Бакирбаева перизат алимхановна


Туристік қызмет көрсету нарығының әлеуметтік-экономикалық аспектілерінің дамуының шетелдік тәжірибесі



бет13/32
Дата01.11.2022
өлшемі0,91 Mb.
#155954
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   32
Байланысты:
,диссер-1 - новый

Туристік қызмет көрсету нарығының әлеуметтік-экономикалық аспектілерінің дамуының шетелдік тәжірибесі

Шетелдік мемлекеттерде мaмaндaр елдің туристік саласының бәсекелестікке қабілеттігі туралы түрлі көзқaрaстaр айтады, кез келген мемлекеттің бәсекелестігі мaкроэкономикaлық сипaтқa, aрзaн жұмыс күшіне, мемлекеттік сaясaтқa, сaлaлaрды бaсқaру жүйесіне бaйлaнысты жетіледі деп түсіндіріледі. Бәсекеге қaбілеттілік бaй тaбиғи ресурсты елдердің, инфрақұрылымы жақсы дамыған Гермaния, Жaпония, Швейцaрия, Корея, Итaлия сияқты мемлекеттердің бәсекелестік рөлі үлкен. Сонымен қaтaр, бәсекелестікті aрттырaтын мәселе туристік саланы дұрыс бaсқaру жүйесін құру болып табылады. Дүние жүзінде бәсекелестік тұрғыдaн дaмығaн бір қaтaр мемлекеттер aлғa озып әлі де өз беделін ұстaнудa, экономикaдa XX ғaсырдың бaсындa-aқ бәсекелік қaбілеттіліктің ең жоғaрғы көш бaсшылық тұғырын Aмерикa Құрaмa Штaттaры ұстaнды.
2011 жылы халықаралық туризм құлдыраудан шыға бастады, әлемде туристік келулер саны (бір түндік келушілер саны) 940 млн. 2010 жылдан 983 млн. 4,6% артты, ал келушілер саны 6,4% артты. Барлық жасалған сапарлардың жартысынан астамы демалыс, денсаулықты қалпына келтіруге бағытталған (51% немесе 505 млн. келушілер). Шет елдік туристердің мөлшермен 15% іскерлік сапарлар және кәсіби мақсатта саяхатқа шықса, 27% басқа мақсаттар үшін, соның ішінде туыстар мен таныстарға бару, діни мақсатта және қажылық мақсатта, медициналық қызмет алу мақсатында саяхаттаса, қалған 7 % келушілердің мақсаттары анықталмаған, халықаралық ірі туристік келулер 3-кестеде ұсынылған [31].

Кесте 3– Халықаралық ірі туристік келулер




Рейтинг

Миллион

Өзгеріс (%)

Жылдар

Жылдар

2010

2011

2012

2013

2010

2011

2012

2013

1

Франция

77,1

79,5

83,0

83,0

0,5

3,0

1,8

0

2

АҚШ

59,8

62,3

66,7

69,8

8,8

4,2

6,3

4,7

3

Испания

52,7

56,7

57,5

60,7

1,0

7,6

2,3

5,6

4

Қытай

55,7

57,6

57,7

55,7

9,4

3,4

0,3

-3,5

5

Италия

43,6

46,1

46,4

47,7

0,9

5,7

0,5

2,9

6

Түркия

27

29,3

35,7

37,8

5,9

8,7

3,0

5,9

7

Германия

26,9

28,4

30,4

31,5

10,9

5,5

7,3

3,7

8

Ұлыбритания

28,3

29,2

29,3

31,2

0,4

3,2

-0,1

6,4

9

Ресей

*

*

25,7

28,4

*

*

13,5

10,2

10

Таиланд

*

*

22,4

26,5

*

*

16,2

18,8

Ескерту: БТҰ мәліметтері

Франция топ-10 рейтингісінде халықаралық туристік келулер бойынша (83 млн) жетекші орында, ал кірістер бойынша үшінші орында (56,1 млрд. АҚШ долл.) болса, АҚШ кіріс бойынша бірінші орын (140 млрд. АҚШ долл.) болса, келулер бойынша екінші орын (69,8 млн.). Испания кірістері бойынша екінші орын (60 млрд. АҚШ долл.), ал келулер бойынша үшінші орын (57 млн.). Қытай келулер бойынша үшінші орын (55,7 млн.) және кірістері бойынша төртінші орынға (52 млрд. АҚШ долл.) ие. Ары қарай Италия, Түркия, Ұлыбритания, Германия, Малайзия, Австрия, Макао және Гонконг (Қытай) және Мексика осы алғашқы ондықты аяқтайды, келесі 4 кестеде халықаралық туризм бойынша кірісі жоғары ондық елдер көрсетілген.


Кесте 4 – Халықаралық туризмнен түскен кірістер




Рейтинг

АҚШ доллары (млрд)

Өзгеріс (%)

Жергілікті валюта өзгеріс (%)

Жылдар

Жылдар




2012

2013

2012/11

2013/12

2012/11

2013/12

1

АҚШ

126,2

139,6

9,2

10,6

9,2

10,6

2

Испания

56,3

60,4

-6,3

7,4

1,5

3,9

3

Франция

53,6

56,1

-2,2

4,8

6,0

1,3

4

Қытай

50,0

51,7

3,2

3,3

0,8

1,4

5

Макао (Қытай)

43,7

51,6

13,7

18,1

13,2

18,1

6

Италия

41,2

43,9

-4,2

6,6

3,8

3,1

7

Таиланд

33,8

42,1

24,4

24,4

26,7

23,1

8

Германия

38,1

41,2

-1,9

8,1

6,3

4,5

9

Ұлыбритания

36,2

40,6

3,3

12,1

4,8

13,2

10

Гонконг (Қытай)

33,1

16,2

16,2

17,7

15,8

17,7

Ескерту: БТҰ мәліметтері

2012-2013 жылдары Орталық және Шығыс Еуропа аудандарындағы барлық елдер оң өсім көрсетті, тек Чехия Республикасында көрсеткіштің төмендегенін көруге болады, негізгі өсім Грузияда (15%), Белорусь Республикасы (15%), Арменияда (13,5%) және Қазақстанда (11%), Ресейде (10%) байқалды, оны келесі 5-кестеде көрсетуге болады.


Кесте мәліметтеріне орай, әлемде туризм даму үстінде, аумақтық жіктемеге (дифференцацияға)ие, құрылымдық талдануына қарағанда, бір жерден екінші жерге дейінгі ерекшелігі нақты бейнеленген. Келушілер мен табыстың аймақтық құрылымдық талдауы, келесі тұрақты үрдістерді анықтауға мүмкіндік берді:

  • Еуропа бөлігінде туризмнен келетін табыстары, келетін туристердің саны да күнделікті, баяу қысқаруда;

  • осы үрдіс Америкада да байқалуда, сонымен қатар табыстың қысқаруы ерекше тез жүруде. АҚШ-тағы демалыс Еуропадағы демалысқа қарағанда арзандатылуда және бұл американдық туристік операторлардың мақсатқа бағытталған саясатын көрсетеді;

  • Шығыс Азия және теңіз жағалауында орналасқан мемлекеттерде туризм жедел түрде даму үстінде. Бұл «өсу нүктесі» әлемдік туристік нарықтағы, тек бірегей демалатын орын қорлары мен экзотика, әлемдегі қызмет көрсететін деңгейінің жоғарылығымен көрініс табады. Бұның барлығы, Еуропа мен Америкаға қарағанда қаражат жұмсаудың төмен деңгейінде;

  • Африкадағы кейбір мемлекеттер жоғары табысқа ие элиталы туризм елінен, әлемдегі ең арзан туризмдік елге айналуда, қызметтердің сапасы жоғарыласа, Африкаға келуші туристердің ағымы тез өседі;

Орталық, Шығыс және Оңтүстік Азия туристік инфрақұрылымы әлсіз дамыған аймақтарға жатады. Алайда, Жерорта теңізі туризмнің дамуы
Кесте 5 - Европа және Азия мемлекеттеріндегі халықаралық туристік келулер мен түсімдер, 2011-2013 жж.



Рейтинг

Халықаралық туристік келулер

Түсімдер

Келулер (мың)

Өзгеріс (%)

Үлес (%)

Млн. АҚШ долл

Үлес (%)

Жылдар

Жылдар

Жылдар

2011

2012

2013

12/11

13/12

2013

2012

2013

2013




Еуропа

516,0

534,4

563,4

3,6

5,4

100

454,0

489,2

100

Орталық және Шығыс Еуропа

103,1

111,6

118,9

8,3

6,5

21,1

56,297

59,9

12,2

1

Армения

758

843

957

11,3

13,5

0,2

454

458

0,1

2

Әзірбайжан

1,56

1,98

*

27,1

*

*

2,43

2,35

0,5

3

Беларусь Республикасы

116

119

137

2,30

15,2

0

685

722

0,1

4

Болгария

6,32

6,54

6,89

3,4

5,5

1,2

3,74

4,06

0,8

5

Чех Респуб-ликасы

9,02

9,46

9,0

4,9

-4,8

1,6

7,03

7,05

1,4

6

Эстония

2,66

2,74

2,868

3,0

4,5

0,5

1,22

1,39

0,3

7

Грузия

1,32

1,8

2,06

35,7

15,4

0,4

1,41

1,72

0,4

8

Венгрия

10,2

10,35

10,67

1,0

3,1

1,9

4,84

5,1

1,0

9

Қазақстан

4,09

4,44

4,92

8,4

11,0

0,9

1,34

1,46

0,3

10

Қырғызстан

855

2,4

*

5,6

*

*

435

*

*

11

Латвия

1,37

1,43

1,53

-3,9

7,0

0,3

745

846

0,2

12

Литва

1,77

1,9

*

7,0

*

*

1,31

1,46

0,3

13

Польша

13,35

14,84

15,84

11,2

6,8

2,8

10,9

10,9

2,2

14

Молдова Рес-публикасы

75

89

96

18,6

7,5

0,0

213

226

0,0

15

Румыния

1,51

1,65

1,7

9,1

3,7

0,3

1,46

1,44

0,3

16

Ресей Федерациясы

22,6

25,7

28,35

13,5

10,2

5,0

10,7

11,98

2,52

17

Словакия

1,46

1,52

1,65

4,6

8,2

0,3

2,29

2,55

0,5

18

Тәжікстан

*

*

*

*

*

*

3

*

*

19

Түркменстан

*

*

*

*

*

*

*

*

*

20

Украина

21,4

23,01

24,67

7,5

7,2

4,4

4,8

5,08

1,0

21

Өзбекстан

*

*

*

*

*

*

*

*

*

*- мәліметтері жоқ
Ескерту: БТҰ мәліметтері

бойынша, Түркия үкіметінің протекционистік саясатының нәтижесінде, бұл туристік бай әлеуетті аймақта туризмнің тез дамуын күту қажет. Еуропаның жақын болуы – негізгі туристерді жеткізуші, әлемнің негізгі конфессияларының басты діни қасиеті, таза Жерорта теңізі, туристік мерзімнің ұзақтығы –аталған аймақта белсенді туризмнің жақсы алғышарттарын қалыптастырады.


Туризм көмегімен, әрдайым экономикалық дамыған елдерден капиталды дамушы елдерге ауыстырып тарту жүзеге асады. Сонымен бірге, әлемнің көптеген елдері, туризмнің дамуына бағытталған өзінің экономикалық саясатын жүргізеді. Бұл үшін туризмді дамытудың экономикалық ынталандыру әдістерін қолдану негізінде ерекше ахуалды қалыптастырады, салықтарды төмендетіп, бос экономикалық аймақтарды құрады, визалық рәсімдеулерді жеңілдетеді.Осыған орай, туризм – өнеркәсіптік кешендердің ең нәтижелісінің қатарына жатқызылады. Қайта құрылымдық өзгерісіне байланысты экономиканы дағдарыстан шығару міндеттерін шешуде, аса маңызды рөл атқарады.
Еуропалық аймақ өзінің пайдалы теңгерімін әрдайым жақсартады, Солтүстік Америка халықаралық туризмдегі кіріс пен шығысты теңестіру және экономикалық жағдайын тұрақтандыруға ұмтылады [32]. 
Туристік саладағы көшбасшы болып табылатын елдерді қарастыруға болады. Түркия, Тайланд сияқты елдерде туристік қызметтің белсенді өсуі, байқалады, бұл елдер жол жүру туризмнің дамуына мақсатталған, мемлекеттердің 25 ел рейтингінің тобына кірмеуі, туризмнің сол түріне шығын шығарумен дәлелденіп отыр.
Түркия – таңғажайып табиғи әдемілігі, тарихы, мәдениеті сақталған, ерекше, бірегей туристік аумақ. Жасыл ормандар, тау-шаңғы спортына ыңғайлы қарлы таулар, таза көлдер, жағажайлар, жылы сулар, қонақжай адамдар мен қайталанбас тағамдары ерекше.
Қызмет көрсетудің жеткілікті инфрақұрылымы қалыптасқан, заманға сай туристік орталықтар ашылған. Жаз айындағы демалыстардың жаппай орталықтарына: Анталия, Аланья, Мармарис, Кушадасы, Бодрум, Фетхие, Каш жатады, бұл қалаларда келуші туристердің ағыны өте көп. 2001 жылы шетелден келген туристердің ағыны 4 млн. 200 мың адамнан асты. Шетелдік туристердің басымдылығының баратын жерлері – Стамбул, Мугла, Едірне, Измир, Айдын және Анкара қалалары болып табылады.Соңғы жылдары туризмнің екпінді дамуына әсер ететін маңызды фактор, төсек-орындар мен қызметтік құқығына лицензиясы бар, туристік нысандар санының өсуі әсер етуде. Соңғы жылдары туристік нысандармен байланысты даму жұмыстары тездетілген. Елде, 2008 жылғы мәліметтер бойынша туризм сферасында әрекет ететін, туристік қызмет атқаруға ресми рұқсаттары бар 1,240 нысан саналды. Ондағы төсек орын 230,248 құрайды. Туристік секторларға сонымен қатар, жылы су жағалауларының қасында орналасқан кешендер, гольф-клубтар, демалыс орындары, білім беру объекттері мен туристік кешендер ерекше әсер етеді. Мейманханалардың саны бойынша Анталия бірінші орынға ие, одан кейін, Мугла мен Стамбул қалалары орналасады.
Түркия Мәдениет және туризм министрлігінің мәлеметтеріне сәйкес, 2014 жылдың қыркүйек айында шетелден келген туристер саны өткен жылға қарағанда 6,11 пайызға өсті. Мемлекеттік статистикалық ведомствоның мәліметі бойынша 2013 жылы Түркия курорттарына 39,2 млн туристер келген. Осы көрсеткішті 2012 жылғы көрсеткішпен салыстырып қарағанда туристер легі 7,6%-ға артқан. Ал туристерден түскен табыс мемлекет қазынасын 11,4%-ға арттырып 32,31 миллиард доллар пайда әкелген. Орташа есеппен алғанда әрбір жеке турист 824 доллар қаржы жұмсаған, бұл топпен келген туристерге қарағанда мемлекетке үш есе артық қаражат қалдырған көрсеткішті көрсетіп отыр [33].
2011 жылы. 36,1 млн. турист келді, түскен табыс – 23,02 млрд. АҚШ долл., ал 2012 жылы 2011 жылмен салыстырғанда Түркияға келген туристер саны 1,8%-ға артып, 36,7 миллион адамды құрады.Түркия статистика институтының мәліметі бойынша мемлекетке туризмнен түскен пайда 23,4 миллиард АҚШ долларын құрады. «Туризм: Видение Европы в 2020 г.» баяндамасында, 2020 жылы Түркия Франция, Испания және Италиядан кейінгі 4-ші орынға иеленетін болады деп ескертілген және оның туризмнен табатын пайдасы 40 млрд. долларға өседі. 2020 жылға Түркияның мақсаты – елге 60 млн. туристің келуі мен 50 млрд. долл. көлемінде табыс табу болып отыр [34]. Соңғы жылдары, туризм Түркия экономикасының ең табысты секторы болып табылды және әлемдік экономикада елдің интеграциясына жағдай жасай отырып, кірісті жоғарылатуға ұмтылуда, Түркия бар әлеуетіне негізделе отырып, өзінің туристік саясатын қайта қарастыруда. Туризм Министрлігі, туризм өнеркәсібіне әсер ететін барлық факторларды ескере отырып, 40 елдегі өзінің 23 бюросы арқылы, жарнамалық компаниялардың белсенді жұмыс атқаруын қамтамасыз етіп отыр.
Мысыр - Шығыс Арабиядағы ірі елдердің бірі, сонымен қатар, әлемнің туристік «Меккесі», мәдени және саяси өмірінің орталығы. Барлық аумақты Ливия, Арабия және Нубия шөлдері алып жатыр. Жер аумағы бойынша Мысыр ірі мемлекеттер қатарына жатқызылады, алайда мысырлықтар Ніл алқабындағы 4%-дық аумақта өмір сүреді. Халқының саны, шамамен 82 млн.адамды құрайды. Қала халқы 50% жоғары. Мысырдағы халықтың жылдық табысы, дамушы елдер арасындағы ең төмен деңгейде болып табылады. Мысыр елінің көп бөлігі Нілдің жағалауында, Суэц алабының бойында өмір сүреді [35].
Мысырдың халқының саны жоғары, өндірісте де, туристік қызметтерді көрсетуде де негізінен адами ресурстарды қолданады. Кішкентай аумақтар мен елдің солтүстігіне жоғары шоғыр жасау, бұл аймақты, туристік инфрақұрылым мен өндірістік даму жағынан перспективалы етеді. Үлкен адами өркениетті пайдалануда, Мысыр танымдық мақсатта келуші туристерді әрдайым қызықтырады. Барлық әлемде Мысыр өзінің таңғажайып ескерткіштерімен, ежелгі өркениетімен танымал, бұл ескерткіштердің әрқайсысының 5 мың жылдан артық тарихы бар. Олардың көп бөлігі, мұражайлар мен ежелгі қалалардағы құрылыстық ансамбльде көрсетілген, қайталанбас бейнеге ие: Каирдан Александрияға дейін, қаланың оңтүстігінде Луксордан Асуанаға дейінгі алқапты алып жатыр.
Көптеген қалалар, ашық аспан арасындағы мұражайларды көрсетеді: ескірген сәулет құрылыстары, ежелгі көрнекі мешіттер мен түрлі дәуірде салынған мұражайлар мен мүсіндер, олардың жасы мыңдаған жылдармен өлшенеді. Аталған көңіл бөлерлік жерлер, туристік қызметте табыс әкелудің негізгі көзі болып табылады. Мысыр ежелгі мәдениетпен ойша байланысады, алайда ешқандай ірі өндірістік орталық ретінде саналмайды.
Мысыр әлеуетті туристер үшін көптеген қызығушылықтардың қиылысуымен байланысты болып келеді: жыл бойы жылы ауа райы, жағажайлар мен көлдер, ежелгі мәдениет пен ескерткіштер, шөлде серуендеудің экстремалды жағдайлары. Мұндай жағдайларда, туристік қызметті дамытпау, логикалық тұрғыдан да, мемлекет тұрғысынан да дұрыс емес болар еді. Осыған байланысты, Қызыл теңіз жағалауындағы қалалар белсенді түрде дами бастады. Мысалы, көрсеткіштердің бірі, Хургада қаласы болып табылады, бұнда көптеген танымал қонақ үйлер тораптары бар – Hilton, Intercontinental, Sofitel, Marriott желілері бар. Мысырды турист – көліктен бастап, спа дауасымен аяқтап, барлық туристік қызметті алады.
Елдегі туризмнің дамуы теріс жақтарыменде сипатталынады. Ашық есік саясаты, өзіндік өнеркәсіптің дамуына жағдай туғызбайды, арзан қытайлық және батыс европалық өнімдердің ағымын тоқтата алмайды. Алайда шетелдік валютаның келуі, экономиканың шығынын жауып отырады, негізгі көрсеткіштер:

  • 2010 жылы мемлекетке келген шетелдік туристердің саны 14,051 млн адамды құрады;

  • 2011 жылы туризмнен түскен табыс 8,68 млрд. долларды құрады;

  • 2009 жылы Мысыр өз нарығындағы туризм үлесі бойынша әлемде 64- орынға ие болды( нарықтағы үлесі - 1,4%).

  • 2011 жылы мемлекеттің ЖІӨ-не туризм саласының тікелей салымы 15,16 млрд. АҚШ долларын құрап, мемлекеттегі жұмыс орнының 5,8%-ын туризм саласындағы жұмысшылар иеленді.

Мысырдағы туристік сала экономикалық либерилизациялау және жекешелендіру жағынан ең қарқынды болып, кәсіпкерлік үлгі бойынша дамыды. Мысырда осы секторды мемлекет тарапына бақылау басым болғанымен 70 жылдары мемлекет жеке секторларға еркін бәсекелестік күресте жұмыс жасауға мүмкіндік беріп, мемлекет меншік иесі рөлінен реттеуші (промоутер) рөліне көшті. Жеке сектордың басты рөлі баға белгілеу саясаты толығымен нарық конъюнктурасына бағдарланады. Сонымен қатар, 1980 жылдан бастап, Мысырдың туризм саласындағы саясаты елдегі келуші туристердің санын арттыру болды. Бұдан кейінгі туристердің ағымының төмендеуіне саяси дағдарыстар әсер етті, оны статистикалық мәліметтер көрсетіп отыр. Мысырда туризм саласын дамыту бойынша негізгі іс-шаралар:

  • 1980 жылдарға дейін Мысыр үкіметі туризмді экономиканың басым саласы ретінде қарастырмады және ол ұйымдастырылмаған сипатта болды (сурет 9);

  • 1974 жылдан бастап, нарықтық экономикаға бағдарланған туризмді дамыту саясатын бастады, нәтижесінде 70 жылдардың ортасында осы салаға жеке инвестициялардың көлемі артты. American Express сынды халықаралық компаниялар Мысырда өз бөлімшелерін аша бастады. 1978 жылғы GTZ пен Туризм министрлігі дайындағын Туризмді дамытудың ұлттық жоспары жалпы мемлекеттік туризмді дамыту бойынша алғашқы құжат болды. Туризмді дамытуға 8 аймақ анықталды: туристерді орналастыру ең алдымен Каир мен Ніл аймағында жүргізілді;

  • туризмнің дамуы жаңа секторлар мен жаңа географиялық аймақтарға бағдарланды. 2000 жылдардан бастап Қызыл Теңіздің Мысырлық





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   32




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет