Мәселенің қарастырылу деңгейі. Нарықтық жағдайда туристік нарықты қалыптастыру мен дамыту мәселелерін көптеген алыс шетелдік экономист ғалымдар, атап айтқанда М. Портер, Ф. Котлер, Кифяк В.Ф., Нордин С., Боуэн Дж., Дж. Макенс, Л.Л.Николас өз еңбектерінде қарастырған. Туристік бизнесті дамыту мәселелерін зерттеуге ресейлік ғалымдар – И.Т. Балабанов, Балабанов А.Т., Решетников Е.Г., Темный Ю.В., В.А. Квартальнов, М.Б. Биржаков, И.В. Зорин, Александрова А.Ю., Юрик Р.А. және т.б ат салысты. Туристік қызмет нарығының жеке аспектілері қазақстандық ғалымдардың, атап айтқанда, С.Р.Ердавлетов, Е.С.Никитинский, Э.А. Вуколов, С.К.Сұрағанова, Г.М.Дуйсен, Н.Абуев еңбектерінде көрініс тапқан.
Аталған экономист-ғалымдардың еңбектерінде туристік нарық субъектілерінің экономикалық механизмін құру мен тиімді функциялануының теориясы мен практикасы жалпыланған. Бірақ, республиканың туристік қызмет нарығындағы заманауи жағдайы туристік бизнестің әлеуметтік - экономикалық аспектілерін анықтауды қажет етеді. Сондай-ақ, туристік қызмет нарығын зерттеу үшін ғылыми бағыттарды әзірлеу және қолдану, туристік қызмет көрсетуді орталықтан басқаруды экономикалық реттеу және формаларын жетілдіру әдістерін қалыптастыру шешуші фактор болып табылады. Осының барлығы заманауи жағдайда туристік бизнестің әлеуметтік-экономикалық аспектілерін зерттеу қажет екендігін көрсетеді. Осы тақырыпты қарастыру зерттеу мақсаттары мен міндеттерін құруға мүмкіндік береді.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері.Зерттеудің мақсаты – Қазақстан Республикасында туристік қызмет көрсету нарығының дамуына әлеуметтік-экономикалық аспектілердің қалыптасуы мен қызмет етуін бағалау бойынша ғылыми-методологиялық және практикалық ұсыныстар дайындау. Осы қойылған мақсатқа жету үшін келесі міндеттерді шешу керек:
«туристік қызмет нарығы» түсінігін нақтылау және туристік қызмет нарығының қалыптасуы мен дамуына әсер ететін әлеуметтік-экономикалық факторларын сипаттау;
туризм саласының әлеуметтік-экономикалық аспектілерінің даму жағдайына баға беру мен туристік кластерлердің рөлін айқындау;
туристік мекемелердің бәсекеге қабілеттілігін арттырудың негізгі бағыттарын және инвестициялық туристік жобаларды бағалау әдістемесі мен нарықты мемлекеттік реттеу әдістерін қарастыру;
туристік қызмет көрсету нарығының экономикалық аспектілерін дамытуды стратегиялық жоспарлаудың тұжырымдамалық үлгісін ұсыну;
туристік бизнестің әлеуметтік аспектілерін дамытудың болашағы мен туристік қызмет көрсету нарығын дамыту стратегиясын әзірлеу.