Бала және үлкейген кезіндегі ауырған аурулары, олардың ағымы


Стандарт «Босанудың 3 – ші кезеңін белсенді жүргізу»



бет15/19
Дата30.05.2022
өлшемі87,97 Kb.
#145467
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
Байланысты:
Стандарттар акушерия каз (1)

3. 1.37. Стандарт «Босанудың 3 – ші кезеңін белсенді жүргізу»
Мақсаты : босанғаннан кейінгі кезеңде қан кетудің алдын алу (босанудың 3-ші кезеңін
белсенді жүргізу босанғаннан кейінгі қан кетудің деңгейін 2-2,5 есе
төмендетеді).
Ресурстар : босану залының құрал – жабдықтары, шприцте 10 БК окситоцин, жаңа
туылған нәрестеге арналған біріншілік жиынтық.
Іс – қимыл алгоритмі :
1. Нәресте туылғаннан кейін жатырды тағы бір ұрықтың жоқтығын пальпация арқылы
анықтаңыз, екінші ұрық болмаса – 10 БК окситоцинді сан аймағына бұлшық етке
енгізіңіз (нәрестенің алдыңғы иығы туылғанда).
2. Кіндікбауды бақылаумен тартып ұстаңыз.
3. Кіндікбауды аралыққа жақын жерден Кохер қысқышымен қысыңыз.Кіндікбау мен
қысқышты бір қолыңызбен ұстаңыз.
4. Екінші қолыңызды әйелдің қасағасынан жоғары орналастырып, жатырды ұстап
тұрыңыз (кіндікбаудан тартқанда жатырды жоғары бағыттаңыз).Бұл жатырдың
сыртқа айналып шығып кетпеуін қамтамасыз етеді.
5. Кіндікбауды тартып ұстап жатырдың жиырылуын күтіңіз (әдетте 2-3 минут).Жатырдың
жиырылғанын сезгенде және кіндікбау ұзарғанда,кіндікбауды өзіңізге қарай төмен
тартыңыз.
6. Егер бірінші толғақ кезінде баланың жолдасы туылмаса, тартуды әлсіретіңіз.
7. Кіндікбауды ақырын ұстап тұрып жатырдың келесі жиырылуын күтіңіз.
8. Жатыр келесі жиырылғанда кіндікбауды тартып, жатырды жоғары бағыттауды
қайталаңыз.
9. Ешқашан жатырды жоғары бағыттамай кіндікбауды төмен тартпаңыз.
10.Бала жолдасы туылғанда оны екі қолмен ұстап қағанақ қабықшалары туылғанша
бұраңыз.
11. Плацентаның бүтіндігіне көз жеткізу үшін оны мұқият қарап шығыңыз.
12. Бала жолдасы туылған соң жатырдың тонусын бағалаңыз және алдыңғы құрсақ
қабырғасы арқылы жатыр жиырылғанша жатырды уқалаңыз.
13. Жатырдың тонусын босанғаннан кейінгі бірінші сағатта әрбір 15 минут сайын, екінші
сағатта әрбір 30 минут сайын тексеріп тұрыңыз. Керек болған жағдайда жатырды
уқалауды қайталаңыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет