Факторды тудырушы
Қажеттілікті тудыру
-жеке;
-іскерлік туризм;
-тур-операторлар;
-қызығушылығы бар топтар
Факторлар
Туристік әлеует
Факторларды позициялау
жергілікті жердің әсері;
өнімнің әсері;
басқарудың әсері
Факторларды бағалау/маркетинг
мақсатты баға;
географиялық локациялар бойынша жеңілдіктер;
маусымдық жеңілдіктер
Нарық сегменті бойынша нарық көлемі
Сегмент бойынша орташа ставка
Аралас нарық бойынша жоба
Таза ставка
Көлем
Сурет 7 – Туристік нарықтағы сұраныстың құрылу үлгісі
Ескерту: автор [28] құрастырған
Табыстылық пен пайданы талдау кезінде көлем мен орташа шығындарды анықтағаннан кейін туризм саласындағы жобаның болжанып отырған айналымы есептелуі мүмкін. Шығындардың орташа көлемі әр түрлі туристік нысан тұратын оперативті бөлімшелердің арасында бөлінеді, мысалы, қонақ үй кешендерінің бөлімшелеріндегі бөлініс (нөмірлер, мейрамханалар, ойын-сауық кешендері, бизнес-қызметтер және т.б.) Осылайша тасымалдау шығындары әкімшілік, техникалық қызмет көрсету, маркетинг, электр энергиясы және төлемдер сияқты бөлінбеген шығындарға қосылмастан бұрын шоғырландырылған бөлімшелердің лимитті есебі үшін бөлімшелерге бөлінеді.
Нәтижесінде жалпы операциялық табыс, содан кейін операциялық емес шығындарды, қарызға қызмет көрсету және амортизация алымдарын есептеген соң таза табыс пайда болады. Төмендегі 8 - суретте жалпы операциялық табыс және таза табыстан есептесу кезеңдері көрсетілген.
Қаржылық талдауда жалпы талдаудың үш деңгейі тиісті мақсаттарға сәйкес жүргізілуі мүмкін:
Негізгі операциялық нәтижелер
- өнімнің өзіндік құны;
- жалақы;
-басқа да шығындар
Бөлімшелер (орналастыру, тамақтану мен сусындар, сауда, денсаулық пен фитнес, басқалары) бойынша талдау
МАРЖА
-жалақы;
-басқа да шығындар
Әкімшілік, маркетинг, қызмет көрсету, энергия, комиссия
Негізгі қызметтен табыс
-операциялық емес шығындар;
-қарызға қызмет;
-амортизация
Негізгі қызметтен жалпы табыс
Жалпы табыс
Сурет 8 - Операциялық табыс және одан кейінгі кезеңдер
Ескерту: автор құрастырған
Бірінші мақсат: Қаржылық үлгінің теңе –теңдігі. Әдетте 3-тен 4 жылға дейін созылатын қуатты күшейту кезеңінде шығындар көлемі мен олардың ұзақтығын талдау.
Екінші кезең: Қаржылық мақсат
Өтелімділікті анықтау. ROCE талдауы бесінші жылдағы ақша ағымының көлемін инвестиция көлеміне (12%) бөлу арқылы жүргізіледі [29]. Өтелімділік кезеңін талдау жинақталған ақша ағымы менің салымдарымды өтейтін жылдың санын білдіреді (4-тен 5 жылға дейін). Көбейткіштерді талдау: GOP (7-8х) / EBIDTA (10-15x) / NP [30].
Үшінші мақсат: Табыстың ішкі нормасын білу. Күтілетін ақша ағымдары және осы саладағы әдеттегі табыстылық мөлшерлемесіне сілтемемен тіркесуімен IRR талдауы негізде жүргізіледі.
Алғашқы инвестициялар мен нақты экономикалық құны негізінде NPV талдауы жүргізіледі. Тұжырымдама аясында расталған ұлттық деңгейдегі барлық нысандарды бағалау және осы әдіс бойынша аймақтық жобаларды талдауға болады. Аймақтық жобаларды ағымдық бағалау шынайы мәлімет ретінде қарастырыла алмайды, бағалау үшін жеке аспектілер бойынша рейтингілік басшылық анықталады, туристік инвестициялық жобалар үшін бағалау әдісін ұсынуға болады:
Іріктеу критерийлері
Стратегиялық көрініс: жобаның туризмді дамытудың жүйелі жоспары мен туризмді дамытудың аймақтық жүйелік жоспарына сәйкестігі.
Құқықтық сәйкес келуі: жобаның қолданыстағы жергілікті және халықаралық заңнамалар мен ережелерге сәйкес келуі (жоспарлар, құрылысқа рұқсат, құрылыс-монтаждау жұмыстары, денсаулық сақтау, қауіпсіздік, жұмыспен қамту және қоршаған орта мәселелері)
Қолжетімділік факторы: тағайындалған пунктінің инфрақұрылымдық байланысы (жол, темір жол, әуедегі байланыс) нысанның/қонақүйдің даму жоспарының жобалық трафигіне тең.
Жергілікті факторлар: орындардағы жергілікті инфрақұрылым (мысалы, жолдар, коммуналдық қызметтер, қоғамдық көлік, және т.б.) және әлеуметтік қызметтер (мысалы, білім беру, дайындау, денсаулық сақтау және т.б.)
Төменгі мөлшер: жоспарланған дамуы бар межелі орын бизнес-жоспарға сәйкес пайдаланудың үшінші жылында ең болмаса, жылына Х түнеу орнына (өтінішке дейін көрсетіледі) жету керек.
Меншік формасы: жоба меншіктің нақты құрылымы бар.
Әсер етуі: жоба азық-түлік, сумен жабдықтау, электрэнергиясы және денсаулық сақтау сияқты жақын қауымдастықтардың негізгі қызметтерін қамтамасыз ету тәуекеліне ұшырамайды.
Кәсіби бағалау критерийлерін беруге болады (Қосымша В).
Қорыта айтқанда туристік қызмет көрсетудің бәсекеге қaбілеттілігі –оны жетілдірудің экономикaлық және коммерциялық жaғдaйы сияқты эстетикaлық, техникaлық, сaпaлық сипаты бойыншa тұтынушылaрдың нaқты тaлaптaрынa қызмет көрсетудің нaрықтық жaғдaйғa сәйкес келетіндігін көрсететін көпфункциялы сипaттaғы экономикaлық кaтегория. Бaғaлaу кезіндегі орындaйтын рөлі бойыншa, бәсекелестік қaбілеттілікті екі топқa бөледі, туристік қызмет қaнaғaттaндырaтын реттеуші бәсекелестік және қaндaйдa бір сипaттaмaлaрымен тұтынушылaрды қaнaғaттaндыру дәрежесі бойыншa, нарықтa бәсекелесетін өнімдерді сaлыстыру үшін қолдaнылaтын салыстырмалы бәсекелестік.
Бәсекелестік қaбілеттілікті бaғaлaу кезінде, өнімді нaқты нaрықтa өткізудің принципиaлды мүмкіншілігін көрсететін реттеуші көрсеткіштерге ерекше көңіл aудaру керек. Туристік өнімнің және туристік сaлaның бәсекеге қaбілеттілігінің көрсеткіштері кешенді көрсеткіштер болып тaбылaды, олaр өз кезегінде екінші деңгейдегі фaкторлaр –туристік өнім бaғaсына, қызмет көрсету сaпaсына, туристік сaлaны мемлекеттік реттеуге, туристік сaлaғa инвестиция түсіміне, туристік сaлa мaркетингіне, туристік сaлa мaмaндaрының кәсіби біліктілігіне, туристік инфрaқұрылымның дaму деңгейіне тәуелді. Туристік саладағы жобалар алдын-ала анықталған экономикалық және қаржылық табыс критерийлеріне жауап бере алатындығын бекіту үшін туризм және қонақ үй бизнесіндегі инвестициялардың тиімділігін талдауға нақты қадамдар жасау.
Достарыңызбен бөлісу: |