1. «Қазақ тілі» деген М.Жұмабаевтың өлеңін аудиожазбадан тыңдаймыз
2. Мұғалімнің сөзі :Тіл – қай ұлтта, қай елде болса да қастерлі, құдыретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Тіл байлығы - әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Ол атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра. Демек, әр адам ана тілін қорғауға, оның орынсыз шұбарлануының қандайына болса да қарсы тұруы тиіс.
Тәуелсіздіктің негізгі тірегі – ұлттың тілі, діні. Тәуелсіз еліміз – көпұлтты мемлекет екендігі баршамызға аян. Елбасының көреген саясатының арқасында еліміздегі барша ұлт өкілдерінің ана тілдеріне ешқандай нұсқан келтірілмей, мемлекет қолдауымен өркендеп дамуда. Сонымен қатар, тілдерді құқықтық тұрғыдан қорғау Қазақстан Республикасының Конституциясымен, ҚР «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңымен және өзге де заң актілерімен қамтамасыз етілген.
Біздің еліміз, яғни тәуелсіз Қазақстанда көптеген ұлттардың өкілдері тату-тәтті өмір сүріп жатқаны мәлім. Бүгінгі таңда Қазақстан әлемдегі ең бейбітшіл, саяси тұрақтылық, әлеуметтік-экономикалық өркендеу қалыптасқан мемлекет ретінде танылып отыр. Бұл жетістік барша қазақстандықтардың көздің қарашығындай сақтайтын байлығы деп түсінуіміз керек. Осы орайда еліміздегі ұлтаралық келісімге, әлеуметтік –экономикалық даму үрдісіне, азаматтық қоғамның орнығуына кепілдік болып отырған Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жүргізіп отырған саясатын ел болып бағалай білуіміз қажет.
«Ана тілінде еркін сөйлеп, шын жүрегіңмен құрметтесең ғана өзгелерге де ана тіліңді құрметтете аласың», - деп атақты жазушы бабамыз Ахмет Байтұрсынов айтқандай, ана тіліміз өркендеп, асқар шыңдардан көріне берсін!
Ал енді бүгінгі ашық тәрбие сағатымызды бастайық
Достарыңызбен бөлісу: |