Ойын – бұл балалардың психикалық дамуына жан – ажақты үлес қосатын іс – ірекет.
Ойын арқылы балада көптеген нәрсеге қызығушылық пен қажеттілік, басқа адамдардың ойын
еркін қабылдау сияқты қасиеттері қалыптасады. Бұл арқылы бір нәрсені екінші нәрсемен
алмастыру белгісімен волиникалық таным функциясы қалыптасады. Балалар ойын барысында
әр түрлі персонаждардың рөлдерін ойлай ажыратып, үлкендермен қарымқатынасы нығая
түседі. Ойын – жаттығу, ол арқылы бала өмірге әзірленеді. Ойын халықтың баланы
әдептілікке, сауаттылыққа баулитын құралдарының бірі. Ойын – жалпы адамзат мәдениетінің
бірегей феномені, оның қайнар көзі мен шыңы.
Ойын арқылы бала айналасындағы нәрседен өзіне қызықтысына ықыласы ауып, таңдап алады.
Баланың бір ерекше қасиеті сөйлеуден еш жалықпайды. Ойын бала тілінің дамуына ықпалын
тигізіп, таным белсенділігінің дамуына жол ашады. Қай бала болмасын ойынмен өседі,
өйткені бала табиғатының өзі тек ойынмен байланысты. Ойын үстінде бала еш нәрсеге
тәуелсіз. Ол озін еркін ұстайды. Ал еркіндік дегеніміз барлық дамудың баспалдағы, бәрін
білуге деген талпынысы мен құлшынысы. Баланың білуге деген құштарлығы, сөйлеуі ойын
үстінде қалыптасады.
Халық даналығында «Ойнай білмеген, ойлай да білмейді», «Ойында озган, өмірде де
озады» деген аталы сөздер сырына жүгінсек, мектепке дейінгі жастағы баланың ойынға деген
құлқы, қарым- қатынасы, мінез- құлық көріністері олар өсіп- есейгенде де жалғасы береді.
Ойын барысында бала өзін қоршаған үлкендер сияқты, өзінің сүйікті әңгімелері мен
кейіпкерлері сияқты өмір сүреді, әрекет жасайды.
Ойынды қолданумен бірге ойлауға, тілді дамытуға, шығармашылық әрекетін байытуға
бағыт алады. Баланың ойын кезіндегі қимыл- қозғалысы дене бітімін жетілдірсе, ал қарым-
қатынастағы пайымдаулары өзіндік таным- түсінік, мінез- құлық әдептерін бекітуіне әсер
етеді. Бала ойын арқылы бір әрекеттен екінші әрекетке ауыса отырып, өзіне түрлі ақпараттар
алады, дүние сырын ашады.
Ойын – баланың білім-білік дағдысын қалыптастыратын тәрбие құралы депте
айтуымызға болады. Ойын балалардың тапқырлық, ұйымдастырушылық, шыдамдылық,
белсенділік, адамдық, шапшаңдық қасиеттерін дамытады. Ойынды балалар өмірін
ұйымдастырудың формасы ретінде пайдалана отырып алдымен солардың ортақ мүддесін
бағыттап және дамытып отыру, балалар ұжымын топтастыруға күш салу керек. Балалар
ойындарының тәрбиелік маңызын жоғары бағалай келіп, «Мектеп жасына дейінгі балалар
үшін ойынның айрықша маңызы бар: ойын олар үшін – оқу, ойын олар үшін – еңбек, ойын
олар үшін – тәрбиенің мықты формасы.» Ойын - мектепке дейінгі балалар үшін айналадағыны
танып білу тәсілі. Ойын арқылы баланың дене құрылысы жетіліп, өзі жасаған қимылына сенімі
артады. Баланың бойында ойлау, тапқырлық, ұйымдастырушылық, шыдамдылық, белсенділік
қасиеттер қалыптасады. «Ойын баланың алдынан өмір есігін ашып, оның шығармашылық
қабілетін дамытады ойынсыз ақыл- ойдың қалыптасуы мүмкін емес». В.А. Сухомлинский
Ойын – жалпы адамзат мәдениетінің бірегей феномені, оның қайнар көзі мен шыңы.
Фольклортанушы ғалым Ә.Диваев «Қазақ балаларының ойындары» деген еңбегінде адамның
жас ерекшелігін үш топқа бөледі: «…өмірге келгеннен бастап жеті жасқа дейінгі бала, жеті
жастан он бес жасқа дейінгі балалар, он бес пен жиырма жас аралығындағы жастар…».
Осының негізінде қазақтың ұлттық ойындарын үш топқа бөліп қарастырып, бірінші топқа, сол
жастағыларға лайықты: «санамақ, тәй-тәй, айгөлек, соқыр теке, қуырмаш, алақан соқпақ, ақ
серек-көк серек» т.б. ойындарын, ал одан кейінгі топқа: «тақия тастамақ, тартыс, сиқырлы
қоржын, бәйге, көкпар, асық, хан талапай, теңге алу, қыз қуу, орамал тастамақ, ақсүйек, күрес»
т.б. ойындарын жатқызуға болады. Мұндай ойындар баланы тез ойлауға, тапқырлыққа
баулып, жаңа тақырыптарды жылдам меңгеруге ықпал етеді, сөз тіркесіне, ұйқастыруға
дағдыландырады. Ойын бала үшін — нағыз өмір. Егер тәрбиеші ойынды ақылмен
ұйымдастырса, ол балаларға ықпал жасауға мүмкіндік алады. Ойын үстінде баланың түрлі
қасиеттері, қабілеті мен белсенділігі де көрінетіні туралы аса көрнекті педагог А. С Макаренко
былай дейді: «Ойында бала қандай болса, өмірде кәсіби қызмет саласында, көбінесе сондай
болады». Сондықтан келешекке адамды тәрбиелеу- бәрінен бұрын ойын арқылы жүзеге
асыралады. Ойын- балалар үшін айналадағы танып, білу тәсілі. А.П.Усова былай деп атап
көрсетті: «Балалардың өмірі мен іс-әрекетін дұрыс ұйымдастыру — оларды тәрбиелеу деген
сөз. Тәрбиенің тиімді процесі ойын және ойынның өзара қарым-қатынастары формаларында
жүзеге асырылатын себебі сол, бала мұнда өмір сүруді үйренбейді, өз өмірімен тіршілік етеді».
Ойын – мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі іс-әрекеті
Ойынның психологиялық аспектісіне психологтар Б.Г. Ананьев, М.Я. Басов, Л.С.
Выготский, А.Н. Леонтьев, С.Л. Рубинштейн, Д.Б. Эльконин, И.Д. Ливитов, Л.С. Славина
және т.б. терең талдау жүргізген. Ойын теориясы мен модельдеуде олардың қосқан үлесі зор.
Олардың шешкен және алға қойған мәселелері: 1)ойын генезисі; 2) тәрбие әсерінен туындаған
және қалыптасқан ойын түрлері; 3)ойынның психологиялық құрылымдық компоненті; 4)
баланың үлкендердің әлеуметтік қарым-қатынасымен танысу шарты ретіндегі қысқартылған
немесе жалпыланған ойын әрекеті; 5) адам іс-әрекеті аумағындағы ойынның сензитивтілігі;
6)адамдардың қарым-қатынасы мен олардың іс-әрекеті балалар ойынының негізігі мазмұны
ретінде; 7) ойын іс-әрекетінің түрткісіне жағдайдың рөлі мен қиялының әсері; 8) баланың
психикалық дамуына ойынның әсері. Д.Б. Эльконин өзінің «Ойын психологиясы» еңбегінде
негізгі кеңестік және шетелдік балалар ойынының тұжырымдамасына талдау жасады және
балалар ойынының теориялық жүйесін жасады /3/.
Қазіргі кездегі бастауыш сынып оқушыларын оқыту мен тәрбиелеу үдерісіне көптеген
жаңа тәсілдер енгізіліп жатыр. Соның ішіндегі ең бір маңызды да қолайлы тәсіл – ойын
арқылы баланың психикасы мен ойлау қабілетінің ең алғашқы компоненттерін дамыту.
Сондай-ақ, оқушылардың оқу материалдарын жақсы қабылдауына әсерін тигізетін тиімді
әдістердің бірі - ойын. Ойын - баланы адамгершілікке тәрбиелеудің бірден-бір жолы. Сабаққа
ойын мен ойын тәсілдерін енгізу оқуды қызықты етіп, балалардың сергек болуына, оқу
материалын қабылдау барысындағы кездесетін қиындықтарды жеңуіне жағымды әсер етеді.
Ойын – оқушыға білім мен тәрбие беру әдістерінің тиімді амалдарының бірі. Сонымен қатар,
бастауыш сынып оқушыларына қолданылатын ойындарға олардың дене бітімінің
қалыптасуына арналған ойындар, қимыл ойындары, сөйлеу, шешендігін, тілін дамыту
ойындарына рөлдік ойындарды жатқызуға болады. Міне, осындай пайдалы ойындардың
түрлері сан алуан.
Ойындар бастауыш сынып оқушыларының меңгеруіне қиындық келтірген жағдайда
мұғалім өз ойынан әр алуан ойындарды құрастырады. Бұл бағытта мектептерде жүргізіп
жатқан іс-тәжірибелер айтарлықтай. Сондай әдістердің бірі – сабақта ойын элементін
пайдалану. Ойын арқылы оқыту технологиясы, әсіресе, бастауыш сыныптарда өте тиімді. Осы
технологияны пайдаланып, кіші мектеп оқушыларына ойын сабағын өткізуге болады.
Бастауыш сыныптарда оқушылардың проблемалық жағдаяттан шығуына мүмкіндік
беретін ойындар қолданылады. Оқушылар ойын ережесіне байланысты әрекет етеді, сондай-
ақ рөлге еніп имитация жасайды. Ойын барысында зейіні, еркі, өзін ұстау, жаттығу,
тапқырлық, тез реакция, білгенін тәжірибеде қолдану, талдау, салыстыру, қорытынды шығару,
бірігіп шешім қабылдау сияқты қасиеттері дамиды. Сабақ барысын, сынып сағаттарын,
сыныптан тыс сабақтарды ойын арқылы өткізудің өзіндік пайдасы бар. Өйткені, ойын баланың
өміріндегі ең маңызды іс-әрекеті. Балалық шақта ол уақытының көбін осы ойын ойнауға
жұмсайды. Ойын арқылы баланың психикалық даму деңгейі өседі. Ол жеке тұлға ретінде
қалыптасады.
Ой қорыта келгенде шығатын тұжырым: бастауыш сынып мұғалімдері ойшылдарды
ойынға әділ жолмен қызықтыра білсе, оқу-тәрбие үрдісінде ойын әдістерін тиімді
ұйымдастырса, оқуға жағымды қарым-қатынас қалыптасады да өздігінен білім алу дағдысы,
өз-өзіне сенімі, еңбек ету мәдениеті арта түсетіндігіне сенімділікпен қарауға болады.
Қолданылған әдебиеттер:
1.
Педагогика и психология игры. /Межвузовский сборник научных трудов. Новосибирск
1985г. С. 14
2.
Ананьев Б.Г. Человек как предмет воспитания: Избранные психологические труды. М.,
1980 Т.ІІ, С. 20.
3. Эльконин Д.Б. Психология игры. – М.: Педагогика, 1976. – 304с.
4. Проблемы дошкольной игры, психолого-педагогический аспект. Москва «Педагогика»
1987.
Достарыңызбен бөлісу: |