Қазақ ақын-жазушылары және ұлттық руханият. Xviii-xix-ғасырлардағы батыс Қазақстан өңірінен шыққан ақын-жыраулар шығармашылығы



бет1/4
Дата19.03.2022
өлшемі10,91 Kb.
#136142
  1   2   3   4
Байланысты:
Тақырыбы “Қазақ ақын-жазушылары және ұлттық руханият. Xviii-xix-melimde.com


Тақырыбы: “Қазақ ақын-жазушылары және ұлттық руханият. Xviii-xix-ғасырлардағы батыс Қазақстан өңірінен шыққан ақын-жыраулар шығармашылығы ”

Қазақстан Республикасы Ғылым және Білім Министрлігі Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік Университеті

Орындаған:Нұртаева Ә

Тексерген:Баймаханова Г



Тақырыбы: “Қазақ ақын-жазушылары және ұлттық руханият.XVIII-XIX-ғасырлардағы батыс Қазақстан өңірінен шыққан ақын-жыраулар шығармашылығы ”
Г.Актобе 2021


Шалкиіз жырау
Шалкиіз жырау қазақ жыраулық поэзиясының атасы саналады. Шалкиіз Тіленшіұлы 1465 жылы Жайықтың шығыс бетінде дүниеге келеді. Жыраудың әкесі сахараның беделді, бай адамы болды. Шешесі Кіші жүздің ұйытқысы болған, Сыртқы Орда деп аталатын ұлыстың билеушісі Мұса бидің қызы екен. Шалкиіз мұсылманша білім алған, оның 1490 жылға дейінгі өмірінен дерек жоқ. Тек 1490 жылы ноғайлы әміршісі Темір бидің жанында болғаны белгілі. Кейбір зерттеушілердің пайымдауларына қарағанда, осы кезде жырау бірде әскер қатарында, бірде әміршінің елші, нөкерлері қатарында Қырым, Терістік Кавказ, Дон бойын тегіс аралап шыққан.
Темір өлгеннен кейін нағашылары Мұса ұрпақтарының маңайында болады. Кейін бұл топтан бөлініп, Қазақ ордасына біржола өтеді. Шалкиіз 95 жасқа жетіп қайтыс болған деп шамаланады.
Шалкиіздің Алаштан байтақ озбаса, Темір биге арналған толғаулары; Жапырағы жасыл жаутерек, Ер Шобан, т.б. толғау-жырлары бізге жеткен.


Сыпыра жырау
Сыпыра жырау — XIV ғасырда Батыс Қазақстан еңірін жайлаған түркі тайпаларының ортасынан шыққан атақты жырау, ноғайлы-қазақ эпосының негізін салушылардың бірі. Сыпыра жырау шығармалары біздің заманымызға жетпеді, алайда оның кезінде Дешті Қыпшақтағы ең атақты сөззергері болғаны, мол мұра туғызғаны байқалады.
Сыпыра жырау ел қамын жеген дана қария кейпінде қазақтың ескі батырлар жырының бірталайында бой көрсетті. Мысалы, Ер Тарғында Сыпыра жырау туралы: Бұл — өз өмірінде толғау айтып, тоғыз ханды түзеткен кісі еді делінеді. "Телағыс" жырында Сыпыра жырау ноғайлы ішінде шыққан өзара қырқысты өршітпей, жеке басының беделімен, жырының күшімен жауласушы жақтарды бітістіреді. Ал Едіге жырында ол жүз сексенге келген жұрт қамқоры, халықтың ақылшысы.
Көптеген эпостық жырларда Сыпыра жырау айтыпты деген әр түрлі мазмұндағы толғаулар ұшырасады. Эпос кейіпкері Сыпыра жыраудың прототипі — тарихи Сыпыра жырау екендігі жырланған. Қайткенде де, Сыпыра жыраудың өз тұсындағы және өзінен соңғы сахара сөз өнеріне елеулі ықпал еткенін аңғарамыз. Белгілі Мұрын жырау өзін Сыпыра жыраудың мұрагері санаған. Ал қарақалпақ елінің фольклор зерттеушілері Сыпыра жырауды қарақалпақ эпосының негізін салуш




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет