6. Барлық кеткен қан мөлшерін босану тарихына жазыңыз.
3. 1. 43. Стандарт «Босанғаннан кейінгі кезеңде қан кетуде акушердің (фельдшердің) іс – әрекеті». Мақсаты: жедел көмек көрсету.
Ресурстар: босану залының құрал – жабдықтары, жатыр мойнын қарауға
арналған жиынтық, көк тамырға арналған № 16, 18 катетер,тонометр, термометр, секундомер, зәр катетері, бүйрек пішінді лоток, физиология-
лық ерітінді, окситоцин, пробирка, мақта және дәке шариктері, корн-
цангтер, бір рет қолданылатын 5,0 ; 10,0 мл – к шприцтер, 70% спирт.
Іс – қимыл алгоритмі: 1. Қолы бос персоналдың мобилизациясы (шақыру): - акушер – гинеколог
- анестезиолог
- лаборант
2. Әйелдің жағдайын бағалаңыз : - қан қысымы
- пульс
- дене қызуы
- тері қабаттары
- тыныс алу жиілігі
- кеткен қан мөлшерін анықтаңыз.
3. Екі шеткі көк тамырдың катетеризациясы (№16, 18 катетермен).
4. Физиологиялық ерітіндіні көк тамырға енгізіңіз. Кеткен қан мөлшерімен
ара қатынасы 3 : 1. Енгізу жылдамдығы 15 минутта 1000,0 мл.
5. Қуықты катетерлеуді жүргізіңіз.
6. Қан кетудің себебін 4 «Т» принципі бойынша анықтаңыз: - Травма – жарақат - аралықтың, қынаптың, жатыр мойнының жыртылуын тігіңіз.
- Тромбин – лаборант болмаса, кереует жанында өзіңіз тест жүргізіңіз (пробиркаға
қан алып, ақырын қозғай отырып, қанның ұюын күтіңіз, қалыпты жағдайда бұл
уақыт 5 минут.
- Ткань – тін – егер жатыр қуысында қағанақ қабықшалары, бала жолдасы бөліктері
қалып қойған болса, жатыр қуысын қолмен тексеруді жүргізіңіз.
- Тонус – жатыр гипотониясында, атониясында : - жатырға сыртқы уқалау жүргізіңіз.
- көк тамырға 5 БК окситоцинді 500,0 мл физиологиялық ерітіндіде ерітіп
минутына 60 тамшыдан 25 – 30 минут ішінде енгізіңіз. Окситоциннің макси-
малды енгізу дозасы – 60 БК, қан кетудің алдын алуға енгізілген 10 БК оксито-
цинді қосқанда.
- жатырдың бимануалды компрессиясын жүргізіңіз: стерильді қолғаптарды киіп
қолыңызды қынапқа енгізіңіз, қолыңызды жұдырықтаңыз. Жұдырығыңызды
алдыңғы қынап күмбезіне орналастырып жатырдың алдыңғы қабырғасын
басыңыз. Екінші қолыңызбен алдыңғы құрсақ қабырғасы арқылы жатырдың
артқы қабырғасын қынапқа енгізген қолға қарай басыңыз. Жатыр жиырылып
қан тоқтағанша басуды жалғастыра беріңіз.