5. Туристік нарықтың дамуы
даму және алға басу қарқыны –кеңес берушінің шешуі тиіс ең күрделі мәселелерінің бірі: яғни, мүмкіндіктер болжамы жасалып жатқан мерзім барысында туристік нарық қызметтеріне жаңа ұсыныстар санын өлшеу. Мүмкін болатын жобалар санының көп бөлігінің қосылуы, дайын және іске қосылғалы тұрған жобаның әлеуетті мүмкіндіктерін жоюы мүмкін;
туристік нарықтағы әрекет ететін тұлғалар – жергілікті инвесторлар мен жоғарыда аталып өткен мекемелердің операторлары көп жағдайда жаңа халықаралық мекемелерге сұранысты тудырады;
қарыздық қаржыландырудың болуы – тәуекелді бағалау туристік нарық жобаларына банктің инвестициялауға дайын болуымен анықталады. Батыстық банктер ұсынатын қарыздарды ішкі несиелермен байланысты шығындарды қаржыландыру шектен тыс көп болғандықтан жергілікті инвесторлар халықаралық қаржыландыруға ие болуға талпынады. Мысалы, батыстық банктер операторы қандай-да бір халықаралық қонақ үй бренді тағайындалса ғана қаржыландыруды ұсына алады.
6. Қарастырылатын негізгі бағыттар
- портфельдіккелісім-шарттар – олар мемлекеттегі туристік нарықтағы брендтік өкілдіктерінің ландшафтын өзгертуі мүмкін;
- бейінді инвесторды ауыстыру –типі (ұйымдастырушылық) және қайнар көзі (қытайлық, үнділік) тұрғысынан алып қарағанда инвесторлардың қарқынында елеулі өзгерістер бар;
- туристік компаниялардың басынушылық бағыты – кейбір туристік кәсіпорындар нарықтың әр түрлі сегменттері үшін тартымды нысандарға ие бола отырып, нарықта басты орын алғысы келеді;
- халықаралық туристік нарықтағы сыртқы инвестициялардың деңгейін жоғырылату (Ресей).
7. Қаржыландыру үшін техникалық-экономикалық негіздеме және нарық.
- сұраныс пен ұсыныс – іске қатысы бар кәсіпорынның бәсекелік шарттарын дұрыс анықтау қажет және кәсіпорын қызметтерінің болашақ ұсыныстарының саны туралы кәсіби пікірлер шығаруы тиіс;
- брендтің бағасы – халықаралық және жергілікті маркалардың бір-бірінен басымдылығын құра отырып, жобаның стандартын және оның иесі үшін оңтайлы табыстылығын бағалау;
- орналасу орны – шетте орналасу – бүгінгі күнде жақсы орналасу орны міндетті емес, алдағы 5 - 10 жылда ол осындайжақсы орын болып қала ма деген мәселе маңызды, сондықтан да кеңес беруші алға жылжу үдерісіне кері әсерін тигізбес үшін болашақ оқиғалар туралы мәліметке ие болуы керек;
- уақыт – нарықта әрдайым басымдыққа ие болады, соның салдарынан, орындары да толық және орташа күндік мөлшерлемеге де ие болады;
- еңбекақы шығындары– шығындардың ең көп және тербеліске жиі ұшырауы;
- рентабельділік – жалпы операциялық және таза операциялық кіріс. Мысалы, ТМД мемлекеттеріндегі қонақ үйлер пайыздық қатынаста батыстық көршілерге қарағанда табысты болуы қарқыны бар, себебі бұл жерде еңбекақыға кететін шығындар 10 - 12 пайызға төмен;
- құрылыстың құны – әр түрлі мемлекеттер бір-бірінен айырмашылығы өте көп, бірақ жүзеге асыру мүмкіндігінің түсінігіне жобаның шынайы құнын әзірлеуді бекітуде, ол жердің құнымен қоса нарықтағы мекемеден түсетін болжанған табыстардың ағымын бағалау үшін негіз болады;
- шығару стратегиясы (капиталды шығару) – шынайы табыс пен жобаның шынайы құнының мәні, ол жеке актив немесе қор жинақтары болсын алғаш рет мүлікке төленгеннен жоғары құнды қамтамасыз етуде. Шығу стратегиясын дайын сатып алушы – дайын сатушы болғанда белсенді түрде жүзеге асырып, бақылап отыру қажет.
8. Нарық және қаржыландыру үшін техникалық-экономикалық негіздеу – талдау үлгісі.
Төменде 6-суретте көрсетілген талдау үлгісі, жобаны бағалауда маңызды қадамдарды бөліп көрсетеді:
Тактикалық
Жоба
Нарық
Қоршаған орта
Стратегиялық
Жобаны бағалаудың қадамдары
Сурет 6 – Туристік нарықтағы жобаны бағалаудың негізгі қадамдары
Ескерту: [26] мәліметтері негізде автор құрастырған
Аталған үлгі бойынша, техникалық-экономикалық негіздеу әдетте үш бөлікке бөлінеді: ішкі және сыртқы қоршаған орта, сұраныс пен ұсынысты талдау, жобаны қарастыру.
Әсер ететін факторлар арқылы жобаны іске асыру үшін сыртқы қоршаған ортаны анықтау керек, сыртқы ортаға:
әлеуметтік-экономикалық факторлар;
орналасу орнына әсер ететін факторлар;
жергілікті қонақ үй мен қызметтің үрдістері әсер етеді.
Әлеуметтік-экономикалық факторлардың анықтамасы өзіне ЖІӨ, инфляция деңгейі, валютаның тұрақтылығы, жұмыссыздық деңгейі, сондай-ақ жергілікті тұрғындардың туризмді қабылдауы, мәдени кедергілердің болуы және т.б. негізгі көрсеткіштер мен үрдістерді қамтиды. Нысанға әсер ететін нақты факторлар туралы бөлім, әдетте, инвестицияға, салық тәртібі мен ынталандырылуына, еңбек заңнамасына, жеткізу тізбегіне, энергиямен қамту және қоршаған ортаға әсер ету және т.б.жағдайларға назар аударуды қажет етеді.
Қоршаған орта екі түрлі факторлардан тұрады:
сұранысты құрайтын факторлар (макроэкономикалық жағдай, геоклиматтық жағдай, туристік ресурстар мен көрікті жерлер);
жылдамдатуға әсер ететін факторлар (демография, даму және мәдениет, әлеуметтік-экономикалық жағдайлар, мемлекеттік саясат пен заңнама, инфрақұрылым мен коммуникация).
Қонақ үй бизнесіндегі жергілікті жерге әсер ететін факторлар келесі 2-кестеде толық сипатталған, оларды төрт бөліммен сипаттауға болады.
2-кесте – Қонақ үй бизнесінде құрылыс салу үшін орын жетістігінің басты факторлары
Сұраныс және ұсынысты талдау кезінде туризмнің даму мәнінде жоғарыда айтып кеткендей жылдамдатуға әсер ететін, өндірілетін сұраныс пен фактордан шығатын сұраныстың құрылу үлгісі қолданылады, оны 7-суреттен көреміз.
Достарыңызбен бөлісу: |