3.3 Қазақстанның туристік нарығын дамыту стратегиясы
Туризм саласын дамыту үшін стратегия әзірлеу керек, ол ішкі туризмнің жалпы және жеке бағыттарын анықтауға мүмкіндік береді. Ресурстық, инфрақұрылымдық және оның экономикалық әлеуетін нақты анықтайды, ол сала үшін ұзақ мерзімге синергетикалық эффект болып табылады. Туристік қызмет көрсету нарығының әлеуметтік-экономикалық даму стратегиясы дамытуға бағытталған мемлекетттік басқару органдарының қоғамның іскер адамдарының, қоғамдық және саяси ұйымдардың қызметін анықтауға мүмкіндік береді [111].
Қазақстан Республикасының туризмін дамытатын стратегиялық жоспар жаһандық өзгерістерге жауап беретін елде жаңа туризм дамуына негіз болады,
Ол туризм саласында осы саланың ағымдық жағдайына құрылымдық, басқарушылық өзгерістер бойынша ұсыныстар береді. Жоспарды дайындау бес негізгі стратегиялық мақсатқа негізделеді және Қазақстан Республикасы оларды туризм дамуын басқару үшін негіз ретінде алады:
Қазақстан Республикасының халықаралық танымал туристік бағытталған орнын анықтау;
инфрақұрылымды және қолжетімділікті дамыту;
жаңа туристік әсерлерді, тауарларды және қызметтерді құру;
басқару және институционалды даму жүйесі;
адами ресурстар әлеуетін дамыту.
Келесі суретте стратегияны іске асыру үрдісі көрсетілген, яғни, ол стратегиялық көрінісі стратегиялық мақсаттармен көрсетеді және ол ағымдық стратегиямен байланысты (29-сурет).
Ұсынылған іс-шаралар өзара байланысты және бір-біріне тәуелді, сондықтан олардың барлығының іске асқаны өте маңызды. Жоспар 4 мерзімде орындалады:
тезарада орындалатындар (нақты уақытта орындау қажет іс –шаралар);
қысқа мерзімді (2013-2015 жж.);
орта мерзімді (2016-2018 жж.);
ұзақ мерзімді (2019-2020 жж.)
Жақын болашақта туризмнің даму аймағында, мақсаттарды қалыптастыру мен жүзеге асыруды Үкмет өзінің басшылығына алады, және Қазақстан Республикасындағы туризмнің жүйелік жоспарының дамуы құрал ретінде қолданылады. Туризмнің ғаламдық даму процесіне кіруде, дамудың белгілі міндеттері және айқын қызығушылықтарымен байланысты, қандайда болсын Үкмет негізгі стратегиялық шешімдерді қолдану қажет. Аталған стратегиялық шешім, жоғары мемлекеттік деңгейде қабылдануы қажет, себебі туристік өнеркәсіп – ұзақ мерзімді теңдестірілген өнеркәсіп ретінде, бастапқы кезеңінде, мемлекеттің қарқынды қолдауын қажет етеді. Толық теңестірілген талдаудың негізінде, туризм аймағындағы үкметтік көтермелеу немесе ынталандыру саясаты, дербес инвесторлардың қызығушылығы жүретін екінші кезең болып табылатындығы дәлелденді (сурет 31).
Көрінісі
Мақсаты
Экономиканы туризм арқылы әртараптандыру
Стратегиялық мақсаты
Адами ресурстар әлеуетін дамыту
Басқару және институционалды даму жүйесі
Жаңа туристік әсерлер, тауарлар және қызметтер
Инфра-құрылымжәне қолжетімділігі
Халықаралық танымал туристік бағыт ретінде көрінісі
Операциялық стратегия
Басқару бойынша маркетингтік жоспар құру
Брендинг
PR стратегия
WEB платформа
Маркетингтік зерттеу
Туризм саласындағы білім беру жүйесі
Оқыту және тренингтер
Үкіметтің ақпараттылы-ғын арттыру және әлеуетті өсіру
Ұлттық туристік сектордың құрылымдық ұйымы
Инвестицияны жылжыту және мемлекеттік қолдау
Институционалды және құқықтық өзгерістер
Туристік дестинациялар мен кластерлерді дамыту
Кәсіби туристік өнімдерді құру
Туристік инфрақұры- лымды құру
Бар инфра-құрылымды жетілдіру
Жаңа инвести-циялар
Әуе және құрылықтағы транспорттың қолжетімділігі
Сурет 31 - Қазақстанның туристік даму стратегиясы
Ескерту:Автор құрастырған
Аталған жүйелік жоспарға қатысты, біз, сәйкес келетін әрекеттер, сонымен қатар жеке мақсаттардың болуымен сипатталатын 4 түрлі кезеңді белгілеу қажет деп анықтадық.
Нөлдік кезең – институционалды құрылым.
Дамудың бірінші кезеңі.
Дамудың екінші кезеңі.
Дамудың үшінші кезеңі.
Достарыңызбен бөлісу: |