3.1.18. Стандарт «Маңдайымен келгендегі босану биомеханизмі» 1 сәт – бастың шалқаюы. Бас өзінің үлкен қиғаш өлшемімен жамбастың кіреберісіне орнығады. Жетекші нүкте мұрынның қыры болып табылады. Маңдай тігісі жамбастың кіре берісінің көлденең өлшеміне орнығады. Осы қалпында жамбастың түбіне дейін түседі.
2 сәт – бастың шүйдесінен арқаға қарап іште бұрылыс жасайды. Маңдай жігі жамбастың шыға берісінің тік өлшеміне өтеді.
3 сәт – бастың кесіп шығу кезінде, бастың
а) бүгілуінен
б) шалқаюынан тұрады. Бірінші жыныс ернеуінен маңдай сосын көз бен мұрын көрінеді. Үстіңгі жағы шаттың төменгі қырына тіреледі (бірінші бекіту нүктесі), бас иіледі, төбесі мен шүйдесі туылады. Сосын шүйде ойығы сегізкөз бен құйымшақ байланысқан жерге тіреледі (екінші бекіту нүктесі), бас шалқаяды, осы кезде шаттан иегі мен аузы көрінеді.
4 сәт – басы сыртта, иығы іште бұрылыс жасайды. Бастағы босану ісігі өте үлкен, маңдай тұсында орналасады. Басқа пирамиданын пішінін береді.
3.1.19. Стандарт «Бетімен келгендегі босану биомеханизмі» 1 сәт – бастың шалқаюы. Бас бет сызығы мен жамбастың кіре берісіне көлденең немесе сәл қиғаш өлшеміне орнығады, жетекші нүкте иек болады.
2 сәт – бастың іште бұрылуы (жамбастың түбінде болады). Әдетте иегі алға бұрылады және бет сызығы жамбастың шыға берісінің тік өлшеміне ауысады.
3 сәт – бастың иілуі шат иініне тілшік асты сүйегі тіреліп беку нүктесі орнағаннан кейін болады. Бас иілген кезде жыныс ернеуінен беті, төбесі және кеудесі шығады.
4 сәт – басы сыртта, иығы іште бұрылыс жасайды. Босану ісігі бетінде орналасады. Бас жамбастан вертикальды өлшемімен өтеді (9,5 см айналымы 33 см)
3.1.20. Стандарт «Жамбаспен келгендегі босану биомеханизмі» Жамбасымен келген ұрықтың босану каналымен жүруі жатыр мойнының толық ашылуы аяқталған соң басталады.
1. Құйрығы көлденең өлшемімен жамбастың бір қиғаш өлшеміне орнығады (linea intertrochanterica). Құйрығы қиғаш өлшемімен жамбасқа түседі, осы кезде алдыңғы құйрығы артқы құйрығынан төмен түсіп жетекші нүкте рөлін атқарады, онда босану ісігі орналасады.
2. Құйрығы жамбасқа түсе отырып іште бұрылыс жасайды, жамбас түбінде ол тік өлшеміне орнығады. Алдыңғы құйрығы шатқа, артқы құйрығы сегізкөзге қарап орнығады.
3. Сосын құйрығы тесіп, жарып шығады. Бірінші алдыңғы құйрығы жарып шығады, ол шатқа тіреліп, бекіту нүктесін құрайды. Бекіту нүктесінің бойында тұлғасы қатты бүйіріне иіліп, артқы құйрығы туылады, содан кейін артқы құйрығы толық туылады. Жамбасы туылғаннан кейін тұлғасы түзеліп, бала кіндігіне дейін, сосын жауырынының төменгі бұрышына дейін туылады, бұл кезде ол сәл арқасымен алдына қарай бұрылады.
4. Иығы көлденең өлшемімен жамбастың кіреберісінің қиғаш өлшеміне түседі. Жамбастан шығарда тік өлшеміне ауысады. Алдыңғы иығы шатқа тіреледі, бірінші артқы иығы, содан соң алдыңғы иығы туылады.
5. Бас бүгілген күйі жамбастың қиғаш өлшеміне түседі, шүйдесімен алға қарап іште бұрылыс жасайды. Шүйде ойығы шатқа тіреліп, бекіту нүктесі орнайды.
Жыныс ернеуінің бірінші иегі, сосын беті, маңдайы, төбесі және желкесі туылады. Басы кіші қиғаш өлшемімен туылады, дереу жарып шығуы арқасында өзінің дөңгелек пішінін сақтап қалады.
Аяқпен келгенде жыныс ернеуімен бір немесе екі аяғы көрінеді. Алдыңғы жүретін алдыңғы аяғы шатқа қарайды. Аяғы тізесіне дейін туылғанда құйрығы жамбасқа түседі. Одан кейінгі босану механизмі жоғарыдағыдай болады.