар және т. б.) көмегімен аумақтарды инфрақұрылымдық қолдау; демеушілік көмек көрсетудің оңтайлы формалары мен тетіктерін қарастыру;

        2. Қазақстанның киелі жерлерінің мәдени-географиялық белдеуін құру; осы жобаны жүйелі ұлттық ақпараттық сүйемелдеу; ішкі және сыртқы мәдени туризмді дамыту;

        3. Бәсекеге қабілетті мәдениетті қалыптастыру, өзіміздің мәдени жетістіктерімізді бүкіл әлемге таңыту;

        4. Цифрлық экожүйені құру және Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттілігін нығайту бойынша сапалы жобаларды іске асыру;

        5. Жоғарыда айтылғандардың бәрі.


«Туған ел» бағдарламасының негізгі бағыттары:



  1. Өлкетану жұмысы; белсенді және табысқа қол жеткізген азаматтардын (бизнесмендер, шенеуніктер, жастар және т. б.) көмегімен аумақтарды инфрақұрылымдық қолдау; демеушілік көмек көрсетудің оңтайлы формалары мен тетіктерін іске асыру;

  2. Қазақстанның киелі жерлерінің мәдени-географиялық белдеуін құру; осы жобаны жүйелі ұлттық ақпараттық сүйемелдеу; ішкі және сыртқы мәдени туризмді дамыту;

  3. Бәсекеге қабілетті мәдениетті қалыптастыру, өзіміздің мәдени жетістіктерімізді бүкіл әлемге таңыту;

  4. Цифрлық экожүйені құру және Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттілігін нығайту бойынша сапалы жобаларды іске асыру;

  5. Жоғарыда айтылғандардың бәрі.


«Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» бағдарламасының негізгі бағыттары:



  1. Өлкетану жұмысы; белсенді және табысқа қол жеткізген азаматтардын (бизнесмендер, шенеуніктер, жастар және т. б.) көмегімен аумақтарды инфрақұрылымдық қолдау; демеушілік көмек көрсетудің оңтайлы формалары мен тетіктерін іске асыру;

  2. Қазақстанның киелі жерлерінің мәдени-географиялық белдеуін құру; осы жобаны жүйелі ұлттық ақпараттық сүйемелдеу; ішкі және сыртқы мәдени туризмді дамыту;

  3. Бәсекеге қабілетті мәдениетті қалыптастыру, өзіміздің мәдени жетістіктерімізді бүкіл әлемге таңыту;

  4. Цифрлық экожүйені құру және Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттілігін нығайту бойынша сапалы жобаларды іске асыру;

  5. Жоғарыда айтылғандардың бәрі.


Бұл батырдың ескерткіші Өскемен қаласына кіре берісте тұр:



        1. Алпамыс;

        2. Наурызбай;

        3. Бөгембай;

        4. Қабанбай;

        5. Кобланды.


Қазақстанда 15 сәуірде атап өтілетін ғашықтар күні осы жұптың тарихымен байланысты:



        1. Еңлік және Кебек;

        2. Кобланды және Қортқа;

        3. Қозы Көрпеш және Баян Сұлы;

        4. Аламыс және Баршын;

        5. Жібек және Төлеген.


2019-2021 жылдары Лондонда, Мәскеуде, Ыстамбұлда және басқа қалаларда сәтті қойылған Шығыс Қазақстанның сақ қорымдарынан алынған артефактілер бар көрменің атауы:



        1. «Ұлы дала алтыны»;

        2. «Қазақстанның киелі географиясы»;

        3. «Ұлы даланың жеті қыры»;

        4. «Мәдени мұра»;

        5. «Рухани жаңғыру».


Қазақстандық мұсылмандардың республикалық бірлестігі:



        1. Орта Азия мен Қазақстан Мұсылмандарының рухани басқармасы;

        2. Қазақстан мұсылмандары мүфтияты;

        3. Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасы;

        4. Ханафи мазхабы;

        5. Сунниттік ислам.


Тарихи-мәдени маңызы мен ықпалы Қазақстан заңнамасында танылған діндер:



        1. Ханафи мазхабының сунниттік исламы және православиелік христиандық;

        2. Джафарит мазхабының шиит исламы және православиелік христиандық;

        3. Шафи мазхабының сунниттік исламы және католиктік христиандық;

        4. Маликит мазхабының сунниттік исламы және баптизм;

        5. Исмаилит мазхабының шиит исламы және католиктік христиандық.


Режиссер Ақан Сатаевтың массагет патшайымы мен Ұлы Кир туралы баяндайтын қазақстандық көркем фильмі (2019 ж.):



        1. "Отырардың ақыры";

        2. "Томирис";

        3. "Қыз Жібек";

        4. "Қозы Көрпеш және Баян Сұлу";

        5. "Жігіт қыз".


XVI ғасырдың басындағы осы қазақ эпосының негізінде Қазақфильм 1970 жылы режиссер Сұлтан-Ахмет Ходжиковтың фильмін шығарды, онда басты кейіпкердің рөлін Меруерт Өтекешева сомдады:



  1. «Алпамыс»;

  2. «Қобланды»;

  3. «Қыз Жібек»;

  4. «Қозы Көрпеш и Баян Сұлу»;

  5. «Айман-Шолпан».


Қазақтың алғашқы көркем фильмі:



        1. "Алматыға алғашқы пойыздың келуі";

        2. "Түрксіб";

        3. "Амангелді";

        4. "Абай әндері";

        5. "Біздің сүйкімді дәрігер".


Евгений Брусиловскийдің ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы екі апалы-сіңлілердің тарихына арналған қазақ халық лирикалық-эпикалық поэмасына негізделген Мұхтар Әуезов пьесасы бойынша музыкалық комедиясы:



        1. "Манас";

        2. "Қобыланды";

        3. "Алпамыс";

        4. "Қозы Көрпеш және Баян Сұлу";

        5. "Айман-Шолпан".


1928 жылы Алматы қаласында ашылған Қазақстанның бірінші жоғары оқу орны:



        1. Қазақ мемлекеттік университеті (Қазіргі Абай атындағы ҚазҰПУ);

        2. Қазақ мемлекеттік университеті (қазіргі Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ);

        3. Өскемен педагогикалық институты (Қазіргі С. Аманжолов атындағы ШҚУ);

        4. Алматы зооветеринарлық институты (Қазақ ұлттық аграрлық университетінің құрамына кірді);

        5. Өскемен құрылыс-жол институты (қазіргі Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ).


Бірінші жоғары білімді қазақ әйел-дәрігері, Түркістан өлкесіндегі Денсаулық сақтау жүйесін ұйымдастырушы, дәрігер-педагог:



        1. Х. Нұралыханова;

        2. А. Оразбаева;

        3. Н. Құлжанова;

        4. Х. Доспанова;

        5. Г. Асфендиярова.


Кеңестік қазақстандық композитор, Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, "Абай", "Төлеген Тоқтаров", "Жамбыл" операларының авторы:



        1. Е. Брусиловский;

        2. Құрманғазы;

        3. Л. Хамиди;

        4. М. Дулатов;

        5. А. Днишев.


"Көшпенділер" трилогиясының авторы:



        1. А. Байтұрсынов;

        2. И. Есенберлин;

        3. М. Әуезов;

        4. М. Дулатов;

        5. С. Асфендияров.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет