Бакирбаева перизат алимхановна


Қорғауға ұсынылған негізгі тұжырымдар



бет6/32
Дата01.11.2022
өлшемі0,91 Mb.
#155954
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32
Байланысты:
,диссер-1 - новый

Қорғауға ұсынылған негізгі тұжырымдар:

  • «туристік қызмет нарығы» түсінігі мен туризм дамуына әсер етуші әлеуметтік-экономикалық факторлар;

  • туризм саласының әлеуметтік-экономикалық аспектілерінің даму жағдайын бағалау;

  • туристік компаниялардың бәсекеге қабілеттілігін арттырудың бағыттары;

  • туристік қызмет көрсету нарығының экономикалық аспектілерін дамытуды стратегиялық жоспарлаудың тұжырымдамалық үлгісі;

  • туристік бизнестің әлеуметтік аспектілерін дамытудың болашағы мен туристік қызмет көрсету нарығын дамыту стратегиясы.

Жұмыстың теориялық және практикалық мәні нарықтық экономика жағдайында туризмді дамыту жолдарын теориялық негіздеу болып табылады. Жұмыстың ғылыми және практикалық жағдайлары Қазақстанда туристік кластерлердің қалыптасуы, қызмет етуі мен дамуына негіз болып табылады. Диссертацияның теориялық және қолданбалы жағдайлары аймақтардың экономикалық жағдайын ескере отырып, туризмді дамыту стратегиясын әзірлеуде, республика ЖОО-ның экономикалық бағыттағы мамандықтарды дайындауында қолданылуы мүмкін, ал практикалық қолданысы Қазақстанда туризмді дамыту бойынша базалық білім беру мен арнаулы курстарды оқытуда көрініс табады және жұмыстың арнайы ұсыныстары аймақтың туризм стратегиясын әзірлегенде инвестициялық жобаларын бағалау әдістемесінде пайдаланылды (қосымша А,Б).
Зерттеу жұмысының сыннан өтуі. Зерттеу жұмысының негізгі нәтижелері мен қорытындылары отандық және шетелдік ғылыми басылымдарда 11 мақала түрінде жарық көрді. Оның ішінде, 5 мақала шетелдік журналдар мен конференцияларда, 5 мақала Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі, Ғылым комитеті бекіткен журналдарда, 1 мақала Scopus мәліметтер базасы тізіміне енгізілген ғылыми журналда жарық көрді.
Зерттеу жұмысының құрылымы. Зерттеу жұмысы кіріспеден, төрт бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланған деректер мен әдебиеттер тізімінен, 31 суреттен, 37 кестеден және қосымшалардан тұрады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет