Бакирбаева перизат алимхановна



бет27/32
Дата01.11.2022
өлшемі0,91 Mb.
#155954
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32
Байланысты:
,диссер-1 - новый

Нөлдік кезең барысында келесі бағыттар бойынша, шұғыл Үкіметтік шараларды қолдану күтіледі:

  • Президент үкіметтің Жарлығымен расталған, стратегиялық шешімдерді қабылдау мен Жүйелік ұлттық жоспарды бекіту;

  • ұлттық және аймақтық деңгейде бөлімді басқару үдерісі мен ұйымдастыруға қатысты туризм өнеркәсібін негізгі құрылымдық құру – мемлекеттегі туризмді басқару жүйесін қайта құру;

  • қонақ үй бөлінуінің жүйесі, шетел қызметкерлерін жалға алу, статистикалық жүйе аймағындағы жұмыстар, ашық аспан бойынша келісім шарттар, виза жүйесі сияқты туризмнің дамуындағы әкімшілік кедергілерді жоюда негізгі әрекеттер;

  • туризмнің дамуы бойынша, біріншілі деңгейдегі ұлттық ұйым ретінде, туризмнің дамуын қарастыратын, ұлттық мекемені қалыптастыру;

  • салынған қаржы (инвестиция) жоспарын орындалу деңгейіне шығару үшін, таңдалған басым ұлттық жобаны дайындау мен Ұлттық компанияның дамуын ұйымдастыру;

  • еліміздің мемлекеттік қаржы салу бюджетіне қосылу мен бекіту үшін, негізгі инфрақұрылымдық жобаларды ұсыну мен қорғау.

  • туризмнің болашақтағы даму процесі үшін, ішкі іргетастың құрылуымен байланысты, басқа әрекеттер.

Алғашқы кезеңді табысты орындау, бұл жоспарға сәйкес даму үдерісінің бастауы үшін, басқарушылық және институтционалды шектерді қалыптастырады, болжау бойынша, бұл үдеріс, ұлттық және аймақтық деңгейдегі мүдделі тараптардың арасындағы келісімге келу мен саяси шешімдерді қабылдау үдерісі 2013 жылдың соңына қарай аяқталады.
Дамудың бірінші кезеңі (басы)халықаралық тәжірибеге сәйкес, кем дегенде, 2 жылды(2013-2015жж.) алады. Ол, капитал жұмсалымы мен даму барысын, кәсіби дайындаудағы басқару үдерісін өзіне қосып қарастырады.
Инфрақұрылымдық күрделі қаржы жұмсалымы (капиталды жұмсау) мен таңдалған өнімдерді өңдеу, қолданысын кеңейту, сонымен қатар, аталған уақыт аралығында, өнімді өндіру мен өткізу (маркетинг) аймағында мүмкін болса бірнеше қысқа мерзімді жобаларды орындау болжанып отыр. Жалпы алғанда, аталған уақыт – халқаралық және жергілікті кәсіпке қаражат салушы адамдарды (инвесторларды) жұмылдыруға мүмкіндік беретін әрекеттер мен ұлттық туризмнің даму тетігін іске қосып, орнатуға бағытталған. Бірінші кезеңдегі негізгі әрекеттер төмендегідей қалыптасуы мүмкін:

  • стратегиялық жоспардың талаптарына сәйкес келетін және қаржыландырудың жабық құрылымына ие, жобалар үшін, құрылыс пен жерді бөліп алуға рұқсат алу мен жобаны өңдеу, жерлерді қолдану жоспарын ұйымдастыру, жерлерді иелену;

  • туризм жүйесін ынталандыру, сонымен қатар, туризм аймағындағы барлық қажетті құқықтық түзетулермен, қаржы салудың уәждемелік жүйесін алға қарай жылжуын қамтамасыз ету;

  • кәсіпке қаражат салушылар үшін, халқаралық және жергілікті алғашқы таныстыруға шығу мақсатында, жарнамалық ақпарат пен күрделі қаражаттық меморандумды дайындау;

  • таңдалған және басым жобалар бойынша, әлеуетті қаржы жұмсаушыларға, халқаралық және жергілікті тендерды ұйымдастыру;

  • концессиялық шарттардан бастап, ұқсас және ірі кәсіпкерліктің аралас нысанының (франчайзинг) келісім шарты, басқару туралы келісім шарт, бірлескен мекемелердің шарты, қаражат жұмсаушылармен келіссөздер жасағанда қолданылатын, заңгерлік сызбаларды жүзеге асыру;

  • стратегиялық жоспарда алға қойылған ұсыныстармен, нақты айтатын болсақ, ашық аспан келісімдері, жергілікті еңбек нарығын қалыптастыру мен туризм аймағындағы жұмыспен байланысты оқу, сонымен қатар, шетелдік жұмысшыларды жалға алу жағдайына байланысты құқықтық және институтционалды өзгерістерді жүзеге асыру;

  • Қазақстанмен байланысты, белгілеу орнына ұшу санын жоғарылатуға байланысты, әуе жолдарының өткізу қабілеттілігін арттыруды қалыптастыру;

  • инфрақұрылымдағы күрделі қаражат бойынша, қажетті жұмыстардың далдын ала дайындалған ұлттық жобасына ену;

  • қысқы уақыт аралығында келушілер санын көп қылып тарту, сонымен қатар, стратегиялық жоспарда ұсынылған ұлттық туристтік құжатты ұйымдастыру, және оларды халқаралық көлемде ақпараттылық даму мақсатында іске қосу;

  • Қазақстандағы экологиялық және мәдени, қызық оқиғалы туризмді кеңейту мақсатында, әрбір объекттің орналастыру тобына тақырыптық жағын, кейбір тез орындалатын өнімдерге қаражатты жұмсау арқылы жүзеге асыру (мысалы: әрекет ету жоспарымен сәйкес дайындалған, Ертіс өзені бойымен теңіз саяхаты жүйесі, Керуен Сарай жобасы бойынша, ұлттық саябақтарда болу жүйесі, бүкіл мемлекет бойынша өнер орындары мен мұражайларға бару);

  • қоғаммен байланысты стратегияларды, сату белгілерінің өңделуі мен алға қарай жылжуымен қоса жүретін, мемлекеттегі туризмге қатысты өнімді өндіру мен өткізу тетігін ұйымдастыру.

Бірініші кезең барысында, Қазақстан туризм аймағында мемлекеттік өнімді өндіру мен өткізу тетігінің кәсіби жұмысының басталуы, сонымен қатар бұл аймақта қаржы жұмсау мен даму барысында инвесторлар тобымен жұмыстың басталуы туралы, халқаралық және жергілікті қауымдастық алдында нұсқасын көрсетуі қажет. Жүзеге асырылатын өзгерістер мен көлеміне байланысты, Қазақстан әлемдік қауымдастық ретінде қабылданады, сонымен қатар, қысқа және ұзақ мерзімді келешекте туризм алаңында маңызды ойыншы ретінде инвесторлардың іскерлік қауымдастығы болмақ.
Инвестицияның көлеміне байланысты, бұл 3 жылдық жоспар, Жүйелік жоспардың уақыт ұзақтығы шегінде қаражаттандырудың жалпы көлемінен шамамен 25% игеруі қалыпты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет