Мексика туризм Министрлігі
FONATUR
Елде іс-шараларды жоспарлау арқылы туризм дамуын басшылыққа алу, материалды-техникалық құрылғы олардың дамуына көмек көрсету, туристік саланың қызмет көрсету бөлімдерінің жұмысын қолдау және түрлі ұйымдар мен үкімет деңгейлерінің қызметін координациялау
(Мемлекеттік мағынасы бар туристік жобаларды жоспарлау және іске асыру, Инвестициялар тарту мен туристік сектор қызметкерлерін оқыту)
5 Палата
12 Қауымдастықтар
1 Іскерлік кеңес
АЙМАҚТЫҚ ЖӘНЕ ШТАТ ДЕҢГЕЙІ
31 Туризм департаменттері
Штаттар
Аймақтар
Туризмнің жергілікті бөлімдері
Муниципалитеттер
ЖЕРГІЛІКТІ ДЕҢГЕЙ
Сурет 11 – FONATUR рөлінің алдыңғы CIP-тің инфрақұрылымына әсері
Ескерту: мәліметтер негізінде автор құрастырды
Мексикада FONATUR ұйымы мемлекетте шипажайлардың дамуына басты назар аударды, құрылысты жүргізу мерзімінде материалдардың жоғары технологиялы үлгілері пайдаланылды. Осы шипайлық аймақтарды дамыту арқылы Мексика дүниежүзілік деңгейде туристік келулердің ағымын көбейтті.
Енді Мексика, Мысыр, Черногория елдеріндегі туризм дамуының күшті жақтары мен әлсіз жақтарын салыстыруға болады (кесте 6).
Салыстырмалы талдау нәтижесінен туризмнің дамуы үшін қарапайым жаңа аумақтардың құрылысы типті бай табиғи ресурстары бар мемлекеттер үшін жеткіліксіз, ал келтірілген мысалдардан қаржылық негізді құратын жаңа туристік дестинациялар арқылы дамиды. Мемлекет жаңа бейнеге ие болып туристер ағымын арттырған соң, туризмнің дамуы басқа аймақтарға таралады, мемлекет тарапынан қолдау жасауда негіз болады: көлік пен инфрақұрылым;жер телімдеріне қолжетімділік; инвестицияны реттеу. Осы мемлекеттер мемлекеттік реттеу мен келісу, салық салу және инфрақұрылым инвестицияларын жоспарлау үдерістеріне ерекше назар аудару керектігін білдіреді. Салыстырмалы талдаудан туристер келетін негізгі нарықтар туристік қызмет ұсынатын орталықтан 4 сағаттық жерде орналасқан.
Туризмнің дамуындағы мемлекеттік қолдаудың келесідей негізгі жағдайларын көрсетуге болады:
Ұзақмерзімді жоспарлау мен стратегия. Көптеген мемлекеттер туристік нарықта өз үлестерін сақтап, арттыруды,өзінің бәсекелестік артықшылықтарын қолдану және туристік саланың тиімділігін жақсарту бойынша туризмнің ұзақмерзімді даму мүмкіндіктерін анықтайды. Туризмді дамыту бойынша жоспарлар жалпы мемлекеттік деңгейде қабылданып, билік органдарымен бекітілетін ресми құжат ретінде рәсімделді, осылайша құжаттың іс-әрекеті барлық министрліктерге таралып, оның орындалуын үкімет бақылап отырады;
маркетинг және туристік дестинацияның бейнесін құру. Көптеген мемлекет жоспарларында маркетингке назар аударылады, сонымен қатар, көптеген елдерде мемлекеттік туристік ұйымдардың халықаралық маркетинг мақсатында қаржы бөлуі халықаралық туристік нарықта мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін басты мәнге ие болды (Мысалы, Мысырда);
туристік секторды жалпы басқару деңгейін жетілдіру. Талдау жасалған мемлекеттер туристік саланы басқаратын ұйымдардың нақты міндеттері мен құзыреттіктерін нақты белгілеу арқылы саланы басқарудың тиісті жүйесін бекітуді мақсат қойып, оны оңтайландыру бойынша іс-шаралар қабылдады. Сондай-ақ, мемлекеттің алдына қойған бағытын қадағалау мақсатында бір-біріне бағынышты құрылымдар құру стратегияны жүзеге асыруда өзара келісе отырып әрекет ету және оны бақылауда маңызды;
салық салу және құқықтық реттеу мәселелері. Құқықтық саланың қажетті жұмыстарын бекіту мен тиісті жұмысты реттеу: туристік саланың жұмысына жәрдем беретін және осы саланың жұмысы үшін құқықтық негіз құратын қолданыстағы құқықтық базаны жетілдіру мен арнайы заңдар мен нормативті актілерді қабылдау;
Кесте 6 – Черногория, Мексика, Мысыр елдеріндегі нәтижелер, тиімділігі, күшті және әлсіз жақтары
|
Черногория
|
Мексика
|
Египет
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |