Үлгі атауы
|
Үлгідің негізгі бағыты
|
Үлгі қолданылатын елдер
|
Дамудың шектеулі үлгісі
|
Дамыған туристік дестиницияларда басымдылықта, мемлекеттік қолдауды аз қажет етеді немесе мүлде қажет етпейді. Екі принципке сүйенеді:
-туристік тартымдылықты жаңарту және кеңейту үшін жаңа өнімдерді әзірлеу;
- жалпы қосылған құнда жоқ арнаулы туристік дестиниацияларда біршама жобаларды ұйымдастыру мен дамыту үшін жеке сектормен серіктестік қатынас құру
|
Батыс және Солтүстік Еуропада, Австрия, Франция, Швейцария, Италия
|
Кіріспеу
|
Үкімет тарапынан өте аз кірісуді қарастырады. Ол жеке кәсіпкерлердің тиімді жұмысы
|
Испанияның кейбір жерлері
|
Анклавты аймақтарда туризмді дамыту
|
Халықалық туристік стандарттар басымдылық көрсететін «халықаралық туристер үшін жабық және бақыланатын оазисте» туризмді арнаулы тартымды облыстарда дамыту
|
Египет, Мексика, Түркия,Оңтүстік Африка, Тынық мұхыты аймақтары, Оңтүстік Америка мен Азия
|
Орталықтан периферияға
|
Үрдіс орталықтан басталып жан жаққа таралады;
- үлгіді өнеркәсіпте, көлік, телекоммуникация мен жүк тасымалдауда қолдануға болады
|
80 жж. Иорданияда дайындалған
|
Ескерту: [98, 99] мәлімет негізінде автор құрастырған
|
Қазақстанда «Дамудың шектеулі үлгісін» қолдануға болмайды, негізгі кедергілер (үлкен аумақ, бәсекелестіңболмауы, дамыған нысандардың болмауы, кәсіби біліктіліктің аз болуы, туризм инфрақұрылымының болмауы және т.б.) бар. «Кіріспеу» үлгісі (еркін бәсекелестік), Үкімет тарапынан өте аз кірісуді қарастырады, яғни, туризм саласына кіріспеуде келесіден қашу керек, себебі бақыланбаған туризм дамуының оқыс нәтижелермен байланысты контрөнімді нәтижелерге әкеліп соғуы (экологиялық және мәдени құндылықтардың сақталып қалуы және тез және жеңіл табыс үшін дестинициялардың аутентивтілігін жоғалтып алу қаупі) және үлгіді туризм дамуының алғашқы кезеңдерінде қолдануға мүмкін болмайды. «Анклавты аймақтарда туризмді дамыту Үлгісі» әлемнің түрлі елдерінде қолданыс тапты, ол халықаралық туристік стандарттар басымдылық көрсететін «халықаралық туристер үшін жабық және бақыланатын оазисте» туризмді арнаулы тартымды облыстарда дамытуды көрсетеді. Қазақстанның бұл үлгіні қолдана алмау себебі, ішкі туризмді дамыту мен ұйымдастыруға сәйкес келмейді, ұлттық жалпы стратегия ұлттық аумақтар, халықтар мен мәдениеттердің ықпалдасуын қарастырады. Бірақ, халықаралық стандарттарға сәйкес туризм саласына инвестицияларды тарту және тез туристік өнімді құру мақсатында кейбір туристік зоналарға деген сұраныс пен ұсыныстың артуы мүмкін.
Қазақстанда туризм дамуының негізі ретінде «Орталықтан периферияға» («түйін мен тармақшылар») үлгісін қолдану ұсынылады, ол 80 жж. Иорданияда дайындалған, онда ұлттық орталық (түйін) – Амман жасанды түрде бірнеше перифериялармен (тармақшалар) байланысты болды - Петра, Вади Рам, Бухта Акваба және Өлі теңіз, туристер үшін түрлі әсер мен өнімдер ұсынды. Соңғы жылдары жаңа туристік дестинициялар Аустралия, Жаңа Зеландия және Канаданың Қазақстанмен көптеген ортақтығы бар (негізгі нарықтардан қашықтығы, үлкен территория, ел ішінде көрікті орындардың географиялық орналасуы): онда барлық үрдіс орталықтан басталып жан-жаққа таралады. Бұл үлгі өнеркәсіпте, көлік, телекоммуникация мен жүк тасымалдауда қолданылады. Туризм дамуының осы функционалды үлгісін ұсынуға болады, ол ел аумағының көрікті жерлерінің мүмкіндіктерімен, өнімнің әлеуетті дамуымен, инфрақұрылымның болуымен және арнайы дестинациялардың қолжетімдігімен сәйкес келеді
Бұл үлгі тарату арқылы дамыту қағидатына жақын, туризмде тарату екі жақты болады, бір жағынан, сұраныс – туристер осы дестиниция туралы ақпараттанды ма және олар қалай келуге шешім шығарды, әдетте туристік өнім нарыққа бірден шығарылмайды, оның таратылуы делдалдармен бақыланады. Нәтижесінде ұсыныс жағы, дестинация туризм индустриясын қалай дамытып жатқандығы туралы алаңдайды. Ұсыну жағы өзіне шешімдерді шығаратын ұйымдарды (үкіметтік немесе экзогендік бөлімшелер) кірістіреді. Әр қалада бірінші болып туристік объектілерді дамытуға шешім қабылдаған бірнеше тұлғалар немесе мекемелер болады. Өндірушілердің аз саны бірнеше нысандарды құрып, туристерді тарту үшін сәтті болса, неғұрлым көбірек туристер жаңаны көруге ұмтылады. Бұл феномен жақындық әсері немесе жаңалардың демонстрациялық әсері деп аталады. Бұндай инновацияларды тарату әлеуметтік өзгерістерге әкеліп соғады, оның көмегімен басқа елдердің мәдени ерекшеліктерін қабылдау арқасында әлеуметтік жүйелер құрылымы мен функцияларында өзгерістер болады.
Үлгіде тарату бес кезеңде жүреді, ол дамуы жоқ кездегі оқшауланудан басталып, қолжетімділік үшін қажетті көліктік құралдары бар жаңа дестинацияларды құрумен және дестинациялар санын арттырумен, көліктік байланыстарды ары қарай дамытумен, барлық ел ішінде дестинациялардың таралуы бірдей қаныққанға дейінгі кезеңмен аяқталады, мысалы курортты зоналарды дамыту [100]. Қазақстан үшін алғашқы «Орталықтан периферияға дейін» үлгісі туризмді таратудың сәтті даму үрдісіне әкеледі [101, 102].
Бұл үлгі Қазақстанға келесідей көмектеседі:
барлық белгіленген аймақта (туристік кластер) туризм желісі үшін қызмет көрсету және сервистік орталықтарды құру керек, ол халықаралық деңгейде тартымды жерлердің туристік мүмкіндіктерін тез арттыру;
топтық туризм тәжірибесінде ұсынылған, осы орталықтарды «тармақшалар» көмегімен жалғастыру, туризм дамуы үшін облыс деңгейінде азық-түлікпен және көліктік жүйемен жабдықтау;
туризмді қолдайтын инвестиция тұрғысынан туризмнің тұрақты даму үрдістерін анықтау арқылы Үкіметте шешім қабылдайтын тұлғаларға көмек көрсету.
Осы үлгі арқылы Қазақстан бір жағынан туристік нарықтың коммерциялық тиімділігі мен, екінші жағынан жалпы экономикалық тиімділігі бар орталықтарға аса назар аударады. Себебі «орталықтан периферияға» үлгісінде таңдалған аудандардың дамуы мемлекеттік инвестициялар мен қолдаудың болуымен ғана емес, сонымен бірге, Қазақстанды тартымды, ұзақ мерзімді, бәсекегеқабілетті және туристер үшін тұрақты дестинация ретінде дамыту мәселесі алдыда тұр, онда негізгі сұрақ болашақ бәсекеге қабілеттілікті арттыру үшін туристік орталықтарды қай жерде ұйымдастыру керек деген мәселе өз шешімін табу керек.
Қазақстанда туризмді дамытудың кластерлік бағдарламасы негізінде таңдалған «Орталықтан периферияға дейін» үлгісі елімізде сәтті туристік индустрияның дамуына әкеледі, ол екі негізгі талаптарға сай негізделуі керек: әлеуеті басым облыстарда туризмді дамытуды ішкі шарттары туризмді дамытудың кластерлік бағдарламасының теориясы негізінде дайындалуы керек, туризмді дамыту үшін таңдалынатын соңғы аумақтар олардың тартымдылығы мен нарық әлеуетіне сай таңдалуы керек. Туризмді дамытатын ұзақ мерзімді бәсекелестікке қабілетті кластерлік үлгі келесі 29-суретте ұсынылған. Ұсынылған үлгі Портердің «алмаз» үлгісіне негізделген және ол өзіне басқа ұқсасүлгілерде анықталған айнымалы элементтерді кірістіреді және оларға үш қосымша кіреді:
a) транс ұлттық компаниялардың маңыздылығы (ТҰК);
b) кластердің барлық субъектілерінің ( ) арасындағы желіге ( )акцент жасау;
c) кластер субъектілері мен кәсіпкерлік сектордың жағдайларын ажырату.
Ұсынылған үлгі бойынша туристік кластердің дамуына қосымша жағдайлар, сұраныс шарттары, көрікті орындар, дестинацияларды басқару факторлар әсер етсе және олар ішкі контент болып табылады, оның дамуына компаниялар, Үкімет, жоғары орын орындары, облыстық туризм басқармасы ( ) қолдау көрсетеді, жалпы туризмнің дамуына сыртқы контент әсер етеді.
Cурет 29 – Қазақстанды дамыту бойынша кластерлік тұжырымдамалық үлгі
Ескерту: Автор құрастырған
Дамушы елдердегі туризмнің бәсекеге қабілеттілігі трансұлттық корпорацияларға немесе туризм секторымен байланысты тікелей шетелдік инвестицияларға тәуелді болғандықтан туризмді дамытудың кластерлік үрдісінің маңызды қатысушысы ретінде қарастыру керек.
Мысалы, танымал қонақ үйлік брендті таныстырушы трансұлттық корпорация (ТҰК) туристік табыстың келуіне әсер етуші туристік маркетинг пен жарнамалық желілерді байланыстырушы еді. Бірақ, туристік дестинациялардың барлығы бірдей инвестицияларды немесе ТҚК-ды тартпайды.Кластердің барлық қатысушылары бір-бірімен тығыз байланысты, олардың арасындағы байланыстың типі мен деңгейі белгіленген.
Әдетте, компаниялар мен трансұлттық корпорациялар университеттер мен үкіметпен өзінің өндірістік және инновациялық қабілеттілігін арттыру мақсатында ынтымақтастықта қызмет етеді. Сонымен қатар, ынтымақтастықтың белгілі мөлшері мен қызметі компаниялардан, үкіметтен, университеттер мен үкіметтік емес ұйымдардан тұратын туристік агенттіктер мен туристік ассоциацияларды біріктіретін Орынды белгілеуді басқарудың ұйымы (ОБҰ) арқылы жүзеге асырылады. Екі жақты көрсеткіштер ТҰК мен компаниялардың бәсекелестігінің байланысын көрсетеді, және онда әрбір субъект бәсекелес те, сонымен қатар, серіктес те бола алатынын көрсетеді [103]. Бұл олардың арасында бәсекелестіктің симбиотикалық қатынасы да, туристік кластер мақсатындағы серіктестік те болатындығын білдіреді және бұл оларды тек өз пайдасы мақсатын ғана емес, сонымен қатар, түгел туристік кластер мүддесі үшін де қызмет етуіне себеп болады.
Кластер туристік дестинациядағы бәсекелестікті қолдау жүйесін көрсетеді. Ол өзіне негізгі ресурстар мен көрікті жерлерді, туристік дестинацияны басқару мен қосымша сұраныс шарттарын қосады. Кластерлік орта ресурстарды жұмыс күші, активтер, тартымды ресурстар, жабдықтаушыларға берілген өнім мен туристік қажеттіліктер туралы пайдалы ақпарат сияқты жеткілікті мөлшерімен қамтамасыз еткенде туристік дестинация бәсекелестікке ие болады.
Кластердің негізгі қатысушылары үкімет, ОБҰ, университеттер, туристік индустриямен байланысты компаниялар және ТҰК болып табылады. Барлық кластер қатысушылары бір-бірімен серіктестік құрса, онда туристік кластердің әлемдік нарықта, соған сәйкес аймақтық және ұлттық деңгейде гүлденуге ықпалын тигізеді. Сонымен қатар, барлық құраушылардың қатысуы олардың бір-бірімен қалай бәсекелес және қызмет етуімен байланысты болуы қажет. Қолдаушылар арасындағы пікірталастардың жалғасуында Үкіметтің қатысуына қарамастан, туристік кластердегі үкіметтің оптималды рөлі – барлық қатысушылардың өндірістің жоғарғы деңгейіне жету мен ұмтылуларының жоғарылауы үшін жасалатын мадақтау.
Жаңа туристік жаңашылдықты өндіргенде, үкімет кластерлік дамудағы стратегияны қолдауы тиіс, кластердегі барлық субъектілер арасындағы байланыстың дамуына мүмкіндік жасап және де реттеу, заңнамалық немесе кластерлік саясат жолмен институционалды және саяси шарттарды қамтамасыз етуі қажет. ОБҰ, мемлекеттік сектордың өкілдерінен құраушылар, жеке секторлар туризмдегі бәсекелестік қабілетінің дамуына мүмкіндік жасап және маркетинг, жинақтау, талдау, нарық туралы ақпаратты тарату, салалық көрмелерді құрау, туристік бағыттағы және бәсекедегі брендинг стратегиясын құрастыру секілді әр түрлі әрекеттердің көмегімен кластерлік дамуға жол ашуға болады. Оқу ғимараттарының үлесі жаңа технологиялардың ашылуына және басқару жүйесі білімінің дамуына, туристік инновацияның дамуына септігін тигізеді. Компаниялар арасында негізгі өндірушілер болып табылатын және өндірушілер үшін қосымша өнімдер мен материалдарды қамтамасыз ететін жеткізушілер кездеседі.
Өндірушілер – негізгі ресурстарды өнімдер мен қызметтер ретінде көрсететін жеке сектор ғана емес, сонымен қатар, қолда бар ресурстарды басқаратын және қамтамасыз ететін мемлекеттік сектор. Жеткізушілер қосымша өнімді қамтамасыз еткен жағдайда, мәселен орналастыру нысандары, тасымалдау және басқа да өнімді өндіру бойынша болса, онда негізгі ресурстардың бағасын қолдап немесе оны көтермелеп отырады.
Бәсекелестік бұл компаниялар арасындағы негізгі амал болып табылады, және де инновацияны басқаруға көмек береді, туристердің қажеттіліктерін қанағаттандыратын тауарлар мен қызметтерді жақсартады. Елдегі трансұлттық бірлестіктердің (ТҰБ) рөлі мен әсері ішкі туризм мен қосымша саланың шарты мен жағдайына байланысты болып табылады. ТҰБ ішкі фирмалардың қосымша білімінің тереңделуіне, отандық фирмалардың бәсекелестігінің күшеюіне және де ТҰБ туристік дестинацияның жалпы бәсекелестік қабілетінің күшеюіне әсерін тигізеді. Бұндай әсер туристік кластер шегіндегі орналастыру есебінен күшейеді.
Мұндай теориялық негізді есепке ала отырып, Казақстандағы туризм дамуының жалпы ерекше үлгісі туризм дамуының кластерлік бағдарламасындағы барлық шарттарында қарастырылуы тиіс. Нақтырақ айтқанда, кластерлік фактордың минималды шарттарын қамтамасыз ете отырып, туризмдегі заманауи кластерлік бағдарламаға белгіленген даму аймақтарының қаншалықты сәйкес келетіндігі маңызды.
Бұл бөлшек Казақстанның туристік кластерлерін айқындау мақсатында негізгі көрікті аймақтарын территориалды бөлумен тығыз байланысты болып келеді. Ең алдымен, сол негізгі көрікті аймақтардың елдің барлық кластерімен бөлінуін және олардың негізгі көзі не екенін қарастырып алу кажет.
Түрлі табиғи ресурстарға бай, мәдени аспектілерге, артефактілерге және тарихқа ие, ел ішінде көлденең және тік қашықтыққа үлескен Қазақстан жері замануи кластерлерге ие болу қабілеті бар 5 аумақтық зонаға ие. Осы барлық облыстар, көрікті негізгі жерлерімен қатар өздеріне тән мәдениетіне және табиғи мінезіне ие.
Елдің құрылымы туризм индустриясының дамуының негізгі көзіне жатады, яғни ол туризмдегі жоспарлау мен дамудаелдің ұйымдастырушылық - аумақтық бөлінуіне сәйкес келе бермейді. Казақстанның кейбір аймақтары өзіне тән бейнесі мен тәжірибесіне ие, ол дегеніміз эксперименттік құрылымы басым, кейінірек саудалық ұсыныс ретінде туризмнің ішкі нарығына беріле кететін Казақстанның кластерлік туриміне айнала алады.
Кластерлік туризм көрікті жерлердің аумағы мен белгілеріне негізделіп, соңында Казақстандағы туризм индустриясының үкімет шегінде және де мемлекет ішіндегі және жеке қызығушы жақтар арасындағы келісім сұрағы болып табылады, сонымен Кластерлерді кластерлерді аумақтарға бөлуді келесі 29 кестеде көрсетуге болады.
Маркетингтік көзқарас тұрғысынан туризмді дамытудың ұсынылып отырған үлгісі «орталықтан периферияға дейін» таңдалынған кластерлер Қазақстанның туристік саясатына қолдайтындай ұйымдастырылуы керек:
Астананың туристік кластері Астана қаласын бағытқа ала отырып, жақын маңдағы негізгі түйінді орталықтар – Бурабай, БҰҰқорғауындағы Сарыарқа өзендері мен даласы, Солтүстік Қазақстандағы Теңіз көлінің аймағын кірістіреді. Астана кластерінің бөлігіне Қарағандының ішкі және сыртқы көрікті орындары да қосылады.
Шығыс Қазақстанның туристік кластері Өскемен қаласын және оның айналасындағы туристік орталықтарды қосады.
Кесте 29 - Кластерлерді аумақтарға бөлу
Туристік кластерлер
Көрсет-кіштер
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |