Бала және үлкейген кезіндегі ауырған аурулары, олардың ағымы



бет19/19
Дата30.05.2022
өлшемі87,97 Kb.
#145467
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
Байланысты:
Стандарттар акушерия каз (1)

7. Әйелдің бойын жылытыңыз, ылғалды жаялықтарды алып, жылы төсенішпен
үстін жабыңыз, дене қызуын өлшеңіз.
8. Құрсақ аортасын кіндіктен төмен сол жақтан басыңыз. Осы күйде ота бөлмесіне
тасымалдаңыз.
9. Перинаталдық орталыққа, бас акушер – гинекологқа хабар беріңіз (тәулік бойы).
3. 1. 44. Стандарт «Жатырдың бимануалды компрессиясы».
Мақсаты: жатыр гипотониясын /атониясын емдеу.
Ресурстар: босану бөлмесінің /залдың құрал – жабдықтары, стерильді қолғаптар,
антисептик.
Іс – әрекет алгоритмі:
1. Әйелге манипуляцияның қажеттілігін және ағысын түсіндіріңіз.
2. Қолыңызды сабынмен жуыңыз, антисептикпен өңдеңіз, стерильді
қолғаптарды киіп, қынапқа енгізіңіз де жұдырықтаңыз.
3. Жұдырығыңызды қынаптың алдыңғы күмбезіне қойып, жатырдың
алдыңғы қабырғасын басыңыз.
4. Екінші қолыңызбен алдыңғы құрсақ қабырғасы арқылы жатырдың
артқы қабырғасын қынапқа енгізген қолға қарай басыңыз.
5. Жатыр жиырылып қан тоқтағанша басуды жалғастыра беріңіз.
6. Манипуляцияны аяқтаған соң қолғаптарды шешіп, контейнерге салыңыз.
7. Қолыңызды сабынмен жуып, антисептикпен өңдеңіз.

3. 1. 45. Стандарт «Құрсақ аортасын басу».


Мақсаты: қан кетуді уақытша тоқтату.
Әс – әрекет алгоритмі:
-Жұдырықпен алдыңғы құрсақ қабырғасы арқылы құрсақ аортасын төменге
қарай басыңыз (басу нүктесі кіндік сақинасынан сәл солға орналасқан).
-екінші қолыңызбен сан артериясының солқылдауын анықтаңыз. Егер пульс
анықталса, жұдырықпен басу күші жеткіліксіз және қарама – қарсы.
Ескерту. Ерте босанғаннан кейінгі кезеңде аортаның солқылдауы алдыңғы
құрсақ қабырғасы арқылы оңай анықталады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет