ТөБ
0-ші деңгей 1-ші деңгей 2-ші деңгей
ББ
ҚсБ
Б
ТсБ1
ТсБ
ТсБ2
ТсБ3
ТсБ4
ТсБ5
Сурет 4- Мемлекеттің туристік сaлaдaғы бәсекеге қaбілеттілігін
бaғaлaу үлгісі
Ескерту: мәліметтер [24] негізінде aлынғaн.
Туристік өнім бәсекеге қaбілеттілігінің көрсеткіші және туристік сaлaның бәсекеге қaбілеттілігінің көрсеткіштері кешенді көрсеткіштер болып тaбылaды, олaр өз кезегінде екінші деңгейдегі фaкторлaр – туристік өнім бaғaсына, қызмет көрсету сaпaсына, туристік сaлaны мемлекеттік реттеуге, туристік сaлaғa инвестиция түсіміне, туристік сaлa мaркетингіне, туристік сaлa мaмaндaрының кәсіби біліктілігіне, туристік инфрaқұрылымның дaму деңгейіне тәуелді.
Туризм саласына инвестиция құю экономика үшін де аса маңызды, себебі инвестиция дегеніміз – бұл мақсатты банктік салымдар, пайлар, акциялар мен басқа да құнды қағаздар, технологиялар, машиналар мен құрылғылар, лицензиялар, соның ішінде тауарлық белгіге, несиеге, басқа мүлікке немесе мүліктік құқыққа, интеллектуалды құндылықтарға табыс табу және әлеуметтік нәтижеге жету үшін кәсіпкерлік қызмет объектілеріне салынатын ақшалай құралдар болса, оларды қаржыландырудың ішкі және сыртқы көздері макро-және микроэкономикалық деңгейде жүреді [25].
Экономикалық әдебиеттерде ішкі инвестициялау көздеріне, ұлттық көздерді, соның ішінде кәсіпорындардың меншік құралдары, қаржылық нарық ресурстары, халықтың жеке жинақтары, бюджеттік қаржыландыру жатса; ал сыртқы көздерге — шетелдік инвестициялар, несиелер мен займдар жатады.
Қандай жобалар нақты, белгілі бір алдын-ала анықталған экономикалық және қаржылық жетістік критерийлеріне жауап бере алатындығын бекіту үшін туризм және қонақ үй бизнесіндегі инвестициялардың тиімділігін талдауға анықталған нақты қадамдар бар, оны келесі 5-суреттен көруге болады.
Бүгінгі күнгі жағдай
2. Инвесторлардың кезігетін мәселелері
3. Инвестиция салудың оңтайлы мүмкіндіктерін анықтау
4. Туристік салаға инвестиция салу
5. Туристік нарықтың дамуы
6. Қарастырлатын негізгі бағыттар
7. Қаржыландыру үшін техника-экономикалық негіздеме және нарық
8. Нарық және қаржыландыру үшін техника-экономикалық негіздеу – талдау үлгісі.
Туризм және қонақ үй бизнесіндегі инвестициялардың тиімділігін талдау
Сурет 5 - Туризм және қонақ үй бизнесіндегі инвестициялардың тиімділігі
Ескерту: [26] мәліметтері негізінде автор құрастырған
5-суреттен кез келген салаға инвестиция салу үшін бірнеше ретті орындалатын қадамдар бар екендігін көруге болады:
1. Бүгінгі жағдайды талдау, онда экономиканың жағдайы талданып, дағдарыс пен экономикалық тұрақтылық сұрақтары қарастырылады; сондай-ақ, экономиканың туризм кәсіпорындарына әсері – әлемдегі экономикалық тұрақсыздық жұмыстың тиімділігіне жағымсыз әсерінің болуы; бағалау жүргізу, нарықты зерттеу және кәсіпорындар құру үшін қаржылық негіздемелерді дайындау бойынша ұсыныстарды беруге қажетті өтінімдер саны бойынша инвесторлардың ойын бағалау, сонымен бірге, даму қарқыны–қазіргі уақытта немесе құрылыс біткеннен кейінгі бірнеше жылдан соң – болашақ ретінде қабылданатын қандай нарықтар мен өнімдер инвесторлар үшін тартымды екендігіне зерттеу жүргізу [26].
2. Инвесторлардың кезігетін мәселелері:
Инвесторлар жобаларды қаржыландыру кезінде біршама мәселелерге тап болады, әсіресе, жерге меншік құқығы – туристік кәсіпорын құрудың кез келген жобасын бағалаудағы өзекті мәселе – меншік құқығы көп жағдайда анық емес, әсіресе, ТМД мемлекеттерінде дұрыс құқықтық сараптама қабылдануы тиіс; уақыттың шектелуі немесе жұмыстың тиімділігі, яғни, жоба жұмысын бастауға қатысты уақыттың шектелуін білу; банк тарапынан қаржыландыру – көптеген жобалардың нақты жүзеге аспауының басты себебі. Инвесторлар шектен тыс оптимистік бизнес-жоспар дайындайды, әдетте, банктер әсіресе, бүгінгідей экономикалық жағдайларда абайлап жұмыс жасағанды жөн көреді. Үлестік қатысу – жобаның сипатына немесе күрделі экономикалық жағдайларға байланысты қарыз капиталды пайдалануды қамтамасыз ету қиын болған жағдайда, спонсор үлестік қатысушыларды арттыруға соның нәтижесінде әріптестің немесе жеке үлесін арттыру арқылы тәуекелді арттыруға талпынуға тиіс болады. Бизнесті жүргізудің жергілікті әдістері – шетелдік инвестор үшін жергілікті жерде әріптесі болудың маңызы жоғары, себебі ол бұл жүйенің қалай жұмыс жасайтынын, рұқсат алу үшін жергілікті бюрократиямен қалай жұмыс жасау керектігін және т.б. біледі.
Достарыңызбен бөлісу: |