Бала және үлкейген кезіндегі ауырған аурулары, олардың ағымы


Сыртқы жыныс мүшелерін антисептикпен өңдеңіз. 3



бет17/19
Дата30.05.2022
өлшемі87,97 Kb.
#145467
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
Байланысты:
Стандарттар акушерия каз (1)

2. Сыртқы жыныс мүшелерін антисептикпен өңдеңіз.
3. Босанған әйелдің жамбасының астына залалсыздан жаялық төсеңіз.
4. Босану пакетінен босанғаннан кейінгі жалпақ айналарды алыңыз.
5. Айналарды бірінен кейін бірін енгізіп жатыр мойнын ашыңыз.
6. Айнаны ассистентке ұстатып екі қысқыштың көмегімен 12 сағаттан бастап сағат
тілі бойынша жатыр мойнының шеттерін қарап шығыңыз (жатыр мойнының
жыртылуын анықтау үшін, егер бар болса жыртылу қай жерден басталады және
ұзындығын анықтаңыз).
7. Айнаны шығарып жатып қынаптың қабырғаларын муқият қараңыз. Жыртылу
анықталса оның дәрежесін анықтаңыз.
8. Мақта тампондарының көмегімен сыртқы жыныс мүшелерін, артқы жабысқақты,
аралықты қарап шығыңыз.
9. Аралық, қынап, жатыр мойнының жыртылуы анықталса, оларды асептика және
антисептика ережелерін сақтай отырып және ауырсыздандыру әдістерін қолданып
тігіңіз (стандарттарды қараңыз).


3. 1. 42. Стандарт «Босану кезеңінде кеткен қан мөлшерін анықтау».
Мақсаты: кеткен қан мөлшерін анықтау.
Ресурстар: градуирленген ыдыс, лоток, таразы, жаялықтар, қолғаптар.
Іс – әрекет алгоритмі:
1. Босанудың 3 кезеңінде босанушы әйелдің астына лоток қойып, оған
кіндікбаудың ұшын салыңыз (лоток қан жинау үшін қойылады).
2. Лотоктан қанды градуирленген ыдысқа құйып, кеткен қан мөлшерін
анықтаңыз.
3. Жаялықтардың салмағын өлшеп, құрғақ жаялықтардың салмағын шегеріңіз.
4. 100 мл қан 125 грамм салмақ беретінін ескере отырып, барлық кеткен қан
мөлшерін анықтаңыз.
5. Әйелдің босанар алдындағы салмағына шаққандағы кеткен қанның пайызын
анықтаңыз. Физиологиялық деп әйелдің салмағының 0,5% сәйкес мөлшері
саналады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет