Бакирбаева перизат алимхановна



бет19/32
Дата01.11.2022
өлшемі0,91 Mb.
#155954
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   32
Байланысты:
,диссер-1 - новый

Қонақ үйлер бойынша аралық қорытынды

1167

31099

5 472077

Басқа орналастыру орындары

511

10 098

1 714 367

БАРЛЫҒЫ

1678

41 197

7 186 444

Ескерту: Қазақстан Республикасының статистика агенттігі, 2013 ж.

Кесте мәліметтері бойынша, басқа орналастыру орындарының саны 511, бірліктер 10098 – ді құрайды, ол барлық орналастыру орындарының басқа қонақ үйлердегі төсек - тәулік үлесі 30,4% болса, ал жалпы орналастыру орындарындағы төсек-тәулік 23,8% құрайды. Елімізде «жіктелмеген қонақ үйлер» және «басқа уақытша орналасу орындары» категориясына кіретін уақытша ақылы орналасу орындарының мөлшері 87,3% құрайды, олардың ұсынатын төсек-тәулік сандары 62,9 %, бұл, Қазақстанда ұсынатын уақытша орналастыру бойынша қызметтердің төрттен үшінің сапасы халықаралық нормаларға сай келмейтіндігін көрсетеді. Келесі суретте қонақ үй санатына кіретін орналастыру орындарының үлестік диаграммасы келтірілген (сурет 13).



Сурет 13 - 2013 ж. жіктелетін орналастыру нысандарының құрылымы
Ескерту: Қазақстан Республикасының Статистика агенттігі, 2013 ж.

13 сурет бойынша 4 және 5 жұлдызды қонақ үйлер барлық жіктелген нысандардың 33% құрайды, ал 1 және 2 жұлдызды нысандар көлемі 18% құрап отыр, яғни, егер жіктеу әдістері мен стандарттарын ескермесе жалпы орналастыру нысандарының құрылымын жағымды деп есептеуге болады, себебі елімізде 3 жұлдызды қонақ үйлер саны артуда. Осы нысандардың 37,6% Астана, Алматы қалалары мен Ақмола және Алматы облыстарында орналасқан, одан кейін Шығыс Қазақстан мен Қарағанды облыстары (сәйкесінше 16,5%, 10%) уақытша орналастыру объектілерінің ең көп шоғырланған аймағы ретінде тіркелген. Ал жатын орындар саны бойынша Астана мен Алматы қалаларындағы 4 және 5 жұлдызды қонақ үйлер (сәйкесінше 15 және 20) басымдылықта, қалған облыстарда 4 және 5 жұлдызды қонақ үйлер саны аз, Қызылорда, Жамбыл, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарында мүлде осы санаттағы қонақ үйлер жоқ.


2013 жылы туристік сала нысандарының саны артты, ол 2012 жылмен слыстырғанда 4,6% - артық артық өсімді құрайды, ал туристік саладан түскен түсім 122 млрд. теңге, ол 2012 жылмен салыстырағанда 56% артық, бюджетке түскен кіріс 4,8 есе артты (39,6 млрд. теңге). Бір жағынан елдегі туристік қызметпен айналысатындардың санының артуымен байланысты (кесте 9)

Кесте 9 - Туристік қызметпен айналысатын кәсіпорындармен жеке кәсіпкерлердің саны



Көрсеткіштер

2010ж. басына

2011 ж. басына

2012 ж. басына

2013 ж. басына

Қазақстан Республикасы

1 276

1 350

1 715

1 994

Ақмола

34

33

48

45

Ақтөбе

28

30

33

38

Алматы

44

37

97

49

Атырау

25

32

35

38

Батыс Қазақстан

20

26

25

30

Жамбыл

21

19

24

27

Қарағанды

83

94

113

157

Қостанай

34

37

45

53

Кызылорда

2

6

11

10

Маңғыстау

30

31

34

61

Оңтүстік Қазақстан

25

31

52

89

Павлодар

59

62

61

65

Солтүстік Қазақстан

23

21

18

20

Шығыс Қазақстан

60

51

68

88

Астана қаласы

92

169

208

270

Алматы қаласы

696

671

843

954

Ескерту: Қазақстан Республикасының Статистика агенттігі, 2013ж.

Туристік фирмалар және жеке кәсіпкерлер қызмет көрсеткен келермендер санының серпіні келесі суретте көрсетілген. Сурет мәліметтері негізінде туристік фирмалардың қызметін пайдаланушылар санының жыл сайын Республикамызда артады деуге болады, бірақ 2013 жылғы қаңтар-қыркүйек айындағы келушілер саны 2012 жылдың қаңтар –қыркүйек айындағы келушілер санынан (494 081) кем екендігін айтуға болады (сурет 14).



Сурет 14 - Туристік фирмалар және жеке кәсіпкерлер қызмет көрсеткен келушілер санының серпіні
Ескерту: Қазақстан Республикасының Статистика агенттігі

2013 ж. туризм саласында 1705 компания тіркелді, олар жетекші туристік облыстарда (Алматы және Астана қалалары, облыстарымен бірге, Шығыс Қазақстан мен Қарағанды облыстары) барлық тіркелген компаниялардың төрттен үшінің үлесі тиеді екен, бірақ Алматы қаласы басқаларына қарағанда неғұрлым басым, оған жалпы кәсіпорындардың 30% жуығы тиесілі екен. Соңғы жылдары коммерциялық кәсіпорындардың саны артты.


Қазақстанға келуші көшбасшы турист елдер ретінде – Өзбекстан (36%), Ресей (20%) және Қырғызстан елдерінің (12,6%) туристерін айтуға болады, ал ТМД-дан басқа 2009– 2013 жылдары Қытайдан 154 226, Түркиядан 60 728, АҚШ-тан 25 606, Ұлыбританиядан 26 530, Оңтүстік Кореядан 16 963, Италиядан 15 161, Үндістаннан 14 716 келген туристерді көрсетуге болады.
Жалпы Қазақстан Республикасында туризм түрлері бойынша сапарлардың негізгі мақсаттары болып еңбек демалысы, туысқандар мен таныстарға бару, іскерлік мақсаттағы сапарлар мен діни - қажылық, шоп туризмін алуға болады. 2013 жылдың басына ең көп сапарлар еңбек демалысы кезінде болған, оған барлық сапарлардың 80% мөлшері тиесілі, одан кейінгі орында іскерлік (8,4%) және дүкен аралау мақсатындағы сапарлар (7,4%) болса, ең төменгі көрсеткіш басқа мақсаттарға (0,6%) және діни-қажылық мақсаттағы сапарларға (0,2%) тиесілі. Келесі 10 кестеде туризм түрлері бойынша келушілер сапарларының негізгі мақсаттары көрсетілген.

Кесте 10 - 2013 ж. басында туризм түрлері бойынша келушілер сапарларының негізгі мақсаттары






Барлы ғы

соның ішінде

соның ішінде
еңбек
демалысы



таныстар мен туысқандарға бару

іскерлік және кәсіби мақсаттар

емдік және
сауықтыру
емшаралары

дін және
қажылық

дүкендерді
аралау

өзге де мақсаттар

ҚР

641 302

502 806

24 081

53 704

7 203

1 237

47 860

4 411

Ақмола

81 589

78 972

1 664

94

67

-

792

-

Ақтөбе

11 080

8 548

2

99

166

-

2 265

-

Алматы

16 067

1 885

104

15

-

-

10 777

3 286

Атырау

11 968

10 165

-

105

311

-

1 387

-

Батыс Қазақстан

15 069

14 662

24

55

126

-

202

-

Жамбыл

4 716

4 626

3

42

10

-

35

-

Қарағанды

33 738

30 518

2 044

359

395

-

422

-

Қостанай

16 201

12 201

1 008

93

218

27

2 654

-

Қызылорда

646

572

3

40

26

-

5

-

Маңғыстау

32 673

8 067

4 233

653

809

279

18 632

-

Оңтүстік Қазақстан

15 981

8 911

1 007

1 700

317

450

3 596

-

Павлодар

26 988

24 389

915

796

323

-

561

4

Солүстік Қазақстан

7 870

6 392

403

25

892

10

148

-

Шығыс Қазақстан

27 986

24 657

157

231

834

-

2 051

56

Астана қаласы

80 780

70 884

2 680

2 917

1 961

3

2 200

135

Алматы қаласы

257 950

197 357

9 834

46 480

748

468

2 133

930

Ескерту – Қазақстан Республикасының Статистика агенттігі, 2013 ж. [41]

Кесте 10 мәліметтері бойынша Алматы, Астана қалалары мен Ақмола облысы тұрғындары туризм түрлері бойынша сапарларға көп шығады, одан кейінгі орында Қарағанды, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстары орналасса, ең төменгі көрсеткіш Қызылорда және Жамбыл облыстарына тиесілі.
2012 ж. мамырында Қазақстан даму банкінің «Обзор индустрии туризма в Казахстане» құжатына сәйкес, Қазақстанға кіретін шетелдік туристердің келу мақсаты іскерлік және жеке мақсатта екені көрсетілді, ол қазақстандық нарықтың тез дамуы мен әлемдік бизнестегі рөлінің артуы мен түсіндіріледі, жалпы шетелдік келушілердің тек 1% ғана Қазақстанға демалыс және туризм үшін келеді екен. 2009-2013 жж. қызмет көрсетілгендердің саны (мың адам) (сурет 15).

Сурет 15 – 2009 - 2013 жж. қызмет көрсетілгендердің саны (кезең басына)
Ескерту: Қазақстан Республикасының Статистика агенттігі, 2013 ж. [41]

Туристік қызметтер көлемі туризм типтері бойынша 2009-2013 ж. жыл басындағы серпіні оң үрдісті көрсетеді және орындарды брондау жөніндегі қызметтер визалық, экскурсиялық және өзгеде қызметтерге қарағанда үлкен пайыз - 94,8% көрсетіп отыр (кесте 11).


Кесте 11- Туризм типтері бойынша 2009 - 2013ж. жыл басындағы серпіні


(мың)

Жылдар




соның ішінде

Барлығы



визалық
қызметтер



экскурсиялық
қызметтер



орындарды
брондау
жөніндегі
қызметтер

өзге де
қызметтер

2009

15 486, 5

585, 8

534, 4

14 038, 9

327, 4

2010

17 512, 2

564, 0

614, 3

16 188, 6

145, 3

2011

14 832, 5

625, 1

401, 8

13 483, 7

321, 9

2012

15 347, 5

708, 2

480, 7

13 734, 1

424, 5

2013

17 999, 8

426, 6

229, 9

17 066, 8

276, 5

Ескерту: Қазақстан Республикасының Статистика агенттігі, 2013 ж. [41]

Елге келген шетелдіктердің жалпы санының 38% немесе 200 000 адамнан астамы Алматы қаласына тиесілі. Ал Атырау мен Астана қалаларының үлесіне 20% (100 мың адамнан артық) тиесілі. Айта кетерлігі, 4 негізгі қала (Маңғыстау облысының Ақтау қаласына жұмыспен келгендер) жоғары туристік ағынмен ерекшеленеді, елге келуші шетелдіктердің 85% осы қалаларға тиесілі, жұмыс шетелдіктерді елге шақырушы неғұрлым күшті фактор болып табылады.
Елге келген келушілер санының нақты көрінісі келесі кестеде көрсетілген. Онда келу және шығу туризмі бойынша мөлшері 3 млн. адамға айырмашылық бар, ол келесі 12 -кестеде көрсетілген.
Кесте 12 - Келу туризмі және шығу туризмі бойынша келушілер саны (жыл басына, мың адам)

Көрсеткіштер

2009 ж.

2010 ж.

2011 ж.

2011 ж.

2012 ж.

Шығу туризмі

4 329, 5

5 422, 7

6 019, 2

8 020, 4

9 065, 6

ТМД елдері

3 731, 6

4 886, 6

5 270, 5

7 031, 7

7 834, 6

ТМД-дан тыс

597, 9

536, 1

748, 7

988, 7

1 230, 9

Келу туризмі

4 117, 2

3 774, 3

4 097, 4

5 685, 1

6 163, 2

ТМД елдері

3 602, 7

3 312, 8

3 642, 3

5 195, 0

5 542, 4

ТМД-дан тыс

514, 5

461, 5

455, 1

490, 1

620, 8

Ескерту: Қазақстан Республикасының Статистика агенттігі, 2013 ж. [41]

Қазақстандықтар үшін соңғы 5 жылда Түркия негізгі туристік орталық болып табылды, оның нарықтық үлесі 50% құрайды. Одан кейін Қытай, БАӘ (10%), Таиланд және Мысыр (6%) мемлекеттері, Еуропалық Болгария, Хорватия, Италия, Франция елдері
Қазақстан үшін жеңіл визалық процедуралар ұсынды, Қазақстаннан шығатын туристер үшін негізгі өнім жағажай туризмі болып табылады. Қазақстанда ақылы уақытша тұратын объектілердің толтырымдылық көрсеткіштері халықаралық бәсекелестік деңгейінен төмен деңгейде, бірақ, Маңғыстау мен Атырау облыстары неғұрлым жоғары көрсеткішке ие, ондағы толтырымдылық осы аймақтың жұмыс бабындағы іскерлік сапарлар маңыздылығына байланысты.
Толтырымдылықтың орташа көрсеткіші 4 жұлдызды қонақ үйлер үшін бәсекелестік деңгейден төмен болып отыр, ол 4 жұлдызды сегментте соңғы үш жылда ұсыныстардың артуы мен түсіндіріледі. Сондықтан жаңаны сандар өзінің шаруашылық қызметінде тұрақтандыру кезеңінде болады және тұрақты көрсеткіштерге жете алмайды. Бірақ, жіктелімі жоқ қонақ үйлердің және басқада орналастыру нысандарының нөмірлік қорларының орташа толтырымдылық коэффициенті үлкен алаңдаушылық тудырады, себебі олар бәсекелестік деңгейден төмен мөлшерде, сәйкесінше 24,3 %, 12,5 % болып отыр (кесте 13).
Кесте 13 - 2013 ж. орналастыру нысандарының типтері бойынша толтырымдылық коэффициенті

Уақытша орналасу типтері

Бір түндегі орташа баға (теңге)

5* қонақ үйлер

31 576

4* қонақ үйлер

17 457

3* қонақ үйлер

11 065

2* қонақ үйлер

6527

1* қонақ үйлер

5904

Жіктелмейтін қонақ үйлер

5379

Уақытша орналасатын басқада нысандар

1285

Ескерту:Қазақстан Республикасының Статистика агенттігі, 2013 ж.

Орналастыру орындары нысандардың жеткіліксіз ұсынысы (әсіресе 5 жұлдызды сегментте) халықаралық деңгейде орта деңгейден төмен және ұсынылатын қызмет сапасы жоғары болып табылады. Бұл Қазақстанда туризм саласының бағалық бәсекеге қабілеттілігі туралы жалпы мәселені туындатады, 2011 ж. World Economic Travel басылып шыққан сапарлар мен туризм туралы есепте, барлық сауалнама алынған туроператорлардың барлығы осы мәселені көтереді. Ал басқа жағынан жіктелімі жоқ басқа да орналастыру орындары бағасының төмендігімен ерекшеленеді. Қазақстан мұнайды өндіруші және экспорттаушы ел екендігіне қарамастан, әуе билеттердің бағасының да өте қымбаттығын айтуға болады. Теміржол тасымалы неғұрлым бәсекеге жарамды, бірақ ол барлық халықаралық саяхатшылардың инфрақұрылым сапасы мен ел мөлшері бойынша көпшілік нарығын қанағаттандыра алмайды.


Құрылыс және жабдықтар бағасы жеткілікті деңгейде бәсекеге қабілетті болып табылады. Туризм саласында қызмет атқаратын мамандардың пікірінше, 5 жұлдызды қонақ үйдің құрылысы мен жабдықтарын ұйымдастыру (мысалы, бөлме) 80 000 - 100 000 еуро тұрады, ол халықаралық көрсеткіштен 10-20% кіші.
Қазақстан ұлттық банкінің мәліметтері бойынша, халықаралық сапарлар (Қазақстандық резидент емес азаматтарға көрсетілген қызмет көрсету көлемі) соңғы 5 жылда 20% , яғни 1,04 млрд. долларға артты. Қазақстанда көрсетілген қызмет көрсету көлеміндегі негізгі үлесі ТМД елдерінің резидент емес азаматтарына көрсетілген 76% қызметтерге тиесілі.
Екінші жағынан, Қазақстанның резидент емес азаматтардан алынған халықаралық сапарлардың (импорт) көлемі (2008 - 2012 жж.) 49%, яғни, 1,22 миллиард долларды құрайды. Ол, Қазақстанның туризм төлем балансына теріс болып табылады
Қорыта айтқанда, Қазақстан экономикасында туристік нарықтың дамуы жыл сайын артып отыр, жалпытуризм түрлері бойынша сапарлардың негізгі мақсаттары болып еңбек демалысы, туысқандар мен таныстарға бару, іскерлік мақсаттағы сапарлар мен діни - қажылық, шоп туризмі алынады. 2013 жылдың басына ең көп сапарлар еңбек демалысы кезінде болған, оған барлық сапарлардың 80% мөлшері тиесілі, одан кейінгі орында іскерлік (8,4%) және дүкен аралау мақсатындағы сапарлар (7,4%) болса, ең төменгі көрсеткіш басқа мақсаттарға (0,6%) және діни-қажылық мақсаттағы сапарларға (0,2%) тиесілі.
2013 ж. туризм саласында 1705 компания тіркелді, олар жетекші туристік облыстарда (Алматы және Астана қалалары, облыстарымен бірге, Шығыс Қазақстан мен Қарағанды облыстары) барлық тіркелген компаниялардың төрттен үшінің үлесі тиеді екен, бірақ Алматы қаласы басқаларына қарағанда неғұрлым басым, оған жалпы кәсіпорындардың 30% жуығы тиесілі екен. Соңғы жылдары коммерциялық кәсіпорындардың саны артты.
Қазақстанға Өзбекстан, Ресей және Қырғызстан, Қытай, Түркия, АҚШ, Ұлыбритания елдерінен туристер көп келеді. Елге келген шетелдіктердің жалпы санының 38% немесе 200 000 адамнан астамы Алматы қаласына тиесілі. Ал Атырау мен Астана қалаларының үлесіне 20% (100 мың адамнан артық) тиесілі. Айта кетерлігі, 4 негізгі қала (Маңғыстау облысының Ақтау қаласына жұмыспен келгендер) жоғары туристік ағынмен ерекшеленеді, елге келуші шетелдіктердің 85% осы қалаларға тиесілі, жұмыс шетелдіктерді елге шақырушы неғұрлым күшті фактор болып табылады. Орналастыру орындары нысандарының саны аз, бағалық бәсекеге қабілеттілік жағдайында үлкен мәселені туындатады, жіктелімі жоқ басқада орналастыру орындарының сапасы төмен. Қазақстанда әуебилеттердің бағасы да өте қымбат, теміржол тасымалы неғұрлым бәсекеге жарамды, бірақ ол барлық халықаралық саяхатшылардың инфрақұрылым сапасы мен халық саны бойынша көпшілік нарығын қанағаттандыра алмайды.
Қазақстанды елге келген туристерге ұсынатын қызмет көрсету сапасы, инфрақұрылымы, тасымалдау құралдары бойынша бәсекеге қабілетті ел деп атауға келмейді, осының барлығы туристік саладағы әлеуметтік-экономикалық аспектілерінің даму жағдайын бағалауды қажет етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   32




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет