Бала және үлкейген кезіндегі ауырған аурулары, олардың ағымы


Стандарт. “Айнамен қарау”



бет2/19
Дата30.05.2022
өлшемі87,97 Kb.
#145467
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Байланысты:
Стандарттар акушерия каз (1)

3.1.3. Стандарт. “Айнамен қарау”
Тексеру мақсаты: қынап пен жатыр мойнын қарап бағалау.
Құрал жабдықтар: гинекологиялық кресло, гинекологиялық айна, 1 рет қолданылатын резеңке қолғап, жеке жаялық.
Іс-әрекет алгоритмі:

  1. Әйелге осы тексерудің қажеттілігін түсіндіріңіз

  2. Әйелді гинекологиялық креслоға жатқызыңыз

  3. Қынап пен жатыр мойнын қарау үшін жарықпен қамтамасыз етіңіз.

  4. 1 рет қолданылатын резеңке қолғапты киіңіз.

  5. Стерилденген үстелден гинекологиялық айнаны алыңыз, оң қолға қасық тәрізді айнаны алып, сол қолдың 1-2 ші саусақтармен үлкен жыныс ернеулерін ашып, қынаптың артқы күмбезіне дейін еңгізіңіз, қынаптың артқы бөлігін айнамен басып (үстіңгі бөлігін босату үшін) және қасықтық айнаны сол қолға ауыстырыңыз. Оң қолмен қынаптың үстіңгі бөлігіне көлденең өлшеммен көтергішті енгізіп, жатыр мойнын және қынапты тексеріңіз. Сол қолмен жыныс ернеулерін ашып, 2 жақтаулы айнаны қырымен қынапқа еңгізіңіз, сосын бұрыңыз, айнаны ашып қынап пен жатыр мойнын ашып тексеріңіз.

  6. Қарау барысында: қынаптың шырышты қабатының түсіне, бөліндінің сипатына, патологиялық процестің бар, жоқтығына, жатыр мойнының шырышты қабатының түсіне, патологиялық процеске, жатыр мойнының пішініне, түріне, сыртқы мойын тесігіне мән беріңіз.

  7. Айнаны қынаптан алыңыз және дезинфекциялық ерітіндіге салыңыз.

  8. Әйелге тұруын өтініңіз.

  9. 1 рет қолданылатын резеңке қолғапты шешіп, профилкатикалық инфекциялық ережесіне сәйкес шешіп, тастаймыз.

  10. Қолыңызды сабынмен жуыңыз.



3.1.4. Стандарт. Бимануальды тексеру
Тексеру мақсаты: Ішкі жыныс мүшелерінің жағдайын бағалау.
Құрал жабдықтар: гинекологиялық кресло, жеке жаялық ,1 рет қолданылатын резеңке қолғап.
Іс-әрекет алгоритмі:

  1. Әйелге осы тексерудің мақсатын түсіндіріңіз.

  2. Қуықты босатудың қажеттілігін түсіндіріңіз.

  3. Әйелді гинекологиялық креслоға жаялық үстіне арқасымен ( аяғын тізе, жамбас сан буынында бүгіп, бұтын ашып) жатқызыңыз.

  4. Тексеру барысында тыныштық қалыпта болуын түсіндіріңіз.

  5. 1 рет қолданылатын резеңке қолғапты киіңіз.

  6. Сол қолдың 1ші 2 ші саусағымен үлкен жыныс ернеулерін ашыңыз.

  7. Оң қолдың 2,3 ші саусағын қынапқа енгізіңіз(бас бармақ қасаға қарап орналасуы керек).

  8. Оң қолдың саусағын қынапқа енгізіп, қынаптың және қынап күмбездерінің жағдайларын анықтаңыз.

  9. Сауақтарды жатыр мойнының астына енгізе отырып, сол қолды құрсақ үстіне орналастырып саусағымен жатырды басып тексеріңіз.

  10. Жатырды сипалай отырып оның орналасуын, көлемін, пішінін, тығыздығын, қозғалыстығын, ауру сезімін анықтаңыз.

  11. Сыртқы және ішкі саусақты жатырдың бұрышынан жамбастың беткейлі бөлігіне дейін ауыстырыңыз. Жатыр түтігін, аналық бездің, көлемін, пішінін, ауырсыну сезімін, қозғалысын анықтаңыз.

  12. Оң қолдың көмегімен жамбастың ішкі беткейін (сегізкөз ойысын, мүйісін) сипаңыз.

  13. Оң қолды жатырдан шығара отырып, оны мұқият қарап оның қосалқы бөліктерін жамбас қуысын қараңыз.

  14. Қолғапты шешіп оны профилактикалық инфекциялық ережесіне сәйкес тастаймыз.

  15. Қолыңызды сабынмен жуыңыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет