Негізгі іс-шаралар:
2000-2001 жж.: туристік саланы қайта құру мен дамыту мақсатында және елде туристік іс-шараларды үйлестіру үшін Бас жоспарды қабылдау.
Инвестицияларды ынталандыру үшін түрлі жобаларды іске асыру.
Инвестициялардың сыйақы жүйесі (салықтық жағынан көбірек).
Халықаралық инвесторлардың өтініштері бойынша министрліктер айналысады.
Жер телімдері ұзақмерзімді жалға беріледі (49 жыл).
Туристік қызметтерді ұсынатын аумақтар (әзірбайжандар, қазақтар, немістер, канадалықтар) мен сапасының жақсаруына бағытталған. Қазір 5-10 жоба іске асырылады.
2007 жыл: Черногория маңындағы зоналар құрылыстары мен инвестицияларды реттеу мақсатындағы Аумақтық жоспар, Бар жоспардың уақыттық шектеуі 2020 жыл.
2008 жыл: 2020 жылға дейін Черногория туризмін дамыту Стратегиясы министрлік пен дайындалған, мақсаты болашақта стратегиялық мақсат анықтау мен міндеттерін реттеу болып табылады.
Басты назар арнайы құралдарда: жоспардың, салықтың және заңның рөлі
Черногорияның аумақтық жоспары: туризмнің дамуы үшін ең жақсы мүмкіндіктер ұсынатын жер телімдерін пайдалануды оңтайландыру мақсатында Черногрияның жағажайлар құрылысының жоспары бекітілген. Жағажай демалысына, туристерді орналастыруға мүмкіндіктері бар кәсіби қызметкерлер мен қажетті инфрақұрылымға ие туристік өнімі бар аймақта бір күнге демалысқа келушілер саны 5 млн.-ға жетіп, қарқынды өсіп жатыр. Туризмді тұрақты дамыту стратегиясы Черногорияның теңіз және жағажайдағы табиғатын тиімді қолдануға негізделеді: Оның негізгі мақсаттары: Черногрияның қайталанбас ерекше туристік өнімін құру, эко және этно-туризмді дамытудың жаңа стратегиясын әзірлеу, бар инфрақұрылымды модернизациялау, жағажай аумағын кеңейту және жақсарту, сапалы яхтингті дамыту, туристік маусымды ұзарту мен инфрақұрылымды халықаралық стандарттарға сәйкестендіру.
Туризмді дамытудың 2020 жылға дейінгі стратегиясында жеке секторлардан инвесторлар үшін құқықтық негіз бен тартымды шарттар құру және ұсынылатын жобаларға нақты техникалық талаптарды бекітуден тұрады [40]. Осы жоспардың бір бөлігі ретінде Черногория қоршаған ортаны қорғау және жергілікті табиғат пен мәдени құндылықтардың тартымдылығын қамтамасыз ете отырып, мемлекеттегі туризмді тұрақты дамытуды қамтамасыз ететін заңнамалық актілерді қабылдады (сурет 10).
Черногорияның инвестиция тарту агенттігі - MIPA
Туризм және қоршаған ортаны қорғау министрлігі (2020 жылға дейінгі туризмді дамытудың мемлекеттік стратегиясын жүзеге асыру; әртүрлі үкіметтік мекемелер мен ұйымдардың қызметін үйлестіру)
МЕМЛЕКЕТТІК ДЕҢГЕЙ
Мемлекеттік Туристік Ұйым
(Нарықта туристік дестинацияны жылжыту және жергілікті туристік ұйымдардың қызметін үйлестіру)
Visit-montenegro.com
(Туристік дестинацияны жарнамалау, онлайн тәртіпте туристерге қызмет ұсыну, интернет арқылы қонақ үйлер мен экскурсияларға тапсырыс жасау; туристерге қажетті ақпарат ұсыну)
ЖЕРГІЛІКТІ ДЕҢГЕЙ
19 жергілікті туристік ұйым
Сурет 10 – Черногория 2020 жылға туризмді дамыту стратегиясы
Ескерту: [39] автор құрастырған
Черногория өзіндік даму стратегиясын іске асыруда және негізгі сегіз аймақтық кластерді дамыту арқылы тұрақты даму стратегиясын қабылдады, ол арқылы жоғары сапалы көп деңгейлі туристік дестинацияны құруға ұмтылады. Стратегия негізінде Черногория халқын жаңа жеткілікті жұмыс орындарымен қамтамасыз етуді орындайды. Туризмді дамыту арқылы халық тқтынатын тауарлырды арзандату арқылы және туристердің қауыпсіздігін қамтамасыз ету.
Жағажайлы туризм жақсы дамыған мемлекет Мексика әлемде 10-шы орынға ие және 2010 ж. мемлекетке келген туристердің саны 22,4 млн. жетіп, туризмнен түсетін табыс 11,7 млдр. АҚШ долларын құрап, әлемде 23-орынға ие болды.
Мексиканың ЖІӨ-де туризмнің үлесі 8% (2010 жылы 1021 млн. АҚШ доллары), 5млн.-ға жуық адам туристерге қызмет көрсету саласында жұмыспен қамтылған, ол мемлекеттегі жұмыс орындарының 6,8%-ын құрайды.
Мексикадағы туризмнің дамуындағы басты факторлар:
Мексика туристік дестинация Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде қауіпсіз демалыс орны ретінде қалыптасты;
Мексика жаппай туризм үлгісі енгізілген ірі көлемді туризмді дамыту саясатын жүргізді. Қазіргі кезде Мексикада фординстік үлгі қолданылады: белгілі бір туристік кластерге сүйене отырып, мемлекет тарапынан қолдау арқылы жаппай туризм дамыды. Ол ел ішіндегі біртекті сипат пен құрылымға негізделген туристік өнімдердің қайталануына алып келді.
40 жылдардағы туризмнің жаппай дамуы Акапулько мен оның маңайына шоғырланды, 60 жылдар мемлекет басшылары мемлекеттік ресурстармен қолдауға болатын Канкун (1976), Икстара, Лос Кабос және Хуатулько баламалы жобаларды қарастыра бастады. Оны жүзеге асыруды арнайы құрылған ұйым – le Fondo Nacional de Fomentoal Turismo (FONATUR) өз міндетіне алды және мемлекет осы жобаларды масштабты жарнама компанияларымен қолдау жасады. 80 - 90 жылдары қонақ үйлерді диверсификациялау жалғасып, туристік өнімдер жаңа талаптарға бейімделе бастады. Жаңа тенденциялар: сонғы жылдары мәдени және табиғи туристік өнімдерге сұраныс артып келе жатыр, «ұшып келетін құстар» яғни туристердің ұзақ уақыт бір жерде демалуға деген қызығушылығы туындап отыр.
Мексикадағы туристік қызметті үйлестіру үшін мемлекеттің Конгресі 1973 жылдың 29 желтоқсанында Туризм министрлігімен тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасайтын Fonatur ұйымын құру туралы заңды қабылдады. Жаңа ұйымның негізгі мақсаты – жаңа заманауи туризмді дамыту және туристік салаға ішкі инвестицияларды тарту.1970-80 жж. FONATUR өз күшін экономикасын дамытуды қажет ететін аймақтарға жинап, мұнайды экспорттауға бағдарланған экономиканы диверсификациялаудың тиімді құралы ретінде туризм қарастырылып, Әлемдік банктер тобы және Америкааралық даму банкі қолдау көрсетті. Осы стратегия негізінде бес CIP - Канкун, Лос Кабос, Икстапа, Хуатулько және Лорето курорттары салынды.
Мексикада мемлекеттік билік қайта орталықтандырылды, сондықтан FONATUR бағдарламасы ұлттық банктің қолдауымен жүзеге асырылып, оның қолданатын бизнес-үлгісі өзгерді [40].Осылайша, FONATUR рөлі алдыңғы CIP-дің инфрақұрылымын әзірлеуші және құрастырушыдан, әр түрлі ұйымдар арасында нысандарды салуда келіссөздерді реттеуші рөліне ауысты. Ұйым жобаларды жүзеге асырумен байланысты әр түрлі іс-шаралаға қатысты: инвестициялық жобаларды бағалау; қажетті қаржы құралдарын бағалау; жер телімдеріне ие болу; жер телімдерін салу; инфрақұрылымды жобалауы мен құрылысы, жер телімдерін жарнамалау; қарыздарды өтеуге ақша құралдарын табу, жеке инвестицияларды бақылау мен субсидиялау (11-сурет).
МЕМЛЕКЕТТІК ДЕҢГЕЙ
Достарыңызбен бөлісу: |