Қазақ ақын-жазушылары және ұлттық руханият. Xviii-xix-ғасырлардағы батыс Қазақстан өңірінен шыққан ақын-жыраулар шығармашылығы



бет2/4
Дата19.03.2022
өлшемі10,91 Kb.
#136142
1   2   3   4
Байланысты:
Тақырыбы “Қазақ ақын-жазушылары және ұлттық руханият. Xviii-xix-melimde.com

Марабай Құлжабайұлы
Марабай Құлжабайұлы - 1841 жылы БҚО, Теректі ауданында дүниеге келгенМ. Табын руынан шыққан жырау ақындық өнерге жастайынан машықтанып, Шернияз ақыннан сабақ алған деседі. Суырыпсалма ақындығымен де ерекшеленіп, Қашаған, Сүгір, Базар, Көке қыз сынды ақындармен айтысқан. Жалпы әдебиеттерден оқып, сусындап жүрген «Қобыланды батыр» жыры және «Ер Тарғын» жыры осы Марабай арқылы тарап, осы жыраудың нұсқасында бізге жеткен.
Мысалы «Қобыланды батыр» жырын Мергенбай жырау, Біржан Толымбаев, Айса Байтабынов, Мұрын Сеңгірбаев, Көшелек Еламанов, Шапай Қалмағамбетов сынды жыраулар әр түрлі сюжетпен халық арасына таратқанмен, академиялық оқулыққа енгені Марабай нұсқасы боп тұр.
Ал 1862 жылы А.Ильминский «Ер Тарғын» жырын Марабай жыраудан жазып алған. Сол жырдың үзіндісі «Тайбурылдың шабысы» деген атпен 1879 жылы жарыққа шыққан. Сонымен қатар «Қазақ хрестоматиясына» енгізілген. Осындай қыруар еңбегі арқылы тарихта қалған жырау жөнінде жас ұрпақ мүлде білмегені өте ұят. Ал мұғалімдер мен әр түрлі дәрежедегі ғалымдар дерек аз деген сылтауға басып, жабулы қазанды жабулы күйінде қалдырып жүр. Адамды кінәлаудан аулақпыз, дегенмен үлкен бастамалардың өзі осындай аздаған ізденістердің артынан туындамайды




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет