Бакирбаева перизат алимхановна


Туристік қызмет нарығының әлеуметтік аспектілерін қалыптастырудағы туристік кластерлерді дамытудың рөлі



бет22/32
Дата01.11.2022
өлшемі0,91 Mb.
#155954
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   32
Байланысты:
,диссер-1 - новый

2.3 Туристік қызмет нарығының әлеуметтік аспектілерін қалыптастырудағы туристік кластерлерді дамытудың рөлі
Қазақстан Еуразияның ортасында орналасқан және әлемде жер көлемі бойынша тоғызыншы орында, осындай ірі аймақты тиімді басқару жолдарын қарастыру керек. Қазір Қазақстанда туристік кластерді қалыптастыру мен дамыту туристік нарықтың дамуының негізгі көзі болып отыр, себебі еліміздің имиджі қалыптасқан әлемге аты әйгілі ел ретінде қалыптасуының жолы туристік кластер құрып, оларды оңтайлы басқара отырып, дамыту негізінде іске асады. Қазақстанда туристік кластерлерді дамыту жоспарында туристік ресурстарды бағалау және туристік индустрияны дамытудың Стратегиясын ұсыну қарастырылған.
Туризм экономикалық және әлеуметтік құбылыс ретінде ауқымы айтарлықтай кеңейген қызмет түрі. Ол, ел экономикасында маңызды рөл атқаратын, пайдалы, әрі болашағы зор сала болып табылады. Туристік сала мен туристік бизнестің дамуын қабылданған шешімдерге әсер ететін саяси үрдістердің субъектісі мен объектісі ретінде қайта қарастыру керек. Туристік бизнес елдегі туризмнің әдістері, жолдары мен құралдарын қалыптастырып қана қоймай, ол мемлекет алдында тұрған кейбір экономикалық міндеттерді шешуге мүмкіндік береді. Барлық саламен байланысы бар туризмнің нақты бейнесі біздің елде әлі қалыптаспаған, туроператорлар туризмнің қандай түрін дамыту керек екендігін анықтай алмай отыр.
Отандық туризмнiң жылдам және тұрақты өсуiн, оның қоршаған ортаға, экономиканың барлық секторлары мен қоғамның әл-ауқатына күштi әсерiн назарға ала отырып, жуырда «Қазақстан Республикасының Туристік саласын дамытудың 2020 жылға дейінгі Тұжырымдамасы» әзірленіп, бекітілді [2].Тұжырымдама туризм саласында тұтас мемлекеттiк саясатты қалыптастыруды, Қазақстанда қазiргi замандағы бәсекеге қабiлеттi туризм индустриясының құқықтық, ұйымдастырушылық және экономикалық негiздерiн қалыптастыруды көздейдi. Құжатқа сәйкес, 2020 жылға дейін Қазақстан Республикасындағы туризм индустриясын дамытудың негізі мақсаттары болып:

  • Қазақстан халқының өмір сүру деңгейін арттыру және туристік саланың мемлекет экономикасына үлесінің артуы;

  • экономикалық өсу мен инвестицияларды ынталандыру;

  • жұмыс орындарын құру, жалпы ішкі өнім мен экспорттың өсімі;

  • адами әлеуетті дамыту;

  • «жасыл экономика» қағидаттарын ескере отырып, қазақстандық қоғамның ауқымды әлеуметтік-экономикалық жаңғыруына ықпал ету мәселелері алынып отыр.

Туристік дестинация ретінде бүкіл әлемге танымал Қазақстан бейнесіқажетті инновациялық, энергиялық тиімді инфрақұрылымды;жаңа туристік «тәжірибелердің» жүйесін жасау, халықаралық өнімдер мен жергілікті және шетелдік туристерге арналған бәсекеге қабілетті қызметтерді әзірлеу;туризм саласын кәсіби басқару және реттеу жүйесі; Қазақстанға және ел ішінде жеңілдетілген жолдарға қолжетімділікті ұсыну Тұжырымдаманың басты міндеттері.
Туризмді мемлекеттік қолдау – саланы орнықты дамытудың қажетті шарты екендігі белгілі. Отандық туристік инфрақұрылымды дамыту үшін жағдайлар жасау, жеке меншік инвесторларды тарту, туристік индустрия субъектілерінің қызметі үшін қолайлы экономикалық жағдайларды қамтамасыз ететін нормативтік құқықтық базаны қалыптастыруға бағытталған мемлекеттің белсенді саясаты туристік саланың, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуында маңызды орын алуына мүмкіндік беретінін көрсетіп отыр. Сондай-ақ, әлемдік тәжірибе туризмді белсенді дамытатын елдер өз азаматтарын сапалы туристік қызметпен қамтамасыз ете отырып, бюджет қаражатының едәуір көлемін ұлттық жобалар мен бағдарламаларды іске асыруға жұмсайтынын айғақтап отыр. Отандық туризм мен туристік нарықты дамыту жалпы экономикалық мәселелерді шешкен тәрізді үлкен экономикалық мәнге ие. Қазақстандағы кіру және ішкі туризм нарығын дамыту нарықтық үрдістердің бірқатарына - жалпы туризмге, экономикаға, демографияға, экологияға, технологияға, басқа да салаларға байланысты болады. Дамудың маңызды факторы ретінде елдің бүтіндей экономикалық және саяси тұрақтылығына бағытталған әлеуметтік тиімділігінде.
Экономиканы әртараптандырудың және Қазақстан Республикасы халқының әл-ауқаты мен өмір сүру сапасының деңгейін арттырудың ұлттық мақсаттарына қол жеткізу үшін Қазақстан Республикасындағы туризм индустриясы белгілі бір туристік кластерлерде дамуы тиіс. Осыған байланысты, қазіргі уақытта отандық туризм үшін тиісті әкімшілік-аумақтық құрылымның бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатындағы кластерлерді қалыптастыру міндеті неғұрлым өзекті болып отыр. Экономикалық жүйенің бәсеке қабілеттілігін арттыру мақсатымен кластерлік бастаманы жүзеге асыру келесі мақсаттардыорындауға бағытталған:

  • жаңа технологияларды енгізу арқылы кластерге қатысушылардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру;

  • синергия әсері есебінен және сапа, логистика, инжиниринг, ақпараттық технологияларға жету жолын үйлестіру арқылы шығындарды төмендету және ғылыми сыйымдылығы жоғары өнімдердің сапасын жақсарту.

Қазақстан жағдайында, кластерлерді қалыптастыру тұрғысынан қарағанда салалардың бәсеке қабілеттілігі және болашақ даму факторлары ретінде келесі көрсеткіштерді атауға болады:

  • жалпы экспорт көлеміндегі немесе ЖІӨ ішіндегі саланың үлесі;

  • кластерді құру уақытының ұзақтығы;

  • жобаланған кластердегі әрбір секторларға қатысатын жұмысшылар мен ұйымдардың саны және олардың бір-бірінен алшақтығы;

  • кластердің кадрлық, ғылыми-техникалық, қаржылық және ресурстық жабдықталуының деңгейі;

  • кластердің әр секторының жалпы қосымша құндағы үлесі;

  • сыртқы және ішкі нарықта кластердің өнім өткізу әлеуеті;

  • әр сектордың кластердегі және ЖІӨ-гі үлесі [51].

Туристік кластер – бұл туристік өнімді жасау, өндіру, ілгерілету және сатумен, сондай-ақ туризм индустриясымен және рекреациялық қызметтермен сабақтас қызметпен айналысатын өзара байланысқан кәсіпорындар мен ұйымдардың бір шектелген аумақ аясында шоғырлануы [2].
Отандық туристік кластерлерді құрудың мақсаты– синергетикалық әсер есебінен туристік нарықта аумақтың бәсекеге қабілеттілігін арттыру, оның ішінде:отандық туристік кластерлерге кіретін кәсіпорындар мен ұйымдар жұмысының тиімділігін арттыру; инновацияларды ынталандыру және жаңа туристік бағыттарды дамыту болып табылады.
Осы мақсаттарға жету үшін:

  • экономикалық прагматизм жағдайында туристік кластер кәсіпорындары бәсекеге қабілеттігін арттыру, экспорттық мүмкіндіктерін дамыту, өндірістік үрдістер мен операцияларды жетілдіру, туристік кластер кәсіпорындары өнімі мен қызметінің сапасын арттыру, жаңа өнім мен қызмет түрін ойлап табу;

  • өзара тиімді әрекеттестікті ұйымдастыру, туристік кластер өкілінің ішкі және сыртқы байланысын дамыту;

  • отандық туристік кластер қалыптастыру мен дамытудың нормативті-құқықтық негізін жетілдіру;

  • отандық туристік кластерлердің тиімді дамуына мүмкіндіктер менмеханизмдер жасау, оның ішінде кластер өкілінің бәсекелестіік артықшылығының өсуін қамтамасыз ететін дамыту стратегиясын жасау;

  • отандық туристік кластерлердің дамуын тиімді әдістемелік, ақпараттық-кеңесшілік және біліми қолдауды қамтамасыз ету міндеттері орындалуы тиіс [52].

Жалпы туроператорлар мен фирмалар туристік қызметті ұйымдастырады, ал туристік қызметке сұранысты саяхаттаушы, сатып алу қарқындылығы жоғары , сатып алу іс-әрекетіндегі туристер құрайды, нормативті-құқықтық база негізін Нормативті құжаттар, қаржыландыру, ақпаратпен инвестиция құраған туризм қызметіне ұсынысты туристік индустрия мен туристік ресурс құрайды, осының барлығын реттегенде туристің туристік қызметке қанағаттануы жоғары дейгейде болатыны белгілі (17-сурет).


Сурет 17 - Бәсекеге қабілетті туристік кластер үлгісі.


Ескерту: автор құрастырған

Отандық туристік кластерлерді құру іс жүзінде аумақтың маңыздылығын айқындайды және өңірдің оң имиджін қалыптастыруға әсерін тигізеді, бұл жалпы алғанда жоғары ықпалдастырылған туристік ұсыныстар мен бәсекеге қабілетті туристік өнімдерді құрайды. Туристік өнімдерді, яғни, туристік қызмет, жұмыстар мен тауарларды тұтынушылар негізінен туристердің өзі


болып табылады. Басқаша айтсақ, турист – туризм қызметін сатып алушы. Аталған жағдайларды сараптай отырып, туристік қызмет нарығындағы бәсекеге қабілетті отандық туристік кластер үлгісінің құрылымдық үлгісін мынадай түрде беруге болады.
Беріліп отырған туристік кластер үлгісі отандық туристік қызмет нарығын жетілдіру, экономикалық тиімділігі мен бәсеке қабілеттілігін арттыруда маңызды рөл атқарады және Қазақстанның әлемдегі бәсекелес 50 елдің қатарына кіру стратегиясын қолдау бойынша зерттеу жүргізуде ұсынылатын кластерлік үлгі ұсына отырып, елдегі туристік саланың кластерлік дамуын қарастыруға болады [53,54].
2020 жылға туристік саланы дамыту құжаттарына сәйкес елімізде бес негізгі зоналар – Астана, Алматы, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан кластерлері анықталды. Осы кластерлердің өзі туристік өнімді ұсынады, мысалы, Астана кластері MICE –туризмге негізделсе, Алматы қаласы таудағы демалысқа негізделеді. Жалпы осы кластерлерді іске асыру үшін 9,2 миллиард доллар қаражат қажет болады екен.
2020 жылға келушілердің саны кем дегенде екі есе өсіп, 4-5 миллион адамға дейін жетуі мүмкін, ал сырттан келушілердің саны 3-4 миллион адамды құрайды деп жоспарлануда. Туристік саланың тиімді дамуы үшін кластерлерді қалыптастыру керек. Туристік кластерлер туристік нарықтың барлық элементтерінің бір жүйеге бірігу үрдісін ұсынады, ол үшін елімізде барлық жағдай жасалған. Туристік кластерді құру үрдісі келесідей кезеңдердентұрады: кластерлік әдісті зерттеу, аймақтағы кластерлік даму әлеуетін бағалау, оны қалыптастырудағы негізгі кедергілерді саралау, тәжірибелерді анықтау мен оның нәтижелерін қолдану.
Елдің туристік имиджін қалыптастыруда және ұлттық туристік өнімді әлемдік нарыққа жылжытуда Қазақстанның 2001 жылдан бері Берлин, Лондон, Мадрид, Москва, Утрехт (Голландия) қалаларында өткен ірі халықаралық көрмелер мен жәрмеңкелерге қатысуы мен ел ішінде өткізілуі, жыл сайынғы маңызға ие, бірақ Қазақстан әлемдік нарыққа әлі танылмады (кесте 19).

Кесте 19. Қaзaқстaн Республикaсындa өткізілген хaлықaрaлық деңгейдегі жиындaр





Aтaуы

өткізілген уaқыты

өткізілген орны

1

ДТҰ Бaс Aссaмблеясының 18-сессиясы

2009 жыл, қaзaн

Aстaнa қaлaсы

2

ЕҚЫҰ-ның Aстaнa сaммиті

2010 жыл, 1-2 желтоқсaн

Aстaнa қaлaсы

3

Ислaм конференциясы ұйымының жиыны

2011 жыл

Aстaнa қaлaсы

4



ІV Aстaнa экономикaлық форум

2011 жыл, 3-4 мaмыр

Aстaнa қaлaсы

5

V Aстaнa экономикaлық форум

2012 жыл, 21-24 мaмыр

Aстaнa қaлaсы

6

VІ Aстaнa экономикaлық форум

2013 жыл, 24-25 мaмыр

Aстaнa қaлaсы

Ескерту:мәліметтер [55] негізінде құрaстырылғaн

Мемлекет алдында инновациялық кластерлерге тәуелсіз сараптама жүргізу міндеті тұр, мемлекеттік деңгейде инновациялық басымдылықтың таңдау критерий ретінде: жалпы мемлекеттік әлеуметтік мәні, ғылыми-техникалық жаңашылдығы, тауарлар мен қызметтердің әлемдік нарықтың әлемдік аренасында елдің позициясын бекіту, қоршаған орта жағдайына әсерету, тәуекел деңгейі [56].


Кластерде оның соңғы өнімі бәсекеге қабілетті ме, жоқпа, ол ішкі сұранысқа ие бола ма және оның сыртқы нарықта сұранысы бола ма, шикізат үнемі және тез қайта өзгеріске ұшырай ма, осы өнімнің нәтижесі аймаққа, мемлекетке, әлеуметтік және саяси мәселелерді шешуге көмектесе ме деген сұрақтар үлкен мәнге ие [57].
Салалардағы кластерлер мәселелері: 1) технологиялар мен ноу-хау; 2) шикізат пен материалдар; 3) кадрлар; 4) инфрақұрылым; 5) қаржы (аудит, сақтандыру, тәуекел); 6) маркетинг; 7) әкімшілік кедергілер.
Кез келген кластерлік түзілім көпқұрылымыды болып табылады, ал туризм саласы туристік кластерлер теориясын зерттеуде келесідей құрылымдардың өзара әрекетін талдау қажет:

  • табиғи және мәдени құндылықтар объектілері (туристік құндылық);

  • туристерге қызмет көрсетумен байланысты нысандар инфрақұрылымы;

  • білім беру ұйымдары (кадрларды дайындау);

  • туристік саланы басқару органдары;

  • жобалық және ғылыми мекемелер [58] .

Кластерлерді дамыту кезінде әр аймақ өзіне назар аударту үшін бәсекелес болып табылады. Туризм саласында аймақтық қызығушылықтарды сипаттайтын параметрлер ретінде келесілерді алуға болады:

  • кіріс пен валюталық түсімнің негізгі көзі болып табылатын туризм түрін дамыту;

  • аймақтың еңбек әлеуетін қолдану үшін мүмкіндіктердің болуы;

  • аймақ ішінде және басқа аймақтармен байланыстың жүйесінің болуы (шаруашылық, әлеуметтік);

  • табиғиресурстық және экологиялық әлеуеттің болуы.

Туризм үшін ішкі бәсекелестік пен бірге сыртқы бәсекелестікте көрініс табады, ол әсіресе, кластерлерді енді құрып, жаңа іске қосқан кезде күшті байқалады. Туризм үрдісін реттеусіз олардың дамуында теңсіздік пайда болады, ол тек кластерлердің дамуы ғана емес, аймақтың дамуына да әсер етеді [59].
Мемлекеттік деңгейде туризм саласын дамыту саясатының іске асуы мемлекеттік реттеудің классикалық бағыттары құралдары мен механизмдеріне тікелей байланысты. Экономикалық механизм шаруашылықтың бүтін жүйесін немесе экономикалық әдістер мен тетіктер көмегімен қайта өндіруді іске асыру әдістерінің жиынтығын құрайды. Бұл жүйенің негізіне меншік қатынастары, формалары, экономикалық заңдар және олардың дамуы кіреді. Туризм саласындағы механизмдері келесідей алынады:

  • несие–қаржылық механизм (қаржылай жеңілдіктер, кластерлерді жеңідікпен несиелеу);

  • инвестициялық механизм (қаржыландыру, инвестициялар тарту);

  • салық-бюджеттік механизм (салық жеңілдіктері, жер салығынан босату, көлік және қосалқы инфрақұрылым объектілерін бюджеттік қаржыландыру);

  • ұйымдық-құқықтық реттеу (туризмнің басым түрлерін анықтау, туристік нарықты реттеу, лицензия, сертификат, стандартизация, салық салу, жарнамалық-ақпараттық қолдау) [60].

Туристік объектілерді орналастыру мәселелері мен аймақтың шаруашылығын дамыту күрделі болып табылады және нарық шарттарында салалық және аумақтық байланыстар неғұрлым қиын басқарылады. Сондықтан, негізгі түйінді мәселелерді қамтитын экономикалық-математикалық үлгідерді әзірлеу мен қолданудың қажеттілігі туындайды. Математикалық-экономикалық үлгілеудің негізгі бағыттары: мемлекет масштабы деңгейіндегі туризм дамуының аумақтық пропорциясы; туризм нысандарының орналасуы; аймақтардың туристік кешенін құру алынады. Математикалық-экономикалық үлгілерді және компьютерлерді пайланану аз жұмыс күшін жұмсауға және алдыға қойған мақсатқа жету үшін дұрыс шешім қабылдауға мүмкіндік береді.
Бұл қиын үрдіс ол тек қана әр аймақтың туризмін көтеруге үлесін арттырып қана қоймай, аймақ халқының қызығушылығын толық деңгейде қанағаттандыруды қажет етеді. Туристік кластермен дамып келе жатқан аймақтар шаруашылығының кешенді туристік саламен, қызмет көрсету саласындағы және басқада аумақтық кешенді толтырушы салалар арасындағы экономикалық байланысты бекітуі қажет.
Ұсыныс ретінде аймақтарды қауымдастықтарға біріктіруді ұсынуға болады. Мүмкіндік болғанша кластерлерді туристік ағындармен біркелкі толықтырып отыру қажет. Бұл жерде осы мәселені шешуге қатысты екі негізгі бағытты ұсынуға болады:
Бірінші бағыт - турларды бірнеше кластерлерді қамтитындай етіп жобалау.Сондықтан турларды бірден көрші екі, үш кластерлерге ұйымдастыру керек, турлар уақытысында туристердің туризм аудандарында бір кластерден екінші кластерге ауысуы болатындай жағдай жасау керек. Тепе-теңдікті сақтау мақсатында аралық аялдамалар яғни, жергілікті халықтың пикниктер ұйымдастыруына және де киіз үйлер тігіп қонаққа шақыруларын, халықтық ансамбльдердің концерттерін ұйымдастыруды ұсынуға болады. Бұл жүйе кластерлердің тең деңгейде жұмыс атқаруларын қамтамасыз етеді.
Екінші бағыт – бір негізгі кластерді ғана жарнамалап қоймай, керісінше барлық кластерлер тобын жарнамалау қажет. Себебі бір кластерге келген шетелдік турист, келесі жолы басқа кластерге келуге жоспар құруы керек.
Әрбір кластердің өзіндік арнайы қызметтері бар.Бірнеше кластерлерді бірге әрекеттестіру қызмет көрсетудің ассортиментін арттырады және туристің әртүрлі сұраныстарын қанағаттандыруға мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасы Үкіметі 2013 жылдың 28 ақпанындағы № 192 Қаулысымен туристік саланың қазіргі жағдайын халықаралық тәжірибеге сүйене отырып кешенді талдаудың негізінде «Қазақстан Республикасында туристік саланы 2020 жылға дейін дамытудың Тұжырымдамасын бекіту» туралы бағдарламасы қабылданды. Тұжырымдаманың қабылдануының өзі туристік саланың индустриялды дамудың жаңа бағытына көшкенін және мемлекеттің ерекше қамқорлығына алынғанын айқындайды. Мемлекет туризмнің мәселелеріне көңіл бөліп және оны мемлекет деңгейінде шешуге бет бұрды. Ең бастысы, мемлекет туризмнің дамуының бас жоспарын қабылдап, бизнеске нақты бағыттарды айқындап берді. Тұжырымдаманың негізіне туристік саласы табысты дамыған Қытай, Сингапур, Малайзия елдерінің тәжірибесі алынды. Шетелдік жоғары деңгейдегі сарапшылар тартылды. Тұжырымдама көлемінде 5 туристік кластер – Астана, Алматы, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан алынды. Бурабай аймағы, Батыс Қазақстандағы Кендірлі курорты аймағы, Қатон-қарағай, Бұқтырма және Оңтүстік Қаскелең тау-шаңғы курорты (Алматы кластері) да дамитын болады.
Бағдарламаның құны 10 миллиард доллар. 70% инвестицияны шетелдік инвесторлар құяды деп күтілуде, ал мемлекет тарапынан тек инфрақұрылымын құру міндеті қалады. Егер барлығы жоспарға сәйкес орындалатын болса, онда осы саламен байланысты мекемелерде 550000 адам жұмысқа тартылатын болады. Қазақстанға келушілер мен ішкі туристердің саны 8,2 миллион адамға жетеді. Басты туристік орталық ретінде Астананы және де Алматы мен оның айналасын қамту керек. Маңғыстау облысында жағажайлық туризмді, Шығыс және Оңтүстік Қазақстан облыстарында тарихи ескерткіштерге турларды дамыту жоспарланған. Жобаны жүзеге асыру Қазақстан экономикасының дамуына және де мемлекеттің кірісінің тұрақты өсуіне әсер етеді. Тұжырымдама мемлекеттің туризм саласына ерекше көмегін қамтамасыз етіп отыр. Бұл мекеме үшін инвестициялық преференциялар, туристік жобалармен байланысты шығындарды өтеу үшін сарапшыларға сараптамалық экспорттық гранттар, туристік инвестициялық жобаларды орта және ұзақ мерзімді несиелеу, лизингтің әр түрлері, туризмнің сервистік инфрақұрылымын және өндірісін дамыту, топ-менеджмент пен мамандарды оқыту сияқты т.б.
Қазіргі кезде Қазақстанда, туризм саласындағы мәселелердің инвестициялық шешімі ретінде, туристік саланың Даму тұжырымдамасы ұсынылды. Бұл тәжірибе туристік фирмалардың жұмысында елішілік бағыттағы (Тұжырымдамада аталған бес кластерге сәйкес: Астана, Алматы, Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан және Батыс Қазақстан) турларды қайта бағдарлау ретінде қолданылуы мүмкін.
Туристік саланың дамуына әсер ететін Қазақстанның туристік нарығына тән ерекшеліктер тізімі:
1. Үлкендігі бойынша екінші құрғап кетпейтін Балқаш көлі (Каспийден кейінгі) және әлемдегі ең үлкен көлдер тізімінде 13-ші орында;
2. Алматыдан шығысқа қарай 200 км қашықтықта орналасқан және Шарын өзенінің бойымен 154 км-ге созылған Шарын шатқалы;
3. Байқоңыр кешені бұл – әлемде теңдесі жоқ техникалық ғимараттар кешені;
4. Қазақстан Республикасының астанасы – Астана қаласы, бұл қалада ғимараттар бір-біріне мүлде ұқсамайды;
5. Қарақия ойпаты – ғаламшарымыздағы Өлі теңіз ойпаты, Афар ойпаты – Джибутидағы Ассаль көлінің жағалау сызығында орналасқан, Қытайдағы Турфан ойпаты және Мысырдағы Катар ойпатынан кейінгі бесінші терең нүкте;
6. 7 м тереңдіктен түбі көрінетін Ақмола облысы, Бурабай шипажайындағы ең таза «Бурабай» көлі;
7. Медеу (Алматы қаласы) – әлемдегі ең биіктаулы мұз айдыны, теңіз деңгейінен 1691,2 м биіктікте орналасқан;
8. Көк-Төбе (Алматы қаласы) – теңіз деңгейімен санайтын болсақ, бұл әлемдегі ең биік телемұнара;
9. Керемет ортағасырлық және көне тарихи ескерткіштер:
- БҰҰ ДТҰ-ның әлемдік мәдени мұра тізіміне кіргізілген «Қожа Ахмет Йассауи», «Қарахан» және «Дәуітбек», «Айша бибі», «Бабаджа Қатын» кесенелері, Оңтүстік Қазақстандағы Тамғалы петроглифтер мұражайы, Шығыс Қазақстандағы «Қозы Көрпеш-Баян Сұлу» кесенесі;
- табиғи нысандар – Шығыс Қазақстандағы «Рахман қайнарлары» ыстық бастаулары, емдік тұздары мен балшықтары бар көлдер (Павлодардағы Мойылды көлі, Солтүстік Қазақстандағы Майбалық) және т.б.
10. Жібек жолы – тарихи, археологиялық және архитектуралық ескерткіштер кешенін көрсететін қалалар (Отырар, Сайрам, Сығанақ, Сауран, Созақ, Түркістан) құрылысы және жобалау тәжірибесімен қоса сауда-саттық магистралі.
Тұжырымдаманың қазірдің өзінде іске асырылуы көрінуде, ол Алматы облысында жақында жүзеге асырылатын және өте қызықты туристік жобалар. Осы жерде туризмнің әртүрлі бағытындағы 6 шағын-кластерлерді іске асыру жоспарланып отыр. Мысалы: Талғар-Есік шағын кластерінің құрамында Есік археологиялық музей-қорығы бар халықаралық деңгейдегі курорт ашуға, көне мәдени-этнографиялық кешен «Тальхиз» қала-керуен-сарайын ашуға, Ақ-Бұлақ таушаңғы курортын, шаңғы-биатлон стадионы, Іле Алатауы ұлттық паркінің нысандары, Түрген шатқалы және т.б. жоспарланып, шет елдік туристер мен ішкі туризмді дамытуға баса назар аударылуда, өз кезегінде кластерлерді анықтау біздің еліміздің туристік болашағының жарқын көрінісі ретінде ұсынуға болады. Олай болса, туристік кластерлерді дамыту үшін мемлекеттік қолдау, жақсы жарнама, сапалық қызмет, үлкен инвестиция керек [61].
Экономикада туризм саласының үлесін арттырудың және халықтың әл-ауқаты арттыру үшінмемлекет туризм индустриясын белгілі бір туристік кластерлерарқылы дамытуы тиіс, отандық туризм үшін тиісті әкімшілік-аумақтық құрылымның бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатындағы кластерлерді қалыптастыру міндеті неғұрлым өзекті болып отыр.
Отандық туристік кластерлерді құру іс жүзінде аумақтың жағдайынайқындайды және өңірдің оң имиджін қалыптастыруға әсерін тигізеді, бұл туристік ұсыныстар мен бәсекеге қабілетті туристік өнімдерді құрайды,мемлекетте туристік қызмет нарығындағы бәсекеге қабілетті отандық туристік кластер үлгісіқалыптасуы керек.

3. ТУРИСТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ НАРЫҒЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІН ДАМЫТУДЫҢ СТРАТЕГИЯЛЫҚ БАҒЫТТАРЫ


3.1 Қазақстан Республикасында туристік қызмет көрсету нарығының экономикалық аспектілерін дамытуды стратегиялық жоспарлаудың тұжырымдамалық үлгісі


Қазақстанның жаһанданудағы инновациялық үрдістерге бейімделуі оның әлемдік деңгейдегі орнын анықтайды. Осы тұрғыда Президент Н.Ә.Назарбаев «2003-2015 жылдардағы Қазақстанның индустриалды-инновациялық даму стратегиясы»деп аталатын жолдауында: «Мемлекеттің экономикалық саясаты шикізат экономикасынан кластерлік даму жолына көшуге бағытталған» деп атап көрсеткен [92].
Республика экономикасы дамудың жаңа бағытты ұстануына орай Елбасының 2005 жылғы «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» деп аталған дәстүрлі Қазақстан халқына Жолдауында экономиканың туризм, мұнай-газ машиналарын жасау, тамақ және тоқыма өнеркәсібі, көлік-логистикалық қызмет көрсету, металлурия және құрылыс материалдары салаларында кемінде 5-7 кластерін жасау мен дамыту жоспары белгіленген [93]. Мұндағы жетекші ұғым кластерлік экономиканың артықшылығы бәсекелестік көрінісінің формасы ретінде танылған. Бәсекелестіктің басты өлшемдері мемлекеттің дүниежүзілік экспортқа шығарылатын әртүрлі өнімдерінің үлесімен анықталды. Барлық қарастырылған өнімдер топтастырылып салаларының белгілеріне қарай 16 кластер құрастырды [94]. Соңғы жылдары түрлі секторлардағы өндіріс көлемінің өсуі, әсіресе, минералды және басқа табиғи ресурстардың эскпорты халықтың экономикалық жағдайының артуына мүмкіндік берді. Бірақ, Қазақстан ары қарай дамуы үшін алдына жалпы инфрақұрылымын дамыту бойынша мақсат қояды және халықаралық деңгейде олардың бәсекегеқабілеттілігін арттыруды көздейді, яғни дүниежүзілік нарықтағы «Саяхат пен туризмнің бәсекеге қабілеттілік индикаторлар индексі» тізіміндегі орнын 2015 жылға қарай 90-шы орынға көтеруді жоспарлап отыр. Туризм және онымен байланысты қызмет көрсету ұлттық экономиканы әртараптандыруда ерекше рөлге ие, себебі бұл сектор қазақстандық ұлттың өзіндік ұлттық идентификациялық ойларының дамуы мен қалыптасуында ерекше маңызға ие болады [95].
«Маркетинг және талдау орталығы» мен америкалық «Austin Associaties» және «Economic Competitiveness Group» компаниялары бірлесіп, Индустрия және сауда министрлігінің Сауда және туризм қызметін реттеу комитеті өкілдерінің қатысуымен туристік кластер жобасының алғашқы нұсқасын жасаған болатын. Ал ел экономикасын кластерлік басқару туралы қабылданған жаңа жобаға келсек, оның негізгі мақсаты еліміздің өңдеуші салаларын тұрақты түрде дамыта отырып, бәсекеге қабілеттігін арттыру шараларының жоспарын жасау болып табылады. Соның нәтижесінде жаңа жұмыс орындарын көбейтуге, өткізу нарығы қажет ететін тауарларды экспортқа шығаруға, мұнай өндіруге тәуелділікті азайтуға, елімізде дамыған салалық кластерлерді қалыптастыруға қол жеткізу сияқты ауқымды міндеттер орындауы тиіс [96].
Қазақстанның жас мемлекет болуына қарамастан халықаралық нарықта үлкен орынға ие болуы үшін оған нақты бақылау мен басқару жүргізу қажеттігі арқылы жететіні белгілі, жас нарықты күшті және кірісті кәсіпорынға айналдыру, әсіресе өз қызметтерін экспорттау нарық ережелерін қатаң сақтау кезінде әбден мүмкін болады. Туристік саланы мемлекеттік қолдау мен инвестициялаудың әлемдік тәжірибесі (Түркия, Черногория, Мексика, Египет) жеке инвестициялар мен мемлекеттік инвестициялардың көлемі мен олардың байланысына тікелей тәуелді екенін көрсетті.
Қазақстан соңғы 13-15 жылда келесідей мүмкіндікке жетеді:

  • туризм және қызмет көрсету саласында қосымша 300000 жұмыс орнын ұсынуға мүмкіндігін көрсетті;

  • халық арасында жанұялық, шағын және орта бизнес ашуға мүмкіндік бере отырып, кәсіпкерлік мәдениетті арттырады. Туристік сала экономиканың ресми емес дамушы салаларының дамуына мүмкіндік туғызады, ол қол өнер дамуы, сатушыдан кәсіпкерге дейін көтеру, сол сияқты, ойын-сауық қызметтері, кір жуу, химиялық тазарту мен транспорттық қызметтер, графикалық қолөнер мен кәдесыйлар сату, көрікті жерлерге туристік маршруттар мен тілдерді үйрету курстары, қайта даярлау курстары және т.б.;

  • көптеген туристік орындар қала орталықтарында орналаспағандықтан, туризм арқылы ауылдық зоналардың дамуы серпілістабады, ол өз кезегінде тұрақты әлеуметтік дамуға әкеліп соғады. Туризм урбандалу баламасын ұсынады, яғни, қалалық емес жағдайда өмір сүруді ұсынады;

  • туризмнің экономиканың басқа секторларымен байланысы-мультипликативті әсер құруы;

  • оң және өнімді мәдениет аралық қатынастар құру.

Осы 5 негізгі параматрлер арқылы қазақстандық туризмнің дамуы бойынша стратегиялық жоспар құруға болады. Осы негізде ұлттық туристік сала дамуының негізгі мақсаты төмендегідей:

  • экономиканың басқа секторлары үшін нарық құру, әсіресе, шағын және орта кәсіпкерлік үшін, себебі туризм экономиканың көпсекторлы саласы болып табылады;

  • Қазақстанның экономикалық өсуі мен инвестициялар көлемінің артуына мүмкіндік жасау, себебі туризм дамушы сектор ретінде танылады;

  • тура және жанама еңбекпен қамту, ЖІӨ мен экспорттың артуы;

  • кәсіпкерлік пен адами әлеуеттің дамуына әсер ету, ауылдық және шалғай жерлердегі халықты қамту;

  • қазақстандық қауымдастықтың кең көлемді әлеуметтік-экономикалық модернизация үдерісіне әсер ету.

Қазақстандық туристік нарықтың қазіргі жағдайы сын көтермейді: кадрлардың аздығы, жергілікті халықтың саланы түсінбеуі, заманауи туристік объектілер мен қызметтердің жоқтығы, инвестиция мен қолжетімділік, ақпараттандыру мәселелері өте төмен жағдайда, нысандар алыс орналасқан, жалпы инфрақұрылым жағдайылары төмен деңгейде, қаіпсіздік мәселелері туралы жауап беретін тұлғаларды табу қиын. Қазақстанның өнімдік циклінің көрінісі төмендегідей (сурет 24).

Сурет 24 - Қазақстанның өнімдік циклінің көрінісі


Ескерту: [97] мәлімет негізінде автор құрастырған

Жоғарыда көрсетілген сурет негізінде, Қазақстанның негізгіұстанымы «Тарту» және «Дамыту» фазаларының арасында және саланы болашақ дамыту Үкіметтің дамытудың бірінші кезеңіне байланысты болады (кемінде 5-7 жыл).


Қазақстанда негізгі факторларға қатысты туризмді дамыту үлгісін ұсынуға болады, оның бірнеше факторларын бөліп көрсетуге болады:

  • Қазақстан шекті туризм инфрақұрылымы бар «туындаған туристік дестинация» болып табылады және әлемдік нарыққа мүлде шықпады десек болады. Туристік дестинацияда елді жағымды қабылдау және нарықтағы жағдай туралы толық ақпаратты болу үшін өнімдерді жасауда инвестиция тарту үшін жағымды шарттар құру керек. Ондай дестинациялардың басымдылығы болып әлеуметтік туристерді тарту үшін алғашқы қызметтерді ұсыну керек, ол Қазақстан үшін әкімшілік жоспарда елді ашу (визалық режимді алып тастау), қолжетімділікті ұсыну (жақсы әуе, жер үсті көліктерімен қамтамасыз ету), халықаралық стандарттарға бағытталған инфрақұрылым мен қонақ үй секторын жақсарту болып табылады;

  • Қазақстан – «орталықтан басқаралатын ел», мемлекеттік басқару жүйесі барлық ел бойынша үйлестірілетін жоспарлау жүйесін қамтамасыз етеді, ол туризмнің дұрыс құрылымдық дамуына әкеліп соғады. Онда орталық үкімет –барлық мемлекет аумағында өнімді дамыту мүмкіндіктеріне, нарық үрдістерін түсінуге, оның әлеуеті туралы ақпарат алуға маңызды және нарық пен өнім арасында сәйкес жағдайды қамтамасыз ету үшін мүмкін болатын жеке инвестицияларды тартуға мүмкіндік береді.

Туризмді дамыту бойынша халықаралық тәжірибелерді дамыту негізінде, әлемде туризмді дамыту бойынша бірнеше үлгілер бар. Олар сұраныс пен ұсыныс ұстанымыныңерекшеліктері бейнелетін бір елдің даму үрдісінің кезеңдерімен байланысты (кесте 28).

Кесте 28 - Туризмді дамыту үлгілері





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   32




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет