3.Инвестиция салудың оңтайлы мүмкіндіктерін анықтау
әрбір жобаны жеке бағалау және клиент не инвестор үшін инвестициядан табыс алуды оңтайландыратын тұжырымдамасын ұсыну;
Қазақстанның нарықтық мүмкіндіктерін анықтау және клиентке осы мүмкіндіктерге сәйкес келетін туристік мекемелер өнімдерін көрсету;
орналасу критерийлері – кез келген туристік нысанның орналасу орнын анықтау үшін критерийлердің жиынтығын құру, яғни, жан-жақты зерттеу жүргізу негізінде SWOT-талдау жүргізілуі қажет;
жаңа құрылыспен салыстырғандағы қайта салу (қайта қалыптастыру) - мекемені жаңадан бастап соғу мекемедегі операторларының ұнататын нұсқасының бірі, себебі техникалық және брендтік сипаттамалар мекеменің ары қарай дамуын анықтайды. Қайта салу әдетте қымбаттау және көбірек уақыт алады, алайда, қала ішіндегі қолайлы орында орналасуы, қайта салудың нөлдік кезеңнен жаңадан салуға қарағанда даму мүмкіндіктері көбірек;
кәсіпорын өнімдерінің типі мен стандарттары – кеңес берушінің жоғары сапалы бюджеттік брендті халықаралық мекемелер қоржыны саласында терең білімі болуы керек және осы брендтер бар батыс нарықтарынан жағдайы ерекшеленетін дамып келе жатқан нарықтарда өз міндеттерін қалай атқаратынын толық түсініп және бағалай білуі керек;
брендтерді таңдау – жергілікті және халықаралық брендтер –қабылдануы керек шешім болып табылады. Жобаның халықаралық қаржыландырылуын қамтамасыз ету үшін, әдетте, қонақ үйлердің халықаралық операторларымен келісімге отыруы керек;
даму нұсқаларының болуы – дұрысы жобада ол орналасқан ғимаратпен шектелуі керек, сондықтан құрылысты басынан бастау әлдеқайда қолайлы және қаржылық жағынан алып қарағанда да лайықты болып табылады. Мысалы, берілген алаң курорттық зоналардағы сияқты қонақ үйлердің кластерін құруға мүмкіндік береді, содан кейін барып, қандай брендтер қолайлы екендігі анықталады;
инвестициялау критерийлері – қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді бағыт – туристік жобаның инвесторы/әзірлеуші-компанияның критерийлерін таңдау;
басқару (франчайзинг/ие болу/жалға алу) – жобаны әзірлеуші компанияның кез-келгеніне қол жетімді нұсқаларын білдіреді – көптеген Батыс Еуропа мемлекеттерінің тәжірибесінде қолданатындай, мекемені жеке дара иеленуге болады ма, қонақ бизнесі сияқты қонақ үйді басқаруды келісімшарт бойынша беріп жіберуді, бұл жерде қонақ үй жұмысы қонақ үй операторының құзыретінде болады, таңдау жасай алады. Франчайзинг туралы келісімшарт, әдетте, келісімшарт бойынша қонақ үй иесі ретінде тиісті беделге ие болған қонақ үй иелерімен жасалады. Жалға алу, Германия сияқты кейбір нарықтарға ғана тән ерекше нұсқа және мұнда жалға алушы оператор болып табылады.
4. Туристік салаға инвестиция салу
дамып келе жатқан нарықпен салыстырғанда тұрып қалған нарық – инвестициядан алатын табыс алу критерийлері қандай да бір жобаның тиімділігін анықтауға мүмкіндік береді. Даму нарығы бар мемлекеттердегі күтілетін тәуекел жоғары болған сайын күтпеген нарықтағы табыспен салыстырғанда, инвестициялардың күтілетін табыстылығы жоғары болады;
орташа бағалық категориядағы мейрамханалардың желісі, қонақ үйлердің желісі – қоржындық мүмкіндіктер – Қазақстан сияқты мемлекеттегі инвестор үшін оңтайлы мүмкіндік;
көпфункциялы кешендер – кеңселік, сауда және тұрғын үй мүлкі саласындағы жобалардың табыс ағымын қолдау жолымен қаржыландыруды қамтамасыз ететін тарихи тәсілі болып табылады;
негізгі қазақстандық аймақтық орталықтар – халықаралық туристік кәсіпорындар жобаларын келісім бойынша немесе франшиза бойынша басқару үшін мүмкіндіктері мол. Көптеген талпыныстар жасалды, алайда соңғы төрт жылдағы әлемде болып жатқан экономикалық құлдырау нәтижесінде көптеген жобалар жүзеге асырылмады;
халықаралық брендтер – ТМД аймақтарында кейбір брендтер Rezidor, Hilton, IHG, Marriott және Accor сынды желілер өте белсенді болып табылады. Қонақ үйлік оператор тарапынан қандай да бір мүлікті өзінің маркасын ұсыну дайындығы бар, жергілікті немесе халықаралық несиелік қаржыландырудың болмауы есебінен, осы жобалардың көпшілігі қатарда қалып жатыр [27].