Бакирбаева перизат алимхановна


Қазақстан Республикасында туристік қызмет көрсету нарығы дамуының қазіргі жағдайын талдау



бет18/32
Дата01.11.2022
өлшемі0,91 Mb.
#155954
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   32
Байланысты:
,диссер-1 - новый

2.1 Қазақстан Республикасында туристік қызмет көрсету нарығы дамуының қазіргі жағдайын талдау
Қазақстан экономикасында туристік нарықтың дамуы жыл сайын артып отыр. Мемлекет ішкі туристік нарықты қалыптастыру үшін нақты қадамдар жасап, соның негізінде ішкі туристік инфрақұрылымды қалыптастыру, кадрларды дайындау, мемлекеттік бағдарламаларды әзірлеу және оны енгізу шараларын жасап отыр. Жалпы ішкі туризм нарығын зерттеу екі бағыт бойынша жүргізілді, олар 2020 жылға дейін Қазақстан туризмін дамыту бойынша маңызды мағынаға ие болып табылатын:
- сатып алушылардың әлеуетінің перспективті нарығын зерттеу;
- туристік іс-әрекетті зерттеу.
Қазақстан халқы 17,3 млн. адам, ондағы негізгі көрсеткіштерді келесі кестеден көруге болады (кесте 7).

Кесте 7 - Қазақстан халқы бойынша негізгі мәліметтер



Көрсеткіштер

2009 ж.

2010 ж.

2011 ж.

2012 ж.

2013 ж.

Халық саны

15 982 370

16 203 036

16 440 124

16 673 077

17 330500

Қала халқы

8 662 919

8 819 381

8 973 422

9 127 105

9 436900

Ауыл халқы

7 319 451

7 383 655

7 466 702

7 545 972

7 708800

Жұмыспен қамтылған халық, мың адам

7903,4

8114,2

8301,6

8507,1

8574,9

Жұмыссыз тіркелген халықтың саны, мың адам

53,4

35,4

36,6

34,6

46,6

Жұмыссыздық деңгейі, пайызбен

6,6

5,8

5,4

5,3

5,2

Жастар жұмыссыздығының деңгейі, % (15-24 жас)

6,7

5,2

4,6

3,9

4

Жастар жұмыссыздығының деңгейі, % (15-28 жас)

8,5

6,6

6,1

5,4

5

Ұзақ мерзімді жұмыссыздық деңгейі, %

2,5

2,2

2,1

2,5

2,5

Туу кезіндегі күтілетін өмір ұзақтығы, жыл

Барлық халық

68,4

68,5

69,0

69,6

70,5

Ерлер

63,5

63,6

64,2

64,8

65,8

Әйелдер

73,2

73,4

73,8

74,3

75,1

Дерек көзі:Қазақстан Республикасы статистика агенттігі, 2013 ж. [41]

Орташа жыл сайынғы халықтың өсу қарқыны 2009 - 2013 жж. бойынша 1,66%, 2020 жылы бұл көрсеткіш 19 385 млн. адамға жетеді деп болжауға болады. Халықаралық еңбек ұйымының (ХЕҰ) анықтамасына орай, Әлемдік Банк жалпы жұмыс күшін қарастырады [42]. 2003-2013 ж. орташа еңбек күшінің өсу қарқыны 1,67% құрайды. Осы тенденцияны қолдана отырып және R2 мәні 0,9711 құрайды, 2020 жылы Қазақстанда 10,4 млн. жұмыс күші болады деп күтуге болады (сурет 12).



Сурет 12- Қазақстан халқының өсімін бағалау
Ескерту: Автор Әлемдік Банк мәліметтері негізінде болжады

Қазақстандықтардың 66% шет елде саяхаттауға қызығушылық танытады, ал үштен бірі Қазақстандағы сервис жағдайының төмендігі мен экономикалық жағдайының келмеуіне байланысты сапар шеге алмайтындығын айтады, осы екі фактор жоспардың бекітілген уақытында неғұрлым жақсарып, халық жыл сайын одан да артық сапар шегуі керек, ол 2020 жылға қарай халықтың ішкі, сыртқы сапарларының саны мөлшермен 10 млн.адамды құрауы мүмкін.


Қазақстанның үш ауданы халық арасында үлкен қызығушылық тудырады, Ақмола облысы – 32 %, Алматы – 26% және Шығыс Қазақстан – 21%. Барлық басқа аймақтар 10% немесе одан төмен пайызды құрады. Ішкі туризм бойынша қазақстандық екі ірі қала (Алматы және Астана) және таулы аудандар (Алматы облысы мен Шығыс Қазақстан облыстары), Қазақстанның басқа облыстарымен салыстырғанда географиялық жағдайының қолайлығымен ерекшеленеді.
Қазақстандықтардың басым көпшілігінің қандай туристік өнімдерге қызығушылық танытатындығы сауалнама жүргізу негізінде алынды, сауалнамаға Астана қаласының тұрғындары және қалаға келуші туристер қатысты (900 адам), сауалнама нәтижесі өңделіп, төмендегідей қорытындысы шығарылды:
- көлдегі демалыс – 46%;

  • туыстарға/достарға бару демалысы– 28%;

  • таудағы жазғы демалыс – 23%;

  • табиғатқа бағытталған сапарлар(турлар) – 22%;

  • балық аулау мақсатындағы демалыс – 15%;

  • қаладағы демалыс – 14%;

  • мәдениетке бағытталған сапарлар(турлар)– 22%;

  • ұлттық парктегі демалыс – 12%;

  • Каспий теңізі жағалауындағы демалыс – 10%.

Көптеген туристік агенттіктер қазақстандықтардың Түркия мен Таиландтың жағажайларында демалуға ниетті екендігін айта отырып, ішкі туризм үшін негізгі фактор ретінде төмендегілерді ұсынады:

  • көліктік инфрақұрылымды дамыту (41% темір жол; 38% жеңіл және ауыр көлік; 25% ұшақ және 50% дейін әуе көлігінің бағасын қысқарту);

  • инфрақұрылымның басқа нысандарын жақсарту;

  • орналастырудың халықаралық стандарттарын алу.

Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің мәліметтері бойынша 2013 ж. Қазақстандағы 1678 орналастыру нысандарындағы төсек-тәулік саны 7 186 444 құрап отыр (кесте 8).
Кесте 8- 2013ж. орналастыру нысандары бойынша ұсыныс

Орналастыру орындары

Нысандар

Бірліктер

Ұсынылған төсек-тәулік

5-жұлдызды қонақ үйлер

17

2 735

683 181

4- жұлдызды қонақ үйлер

53

3 697

685 191

3- жұлдызды қонақ үйлер

103

6 318

1 049 476

2- жұлдызды қонақ үйлер

22

774

126 957

1- жұлдызды қонақ үйлер

17

712

116 147

Жіктелмейтін қонақ үйлер

955

16 863

2 811 125



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   32




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет