Қазақ ақын-жазушылары және ұлттық руханият. Xviii-xix-ғасырлардағы батыс Қазақстан өңірінен шыққан ақын-жыраулар шығармашылығы



бет4/4
Дата19.03.2022
өлшемі10,91 Kb.
#136142
1   2   3   4
Байланысты:
Тақырыбы “Қазақ ақын-жазушылары және ұлттық руханият. Xviii-xix-melimde.com

Нұрпейіс Байғанин
Нұрпейіс Байғанин (20 маусым 1860, қазіргі Байғанин ауданы, Ақтөбе облысы — 9 сәуір 1945, Ақтөбе) — халық ақыны, жырау. Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері

Кіші Жүздің Әлімұлы, Шектінің Шүрен руынан. Әкесі Байғана жоқшылықты көп көрген. Анасы Үміт әнші, домбырашы әрі ақын болыпты, айтыстарға қатысқан.



Ол ақындық өнерді ең алғаш анасынан үйренген. 16 — 17 жасынан-ақ “бала жыршы” атанады. Кейіннен Абыл, Шернияз, Нұрым, Қашаған, Ақтан, Қазақбай, Сабыр тәрізді белгілі ақындардан үлгі алып, бірқатарымен айтысқа түседі, батырлық жырларды үйренеді. Байғанин Нұрпейіс негізінен батырлықты, адамгершілік пен адалдықты, әділдік пен ізгілікті дәріптейтін, халық сүйіп тыңдайтын “Құбығұл”, “Төрехан”, “Қобыланды”, “Ер Тарғын”, “Алпамыс”, “Қыз Жібек”, “Айман — Шолпан” сияқты жыр, дастандарды жырлаған. Байғанин Нұрпейіс жырлаған “Қобыланды батыр” жыры — осы жырдың басқа ақын-жыршылар айтқан нұсқаларынан көлемі молы, оқиғасы жағынан мазмұндысы. Байғанин Нұрпейістің ертеректе жырлаған дастан, жыр нұсқалары кезінде жазылып алынбаған.
http://melimde.com

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет