Саяхаттауға ұсынылатын маршруттар
Кластер
|
Алматы
|
Астана
|
Шығыс Қазақстан
|
Батыс Қазақтан
|
Оңтүстік Қазақстан
|
Кластер бейнесі
|
Азия Еуропа тартымдылығына жуықтайды
|
Табиғит пен заманауилық
|
Табиғат кереметтілігі
|
Каспийлік ойын-сауық
|
Жібек жолы жүрегі
|
Туристердің әсері
|
Қалажарықтары және таудағы үлкен әсер
|
Керемет өзен мен жабайы табиғиттың көрінісі
|
100 % табиғат және шектеусіз болашақ
|
Жарқын жағажай демалысы, су спорты түріндегі демалыс пен ойын-сауық
|
Жібек Жолы қазіргі бейнеде
|
Ескерту – [2] Автор құрастырған
|
Қазақстанда туризм бойынша инвестициялық жоспарды басқару үдерісін қарастыру кезінде, Қазақстандағы туризмге инвестициялау үдерісі жоспарлаудың бастапқы кезеңі болып табылады және ол 2013 жыл бойы дамудың алғашқы кезеңіне өзгертіліп жүзеге асырылатын болады. Жүзеге асырудың соңғы кезеңі 2014 жылдың басымдығына негізделген.
Үкімет Туризмге инвесттициялауды жоспарлау үдерісі бірнеше жыл бұрын іске қосты, бүгінгі күнде ол Қазақстан Республикасыиндустрия және жаңа технологиялар министрлігінің басшылығында. Осы іс-шаралар жыл соңына дейін бітіп, басты инвестициялар бойынша шешімдер қабылдануы тиіс.Туризмге жалпы инвестицияларды бағалау және олардың Қазақстандағы стратегиялық міндеттерімен арақатынасы үш деңгейді құрайды:
- ұлттық жобалар;
- аймақтық жобалар;
- жоба жоспарының жүйесі.
Қазақстанда ұлттық жобалар -жалпы жоспарлау деңгейінде нақты даму көріністерімен төрт әр түрлі облыстарда төрт біріктірілген жоба әзірленді. Әр түрлі өнімдер мен қызметтер, тұрғын-үй құрылымы, туристік инфрақұрылым, сондай-ақ жалпы инфрақұрылым ұсынылған болатын. Уақыт көкжиегіне қатысты кезеңдерге бөлінген жекелеген ұсыныстармен «кеңейтілген» негіз ретінде туризмнің дамуының ұлттық жобалары анықталды. Жобалар: Кендірлі, Бурабай, Алматы тау-шаңғы курорты және Шығыс Қазақстан. 2020 жылға инвестициялық жоспар барлық төрт жоба бойынша келісілді және Қазақстанның соңғы инвестициялық жоспарына ұсыныстар енгізілді.2020 жылға дейін ірі бірнеше инвестициялық жоспарларды келесі 34 кестемен көрсетуге болады.
Кесте 34 – 2020 ж. Қазақстандағы инвестициялық жоспар
№
|
Инвестициялық жобалар
|
Жоба орны
|
Қажеті сомма мен жобаның пайдалануға берілу уақыты
|
1
|
«Бурабай» туристік орталық
|
Ақмола облысы «Tourism Borovoe City» ЖШС
|
450 млрд. теңге (2021 жыл)
|
2
|
«Кендірлі» курорттық аймағы
|
Маңғыстау облысының әкімдігі
|
345 млрд. теңге (2015 жыл)
|
3
|
«Алакөл» көлінің санаторлы-курорттық қонақ үй кешені
|
Шығыс Қазақстан облысы
|
117 млн. теңге (2014 жыл)
|
4
|
«Сайран» мәдени-сауықтыру паркі
|
Алматы қаласы
|
4,3 млрд. теңге (2016 жыл)
|
5
|
«Қорқыт Ата қажылық орталығы» кешені
|
Қызылорда облысы «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» көлік дәлізі бойында
|
220 млн. теңге (2012 жылдың екінші жартысына жоспарланса да әлі құрылыс жұмыстары жүргізілуде)
|
6
|
«Медеу-Шымбұлақ» тау-шаңғы курорты
|
Алматы қаласы
|
30,8 млрд. теңге
|
Ескерту- [26] мәліметтер негізінде автор құрастырған
|
Ұлттық жобалардан басқа, бірнеше жылдар бойы инвестициялық жоба ретінде жүзеге асырылатын әр түрлі аймақтық жобалар бар. Қазақстандағы туризмнің инвестициялық жоспары ретінде бірнеше аймақтық жоба таңдалды.
Қазақстандағы туризмді дамыту бойынша жоспардың жүйесі туризмді жалпы көрінісін ұсыну және алдағы жылдары мемлекеттегі туризмді дамытуға басшылық ретінде құрастырылды. Ұсынылған даму стратегиясы және жалпы көрінісі бойыншы бұл жоспар жобаны бағалаудың құрылған жеке үлгісі негізінде ұлттық және аймақтық жобаның инвестицияларын біріктіру үшін ұсынылды. Сонымен қатар, белгілі бір кластерлік нарықтық жайғасымды көрсететін инвестициялық жобалар ұсынылады. Осы жобалардың кейбірі алдын ала анықталған және ары қарай талқылау мен бағалауды қажет етеді.
Осы инвестициялық жоспардың өзіндік құрылымдық элементттері бар:
қонақ үйлерден бастап, тұрғын үйлерге дейінгі құрамына тұрғын-үй функциясы бар барлық техникалық құралдары кіретін тұрғын-үй құрылымына инвестиция;
аттракциондық және туристік инфрақұрылымға инвестициялар, оның құрамына демалыс орны мен курортқа қосымша құндылығы бар, өнімнің анықтамасын және нарықтық жайғасымды қолдайтын барлық спорттық, рекреациялық және ойын-сауық орындары кіреді;
әлеуметтік инфрақұрылымға инвестициялар мен оқыту туризм секторында айрықша орын ретінде ұсынатын барлық инвестициялық жоспарлардың маңызды элементі ретінде ерекшеленді;
туризмге инвестицияны жүзеге асыру үшін, әсіресе, мемлекеттің қашықта орналасқан жеке аудандарында қоршау ретінде жалпы инфрақұрылымға инвестициялар өте маңызды.
Қазақстанда бірнеше инвестициялық жобалар қолға алынуда және олар қосымша инвесторларды қажет етеді, мысалы Шығыс Қазақстан облысында 6 жоба жоспарланып отыр (кесте 35).
Кесте 35 – 2020 ж. Аймақтық Шығыс Қазақстан облысындағы жобалар
№
|
Жобаның атауы
|
Білдіруші
|
Жобаның құны
|
Қажетті инвестиция
|
Жасалған мерзімі
|
млн. АҚШ долл.
|
1
|
«Битантау» тауындағы тау шаңғы кешені
|
«Ұлы керуен» ЖШС
|
3,5
|
1,503
|
15.06. 2014
|
2
|
Шаңғы базасын, стадион және парк құрылысы
|
ЖК Снегирев Владимир Григорьевич
|
0,14
|
0,14
|
25.06. 2014
|
3
|
Тұрғысын өзенінің жоғарғы жағында туристік база құрылысы
|
«Валентина» турфирмасы ЖШС
|
10,81
|
10,81
|
25.06. 2014
|
4
|
Алтайка ауданында Бұқтырма су қоймасы жағалауында демалыс базасының құрылысы
|
«Валентина» турфирмасыЖШС
|
8,1
|
8,1
|
25.06. 2014
|
5
|
«Орел» тау шаңғы кешенін жаңғырту
|
ЖК Имамбаев Б.К.
|
1,6
|
|
23.06. 2014
|
6
|
Гусиный аралында туристік базаны құру
|
«SAMRUC» ЖШС
|
12,4
|
5,5
|
12.12. 2013
|
Ескерту – [113] мәліметтері негізінде құрастырлған
|
Кестедегі «Битантау» жобасы тау-шаңғы қызметтерін ұсынуға арналады, жобаға жалпы құнның 42,94% кере, негізгі қызмет ұсынатын нарығы ішкі туризм мен Қытай туристеріне бағытталады және жобадан үлестің 49% жоспарланып отыр, сол сияқты жұмыс қолданысқа берілгенде 30 адамдық қызмет орыннын ұсынады деп жоспарлануда.
«Шаңғы базасын, стадион және парк құрылысы» жобасының негізгі мақсаты өңірде спорттық туризмді дамыту. Экологиялық таза көрікті ауданда демалыс пен спортпен айналысу үшін Қазақстанға туристерді тарту мақсатында шаңғы базасын, стадионды және саябақты құру болып табылады, бірақ жобаға қажетті 100 пайыз, яғни, 0,14 млн. АҚШ доллары қажет болса, «Орел» тау шаңғы кешенін жаңғырту кешені сырттан қосымша инвестор іздемейді, жалпы Шығыс Қазақстан бойынша ұсынылатын 6 жобаның 5 жобасы қосымша инвестор іздейді.
Қазақстанның басқа да облыстары да туризмді дамытуды қолға алуда, мысалы, Қостана облысында 2 жоба, Ақтөбе облысында 1 жоба, Қарағанды обылысында 1 жоба, Алматы облысы мен қаласы 2 жоба және Ақмола облысында 2 жоба қолға алыну үшін инвестор іздейді, оны 36 келесі кестеде көруге болады.
Кесте 36 – Қазақстан аймақтарындағы туристік жобалар
№
|
Жобаның атауы
|
Жоба аймағы
|
Білдіруші
|
Жобаның құны
|
Қажетті инвестиция
|
Жасалған мерзімі
|
млн. АҚШ долл.
|
1
|
Қостанй облысы Жангелді ауданы Ақкөл ауылы маңында жазғы демалысты дамыту
|
Қостанай облысы
|
Жангелді ауданы әкімдігі
|
0,3
|
0,3
|
11.12.2013
|
2
|
Қостанай облысы Жангелді ауданы Қарақұдық төңірегіндегі маусымдық шағын санаторийін дамыту
|
Қостанай облысы
|
Жангелді ауданы әкімі аппарты
|
0,5
|
0,5
|
11.12.2013
|
3
|
«Sheraton Aktobe» қонақ үйі
|
Ақтөбе облысы
|
«Акцепт Contraction» ЖШС
|
38,9
|
10
|
11.12. 2013
|
4
|
Отбасылық демалыс орталығы
|
Алматы облысы
|
|
9
|
2,5
|
11.12. 2013
|
5
|
«Көк-Жайлау» тау шаңғысы курорты құрылысына ТЭН әзірлеу
|
Алматы қаласы
|
|
0
|
0
|
11.12. 2013
|
6
|
«Балхаш-Нұрсая» туристік-сауықтыру орталығы
|
Қарағанды облысы
|
|
450
|
450
|
11.12. 2013
|
7
|
«Бурабай» туристік орталығын құру жобасы
|
Ақмола облысы
|
«Borovoe Tourism City» ЖШС (Боровое Туризм Сити)
|
60
|
40
|
9.10.2013
|
8
|
«Искорка» 2 қабатты ЕО күрделі жөндеу
|
Ақмола облысы
|
Зеренді ауданының акиматы
|
0
|
|
7.10. 2013
|
9
|
П.Морозов ат. пионерлік лагерін күрделі жөндеуі және реконтрукциясы
|
Ақмола облысы
|
П.Морозов атындағы п/л
|
0
|
|
7.10. 2013
|
Ескерту - [113] мәлімет негізінде жасалды
|
Кесте мәліметтеріне орай 3 жоба: «Көк-Жайлау» тау шаңғысы курорты құрылысына ТЭН әзірлеу, «Искорка» 2 қабатты ЕО күрделі жөндеу, П.Морозов ат. пионерлік лагерін күрделі жөндеуі және реконтрукциясы жобалары жаңа бизнес жоспарлар негізде жұмыс жасау себепті, қажетті сомасын көрсете алмайды.
Инвестициялық жоспардың мерзіміне келетін болсақ, жоспар жүйесі 2020 жылға дейін негізгі үш даму фазасына бағытталған, бірақ ұлттық жобалар үшін «кеңейтілген» негізде жүзеге асырылатын жобалар 2030 жылға дейінгі даму әлеуеті анықталған.
Негізгі ірі ұлттық жобаның біреуі Кендірлі жобасы, ол 2020 жылға туризмді дамыту тұжырымдамасына енген. Кендірлі – жағажай демалысын, сондай-ақ әр түрлі қызмет түрлерін қамтитын жаңа дестинацияны дамыту. Аталған жоба жалпы сыйымдылығы 60 000 төсек-орындық 22 қонақ үй мен (оның 40 000-ы туристер үшін, 20 000-ы қызметкерлер мен олардың отбасылары үшін) 16 400 резиденция және келушілерге қызмет көрсететін қалалық бөлшек сауда орталықтары, жабық үй-жайлардағы және ашық аспандағы спорттық сайыстарға арналған құрылыстар, гольфке арналған 3 алаң, яхталарға арналған айлақ және жергілікті тұрғындарға арналған қоғамдық мақсаттағы түрлі құрылыстар әзірлеуді көздейді. Жобаның жалпы құны шамамен 3,3 млрд. АҚШ долларына бағаланады, оның ішінде 2020 жылға дейін инвестициялар көлемі 1,96 млрд. АҚШ долларын (36 382 төсек-орын үшін) құрайды [2].
Инфрақұрылым құрылысы кезеңінде жыл сайын демалыс аймағы 500 мың адамды, ал әуежай жылына 1 млн жолаушыны қабылдайды деп болжануда. «Кендірлі» курорттық демалыс аймағын ашу 20 мыңға жуық жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді [114].
Қазақстан құрылған Кеден одағында Ресей және Белорус нарықтарына шығу үшін өздерінің жобаларын жүзеге асырып отырған инвесторлар үшін қосымша мүмкіндіктер жасалуда. Үкімет экономиканы әртараптандыруға тырысуда, технологиялық және инновациялық индустрияларға көшу мемлекеттік секторда қолданылатын қосымша механизмдерде, мысалы Арнайы экономикалық аймақтар немесе «Бизнестің жол картасы -2020» аясында, айқын көрініс тапқан.
Қазақстан жыл сайын қарқында даму жолына түсті, оған себеп Қазақстан Республикасының Президентінің 2014 жылғы Жолдауында көліктік-логистикалық инфрақұрылымдарын дамытумакроөңірлерді хабтар қағидаты бойынша қалыптастыру аясында жүзеге асырылатын болады, сондай-ақ, инфрақұрылымдық қаңқа Астанамен және макроөңірлерді магистаралды автомобиль, теміржол және әуе жолдарымен шұғыла қағидаты бойынша өзара байланыстырады. Бірінші кезекте, негізгі автожолдар жобасын: Батыс Қытай - Батыс Еуропа; Астана - Алматы; Астана - Өскемен; Астана - Ақтөбе - Атырау; Алматы - Өскемен; Қарағанды - Жезқазған - Қызылорда; Атырау - Астрахань. жүзеге асыру қажет деп көрсеткен болатын [115].
Қазақстаннның шығысында логистикалық хаб және батысында теңіз инфрақұрылымын құруды жалғастырып, батыс бағытта Каспий порты арқылы экспорттық әлеуетті арттыруға Құрық портынан ауқымды паромдық өткел және Боржақты - Ерсай теміржол желісі ықпал етеді, Үкіметке Қытайдың, Иранның, Ресей мен ЕО елдерінің «құрғақ» және теңіз порттарында терминалдық қуаттар салу немесе жалға алу мәселесін ойластыру керек болса, елдегі туризм инфрақұрылымының басты басымдығы жұмыс орындарының санын арттыру кере, ол мұнда бір жұмыс орнын құру өнеркәсіпке қарағанда 10 есе арзанға түседі.Жаңа магистральдар ел экономикасын және қоғамды жаңартады, жүк тасымалы жеделдейді және ұлғаяды, ел арқылы транзит көлемі артады және елдегі азаматтарымыз заманауи және сапалы автомагистральдармен жүріп, кез келген өңірге қауіпсіз және тез жететін болады [116].
Қазақстан дамудың жаңа жолына түсті, стратегиялық жоспары айқындалған, 2020 жылға негізгі бөлінетін инвестиция мөлшерін келесі 37 кестеден көруге болады.
Кесте 37 - Жалпы инфрақұрылымдағы инвестициялық талаптар
млн. АҚШ доллары
Көрсеткіштер
|
2013-2015 жж.
|
2016-2018 жж.
|
2019-2020 жж.
|
2013-2020 жж.
|
Жалпы инфрақұрылым
|
674,6
|
1 214,4
|
809,7
|
2 698,7
|
Транспорттық инфрақұрылым
|
410,5
|
738,8
|
492,6
|
1 641,9
|
Инженерлік инфрақұрылым
|
278,6
|
501,6
|
334,4
|
1 114,6
|
Ескерту –[116] мәлімет негізінде автор құрастырды
|
Кесте мәліметтерін орай, инфрақұрылымды дамыту үшін бөліген қаржы стратегиялық жоспарға сай жұмсауға болады, негізгі қаражат 2016-2018 жылдар аралығында жұмсалады, 2014 жылдың қараша айындағы Жолдау осы жоспардың іске асатындығының дәлелі деп қарауға болады. Экономикалық дамудың негізгі факторларының көлік инфрақұрылымы болса, Қазақстанның көлік инфрақұрылымы басқа да өндіруші салалармен қоса дамыды.
Әлемдік Осы Стратегиялық жоспарды ұсына отырып, Қазақстан Туризмі 2020 жылға қарай ЖІӨ-нің 3%-ын береді, инвестициялардың шамамен 6,5 млрд. долл.тартуға және 300 мың жаңа жұмыс орындарын құруға болады. Туризмдегі бір жұмыс орны өндірістегі жұмыс орынына қарағанда 10 есеге арзанға шығады және қызметкерлерді жұмыспен қамту әсіресе төмен және орта білікті жастардан және әйелдерден құралатынды, туризм мемлекет үшін стратегиялық маңызды сала болуы қажет [117].
Осы стратегиялық жоспар негізіне сүйене отырып, Қазақстан туристік саланы дамыту бойынша қабылдаған 2020 жылға тұжырымдаманы іске асыруға болады, жоба үш кезеңнен тұрады және оған белгілі көлемде қаражат керек. Мемлекет тарапынан ұлттық және аймақтық жобалар жоспарланып, іске асырылып отыр. Туризмге жалпы инвестицияларды бағалаужәне олардың Қазақстандағы стратегиялық міндеттерімен арақатынасы ұлттық, аймақтық деңгейді құрайды. Стратегиялық жоспарлау арқылы Қазақстан Туризмі 2020 жылға қарай ЖІӨ-нің 3%-ын құрайды, 6,5 млрд. долл. инвестиция тартып және 300 мың жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді, туризм мемлекет үшін стратегиялық маңызды сала болуы қажет
Достарыңызбен бөлісу: |