ҚОРЫТЫНДЫ Жасалған зерттеу жұмысы бойынша келесідей қорытындылар ұсынуға болады:
Туризм саласында туристік қызмет көрсету нарығының анықтамасы аз зерттелген түсінік ретінде қабылданады, оның қабылданған анықтамасы жоқ және жұмыста берілген анықтамаларды бір оймен келесідей ұсынуға болады: туристік қызмет туристік кәсіпорындармен іске асатын және адамдардың қажеттіліктерін (денсаулығын қалпына келтіру, ойын-сауық, танымдық және т.б. қажеттіліктерді) қанағаттандыру, сол арқылы өндіріс, ғылым, білім және т.б. мемлекеттің экономикалық өсіміне әсер ететін алғышарт деп түсінуге болады.
Туристік нарықтың бірнеше жіктелімі болса да заман талабына сай туристік нарықтың бәсекеге қабілеттілігін арттыру қажет, туристік нарық өз кезегінде қызметті бағалап, туристік саланың дамуын жоспарлайды, сандық, сапалық жағынан туристік сұранысты болжап, туристердің қауыпсіздігін қамтамасыз ететін басқаруды қажет етеді.
Ғылыми әдебиеттерде туристік қызмет нарығының әлеуметтік-экономикалық факторларының құраушылары нақты топқа бөлініп ұсынылмаған, осы құраушылар негізде туристік индустрияның және инфрақұрылымның қаржылық, еңбек, ақпараттық және материалдық ресурстары қалыптасады. Туристік әлеует факторларына инфрақұрылымдық және туристік ресурстар факторларын жатқызамыз. Туристік қызметтегі инфрақұрылым факторларына – көліктің ортаның жағдайы мен даму болашағы, телекоммуникациялық технологиялар мен жүйелер, білім мен ғылым және т.б. топтасқан жалпы факторларды, әкімшілік факторларды, маркетингтік және ресурстық факторларды жатқызуға болады, ал туристік ресурстық факторларға тарихи-мәдени құндылықтар мен табиғи-климаттық ерекшеліктер, туристік ресурстардың ерекшеліктері, бар болуы, жағдайы, қолжетімділігі, олардың тартымдылығы мен бірізділік факторлары жатқызылды. Осы факторлар мемлекеттік басқаруға тәуелді болады және олар объектілерді бағалауда қолданылады.
Берілген факторлар туристік нарықтың әлеуеті болып табылады, осы факторлар туризмнің тұрақты дамуына немесе оның дамуын тежелуіне әсер етеді. Бірақ, оның даму мүмкіндіктері туристік әлеует факторларымен анықталады, осыдан шығатыны туризм дамуын бағалау үшін осы факторлар ескерілуі керек.
Туризм саласының әлеуметтік-экономикалық аспектілерінің даму жағдайына бағалау жүргізілді. Туризм, баяу дамуда, еліміз туристік әлеуетке бай, туристердің көпшілігі бұрынғы ТМД елдерінің халқы, еліміздегі мәдени құндылықтар кәсіби туроператорларға белгілі болса да, көпшілік туризм үшін қол жетімді емес. Елімізде халықаралық туристік ағынды қалыптастыру үшін жағымды географиялық жағдайға бағытталғандығын білу үшін, шығу туризмінің жағдайы бағаланды, жалпы Қазақстанның шығу туризмінің ағыны өте аз. Елдегі көліктік жағдай, қымбат баға, дамымаған инфрақұрылым Қазақстанды туристік бағыттағы деңгейін халықаралық деңгейде төмен –қолайсыз деп бағалауға себеп болып отыр. Кез келген елдің туризміне саяси тұрақтылық үлкен әсер етеді.
Сонымен бірге, туристік қызмет көрсетудің бәсекеге қaбілеттілігі aнықтaуғa болaтын нақты кезеңдерден тұрaды, онда туристік қызметке қойылaтын тaлaптaрды қaлыптaстыру және бaғaлaуғa жaтaтын бірлік көрсеткіштер тізімін aнықтaу, бәсекелестік қaбілеттігінің бірлік көрсеткішінің мaңыздылығын, біртекті ұқсас топтарды қaлыптaстыру және сaлыстыру үшін қызмет тaңдaу, бaғaлaнaтын және бaзaлық қызметтер көрсеткіштерінің мәндерін aнықтaу. және олардың сaлыстырылуы, кешендік көрсеткішін aнықтaу арқылы анықталады. Мемлекеттің туристік сaлaдaғы бәсекеге қaбілеттілігін бaғaлaу туристік өнімнің бәсекеге қaбілеттілігі мен туристік сaлaның бәсекеге қaбілеттілігін бағалаудан тұрады. Туризм және сапарлар саласының бәсекеге қабілеттілік рейтингісін талдау нәтижесінде 2013 жылы Қазақстан 88 орынға ие болды, ал 2011 жылы 93 орынға ие болған еді.
Қaзaқстaнның aлдындa тұрған aуқымды мәселелердің бірі –әлемнің бәсекеге қaбілетті 50 елдің қaтaрынa ену. Бұл мәселенің шешімі тек қaнa хaлықaрaлық рейтингті көтерумен ғaнa шектелмейді, формaльды түрдегі сипaттaмa болғaнымен, aл мaқсaтқa қол жеткізуде ел aзaмaттaрының өмірлік іс–әрекетіндегі кең aуқымды спектрдa әлемдік стaндaрт деңгейіне сaй болуын тaлaп етеді. Сонымен қaтaр, рейтингтердің нәтижелері мемлекеттік бaсқaру сaлaсы мен экономикa сaлaсындaғы мемлекеттік сaясaтты қaлыптaстырудa белгілі бір нaқты нысaнaғa сaй жүргізілуі мүмкін.
Қандай жобалар нақты, белгілі бір алдын-ала анықталған экономикалық және қаржылық жетістік критерийлеріне жауап бере алатындығын бекіту үшін туризм және қонақ үй бизнесіндегі инвестициялардың тиімділігін талдауға анықталған нақты қадамдары бар әдістеме ұсыну арқылы бүгінгі жағдайды талдап, инвестиция салудың оңтайлы мүмкіндіктерін анықтап, инвестиция салу, туристік нарықтың дамуы, қарастырылатын негізгі бағыттары анықтау, нарықты тануға болады.
Қазақстан аймақтарының тартымдылығын бағалау жүргізілді және Қазақстанда туризм дамуының әлеуеті бағаланды, кластер бойынша туристік тартымдылықты бағалау мемлекет дамуына әлеуеттің жоғары екенін көрсетті. Ал Қазақстанда туризм дамуының әлеуеті бағалау бойынша көрсеткіштер өте төмен пайызды көрсетеді, жалпы ішкі өнімдегі үлесі 0,6% құрайды, ал еңбекпен қамтылғандар саны 0,3% құрайды. Қазақстан халқына арналған ішкі нарықты дамыту қажет. Халықаралық туризм нарығы көптеген миллиард айналымы бар және бәсекеге қабілетті алып механизм. Сондықтан да ең алдымен тек Қазақстан үшін ерекшеліктері бар және сұранысқа ие болатын өнім анықталды.
2020 жылға дейін туристік өнімді жылжыту арқылы Қазақстанның туристік нарығының дамуын бір жолға қоюға болады.
Біздің елімізде жыл сайын туризм нарығына әр қайсысы өз ерекшеліктерімен, артықшылықтарымен, жаңашылдығымен, қызмет көрсету түрлерімен жаңа кәсіпорындар ашылып жатыр, әр туристік мекеменің нарықта өзіндік орны бар, бірақ көбіне ақпараттанбаған турист фирманың беделі қандай екенін білмейтінділігі анықталды. Заман талабы бойынша бәсекелестік фирмаларға бәсекеге қабілетті тауар мен қызмет құруды міндеттейді, жалпы фирманың бәсекелестігінің барлық факторлар жүйесін екі топқа бөліп қарастыруға болатын әдістеме әзірлеуге мүмкіндік берді.
Қызмет көрсету бәсекелестік қабілетті бағалау жүргізу үшін, Астана қаласындағы «Саят» туристік фирмасына маркетингтік ізденіс жүргізілді, басқа бәсекелестер фирмалары анықталды, Қорғалжын көліне жолдама сату бойынша тұтынушылар қасиетінің қызмет көрсету деңгейін сараптамалық бағалау жүргізілді, сонымен қатар, қарастырып отырған фирманың қызмет көрсету қасиетіне орта бағалау және сараптау жолымен алынған бәсекелес фирмалардың қызмет көрсетуін сараптау мақсатында «Саят» фирмасының мамандары 3 адам және Астана қаласының басқа да фирмалардан 10 адам шақырылып, «Саят» АҚ туристік фирманың қызмет көрсетуі бәсекеге қабілетті көрсеткіш БҚқ/б=0,95 тең, яғни бәсекелес фирмалардың бағасымен салыстырғанда, берілген тапсырыскерлер үшін жеткіліксіз екені анықталады.
Қазақстандық туристік фирмалар өз ұсыныстарын әзірлеуде бәсекелестікке назар аударулары керек және тұтынушыларға қызмет көрсету үрдісіне назар аударулары керек. Осы ұсынылған турфирмалардың бәсекелестігін анықтау әдістемесі арқылы туристік кәсіпорындардың нарыққа төзімділігі анықтауға, қызметін бағалауға мүмкіндік береді. Туристік кәсіпорындардың бәсекелестік қабілетін бағалау үшін салыстырмалы зерттеу қолданылды. Бұл әдістеме Қазақстан Республикасының туристік кәсіпорындарының бәсекеге қабілеттілігін анықтау үшін қолданылды.
4. Қазақстанның жас мемлекет болуына қарамастан халықаралық нарықта үлкен орынға ие болуы үшін оған нақты бақылау мен басқару жүргізу қажет, жас нарықты күшті және кірісті кәсіпорынға айналдыру, әсіресе өз қызметтерін экспорттау нарық ережелерін қатаң сақтау кезінде әбден мүмкін болады. Қазақстанның туристік болашағы жоғары, ол соңғы 13-15 жылда келесідей мүмкіндікке жетеді: туризм және қызмет көрсету саласында қосымша 300000 жұмыс орнын ұсынуға мүмкіндігін көрсетті; халық арасында жанұялық, шағын және орта бизнес ашуға мүмкіндік бере отырып, кәсіпкерлік мәдениетті арттырады және т.б. параматрлер арқылы қазақстандық туризмнің дамуы бойынша стратегиялық жоспар құруға болатындығы анықталды.
Қазақстандық туристік нарықтың қазіргі жағдайы сын көтермейді: кадрлардың аздығы, жергілікті халықтың саланы түсінбеуі, заманауи туристік объектілер мен қызметтердің жоқтығы, инвестиция мен қолжетімділік, ақпараттандыру мәселелері өте төмен жағдайда, нысандар алыс орналасқан, жалпы инфрақұрылым жағдайылары төмен деңгейде, қаіпсіздік мәселелері туралы жауап беретін тұлғаларды табу қиынға түсті. Осы алғышарттар туристік нарықты басқару бойынша туризмді дамыту бойынша тұжырымдамалық үлгі жасауға мүмкіндік береді.
Қазақстанда негізгі факторларға қатысты туризмді дамыту үлгісі ұсынылды - Қазақстан – «орталықтан басқаралатын ел», мемлекеттік басқару жүйесі барлық ел бойынша үйлестірілген жоспарлау жүйесін қамтамасыз етеді, ол туризмнің дұрыс құрылымдық дамуына ықпал жасайды. Тұжырымдамалық үлгі - онда орталық үкімет – барлық мемлекет аумағында өнімді дамыту мүмкіндіктеріне, нарық үрдістерін түсінуге, оның әлеуеті туралы ақпарат алуға маңызды және нарық пен өнім арасында сәйкес жағдайды қамтамасыз ету үшін мүмкін болатын жеке инвестицияларды тартуға мүмкіндік береді.
Үлгіде тарату бес кезеңде жүреді, ол дамуы жоқ кездегі оқшауланудан басталып, қолжетімділік үшін қажетті көліктік құралдары бар жаңа дестинацияларды құрумен және дестинациялар санын арттырумен, көліктік байланыстарды ары қарай дамытумен, барлық ел ішінде дестинациялардың таралуы бірдей қаныққанға дейінгі кезеңмен аяқталады, мысалы курортты зоналарды дамыту.Қазақстан үшін алғашқы «Орталықтан периферияға дейін» үлгісі туризмді таратудың сәтті даму үрдісіне әкеледі.
Бұл үлгі Қазақстанға келесі жағдайларда оң әсер етеді: барлық белгіленген аймақта (туристік кластер) туризм желісі үшін қызмет көрсету және сервистік орталықтарды құру керек, ол халықаралық деңгейде тартымды орындардың туристік мүмкіндіктерін тез арттыру; топтық туризм тәжірибесінде ұсынылған, осы орталықтарды «тармақтар» көмегімен жалғастыру, туризм дамуы үшін облыс деңгейінде азық-түлікпен және көліктік жүйемен жабдықтау; туризмді қолдайтын инвестиция тұрғысынан туризмнің тұрақты даму үрдістерін анықтау арқылы Үкіметте шешім қабылдайтын тұлғаларға көмек көрсетеді.
Осы үлгі арқылы Қазақстан бір жағынан туристік нарықтың коммерциялық тиімділігі мен, екінші жағынан жалпы экономикалық тиімділігі бар орталықтарға аса назар аударады. Себебі «орталықтан периферияға» үлгісінде таңдалған аудандардың дамуы мемлекеттік инвестициялар мен қолдаудың болуымен ғана емес, сонымен бірге, Қазақстанды тартымды, ұзақ мерзімді, бәсекеге қабілетті және туристер үшін тұрақты дестинация ретінде дамыту мәселесін анықтап, болашақ бәсекеге қабілеттілікті арттыру үшін 5 туристік кластер анықтады. Бағалау құралы өте шектеулі.
Туристік индустрия мен инфрақұрылым объектілерін есепке алу жеткіліксіз және толық емес.
Туризм дамуын реттеу, туристік жобаларды қалыптастыруда негізделмеген шешімдер орын алады. Ол көбіне, туристік ағынға туристік әлеует пен әлеуметтік-экономикалық факторларды ескермей бағалау жүргізу, ол көбіне туристік дестинациялардың тартымдылығына теріс әсер етеді. Ғылыми әдебиеттерде туризмді реттеудің туризмнің дамуын бағалау бойынша бірыңғай белгіленген бағалау әдістемесі жоқ.
Жақын болашақта туризмнің даму аймағында, мақсаттарды қалыптастыру мен жүзеге асыруды Үкімет өзінің басшылығына алады, және Қазақстан Республикасындағы туризмнің жүйелік жоспарының дамуы құрал ретінде қолданылады. Туризмнің ғаламдық даму процесіне кіруде, дамудың белгілі міндеттері және айқын қызығушылықтарымен байланысты, қандайда болсын Үкімет негізгі стратегиялық шешімдерді қолдану қажет. Аталған стратегиялық шешім, жоғары мемлекеттік деңгейде қабылдануы қажет, себебі туристік өнеркәсіп – ұзақ мерзімді теңдестірілген өнеркәсіп ретінде, бастапқы кезеңінде, мемлекеттің қарқынды қолдауын қажет етеді. Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейін туризмін дамыту бойынша тұжырымдамасы негізінде 4 кезеңді стратегиялық жоспар әзірленді, ол жаһандық өзгерістерге жауап беретін елде жаңа туризм дамуына негіз болады, туризм саласында осы саланың ағымдық жағдайына құрылымдық, басқарушылық өзгерістер бойынша ұсыныстар береді. Жоспарды дайындау бес негізгі стратегиялық мақсатқа негізделді.
Стратегиялық жоспар негізінде ұлттық және аймақтық жобалар әзірленеді. Қaзaқстaн Рeспубликaсының шeт eлдeрмeн туризм сaлaсындaғы хaлықaрaлық ынтымaқтaстығы сaлaсындaғы нормaтивтік құқықтық бaзaны кeңeйту жөніндe жұмыстaр жaлғaсудa. Сaрaпшылaрдың жорaмaлдaры бойыншa әлeмдік ЖІӨ ортaшa жылдық дaму қaрқыны 2020 жылы 4,2 - 4,4% құрaсa, әлeмдік ЖІӨ $ 117 трлн. дeйін өсeді.
Туристeрдің дeмaлу орындaрының инфрaқұрылымын дaмытудың стaтистикaлық көрсeткіштeрін тaлдaу көрсeткіштeрдің тұрaқты дaмып жaтқaнын көрсeтті, aлaйдa қaзіргі тaңдa Қaзaқстaнның бұл қуaтты потeнциaлы толық пaйдaлaнылмaудa. Сeбeбі, осы сaлaның мәселелерін зeрттeу мeн олaрды шeшудің кeшeнді жәнe жүйeлі әдісі жоқ.
Осы жоғарыдағы міндеттерді орындау үшін мемлекет тарапынан туризмді дамытудың жүйесін жасау керек және осыған байланысты: Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Туризм жөніндегі кеңестің қызметін кеңейту; бес туристік кластерді дамытуды жүзеге асыру үшін облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары жанындағы өңірлік туризм басқармаларының қызметін күшейту және кеңейту; ірі туристік жобаларды әзірлеу және іске асыру, жеке инвестициялар тарту үшін туризм саласындағы уәкілетті органның бақылауымен Туризмді дамыту жөніндегі ұлттық компания құру мүмкіндігін қарау ұсыныстары берілді.